жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
М.Әуезов өмірі мен шығармашылығы
Пән оқытушысы: Мағыпар Мағила
Пән аты: Қазақ әдебиеті
Топ: 42қ
Уақыты: 14.11.2016 ж.
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезовтің драматургия саласындағы еңбектері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Мұхтар Әуезовтің драматургия жанрындағы еңбектерін оқыта отырып, қазақ драматургиясы саласындағы өлшеусіз еңбегін түсіндіру, драмалық шығармалардың өзіндік ерекшелігін таныту, трагедияның мазмұнын меңгерту.
Дамытушылық: Жазушының драмалық шығармаларын жанрлық ерекшелігіне қарай талдауды, шығарманы түсініп оқу, салыстыру, қорытындылау дағдыларын жетілдіру, іскерлік-танымдық қабілетін дамытуды, өзіндік ой-пікірін айтып, тұжырым жасауға дағдыландыру, Сабақ барысында білім алушыларды мәнерлеп оқуға дағдыландыру.
Тәрбиелік: М. Әуезовтің шығармалары арқылы көркем әдебиетті сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу, эстетикалық сезімін қалыптастыру.Білім алушылардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау шеберлігін, сөйлеу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабағы
Сабақтың түрі: Сайыс-көрініс
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі-көрнекілік, сұрақ-жауап, өзіндік жұмыс, топтық, шығармашылық, ізденушілік әдістер.т.б.
Сабақтың көрнекілігі: жазушы суреті, қанатты сөздер, семантикалық кесте, слайдтар, бүктемелер, үлестірмелі парақшалар, кітаптар, топ аттары жазылған парақшалар, бағалау парақшалары, кестелер, т.б.
Сабақтың құрал-жабдықтары: Интербелсенді тақта, слайд, маркер т.б.
Пәнаралық байланыс: Тарих, театр өнері.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Әуезов М. Абай жолы, 2-кітап.-Алматы: Қазмемкөркемәдеббас.1961.-832б.
-
Әуезов М. Шығармалар. Он екі томдық.-12-т.-Алматы:жазушы, 1969.-260б.
-
З. Қабдолов «Менің Әуезовім» . Санат, 1997.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: (1 мин) 1. Білім алушылармен амандасу.
2. Түгелдеу.
3. Оқу құралдарын тексеру.
4. Аудитория тазалығына көңіл бөлу.
5. Білім алушылардың зейінін сабаққа аудару.
1.1. Психологиялық дайындық.(2 мин)
1.2. Топқа бөлу.(2 мин)
Ұяшықта «Қорғансыздың күні», «Қараш-қараш оқиғасы» әңгімесіндегі кейпкерлердің аты жасырнған. Сол ұяшықтан кез-келген санды талдайды. Ұяшықтан қай әңгіменің кейпкері шықса сол топқа барып отырады. Топ аты «Бақытығұл» және «Ғазиза» тобы.
Топқа бөлудегі мақсат: Ынталандыру, ынтымақтастық орта қалыптастыру, ойлау дағдысын дамыту, шапшаңдыққа дағдыландыру.
-
Топ басшысын сайлау
-
Топ ережесімен таныстыру
-
Жұмыла жұмыс істеу
-
Бастаған істі аяқтау
-
Бір шешімге келу
-
Бәрін тыңдау
1.3. Бағалау парақшасын таратып, бағалау критерийлерін түсіндіру.
«1-4» балдық жүйесімен бағаланады.
Өте жақсы- «4»=5
Жақсы –«3»=4
Орташа –«2»=3
Төменгі –«1»=1
Топ басшысының бағалауы:
|
№ |
Топ мүшелері |
Өткенді шолу |
1- тапсырма |
2- тапсырма |
3-тапсырма |
4-тапсырма |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
Оқытушының топтарды бағалау парағы:
|
№ |
Бағалау критерилері |
Топ аттары |
Қорытынды бал |
|
|
|
|
|||
|
1 |
Топтың ұйымщылдығы |
|
|
|
|
2 |
Тапсырманы дұрыс істеуі |
|
|
|
|
3 |
Өз жұмыстарын қорғау барысы Сөйлеу шеберлігі |
|
|
|
|
4 |
Уақытты тиімді пайдалануы |
|
|
|
|
5 |
Дауыс ырғағы сөйлеу мәнері |
|
|
|
ІІ. Өткен сабақты псықтау. (20мин)
Тақтада екі топтан екі білім алушы шығып сатылай кешенді талдау жүргізеді, басқалары үйден талдап келген шығармаларын дәптерлерінен оқиды. Өз пікірімді білдіріп отырамын.
Қорытынды:( оқытушының сөзі)
Жаңа сабаққа дайындық: (3мин)
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, біз өткен сабақтарымызда М.Әуезов мұражайына барып қайттық.. Дегенмен тағыда кері байланыс жасап өткенді еске түсіріп, тағыда алған әсерлерімізбен бөліссек. (Слайд көрсетіледі, студенттер өз әсерлерін айтады.)
-Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «М.Әуезовтің драма жанрындағы еңбектері»
Жоспар: Дәптерге жазып алу.
-
М.Әуезов–Қазақ әдебиетіндегі алғашқы драмалық шығарманың авторы.
-
«Еңлік- Кебек» пьесасының өмірге келу тарихы.
-
«Қарагөз» трагедиясының көркемдік ерекшеліктері.
ІІІ. Жаңа сабақ: (25 мин )
Әдебиеттің 3 тегі бар: поэзия, проза, драма.
|
Драма |
Сөз өнерінің бір саласы. (грек.-драма-әрекет) |
|
Басты объектісі |
Адам |
|
Басқа өнерден айырмашылығы |
Сахна |
|
Мақсаты: |
Өмір құбылысын шиленіскен тартыстар үстіне жинақтап, кейіпкердің әрекеті арқылы бейнелейтін жанр. |
|
Театр өнерінің бастау көзі |
Ауыз әдебиеті |
|
Мазмұнына қарай 3 топқа бөлінеді |
Комедия, драма, трагедия |
М.Әуезов–қазақ әдебиетіндегі алғашқы драмалық шығарманың авторы. Драматург ретінде М.Әуезов пьесалары басқа да көркем туындылары сияқты шұрайлы шешен тілімен, бай мазмұнымен,кейіпкерлердің алуан тағдырлы, қым-қиғашты тірлік сезімдерімен ерекшеленеді.
М.Әуезов: «Өзге жұрттың мысалын зерттей келе, театр ұрығы елдің әдет-салтынан, ойын –сауығынан, ән-күй, өлең-жырынан басталған. Театр өнерін тудыратын жайлы топырақ, қолайлы шарт елдің өз денесінен шыққан. Өнердің іргесін қалайтын елдің өзі. Содан кейін мықты дүкен. Сұлу күмбезді жасайтын – сол елдің тірлігіне иығын сүйеген өнерлер»-дейді.
Жер дауы, жесір дауы –қазақты ежелден бір-біріне жау, дұшпан еткен бітіспес күрестері. Еңлік пен Кебек те–жауласқан екі ру–Матай мен Тобықты елінің жалған намыстарының құрбандары.
М.Әуезовтың шоқтығы биік, қымбат шығармаларының қатарында – «Қарагөз» пьесасы бар. Алғаш рет 1926 жылы Семейде басылған. Кейінен 1960 жылы Алматыда «Қараш-Қараш» деп аталатын жинаққа кіргізілген. Пьесаның тақырыбы–махаббат, сүйіспеншілік. Көркем бейнелердің шебер жасалғандығымен, лирикалық тебіренісінің күштілігімен де пьеса нағыз суреткер қолтаңбасын танытады.
М.Әуезовтың «Бәйбіше-тоқал» пьесасы 1918 жылы жазылып,1923 жылы басылған. Пьесаның оқиғасы Есендік байдың бәйбішесінің балалары мен тоқалы Қайшаның жауласуы,мал үшін, байлық үшін таласуын баяндайды. Күндестің баласы деп бәйбішеден туған Дәмешті сүймеген басы таз,теңі де емес Аманбай деген бауырына алдап, арбап, қорқытып қосқысы келген тоқалдың ойы жүзеге аспай қалады.
Драматургия саласындағы «Октябрь үшін» деп аталатын шығармасы Жетісудағы социалистік революцияның тарихынан хабар береді.1933 жылы «Қазақстан» баспасынан жарық көрген, пьеса еш жерде қойылмаған.Саясат ықпалымен жазылған. 1916 жылдың оқиғасын суреттейтін қаламгер туындыларының бірі – «Түнгі сарын» пьесасы.
«Айман-Шолпан» (1934 жылы және1956 жылы өзгеріп қайта басылған)–осы аттас лиро-эпостық жырдың оқиғасын сақтап жазылған драмалық комедия. Драматург тартысты тереңдетіп, образдарды айқындап, идеяны ұштап, жаңа бояулар, соны өрнектер қосқан. Пеьсадағы 17 кейіпкердің жетеуі жырда бар, өзгелерін автор қиялы, шығармашылық мақсатта тудырған.
Жырдағы тартыс Маман мен Котбардың сәнді үйге таласуынан басталса, песадағы тартыс Әлібек,Маман байлардың Көтібарды адам санатына қоспай, намысына тиюінен көрінеді. Жырда жоқ, драматург қиялынан туған кейіпкер-Жарас барлық күлкі ситуациялардың бел ортасында жүреді.
Комедияда Әуезовтің тамаша тип жасаумен бірге, шеберліктің биік деңгейіне жеткендігін, халықтық фолоьклор мен классикалық дәстүрді терең ұштастыра білетін жаңашыл қалмгер екенін танытты.
М.Әуезовтың «Тас-түлек», «Шекарада». «Алма бағында» деп аталатын пьесалары–жаңа социалистік қоғамның қажетін өтеу мақсатында, заман ағымымен жарық көрген шығармалар. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, «Сын сағатта», «Намыс гвардиясы» (Ә.Әбішевпен бірге жазылған), «Қынаптан қылыш» (Ғ.Мүсіреповпен бірге) пьесалары елді қорғау, Отанды, жерді сүю идеяларын көтеріп, халықтың рухын көтерді
«Еңлік- Кебек» пьесасының өмірге келу тарихы
«Еңлік-Кебек»-1917 жылы мамыр айында, жайлауда Абайдың жары Әйгерім үйінде алғаш қойылған, қазақ елі тарихындағы бірінші пьеса. Пьеса Шыңғыстау жерінде болған оқиғаға негізделіп құрылған. Бұл жөнінде ақын, Абайдың немере інісі, Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» («Жолсыз жаза, яғни кез болған іс») деген поэмасы да бар. Еңлік пен Кебек жөніндегі аңыз Шыңғыстау, Семей, Тарбағатай өңірлеріне кең тараған. Халық жыр қылып айтып, махаббат дастаны етіп сақтаған қадірлі аңыздың куәсі Еңлік-Кебек моласы қазірге дейін сақталған (Абай ауданында)
Мұхтар Әуезовтің драматургия саласына қосқан үлесі шексіз. Ол сахналық қойылымдарға қазақтың дәстүрлерін енгізе отырып жазған. Мысалы, алтыбақан, қыз ұзату салтанаты сынды салтымызды қосып отырды.
М.Әуезовтің жеке пьесаларының варианттарын қосқанда, шамамен, елу шақты драмалық шығармасы бар. Әр драмалық шығармасында көркем образдар галереясы бар. Мақал-мәтелдер, фразалық тіркестер, айқышты сөздер көптеп қолданылып, автордың сөздік қорының молдылығынан хабар береді. Семейде «Еңлік-Кебектен» кейін іле-шала жазылған және гамлеттік оқиғаны бұлдыр елестететін
М.Әуезовтің «Қарагөз» пьесасы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді, пьеса 1926 жылы жарияланып, сол жылы Семейде қойылды. Репертуардан тез алынып тасталған осы туынды отыз жыл өткеннен соң, КПСС-тің XX съезінен кейін ғана сахнаға қайта оралды.
«Қарагөз» трагедиясының көркемдік ерекшеліктері, шығармашылық тарихы, қойылымдары, тарихи негіздері жайында Әбділда Тәжібаев, Рымғали Нұрғалиев, Бағыбек Құндақбаев, Тұрсын Жұртбай, т.б. көптеген зерттеушінің еңбектері бар. Жан-жақты зерттелген. Шығарма күрделі психологиялық драма, беті айқын трагедия. Көркемдік компоненттерін барлық жағынан алғанда әлемдік драматургияның үздік үлгілерімен еркін салыстыруға болады. Бас бостандығына жете алмай, ескі ғұрыптардың құрбандығы болған жастардың тағдыры көрсетіледі. Әрине, осындай шығарманың жаңа нұсқасы дегенде көрерменнің елең ете қалатыны заңды.
М.Әуезов «Қарагөзінің» басында сахнаға Нарша мен достары шығады. Қарагөздің өз ауылында ұнататыны бар ма деген күдіктері бар. Қарагөз бен Сырымның махаббатында тас бөгеттей үлкен кедергі бар. Ол – екеуінің туыстық түбірі жеті атаға жетпегендігі, сондықтан ру дәстүрі бойынша бір-бірімен қосылуға болмайтындығы. Оның үстіне Қарагөз басқа рудың белгілі, беделді жігіті Наршаға айттырылған. Нарша Қарагөздің бетін өзіне бұрып алмағанына қатты налыйды. Нарша мен Қарагөз отау тіксе де, Қарагөздің бар ойы Сырымда. Сүйгеніне қосыла алмаған әйелін көрген Нарша ауылдың маңдайы жарқыраған азаматы еді. Жарын түсініп, жанын күйік жеген Наршаны автор көркем әдебиетте кездесе қоймайтын тұлғалардың қатарына қосады. Бір-бірін ұнатқаннан басқа қылмыстары жоқ Сырым мен Қарагөз ел алдында, ата дәстүр алдында үлкен ұятқа қалады. Бірі жынданып өліп, бірі сергелдең өмірдің күйін кешеді.
жағын ескеруміз керек.
Өткен адам болады көзден
таса
Өлді-өшті,оны ешкім ойламаса,
Ол кетсе де, белгісі жоғалмайды,
Керектісін ескеріп ұмытпаса.
Естіп,біліп,көз көріп, ойға
салмақ,
Өткен істен адамзат бір үлгі алмақ.
Қызықпақ не жек
көрмек,жиіркенбек,
-
«Еңлік – Кебек» дармасын рөлге бөліп оқу.(Оқулықпен жұмыс)
(5 мин)
-
Сергіту сәті: Роза Қуаныш қызының «Еңлік-Кебек» әні тыңдалады.
-
Топтық тапсырма: (Әр топқа жеке-жеке тапсырма беремін) (15 мин) үлестірмелі қағаздар таратылады.
1-топ: «Еңлік-Кебек» трагедиясы беріледі.
-
Еңлік-Кебек өлімі, әдет-салт, оған қарсы жастар сезімі, махаббат.
-
Сұм жандар, оның ішкі әлемі, жағымсыз кейіпкерлер құрған тобыр.
-
Қара жүрек- оның ақ махаббат алдындағы кешірлмес күнәсі, жастардың аяусыз құрбан болуы.
-
Еңлік-Кебектің ақ махаббаты мен дала жауыздығы.
-
Олардың бойындағы гуманизм, дала тағдырына қарсы айбынды үні.
Қорытынды: (оқытушының сөзі)
2-топ: «Айман-Шолпан» драмалық комедиясы беріледі.
Шығармадағы кейіпкерлерге талдау жасау. Мысалы:
|
Айман |
Байыпты, байсалды, ақылды. |
|
Шолпан |
Ерке, тентек, тапқыр, өткір тілді. |
|
Арыстан |
Ақын, сері |
|
Жарас |
Қу, тапқыр, |
|
|
|
|
|
|
Қорытынды: (Оқытушының сөзі)
-
Екі топқа Айман-Шолпан жыры мен комедиясының айырмашылығы. (Вен Диаграмасы )
Сюжет, компазиция,
Идея деңгеіндегі
пафостығы ұқсас.
Он бір буынды қара өлең
7-8 буынды
Жеке тіркестер, троп түрлері
Кеңінен қолданған
Ақ өлең
Қара сөз аралас келеді

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген