400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
"Көксерек" әңгімесі туралы толықтай мәлімет берілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

М.Әуезов.  «Көксерек» әңгімесі (үзінді)

Оқу мақсаты:

7.Т/Ж1.Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау;

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар: Шығарма сюжетінің мазмұнын біледі, айтады.

Оқушылардың басым бөлігі: Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін анықтайды.

Кейбір оқушылар: Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін жазбаша және ауызша жүйелеп, талдай алады

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған әдебиет оқулығы

Үлестірме материалдары

Оқу нәтижесі:

Шығарма сюжетінің мазмұнын біледі, айтады.

Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін анықтайды.

Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін жазбаша және ауызша жүйелеп, талдай алады

Сабақта қолданылатын материалдар:

«Көксерек»- фильмінен үзінді, суреттер, слайдтар, музыка.

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пайдалану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

Уақыты

Ресурстар

Сабақтың мазмұны

 

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

5 минут

«Адамдар» және «Қасқырлар» кеспе қағаздары

Видео-ролик

Ұйымдастыру. 

«Сәлем – сауқат» әдісі

Оқушылар әуенге билеп тұрады. Әуен тоқтаған сәтте, сұрақтарға жауап береді.

СУРЕТТЕ – Көксеректің портретін суреттеңіз
САЛЫСТЫР – Көксерек пен Аққасқаны салыстыр
ЗЕРТТЕ – Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
ҚОЛДАН –Неге Көксерек адамдар ортасына үйреніп кете алмады? Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
ДӘЛЕЛДЕ –Құрмаштың өліміне кім кінәлі?  
ТАЛДА – Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?

Оқушылар, біз сіздермен өткен сабақтарда әлем мойындаған әйгілі жазушымыз М. Әуезовтің бәрімізге көркем фильм арқылы жақсы таныс, адамзатқа үлкен ой саларлық көркем туындысымен танысқан болатынбыз. Ал бүгін сол алған білімімізді, түйгенімізді жинақтап қорытындылаймыз. Ендеше, қазір бар ынта — ықыласымыз бен назарымызды тақтаға аударсақ.

Ой қозғау (фильмнен эпизод көрсетіледі) 1 минут
Осы фильм мен шығарма арасында қандай байланыс бар?
Міне, осындай өнер туындыларының бізге айтар ойы, көтерген мәселесі қандай? Біз не ұқтық?
Осы сауалдарға жауап іздеу, ой қозғау – яғни шығармадағы түйінді ой, негізгі проблеманы анықтап, кейіпкерлер әлемін болжау, топ болып бірлесіп талдау жасау – бүгінгі сабағымыздың мақсаты деп білеміз.
Әуезовтен бізге жетті көп дерек,
Тұтқын бопты Құрмашжанға Көксерек.
Шуылдасып ауылдың бар иттері
Жабылыпты Көксерекке көп төбет
— Олай болса, біз өткен шығарманың оқиғалық желісі кімдердің арасында өрбиді, кейіпкерлері кімдер?
— Әрине, Көксерек пен оның иесі және адамдар іс — әрекетіне байланысты дамиды. Олай болса, біз қазір «Адамдар» және «Қасқырлар» тобы болып екі
жұпқа бөлініп жұмыс жасаймыз.
«Адамдар» және «Қасқырлар»  Жұпқа бөлу

Әр сұрақтарға орынды жауап береді.





















«Көксерек» фильмінен үзінді көрседі. Шығарма мен көркем фильм арасындағы байланыс туралы ойларын ортаға салады.

Оқушылар кеспе қағаздарды таңдау арқылы топқа бөлінеді.

7 минут


Екі жұпқа тапсырма беріледі

Қасқырлар жұбы Өз жұптарын мақтап жарнама жасайды.

«Көксерек» киносы өтетін жеріне хабарландыру жасайды.


15 минут

А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер

Екі жұпқа тапсырма беріледі

І Қасқырлар жұбы /Макет қорғайды/

Шығарманың тақырыбы: Қасқырдың мінез - құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттері

Шығарманың идеясы: Табиғат пен адам арасындағы байланыс, түсіністік
Шығарманың мазмұны

Кейіпкерлерге мінездеме
(Тірек – сызба бойынша сөйлеу)

ІІ Адамдар тобы

Табыс баспалдағы арқылы шығарманың сюжеттік құрамдарын талдау.
1. Оқиғаның басталуы — Қасқыр мекені. Бөлтіріктер тағдыры.
2. Байланысы - Көксеректің ұяластарымен табысуы.
3. Дамуы - Қарадыр еліндегі мазасыздық
4. Шарықтау шегі - Құрмаштың қазасы
5. Шешімі - Көксеректің жазасын тартуы



Әр жұп өзіне берілген тапсырмалармен жұмыс жасайды, тақырыпқа сәйкес оқушылардың жауабы. Жазған мәліметтерін топта талқылау, топтың атынан ортақ жауап дайындау және постерге дайындық. Жасаған жұмыстары бойынша постер, бағалау.

3минут

Қызыл өрік

Сергіту сәті

Билейді, бойларын сергітеді.

5 минут

А3 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер

«Бес жолды өлең» стратегиясы

Синкуэй әдісі бойынша «қасқыр», «аңшы» сөздеріне бес жолды өлең жазып көрейік.
1. Қасқыр
2. Жыртқыш, қомағай.
3. Ұлиды, шабуылдайды, жортуылдайды
4. Қасқыр - түз тағысы, перзенті.
5. Бөрі, көкжал.
1. Аңшы
2. Қырағы, сақ
3. Атады, көздейді, аулайды,
4. Аңшы қансонарда аңға шығады.
5. Мерген.

 

Берілген сұрақтарға жауап береді. Әр сөйлеуші берілген проблема бойынша өз пікірін, өз ойын бәріне ортақ бір параққа жазады да, келесі сол жағындағы қатысушыға жылжытады, келесі тағы да сол қағазға өз пікірін, өз ойын жазып, қасындағы көршісіне береді, сөйтіп, әрқайсысының қатысқаны белгілі болып тұрады; әр қатысушының өз ойын жазатын өзіне ғана тән қаламының түсі болуы керек.

5 минут 

А3, А4 қағазы, маркер, түрлі-түсті қағаздар, сигнал құралдары, көңіл-күйді білдіретін смайликтер

-           «Дебат»

І жұп Көксеректі жақтайды

ІІ ІІ жұп Құрмашты жақтайды

«» «Теннис ойыны» шығарманың тиімді жақтары мен тиімсіз жақтарын айта отырып талдау.

«

ІІ

«Соңғы сөзді мен айтамын» әдісі / 5 сөзбен қорытындылау/

Тақырыптар:
1. Жазушымен сырласу,
2. Табиғатқа тіл қату,
3. Адамдарға үн қату.

Оқушылар жауап береді.

Шығармада көтерілген мәселені өлең жолдарымен, нақыл сөздермен, көркем тілмен түйіндейді.

Бағалау

Топ бір-бірін көңіл-күйді білдіретін смайликтермен бағалау

Мұғалім ынталандыру мақсатында түрлі-түсті стикерлермен бағалайды

Рефлексия

Еттартқыш, чемодан, қоқыс жәшігі

 

Кейінгі тапсырмалар

Шығарма «Көксерек – табиғаттың тағы перзенті»









«Қаракемер орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі













М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

7-сынып







Пән мұғалімі : О.Мерекенова

















Алтынарық ауылы

2017-2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 ақпан
1081
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі