400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Әуезов "Көксерек" шығармасы. Жалғыз жортуыл

Материал туралы қысқаша түсінік
"Көксерек" шығармасы бойынша тапсырмалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін________

Күні

10.02.2026

Пән: Қазақ әдебиеті

Сынып: 7 «Ә»

Оқушы саны:28

Бөлім:

Балалар мен үлкендер

Сабақтың тақырыбы:

5-сабақ. М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесі. Жалғыз жортуыл

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты

7.1.1.1 әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау

7.3.2.1 әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға беру

Сабақтың мақсаты

Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдап, әдеби жанр түрлерінің даму барысына, жаңашылдығына заманауи тұрғыдан баға береді.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Оқу дағдылардың барлығы

Бағалау критерийлері

- Шығарманың композициялық бөліктерін талдай біледі

- Кейіпкер әрекетін талдау үшін мәтіннен үзінділер келтіреді

- Шығарманың жаңашылдығы туралы пікірін жаза алады

Құндылықтарға баулу

Ынтымақтастыққа баулу

Тілдік мақсат

Сюжет, жаңашылдық, композициялық талдау

Алдағы тақырып

4-сабақ. М.Әуезов. «Көксерек» әңгімесі. Аты шулы тоғыз қасқыр

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/

уақыт:

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин





















1. Амандасу.

2. Сабаққа икемдеу мақсатында «Қасиетті сөз» әдісі арқылы психологиялық ахуал орнату.

3. Сабақты бастамас бұрын, өткен сабақты берілген үй жұмысын тексеру.




Қызығушылықты ояту

«Суреттер сөйлейді» әдісі.

Суреттерді тамашалап, сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1. Суретте шығарманың қай бөлімі бейнеленген?

2. Суреттегі табиғат көрінісі (Көк жартас) шығармада қалай суреттелген?

3. Суреттегі бала мен қасқырдың қарым-қатынасынан не байқайсыңдар?

1.Орындарынан тұрып, мұғаліммен амандасады.

2. Әр қатысушы бір-біріне өзінің бойындағы бір қасиетті айтады.

3. Сабақты бастамас бұрын, өткен сабақты берілген үй жұмысын айтады.



Қызығушылықты ояту

Суреттерді тамашалап, сұрақтарға жауап береді.

Ықтимал жауаптар:

1. Ауыл адамдарының Көк жартастағы қасқыр інін (апанын) тауып алған сәті.

2. Көк жартас — адам аяғы сирек басатын, қасқырлардың еркін мекені.

3. Құрмаш пен Көксеректің қарым-қатынасы — қайшылыққа толы байланыс.





Мадақтау

әдісі

Жарайсың!

Тамаша!

Ойлан!



Шапалақ әдісі













Дәптер











Сабақтың ортасы

10 мин

ІІ. Мағынаны ашу

(ӨЖ) Жазылым, оқылым

1-тапсырма.

«Көксерек» шығармасы бойынша берілген композициялық талдауды дұрыс бөліктерін тап және шығармадан үзінді жазу.

1-тапсырма.

Шығармадан үзінді табады.

Дескриптор:

- Шығармадан сәйкес үзінді таба алады 1 б

- Шығарманың композициялық бөліктерін талдай біледі 1 б

- Ойын нақты, жүйелі жеткізеді 1 б

Жалпы – 3 б


«Жұлдыз»

әдісі







Оқулық, дәптер


9 мин

(ӨЖ) Жазылым, айтылым

2-тапсырма.

«Әдебиет лотосы» әдісі. «Көксерек» шығармасының кейіпкерлері туралы кестені толтыру.


2-тапсырма.

Кестені толтырады.

Дескриптор:

- Кейіпкердің жағымды қасиеттерін жазады 1 б

- Кейіпкерге ұқсағысы келетінін/келмейтінін түсіндіре алады 1 б

- Кестені толық әрі түсінікті толтыра біледі 1 б

Жалпы - 3 б


Өзін-өзі бағалау парағы



Кесте, оқулық



10 мин

«Пазл» әдісі арқылы 3 топқа бөлу.


(ТЖ) Айтылым, оқылым

3-тапсырма.

«Сот залы» (Рөлдік ойын) әдісі. Көксеректің іс-әрекетіне құқықтық және адамгершілік тұрғыдан баға беру.

І топ: «Айыптаушылар» — Көксеректің қатыгездігі мен «қылмысына» мәтіннен 3 дәлелдер келтіру керек.

ІІ топ: «Қорғаушылар» — Көксеректің табиғи еркіндігін алға тартып, оны дәлелдер арқылы ақтауға тырысу керек.

ІІІ топ: «Алқабилер» — Екі жақты тыңдап, «Көксерек кінәлі ме?» деген сұраққа соңғы үкім шығару керек.

Пазлдарды жинап 3 топқа бөлінеді.


3-тапсырма.

Көксеректің іс-әрекетіне құқықтық және адамгерші

лік тұрғыдан баға береді.

Дескриптор:

- Кейіпкер әрекетін талдау үшін мәтіннен үзінділер келтіре біледі 1 б

- Өз позициясын (айыптау немесе қорғау) нақты дәлелдей алады 1 б

- Шығарманың негізгі идеясын ескере отырып, қорытынды жасайды 1

Жалпы – 3 б





Бағдаршам әдісі






А4,

тақта


8 мин

Шығармашылық тапсырма

(ӨЖ) Оқылым, жазылым

Тапсырма – 4.

С.Мұқановтың пікірін оқып, шығарманың жаңашылдығы туралы ойыңызды «Төрт сөйлем» әдісі арқылы қорытындылап айту.

4-тапсырма.

Берілген үзіндіні оқиды, «Төрт сөйлем» әдісі арқылы өз ойын жазады.

Дескриптор:

- Шығарманың жаңашылдығы туралы пікірін жазады 1б

- Мысал жаза алады 1б

- Тақырып бойынша қорытынды жасайды 1 б


Стикер

әдісі




Дәптер,

А4


Сабақтың соңы

(3 мин)

ІІІ. Ой толғаныс

«Рефлексиялық тақта». Тақтадағы сөздерді оқу, бір-бір сөйлемнен оқып, өз үйренгенін айту:

1. Бүгін мен …

2. Маған … қызық болды.

3. Маған … қиын болды.

4. Мен мынадай тапсырмаларды орындадым…

5. Мен … түсіндім

Рефлексия

Тақтадағы сөздерді оқиды, бір-бір сөйлемнен оқып, өз үйренгенін еркін айтады.

Кесте

Үй жұмысы: «Көксерек — жау ма, әлде құрбан ба?» (шағын эссе, 60-80 сөз).


1-тапсырма. «Көксерек» шығармасы бойынша берілген композициялық талдауды дұрыс бөліктерін тап және шығармадан үзінді жаз.

Оқиға желісі

Шығармадан мысал

Шығармадан мысал

1.Оқиғаның басталуы

А) Қараадыр еліндегі мазасыздық.


2. Оқиғаның

дамуы

Б) Қасқыр мекені. Бөлтіріктер тағдыры.


3. Оқиғаның байланысуы

В) Аққасқа мен Көксерек арасындағы тар-тыс. Көксеректің жазасын тартуы.


4. Оқиғаның шиеленісуі

С) Көксеректің ауылдағы жағдайы


5. Оқиғаның шарықтау шегі

D) Көксеректің ұяластарымен табысуы


6. Оқиғаның

шешімі

Г) Құрмаштың жазасы



2-тапсырма. «Әдебиет лотосы» әдісі. «Көксерек» шығармасының кейіпкерлері туралы кестені толтыру.


Шығарма атауы

Авторы

Кейіпкерлері

Қандай жағымды қасиеттері мен қылықтары ұнайды?

Кейіпкерге ұқсағың келе ме, жоқ па? Себебін түсіндір.





















Тапсырма – 4. С.Мұқановтың пікірін оқып, шығарманың жаңашылдығы туралы ойыңызды «Төрт сөйлем» әдісі арқылы қорытындылап айту.

С.Мұқанов: «Әңгіме өте терең астармен жазылған. Қанша қозғағанмен ішінен айқын мағынасын ашу өте қиын. Біз бұл арада қасқыр пәленше, Мұқаш (Құрмаштың алғашқы нұсқадағы аты) түгенше деп орынсыз жорамалдау жасамаймыз.

Біздің айтарымыз жалғыз-ақ, Мұхтар мұны жазғанда қасқырды, аң қып алып отырған жоқ, адам қып алып отыр. Өйткені Көксеректе мақсат бар. Сол мақсатқа ұмтылушылық, өз мақсатына ұмтылушылық, түптеушік бар… Көксерек, сөз жоқ, адамның біреуі. Біреуі болғанда Көксерек бүкіл бір ұлтты елестете ме, тапты елестете ме, яки жеке адамды елестете ме, ол жағы бізге қараңғы…»

«Төрт сөйлем»:

1. Пікір. Шығарманың жаңашылдығына өзіндік пікірін білдіреді. (біздің заманымыздағы маңыздылығы)

2. Дәлел. Өз пікірін 1-2 сөйлеммен дәлелдейді.

3. Мысал. Зерттеушілер пікірімен байланыстырып, өмірмен байланыстырып дәлелді мысалдар келтіреді.

4. Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды тұжырымын айтады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.02.2026
7
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі