М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі

Тақырып бойынша 31 материал табылды

М.Әуезов "Көксерек" әңгімесі

Материал туралы қысқаша түсінік
М.Әуезов шығармаларына шолу.Мектеп мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы


Жамбыл облысы, Сарысу ауданы,

Қызылдиқан орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.



     М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі


Бөлім:


Балалар мен үлкендер

Сынып: 7

Қатысушылар саны: 10

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

    М.Әуезов «Көксерек» әңгімесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау (Т/Ж1)

Сабақтың мақсаты

Талап құндылығы: креативті ойлауға баулу

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


2 мин

Психологиялық ахуал қалыптастыру:


Топқа сандар арқылы бөлу

топқа бөлініп отырады, сабаққа дайындық жасалады

Фишкалар

ҚБ

Оқулық , мәтін бөліктері

Ой қозғау

5мин

Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя,талбесігі. Осы сөйлемді естігенде ойларыңа не келеді?

Ендеше табиғат дегеніміз не? Қалай түсінесіздер?

Shape2 Қоршаған орта

ТShape3 абиғат

Халық қазынасы

Ал табиғатқа шабуыл жасау,оның тылсым тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар?

Олай болса, бүгінгі әңгімеміз кеше ғана оқып танысқан ,бәріміз көркем фильм арқылы да жақсы білетін Көксерек және оның иесі,олардың іс-әрекеті турасында өрбімек. Шығарманың оқиғалық желісі,яғни сюжеті Көксерек іс-әрекетіне байланысты өрбіп дамиды. Сондықтан біз алдымен осы әңгіменің композициялық құрылысына талдау жасап көрсек.

Оқиғаның басталуы—Қасқыр мекені.Бөлтіріктер тағдыры.

Байланысы-Көксеректің ұяластарымен табысуы.

Дамуы-Қарадыр еліндегі мазасыздық

Шарықтау шегі-Құрмаштың қазасы

Шешімі- Көксеректің жазасын тартуы.


«Көксерек» әңгімесін жазуға не себеп болды? М.Әуезовтің жары Валентина Әуезова картина сыйлайды.

Картинада қыс,ұлыған қасқыр бейнесі.Осы картина жазушыға ой салады.

10

Білу және түсіну 10 минут

Топтарға тапсырма:

(Мәтін бөліктерін тарату)



"Көксерек" кітабы

«Көксерек» - адам мен табиғат арасындағы байланысты көрсететін шығарма. Авторы - Мұхтар Әуезов. Бұл әңгіме 1929 жылы жазылған. Реалистік әдебиет дәстүрі тудырған мотивтерді шеберлік палитрасындағы сан алуан бояулар мүмкіндігін өз мұратына орай өнерпаздықпен жаңғырту арқылы жазылған жаңа тынысты шығарма.


Венн диаграммасы


1-топ: Көксерек

Ауыл өмірі --------------- Тағылық өмір

2-топ:: Адам мен қасқыр

3-топ:

Аққасқа -------------- Көксерек

Қолдану 8 минут «Интервью» әдісі

Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

Қасқыр. Табиғат. Адамзат.


Берілген сөздерді суреттермен байланыстырыңыз Өлең шығарыңыз

Анасы, оның, тіршіліктің, баласы, бір бөлшегі, Жаратқан, адамзатты, сенде, махаббатпен, сүй, ғұламатты, ұлы.

Жеке, жұптық

«Интервью» әдісі

Оқушылар өз ойларын стикерлерге жазып жабыстырады.

3мин

Шығарманың авторы кім? Мұхтар Әуезов.
(Тірек – сызба бойынша сөйлеу)


Мұхтар Әуезов

Shape4



Мұрат Әуезов

Shape5



Мағжан Әуезов

«Халықаралық қаржы және банк ісі» мамандығы бойынша Колумбия университетін үздік бітірген. Сонымен қатар, «Халықаралық экономикалық даму» мамандығы бойынша Джорджтаун (Вашингтон) университетінің бакалавр дәрежесін алып шыққан. 2015 жылы «Казкоммерцбанктің» Басқарма басшысы болды. 2016 жылдың сәуірінен Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы Кеңесінің төрағасы. 2016 жылғы қарашадан бастап ForteBank-тің тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.



• Шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау
Тақырыбы: Қасқырдың мінез - құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттері
Идеясы: Табиғат пен адам арасындағы байланыс, түсіністік
• Тақырыбы бойынша видео материал көру «Қасқырлар» (алған әсерлерімен бөлісу)
• Тірек – сызба бойынша сөйлеу.


ІІ кезең. Жалғау.
• Видео материал «Көксерек» 3 минут
Көксерек әңгімесі желісі бойынша көркем фильм түсірілген болатын.

Заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» шығармасы желісімен түсірілген "Көксерек" көркем фильмі 1973 жылы көрермендерге жол тартты. Бүкілодақтық тұсаукесері 1974 жылы 8 сәуірде Мәскеу қаласында өтті.
1974 жылы Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен Бүкілодақтық кинофестивальдің бірінші жүлдесіне ие болып, Швейцарияның Локорно қаласында өткен кинофестивалінде құрмет грамотасымен марапатталды.
Қызықты деректер:
Фильмге хайуанаттар бағынан жас қасқырлар алынған. Көксерек болып екі қасқыр ойнаған, екеуін де фильмге түсіру үшін Мәскеу қаласынан арнайы әкелген.
«Қойға қасқыр шабу» көрінісіне түскен қылшық жүнді, теген құйрықты қойлар мал шаруашылығы институтының тәжірибе отарынан алынған.
Фильм Қырғыз тауларының баурайында, Ыстықкөл жағалауында түсірілген.





10 мин

Синтез

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:


Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)


«Дөңгелек үстел» стратегиясы бойынша берілген сұрақтар бойынша білетіндерін топ болып қорытып жазады. топтан бір оқушы қорғайды.

1. Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?

2. Адамдардың бөлтірікке жасаған іс - әрекеттеріне қалай қарайсыздар?

3. Әңгіменің идеясы не?

4. Көксерек Құрмашпен неге тез тіл табысты?

5. Көксеректі жауыздыққа баулыған не?


Оқушылар кестемен жұмыс жасайды



Бағалау парақшасы Дұрыс жауапқа 5 балл.


Оқушының аты-жөні

« Кім жылдам?» әдісі

«ҚҚҚ » кестесі

«БББ » кестесі

«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі

Балл






































Бағалау парақшасы





7 мин

Енді сабағымыздың соңғы бөліміне келдік. Жазушымен, оның шығармасымен таныстық, талдадық, баға бердік. Ал сонда бұдан қандай әсер алдық? Енді сол туралы әңгімелейік.
Тақырыптар:
1. Жазушымен сырласу,
2. Табиғатқа тіл қату,
3. Адамдарға үн қату.

Тіршілік иесіміз бәріміз де,
Сүруге өмір құқылымыз әлі біз де.
Сақтайықшы табиғат заңдылығын
Сабақ болсын Көксерек тағы бізге!
Шаттыққа шырқалса екен әніміз де!

Қасқыр – ит тұқымдас жыртқыш, бөрі, күрт (көне атау)

Арлан – ірі, күшті қасқыр

құртқашұлан – ұрғашы қасқыр

Бөлтірік – қасқырдың қарақұлақтанған күшігі

Бірішекабадан –еркек, көсем қасқыр

Көксерек – жас қасқырдың ең мықтысы

Қорқау,көрбан – нағыз жыртқыш қасқыр

Бөрі – серекқұлақ қасқыр

Шіл бөрі – қасқырдың азғыны

Шибөрі – итке ұқсайтын қызыл түсті, тоғайлы, қамысты жерде мекендейтін шағын тұрықты қасқыр

Шоғал – қорқау қасқыр

Көкжал,атайы – арыстай үлкен, ызақор қасқыр

Көкшұлан – арлан, көкжал

Майтабан – семіз қасқыр


Ой қорыту: Қай жазушының шығармасын алып қарасақ та табиғат назардан тыс қалған емес.Ендеше мына сөйлемге назар аударыңызшы.

Кубизм. Кубизм әдісі бойынша мына кубикті екі топқа кезекпе-кезек иіремін. Қай қырының сұрағы түссе соған жауап бересіз Дайынбыз ба?

1.Суретте. Көксеректің портретін суреттеңіз.

2. Салыстыр.Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз.

3. Зертте. Қасқыр туралы тағы қандай шығарма білесіз?

4.Қолдан. Көксерек туралы ел адамдары не дейді?

5. Дәлелде. Көксеректі жауыздыққа итермелеген де, Құрмашқа ауыз салдырған да қандай жағдай?

Талда. Көксеректің қатігездігін қай тұстарда байқадыңыз?






БББ кестесі

Білгенім

Білдім

Білгім келеді








Тақырып бойынша ой қорытып, өз ойларын ашық жазады

Жеке жұмыс

Кестені толтырады

Кері байланыс

3 минут

«Рефлексиялық шеңбер»

Оқушылар шеңберге тұрып, төмендегі сұрақтарға жауап береді.

  • Сабақ барысында көңіл-күйіңіз қандай болды? Неліктен?

  • Бүгін не білдіңіз? Сіз үшін не жаңалық болды?

  • Сабаққа қатысуыңызды қалай бағалайсыз?

  • Сабақта қандай қиындықтар туындады?

  • Сабақ аяқталғанда көңіл-күйіңіз қандай? Неліктен?







Рефлексиялық шеңбер












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.10.2025
31
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі