400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 15 материал табылды

М.Әуезов. «Көксерек» (үзінді) 8 орыс сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа форматта, АКТ платформалары нақты қолданылған сапалы Қмж.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Бөлім: Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Әуезов. «Көксерек» (үзінді)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау.

8.1.3.1 етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану 

Сабақ мақсаты:

  • прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтайды, мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасайды;

  • етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады;

Құндылықтарға баулу:

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

-Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

-өз уақытын тиімді жоспарлай білу және кез келген қызметтің нәтижелеріне қол жеткізу үшін күш салу;

-еңбек қоғамдық және табысты болудың негізі екенін түсіну;

Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық

-тапсырмаларға шығармашылықпен қарай білу

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


10 мин













Сабақтың ортасы:


30 мин


















Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен сәлемдесемін, түгелдеймін.

Психологиялық ахуал

Топқа бөлу. Оқушыларды « flippity » әдісі арқылы топқа бөлемін.

Үй тапсырмасын қорытындылау мақсатында «Wordwall» платформасы арқылы тапсырма ұсынамын.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын таныстырып өтемін


Ойтүрткі.

Тақтадан М.Әуезов пен Көксеректің суретінен көрсетіп, сұрақтар қоя отырып тақырыпты болжатамын. Содан соң тақырып пен оқу мақсатын түсіндіріп өтемін

Жаңа сөздер.

Сабақтың жаңа сөздерін мағынасымен қоса таныстырып өтемін

Жат-бөгде

Ін-жабайы аңдар жататын орын

Итаяқ-итке тамақ құйып беретін ыдыс

Тағы-жабайы

Қыңқ деп дыбыс шығармау – төзу

Семіру-май басу

Орасан – өте, аса


1-тапсырма. Оқылым. Жұптық жұмыс.

«Бір сөйлем» әдісі арқылы оқулықтағы оқылым мәтінін оқып шығыңдар. «Бүркіт» әдісі арқылы мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер. Тілдесім барысында етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін орынды қолдан. 

Дескриптор:

  • «Бір сөйлем» әдісі арқылы оқулықтағы оқылым мәтінін оқып шығады; [1]

  • «Бүркіт» әдісі арқылы мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; [1]

  • Тілдесім барысында етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін орынды қолданады; [1]

Оқушылар тапсырма орындау кезінде қажет біліммен бөлісіп, бағыт-бағдар беремін.

Мағынаны тану. Жасанды интеллект көмегімен алдағы тапсырманы орындауға байланысты түсіндіру бейнесін тамашалаңдар.

2-тапсырма. Жазылым. Топтық жұмыс.

Кюар код арқылы берілген үзіндіні ашып оқып, ұсынылған поэзиялық шығарманы оқулықтағы прозалық шығармамен бірге композициялық құрылымын анықтаңдар, мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасаңдар. Постерді аяқтап, сынып алдында қорғаңдар.

Тақырып

Көксерек

Құлагер

Композициялық құрылымы



Мәтін түрі



Тілдік ерекшелігі




Ілияс Жансүгіров. Құлагер.


Суық қол, оқтан ұшқыр, тастан қатты,

Ол өткір аспаһанның көк болаты.

Қызғаншақ, қиқар кесел, ұрыншақ, өр,

Қаскүнем қара көңіл жаман таты.

 

Тұрғаны тығырықтау жердің шаты,

Ақ мылтық – астындағы ақбоз аты.

Ұрымтал жерден оқтай ұмтылғанда,

Бала да білмей қалып, болды қапы.

 

- А, құдай-ай! Бере көр! – деп ұмтылды,

Ұйтқып кеп соқты өкпеден жел сықылды.

Қыспақ жол, Жыландының жырасында

Қақтығып бір – біріне ат тығылды.

 

Сап етіп бердең,кеп ұрынды,

- Бере бер, балам, бері шылбырыңды!

Жанасып Құлагерге қалғанында,

Сақ етіп айбалтасы Құланы ұрды...

 

Шапшып қан шекесінен шыр айналды,

Сылқ етіп Құлагер ат құлап қалды.

Білген жоқ не болғанын, ес қалған жоқ,

Тек бала жерге доптай домаланды.


Дескриптор:

  • Кюар код арқылы берілген үзіндіні ашып оқиды; [1]

  • ұсынылған поэзиялық шығарманы оқулықтағы прозалық шығармамен бірге композициялық құрылымын анықтайды; [1]

  • мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасайды; [1]

  • Постерді аяқтап, сынып алдында қорғайды; [1]

Білім алушылар тапсырма орындап жатқанда, көмек беремін. Уақыт қажет жағдайда қосымша уақыт қосып беремін


3-тапсырма. Жазылым. Жеке жұмыс.

«Еркін жазу» әдісі арқылы «Табиғат пен адам арасындаңы үйлесімділік» тақырыбында шағын мәтін құрыңдар. Жазылым барысында етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін орынды қолдан. 

Дескриптор:

  • «Еркін жазу» әдісі арқылы «Қасқыр түз тағысы» тақырыбында ассоциограмма құрады; [1]

  • Жазылым барысында етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін орынды қолданады; [1]

Оқушылар тапсырма орындап жатқанда түсінбеген жерлеріне көмектесіп, жол көрсетемін. Уақыт жетпеген жағдайда уақыт қосып беремін.

Сабақты қорытындылау. « Learning apps»   әдісі арқылы сабақты қорытындылауға байланысты тапсырманы орындаңдар.

Дескриптор:

  • сабақты қорытындылауға байланысты тапсырманы орындайды; [1]


Психологиялық ахуал тудыру кубигі арқылы кубиктердегі

Тапсырмаларды бірге қайталап, оқушылар өз бойларына жағымды ахуал қалыптастырады.

1.Амандас 2. Құшақтас

3.Тілек айт 4.Мақта

5.Күлкі сыйла

6.Би қимылдарын қайтала

Үй тапсырмасын қорытындылауға арналған тапсырманы орындайды.

Жаңа сөздермен танысады.




«Бір сөйлем» әдісі арқылы оқулықтағы оқылым мәтінін оқып шығады

«Бүркіт» әдісі арқылы мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді







Жасанды интеллект көмегімен алдағы тапсырманы орындауға байланысты түсіндіру бейнесін тамашалайды


Кюар код арқылы берілген үзіндіні ашып оқып, ұсынылған поэзиялық шығарманы оқулықтағы прозалық шығармамен бірге композициялық құрылымын анықтаңдайды. Мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін

салыстырып, талдау жасайды. Постерді аяқтап, сынып алдында қорғайды































«Еркін жазу» әдісі арқылы «Табиғат пен адам арасындаңы үйлесімділік» тақырыбында шағын мәтін құрады. Жазылым барысында етістіктің шартты рай және бұйрық рай қызметін орынды қолданады. 



« Learning apps» әдісі әдісі арқылы сабақты қорытындылауға байланысты тапсырманы орындайды


Қалыптастырушы бағалаулар






















ҚБ:«Смарт сағат» әдісі арқылы бағалау
















ҚБ:«Смарт сағат» әдісі арқылы бағалау










































ҚБ:«Смарт сағат» әдісі арқылы бағалау









ҚБ:«Смарт сағат» әдісі арқылы бағалау


8-сыныптың қазақ тілі мен әдебиеті оқулығы




https://wordwall.net/resource/68288874


Интерактивті тақта











Интерактивті тақта

https://learningapps.org/21019660











Интерактивті тақта

























































Интерактивті тақта

https://learningapps.org/28979175

Сабақтың соңы

5 мин

Үй тапсырма. Қасқырға байланысты 10 шақты мақал-мәтел жазып келу.

Кері байланыс: «Батарейка» әдісі арқылы интертақтадан кері байланыс аламын




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
359
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі