Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

М.Әуезов "Қараш-қараш оқиғасы " 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Повестегі кейіпкерлер бейнесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспары


Пәні: қазақ тілі

Күні: 1.02.2018 ж

Сыныбы: 8 сынып

Сабақтың тақырыбы

«Қараш-қараш оқиғасы». Повестегі кейіпкерлер бейнесі

Мақсаты

Хикаят бойынша алған білімлерін жинақтау, қорытындылау, кейіпкерлердің бейнесін ашу, талдау

Күтілетін

нәтижелер

Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне орай баға беріп, оқушы өз ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйренеді

Бағалау критерийлері

1. Шығарманың мазмұнын толық талдайды,басты кейіпкердің іс-әрекеттері арқылы бейнесін ашады
2. Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне орай баға бере білуде ойлау,сөйлеу қабілеттері дамиды,алған білімін ойымен салыстырады.,

Қолданылатын әдістер

тұжырым кестесі, пікірлер пирамидасы, балық қаңқасы, топтық жұмыс, сұрақ-жауап автор орындығы, кері байланыс.

Керекті жабдықтар


Оқулық, интерактивті тақта, слайддтар, қима қағаздар, «Қараш-қараш оқиғасы» киносынан үзінді


Сабақ

кезеңдері

Уақыт

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Ұйымдас

тыру

1 мин

С ынып оқушыларын түгендеу

Топқа бөлу

Стикерге жазылған сандар арқылы 4 топқа бөлу

Мағынаны тану

7 мин

І.Іште кеткен кек....
Тектіғұлдың науқасы
Өксікті күндер. Аянышты өлімі

ІІ. Кек жолындағы жортуыл
Сәлмен жылқысына барымталау
Ұрланған бие
ІІІ. Қуғыншылар
Сойылған бие. Қуғыншылар
Соққыға ұшыраған Бақтығұл
Намыс,ар,қорлану
ІV. Пана іздеу

Арқар ату.Жарасбайға тартуы.Өтініш,тілек
V. Адасу....
Жарасбай жанындағы тірлік.
Ақ жолдан таю
Барымташы Бақтығұл
VІ. Екі жүзді аярлық...

Ел ішіндегі тартыс Сатқындық.
Билер соты, үкім
VІІ. Қуғын.... Қуғынға ұшырау
VІІІ. Өш алу.

Жасырыну Әділ үкім. Алынған кек





Дескриптор:

Әңгіменің бөлімдері бойынша жоспар құрады





Білу

1 мин

Шығарманың бас кейіпкері Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға Рысқұл екендігі айтылады. Сейіт – Тұрар Рысқұлов . Осы тұста 1968 жылы «Қазақфильм» мен «Қырғызфильм» киностудиялары бірігіп, «Выстрел на перевале» («Асуда атылған оқ») көркем фильмі түсірілгені айтылады

Мағлұмат алады

Түсіну

«Тұжырым кестесін»
















7 мин

Міне, шығармаға толық талдау жасап біттік, шығарма мазмұнын есімізге түсірдік. Енді осы шығарманың оқиғалар желісіне сүйене отырып, кейіпкерлердің іс-әрекетіне, мінез-құлқына талдау жасайық. Ол үшін «Тұжырым кестесін» толтырамыз.

Бақтығұл Жарасбай болыс Сәлмен бай

Сәлмен- бай,болыс, екі жетімнің еңбегін жеген адам. Екі жетімді де соққыға жыққан адам

Тұжырым кестесі

Кейіп

кер

Іс-әркеті

портрет

мінездеме


Жалшылық етті, інісін жерледі, елден кетті, бие ұрлады, соққы жеді, Жарасбаймен достасты, ұрлық барымта жасады,сатқындыққа ұшырады, кек алды.

Кесек балуан

денелі,иықты, кеуделі келген қалың тік қара мұртты көп сөйлемейтін жасы 36 -37- лерде


Төзімді, лепті, қырағы мерген, адал, еңбек қор, кекшіл, рухы таза, кедей

еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ,
кек алушы күрескер


Оқушылар өз топтарына берілген кейіпкерлерге талдау жасайды.







Дескриптор:

Кейіпкерлерге мінездеме береді.

Ой қорытады



Ұяшықтағы сұрақтар

6 мин

Тақтаға түрлі түсті ұяшықтардың астына жасырынған сұрақтарды таңдау арқылы сұрақ-жауап

1. Тектіғұл өліміне не себеп болды? Оның өлімінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр? Бұл өлімнің шығармадағы орны қандай?
2. Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
3. Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбайды өлтірді?
4. Жарасбайды өлтіру қылмыс па?
5. Билер алдындағы «Не болса да ақпын», «Менде айып жоқ» деген ойынан бастап, Бақтығұл монологын қайта оқып шық. Осы монологтың маңызы неде деп ойлайсың?
6. Билер Бақтығұлға қандай үкім шығарды?
7. Бақтығұл сол күннен бастап қандай өмір сүруге мәжбүр болды?
8 Қашқын болып жүріп қандай қауіп-қатерге ұшырады?
9. Бәлем, осыныңды ұмытпа!» деген кектену, өшігу сезімі қандай жағдайда, неге байланысты туды?
10. Сол билер алдындағы «Егер осы Қоқыш сөзіндей Жарасбайдың айтқаны шын болса, ...» деп басталатын Бақтығұл сөзінің мәнін түсіндір. Осы абзацтың Бақтығұл бейнесін ашуда маңызы бар ма?

11. Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар, барымташы, сорлы малайға айналды?
12. Қараш-Қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген? Шығарма неге «Қараш-Қараш оқиғасы» деп аталған?


Дескриптор:


Берілген сұраққа жауап береді, ойларын айтады

Қолдану

Топтық жұмыс


3 мин

Пікірлер пирамидасы
1-топ Бақтығұл - еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ
2-топ Бақтығұл - кек алушы күрескер
3-топ Бақтығұл - Сәлмен мен Жарасбайдың құрбаны
4-топ Бақтығұл - қорғансыз сорлы

Берілген тапсырманы топта отыра орындайды.

«Балық қаңқасы»әдісі

10 мин

1-топ . Бақтығұлдың барымтаға аттануына, ұрлық жасауына қалай қарайсың?

2-топ .Ақтайсың ба, қаралайсың ба?  Жарасбай болысқа баруын құптайсың ба, жоқ па?
3-топ    Бақтығұлдың басты-басты қателіктерін, адасуларын ата.
4-топ Ол адасуларға тек Сәлмен, Жарасбайлар ғана кінәлі ме? Өзіне кінә қояр ма едің?

Дескриптор:

  1. Берілген сұрақ бойынша ойларын

білдіреді

  1. Дәлелдемелер келтіру арқылы түйінін айтады

Топтаса орындайды

Жинақтау

«Автор орындығы»

1 мин

 «Егер автор орнында болсам, шығарманы қалай аяқтар едім?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.

Өз ойларын айтады

Қорытынды

1 мин


Шығармадағы бас кейіпкер Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға Жылқыайдаров Рысқұл - Тұрардың әкесі.Жастайынан әділетсіздік көрген, патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамаған Рысқұл Жылқыайдарұлы 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді.
Прототип– көркем шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болған өмірде бар адам.

Шығармадағы бас кейіпкер Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға Жылқыайдаров Рысқұл туралы мағлұмат алады

Рефлексия

«1 сөйлем»

1 мин

Бүгінгі сабақтан не түйдім, нені білдім?

Сабақтан не түйгенін айтады

Үйге тапсырма

1мин

Тұрар Рұсқұлов туралы деректер жазып келу.

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

1 мин

Топ басшысы топ мүшелерін бағалау

Топ басшысы топ мүшелерін бағалайды




Қорытынды бағамдау



Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:








Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1:

2:










Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2018
849
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12