|
Оқу
бағдарламасына
сәйкес
оқыту
мақсаттары:
|
7.1.4.1. Көркем шығармадағы
кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа
айту;
7.2.1.1 Шығармадағы эпизодтар мен
бейнелерді салыстыру;
|
|
Сабақ
мақсаты:
|
Барлық
оқушылар: шығарма эпизодтары мен
бейнелерді талдау, кейіпкер бейнесін ашып,
үзінділерді жатқа айту;
Оқушылардың
көбісі: Шығармадағы эпизодтар мен
бейнелерді салыстыру;
Оқушылардың
кейбірі: Әдеби шығарма сюжетінің
құрамдас бөлшектерін талдау,ұқсас шығармалармен
салыстыру.
|
|
Сабақтың
басы
|
Ұйымдастыру
кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа
аудару.
Жағымды ахуал
қалыптастыру.
Оқушыларға топтың бір мүшесін
сипаттап жасыр деген тапсырма беріледі. Әр топтан бір спикер келіп
жасырған оқушыны сипаттап айтады. Мысалы: «Қара шашты, бойы ортадан
жоғары, сөзі салмақты, сабақта бұлбұлша сайрайды» деген сияқты
сипаттаушы сөздерді қолдану
керек.
І. Қызығушылықты
ояту
-Шығарма «Көксерек» аталу
себебі неде?
- шығарманың кейіпкерлері
кімдер?
- Осы шығарманы жазу арқылы
автор қандай ой айтқысы келді
?
-
Шығармада сізге қай кейіпкер
көбірек ұнады? Неліктен? (кейіпкер бейнесін ашуға
тырысыңыз).
- Шығармадан өзіңізге ұнаған
кейіпкердің бейнесі немесе іс-әрекеті суреттелген тұсын жатқа
айтыңыз.
Сабақтың тақырыбы
мен мақсатын анықтау.
|
Оқушылардың назарын
сабаққа аудару. Жағымды ахуал
қалыптастыру.
Сұрақтарға жауап беру
арқылы ой тұжырымдайды, жаңа сабақпен байланысын
анықтайды.
Шығармадан өзіне ұнаған кейіпкердің бейнесі немесе
іс-әрекеті суреттелген тұсын жатқа
айтады.
|
ҚБ

|
https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D2%
Деректер жазылған
қағаздар
А4
парағы
|
|
Сабақтың
ортасы
|
ІІ. Мағынаны тану
-
Балалар, тақырып дегеніміз
не?
-
Шығарманың идеясы деп нені
айтамыз?(балалар жауабы
тыңдалады)
-
Олай болса, біз бүгін «Батыр
Баян» поэмасының тақырыбы мен идеясын
талдаймыз.
Тапсырма. Шығарма сюжеті
бойынша құрамдас бөлшектеріне талдау
жасаңыз. Венн
диаграммасы
1-топ.
Көксерек Ауыл өмірі --------------- Тағылық
өмір
2-топ.
Адам мен
қасқыр
3-топ.
Аққасқа --------------
Көксерек
«ВЕНН
диагарммасы»

Дескриптор:
-
Венн диаграммасы
арқылы кейіпкерлер бейнесін
салыстырады;
-
Ерекше қасиеттерін
анықтайды;
-
Ұқсас қасиеттерін
табады.
ҚБ
Тапсырма. Екі жақты түсініктеме
күнделігі
|
Мәтіннен қатты әсер еткен
тұстары
|
Өз
пікірің
|
|
1. Адамдар қолынан қасқыр күшіктерінің
өлтірілуі.
2. Құрмаштың күшікті бағып алуы мен Көксерек
деп атауы.
3. Көксеректің алғаш рет табиғатқа қарап
ұлуы.
4. Ауылға шабуы, Құрмашқа шабуыл
жасауы.
5. Әжесінің қайғыруы. Құрмаштың қайтыс болуы.
Табиғат ананың тыныштығын жауыз адамдар бұзды. Жазықсыз күшіктерді
өлтіруі дұрыс емес.
|
Құрмаштың таза көңілі мен мейрімді жан екенін
білдім.
Қасқыр табиғаттың бір бөлшегі. Қасқыр қашанда
қасқырлығын қылады.
Көксеректің бұл іс - әрекетіне адамдардың
өздері себеп болды. Ол санасыз, тағы қасқыр, әбден өшпенді болып
алған.
Күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,
алтын ұясы, талбесігі - табиғатты
аялау.
|
Дескриптор:
-
Шығармадан қатты
әсер етекен тұсын анықтайды;
-
Үзіндіге байланысты
өз пікірін білдіреді;
-
Шығарманың тақырыбы мен идеясын
талдайды.
-
Ойларын
дәлелдейді.
ҚБ ІІІ. Ой
толғаныс V. Дөңгелек үстел «Дөңгелек үстел»
стратегиясы бойынша берілген сұрақтар бойынша
білетіндерін топ болып қорытып жазады. топтан бір оқушы
қорғайды.
1. Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп
болды?
2. Адамдардың бөлтірікке жасаған іс -
әрекеттеріне қалай
қарайсыздар?
3. Әңгіменің идеясы
не?
4. Көксерек Құрмашпен неге тез тіл
табысты?
5. Көксеректі жауыздыққа баулыған
не?
6. Құрмаштың өліміне кінәлі
кім?
Дескриптор:
ҚБ
Бағалау. «Микрофон» әдісі. Мұғалім жеке
оқушыларға микрофон ұсыну арқылы топтарды бағалау критерийі арқылы
бағалатады және ұсыныстар
айтқызады.

Үйге
тапсырма:
Композициялық жоспар
бойынша сурет салыңдар. Р/с ------Әңгіменің композициялық элементтері
---------Композициялық жоспар
1. Оқиғаның басталуы
------------------Қараадыр табиғаты. Қасқырлар
мекені.
2. Оқиғаның байланысы ---------------Адамдар
шабуылы. Көксеректі асырауы
3. Оқиғаның дамуы
---------------------Көксеректің ауыл тірлігін
жатсынуы.
4.Оқиғаның
шиеленісуі---------------Көксеректің өз қандастарына
қосылуы
5.Оқиғаның шарықтау шегі ---------Көксеректің
жойқын күшке айналуы
6.Оқиғаның шешімі ------------------Құрмаштың
қазасы. Көксеректің жазасын
тартуы
|
Оқушылар әдебиет
теориясы бойынша сұрақтарға жауап
береді.
Венн диаграммасы
арқылы кейіпкерлер бейнесін
салыстырады.
Шығармадан қатты
әсер етекен тұсын анықтайды;
Үзіндіге байланысты
өз пікірін білдіреді.
Дөңгелек үстел «Дөңгелек үстел» стратегиясы
бойынша берілген сұрақтар бойынша білетіндерін топ болып қорытып
жазады. топтан бір оқушы
қорғайды.
Оқушылар ұсыныстар
айтады.
Композициялық жоспар
бойынша сурет салыңдар.
|
ҚБ
ҚБ
ҚБ
|
Әдебиет
теориясы
Әдебиет
хрестоматиясы
|