жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
М.Әуезов "Абай жолы" роман-эпопеясы. "Қайтқанда" тарауы.
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
«Келісемін» «Бекітемін»
Қазақ тілі мен әдебиеті ОӘБ жетекшісі Директордың оқу-әдістемелік ісі
Л.Т.Балгазиева жөніндегі орынбасары:
________Б.М.Жамекова
Тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы» роман- эпопеясы. «Қайтқанда» тарауы
Өткізген: Қазақ тілі және әдебиеті
пәндері оқытушысы А.Ә.Қартанова
Шт-105 топ
Ақтөбе,2021 ж.
Сабақ жоспары
Модуль атауы/ пән |
Қазақ әдебиеті |
||||||||||||
Күні: 05.02.2021ж |
Оқытушы: Қартанова А.Ә. |
||||||||||||
Курс: І |
топ: Шт-105 |
Сабақтың номері 3-4 |
Сабақтың типі: практикалық сабақ |
||||||||||
Мамандық: 0105000 «Бастауыш білім беру» |
Біліктілік: 0105013 «Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі». |
||||||||||||
Оқыту нәтижесі (оқу бағдарламасына сілтеме) |
-
|
||||||||||||
Сабақтың тақырыбы |
М.Әуезов «Абай жолы» роман- эпопеясы. 1 том |
||||||||||||
Сабақтың мақсаты
|
М.Әуезов шығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу.Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, мазмұнын түсіндіру, кейіпкерлер бейнелерін сомдау; |
||||||||||||
Бағалау критерийі (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1)«Абай жолы» роман-эпопеясына сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін айқындайды; 2) Көркем шығармадағы Абай бейнесін даралап көрсетеді; |
||||||||||||
Тілдік мақсат |
Шығарманың тіліне талдау жасау. Портрет. |
||||||||||||
Құндылықтарды игерту (ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды көрсетіңіз) |
Мәңгілік елдің «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылығы Абай мен Құнанбай образдарын талдау барысында ішінара насихатталады. Оқуға, білімге деген қызығушылығын арттырып, еңбекке баулу. |
||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Тарих, өзін-өзі тану. |
||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген |
М.Әуезов өмірі мен шығармашылығына шолу. «Абай жолы» роман -эпопеясы жайлы біледі. |
||||||||||||
Оқыту әдістері, тәсілдері, педагогикалық техникалар |
Талдау,әңгімелеу, сұхбат, сұрақ-жауап, баяндау, бейне таспа. |
||||||||||||
Қажетті құрал- жабдықтар |
Интернет- ресурстар, дерекқордан және интернеттен сабаққа қатысты ақпаратты іздеу: |
||||||||||||
Интернеттегі білім ресурстары
|
интерактивті тақта, жұмыс дәптері, видеоматериалдар., кері байланыс парағы т.б |
||||||||||||
Қолданылған әдебиеттер тізімі (негізгі және қосымша әдебиеттер) |
11 сынып қазақ әдебиеті.
|
||||||||||||
САБАҚ ЖОСПАРЫНЫҢ КОНСПЕКТІСІ |
|||||||||||||
Сабақтың барысы |
Уақыты (минут) |
Жоспарланған іс-әрекеттер |
Ресурстар |
||||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
||||||||||
1.Ұйымдастырушы, ынталандырушы кезең 8мин
2.5 мин. |
|
Ұйымдастыру Амандасу. Студенттерді түгелдеу. «Шаттық шеңбері» әдісі арқылы студенттердің арасында ынтымақтастық атмосферасын орнату. Сабақ бастамас бұрын, орнымыздан шеңбер жасап тұрып, «Әке», «Ана», «Бала» болып, бір-біріне ыстық лебіздерін айтады. Соңында оқытушы студенттерге айтады. Алдыңғы оқуды талқылауға арналған сұрақтар: Оқушыларға «Сұрақ-жауап» әдісі арқылы төмендегі сұрақтарды беремін: - М.Әуезов кім? -Қандай шығармаларын білесіңдер? -Абай Құнанбаев туралы не білесің? -Абай жолы роман эпопеясы қай жылдары жазылды? -Роман-эпопеяда көтерілген мәселе не?
М.Әуезовтың өз дауысын тыңдатамын.видео. «Абай жолы» роман- эпопеясы неше тараудан тұрады?(слайд)
Ендеше, бүгінгі тақырыбымыз қандай болмақ? Бүгінгі тақырып: М.Әуезов «Абай жолы»роман-эпопеясы, «Қайтқанда» бөлімі.
йя |
|
||||||||||
2. Іс- әрекет кезеңі 25 мин
|
5мин |
«Қайтқанда» бөлімін бейне таспадан тыңдап алайық. Оқытушы сөзі: Бұл тарауда Абай оқуын аяқтап, ауылына қайтады. Оны алып келу үшін әкесі Құнанбай қалаға өзінің көмекшілері Байтас пен жорға Жұмабай деген адамдарды жібереді. «Уақыт тізбегі» әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасаймыз. Мәтінмен жұмыс бастамас бұрын мазмұнын айтып алайық. Сұрақтар: -Бала Абайдың туған еліне сағынышын қалай суреттеген? -Туған еліне келген Абай қандай оқиғаға тап болды? -Құнанбайдың Қодар мен Қамқа оқиғасына жасаған шешімі дұрыс па? -«Ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер!» осы үзіндіде қандай отбасы тәрбиесін аңғардыңыз? -Абай ауылына келген қонақтарды ата, не себепті келді? 1-тапсырма «Қос жазба күнделігі» әдісі бойынша қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашу. Сөздікпен жұрыс. Бақташы(дай)- 1) мал бағушы, малшы; 2)ауыспалы мағынада бағып-қағушы, тәрбиелеп- өсіруші; 3) қорғаушы, қамқоршы. Бұл жерде: ауа райын бақылап отырытын, алдын ала болжау айтатын қария. Фатиқа – Құран Кәрімнің бірінші сұресі. Бұл жерде; бата, тілек. Көшелі -1)көшесі бар; 2) байсалды, ой-өрісі кең, көпті көрген, жөн-жосықты білетін;3) қомақты, үлкен; 4) дене тұрқы ұзын. Бұл жерде; екінші мағына ада. Атшабар –көне сөз; ұлықтың, би-болыстың үкім жарлығын халыққа жеткізетін хабаршы, шабарман. Үшкіру – дем салу, дұға оқыттыру, су бүрку. Көде – 1) сұлы тұқымдас өсімдіктердің бір түрі; 2) бір байлам, бір буда бау; үйілген шөп, мая. Көкпек – шөлді жерде өсетін ащы, қатты шөп. Шүңет – 1)ойыс, ойдым жер, шұңқыр; 2)ауыспалы мағынада түбі, тереңі; 3) ішіне кіріп кеткен, шүңірейген. Бұл жерде; шүңет емес деген мағынада. Келе – 1) келешілердің бәйге атына жаңашалап қосылатын жері; 2) бір топ түйе, бір қора түйе, бір үлектің не бураның үйірі; 3)ел арасы, көп іші, орта; 4) жиын, кеңес. Бұл жерде: үшінші мағынада.
2 тапсырма. Романның композициялық құрылымы.
3 тапсырма «Кейіпкер портреті» әдісі. Кейіпкердің портретін беруде автор қандай тәсіл қолданды.
|
«Уақыт тізбегі»
|
||||||||||
3. Сабақты қорытындылау мен рефлексия |
|
Кері байланыс:
Үйге тапсырма: Көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесін ашу.
Бағалау парағын жинап алу.
Соңы: «Шынында, бұл қазақтар – неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай жолы» романында қандай тамаша суреттелген!» Б.Матип
|
|
||||||||||
Саралау Тапсырманы деңгейіне қарай орындау.
|
Бағалау студенттерді үйренгенін бағалау парағымен бағалау. |
Пәнаралық байланыс АКT‐мен байланыс Құндылықтармен байланыс |
|||||||||||
Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, тапсырма бойынша саралап отырылды. |
Студенттердің сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін Чек-Парағында көрсетілген білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау әдіс-тәсілдері қамтылды. |
Сергіту сәті сабаұпен байланысты «Ата»,«Ана», «Бала» сқздерін байлансытырып өткізілді.
|
|||||||||||
Рефлексия (сабақ бойынша оқытушы жүргізеді) Сабақ мақсаттары / оқыту мақсаттары нақты болды. Студенттер бүгін жаңа сабақты меңгерді. Оқу ортасы белсенді болды. Саралау бойынша менің жоспарланған жұмысым сəтті болды. Сабақ уақыты ұтымды пайдаланылды. |
|
||||||||||||
Қорытынды бағамдау (оқытушы өзіне жүргізеді) Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Сабақ та мақсатына жетуі. 2: Күрделі болғанымен студенттер тақырыпты меңгерді. Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: Бейне баян көруі, тарауды оқуға жеңілдік тудырды. 2: Кері байланыс сәтті шықты. Келесі сабағымды жетілдіру үшін топ немесе жекелеген оқушылар туралы нені анықтадым? Қандай нәрсеге көңіл бөлу керек? Сабақ мазмұнын ашу үшін жетекші құралдар жеткілікті болуы қажет.
|
|||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы» роман- эпопеясы. «Қайтқанда» тарауы. Практикалық сабақ.
Оқу мақсаты:Әдеби шығармаға сюжеттік- композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну.
-Көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау арқылы өмір шындығын көрсету.
Сабақтың мақсаты: М.Әуезов шығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу.Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, мазмұнын түсіндіру, кейіпкерлер бейнелерін сомдау;
Сабақ барысында уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, тапсырма бойынша саралап отырылды. Студенттердің сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін Чек-Парағында көрсетілген білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау деңгейлері қамтылды. АКT‐мен байланыс, құндылықтармен байланыс болды.
Сергіту сәтінен басталған сабақ, «Уақыт тізбегі», «Қос жазба күнделігі», «Кейіпкер портреті» әдіс- тәсілдерімен өрнектелді. Кері байланысты «Жетістік баспалдағы» әдісімен студенттер өз ойларын ортаға сала білді.
Оқытушының рефлексиясы :
Сабақ мақсаттары / оқыту мақсаттары нақты болды. Студенттер бүгін жаңа сабақты меңгерді. Оқу ортасы белсенді болды. Саралау бойынша менің жоспарланған жұмысым сəтті болды. Сабақ уақыты ұтымды пайдаланылды.
САБАҚТАН КӨРІНІСТЕР:

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген