Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
М.Әуезовтің "Абай жолы"роман-эпопеясы.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бөлім: Ғасырлық туынды |
Мектеп: |
||||||
Күні: 16.01 |
Мұғалімнің аты- жөні: |
||||||
Сынып: 11 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар: |
|||||
Сабақ тақырыбы |
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы. Қақтығыста, Қоршауда тараулары |
||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары |
11.1.2.1 - әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. |
||||||
Сабақ мақсаты: |
Барлық оқушылар: әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді қазіргі өмірмен байланыстырып, ұлттық мүдде тұрғысынан ашу. |
||||||
Бағалау критерийлері |
|
||||||
Сабақ барысы |
|||||||
Сабақтың кезеңі/ уақыт |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||
Сабақтың басы
|
І. Ұйымдастыру кезеңі. Қызығушылықты ояту. Абайды Абай еткен Мұхтар ғана, Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана. Қалайша бас имессің оған, сірә... «Абай жолы» романы туралы бейнебаян көрсету. Жағдаяттар: 1-жағдаят. Сұрақ: Қазақ сахарасында дүниеге келіп, сол сахарасын оның талантты әдебиетін дүниеге паш етіп отырған жазушы табысының сыры неде? 2-жағдаят. Сұрақ: Даңқы өлмес, даусы сөнбес-деп Абайды неге айтамыз? Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. |
Оқушылар назары сабаққа аударылады. Оқушылар бейнебаянды тыңдап, жағдаяттық сұрақтарға жауап береді. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты анықталады. |
Қалыптастырушы бағалаулар Дескриптор:
|
«Абай жолы» романы 1-кітап 11-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы |
|||
Сабақтың ортасы |
Мағынаны тану. Роман – күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр. Өмір құбылыстары, адамдар арасындағы қарым-қатынастар молынан қамтылған, композициялық күрделі құрылымнан тұрады. М. Әуезовтың «Абай жолы» романының 1-кітабы алты бөлімнен тұрады 1. Қайтқанда – 13 жасар Абай ауылға қайтады. Қодар мен Қамқа жазаланады. Ауылға қонақ болып Барлас пен Байкөкше келеді. 2. Қат – қабатта – Елде көш-қон. Жер дауы кезінде Бөжейге дүре соғылады. 3. Жолда – Бөжейлер Құнанбай үстінен арыз жазды. Абай да бірге Қарқаралыға жол алады. Ол жерде Абай Шөже ақынды көреді. Алшынбай Құнанбай мен Бөжейді татуластырады. Бөжей Кәмшатты алып кетеді. 4. Шытырманда – Жер, қыстау мәселелеріне Абай араласады. Түйеөркеш деген жерде Тоғжанды кездестіреді. Кәмшат қайтыс болады. Соңынан Бөжей кетеді. 5. Бел – белесте – Жігітек, Көтібақ, Бөкенші мен Ырғызбай араларында үш күндік шайқас өтеді. Арыз түсіп, Чернов деген шенеунік Құнанбайды алып кетеді. Құнанбай Майырды конякқа тойғызып, іс-қағаздарды жандырып жібереді. Тоғжан мен Абай кездеседі. 6. Өрде – Ұлжан Ділдәнің ауылына құдалыққа барады. Абай Бөжей асына ат салысады. Абайдың Тоғжанмен соңғы кездесуі. 7. Қияда – Абай 17 жаста әке атанады (Ақылбай мен Күлбадан). Жұт болады. Абай халыққа қамқорлық көрсетеді. Зере қайтыс болады. Балағаз бен Абылғазы жылқы ұрлаумен айналысады. Сайлауда Тәкежан болыс болады. Ұрылар ұсталып, Үркітке айдалады. 1-тапсырма. 1) Шығарманың бөліміндегі басты оқиғаларды топтастырыңыз, тақырыпша қойыңыз. 2) Негізгі оқиғаларға, мазмұнына қатысты 5 сұрақ әзірлеңіз. 3) Бөлімнің идеялық мазмұнын ашатын 3 тұжырым жасаңыз. «Қайтқанда» бөлімі «Қат-қабатта» бөлімі «Жолда» бөлімі 2-тапсырма. Үзіндідегі «амалсыз егеске түсіп» сөзінің астарлы ойын анықтаңыз. Байтастың мінгені Құнанбайдың қара жал бурыл аты, дәмелі бәйге аттың бірі еді. Жұмабайдың астындағы да сол Құнанбайдікі – Найманкөк деген үлкен ақ көк ат болатын. Екеуі жарыса жөнелгенде, амалсыз егеске түсіп, «мен озам, мен озаммен» тепкілесіп, созыла берді. А) Байтастың шабандоздығын мойындады; Ә) астындағы атының әлсіздігін білді; Б) ат өзінікі болмаған соң тартынды. Тапсырма. «PRES» тәсілі бойынша жұмыс. 1-оқушы: Позиция: «Менің ойымша,... немесе «Мен _______ деп санаймын» деген құрылымдарды қолданып, мәселеге қатысты өз пікірін айтып, көзқарасын түсіндіреді. 2-оқушы: Негіздеу: «Өйткені...» деген сөзден басталатын сөйлем құрылымын пайдаланып, өз ойының пайда болу себебін, өз ұстанымның неге негізделетінін түсіндіреді. 3-оқушы: Мысал келтіру: ойын «Мысалы, ...» сөзімен жалғастырып, өз көзқарасын қолдайтын мәліметтер, фактілер мен дәлелдемелер келтіреді. 4-оқушы: Қорытынды: ойын «Сондықтан мен ____________ деп санаймын» сөйлемімен жалғастырып, өз пікірін жинақтап, қалай әрекет жасау керектігі туралы қорытындыға келеді. |
Оқушыларға «Қақтығыста», «Қоршауда» тараулары үйден оқып келуге берілген. Қосымша мәліметтер беріледі. Шығарма мазмұнымен жұмыс жүргізеді. Үзіндімен жұмыс жүргізеді. Мәселеге қатысты өз пікірін айтып, көзқарасын түсіндіреді. сөйлем құрылымын пайдаланып, өз ойының пайда болу себебін, өз ұстанымның неге негізделетінін түсіндіреді. көзқарасын қолдайтын мәліметтер, фактілер мен дәлелдемелер келтіреді. өз пікірін жинақтап, қалай әрекет жасау керектігі туралы қорытындыға келеді. |
Дескриптор:
Дескриптор:
Дескриптор:
|
А4 әр топқа |
|||
Сабақтың соңы
|
|
|
|||||
Үй тапсырмасы: |
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясы |
|