жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
М.Әуезовтың абайтануға қатысты зерттеулері
Сабақ жоспары
«Бекітемін»
Директордың оқу ісі меңгерушісі:
_____________ Айтуғанова А.Ж.
Сабақтың тақырыбы: Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері Сабақтың жалпы мақсаты: Абай мұрасы жайында, ақын мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістер, Абай шығармашылығы турасындағы шығыс және батыс әдебиетіне қатысты мәселелер туралы білім беру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,лекция
Сабақтың көрнекілігі:
1) Абай. Энциклопедия. Атамұра баспасы, 1995 ж.
2) Плакаттар
I. Қызығушылықты ояту сатысы:
1) Оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын тексеру.
2) Өткен тақырыпты еске түсіру.
II. Мағынаны ажырату сатысы. Жаңа сабақ
Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері

Әуезов өзінің атақты «Абай жолы» эпопеясы арқылы ұлы ақын есімін әлем оқырмандарына танытып, Абайдың ақын-азамат ретіндегі шынайы көркем бейнесін жасаумен қатар, ақын мұрасын жинау, зерттеп-саралау, оларды әр түрлі теріс көзқарастардан қорғап, саф қалпында бүгінгі оқырманқауымға жеткізу, Абай өлеңдерінің теориялық негіздерін анықтау ісінде де айтарлықтай еңбек етті.
Ұлы ақын шығармаларын зерттеуді 20 жылдары Ленинград университетінде оқып жүрген кезінде-ақ қолға алған жас ғалым 1922-25 ж. Ташкенттегі, Семейдегі оқу орындарында Абай мұрасынан дәріс оқып, «Таң» журналында ақын шығармаларын жариялап, Абайдың өмірбаяны жайлы деректер мен шығармаларын толықтыра түсу жолында тынымсыз еңбек етті. Абайды көзі көрген замандастарына естеліктер жаздырып, ел аузынан оның өмірбаяны мен сол заман шындығы жайлы деректерді қағаз бетіне түсіруге асыға кірісті. Ақын мұрасын зерттеу жолындағы алғашқы белсенді әрекеті –Абайдың ғылыми емірбаянын жазу үшін жаңа деректер жинап, ақын шығармаларының тұңғыш толық жинағын құрастыру жолындағы күрделі де қиын жұмысқа бағытталды.
Осы мақсатпен 1936 жылы Абай еліне барды. 1943 жылы арнайы ұйымдастырылған экспедицияны өзі басқарды, 1944 жылғы экспедицияны ұйымдастыруға ат салысты, 1945 жылы ақынның 100 жылдық мерекесі қарсаңында Семей өңірімен қоса Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан тарапына да экспедициялар шығару мәселесін қойды. 1924 жылы Әуезовтің Абай өмірі мен шығармаларынМ. Әуезов зерттеп, жинастыруда ерекше орны бар тарихи кезең. 1922 жылдан бастап Әезов ақын шығармаларының толық жинағын құрастыру, Абай өмірбаянынан деректер жинау, ақын мұрасы жайлы ғылыми мақалалар жазып, Абай өмірі мен шығармашылығын баспасөз бен дәріс оқуорны арқылы насихаттау жұмыстарын қатар жүргізді.
Алғаш, 1933 жылы жарияланған Абай өмірбаянының тұңғыш нұсқасында биограф ақынның шығармашылық, өнерпаздық жолының басталуы мен бастан кешкен түрлі әлеуметтік оқиғаларға араласқан өмір жолына байланысты 13 өлеңіне сүйенген. Бұл өлең-үзінділер жай алына салмай, олардың аталу себебі Абай араласқан әр қилы оқиғалар желісімен ұштасып, кейбіреулерінің жазылу себептері де ашыла түскен. 1940 жылғы Абай өмірбаянында және осыған қосымша ретінде берілген деректерінде жалпы саны 24 өлең қамтылған. Алғашқы өмірбаянмен салыстырғанда бұл жолы 8 өлең аты жаңадан қосылып, «Құлақтан кіріп бойды алар...» өлеңі Абайдың композиторлық өнерін сөз етуге байланысты берілген.
Ғалым Абайдың ғылыми өмірбаянының барлығында ақын өмірімен тығыз байланысы бар 7 өлеңі: «Фзули, Шәмси, Сәйхали...», «Әлиф-би елеңі», «Сұм дүние тонап жатыр ісің бар ма...», «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма?..», «Кеңлім қайтты достан да, дұшпаннан да...», «Болды да партия...», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін...» еш жерде түсірілмей, нұсқадан нұсқаға ауысқан сайын соны ұғымдармен молығып, сақталады да отырады. Бұған себеп аталмыш өлеңдер тобы Абай өміріндегі елеулі бетбұрысын, дүниетанымдағы іштей түлеп өсудегі өзгерістерді жітірек таныту қуатының молдығында жатса керек. Абай өлеңдерінде ақын биографиясы жайлы нақтылы деректер өте аз көрініс береді, тіпті, Абаймен тікелей араласып, әр түрлі әлеуметтік қатынастарда түрлі байланыста болған жеке кісілер жөніндегі нақтылы деректердің өзі де уақыт өткен сайын көмескіленіп, өшіп кетуге айналған көптеген деректердің соңына түсіп іздеу салу, тапқандарын жан-жақты салыстырып зерттеу нәтижесінде автор бастапқы қалпына келтірді. Әсіресе, Абайдың арнау өлендерін жинастырып, олардың кімдерге арналғанын анықтау ісіне зор еңбек етті. Осы арқылы ақын өмірінің беймәлім жақтарын тыңнан ашып, ол жазған кейбір өлеңдердің дүниеге келу, жазылу себептерін де қоса анықтап берді.
Әуезов қазақ жерінде Абайдай жаңа типтегі ойшыл қоғам қайраткерін тудырған қоғам өміріндегі экономикалық-әлеуметтікерекшеліктерді ескеала отырып, ақынның ғылыми өмірбаянын жазуда өзі ұстанған, табан тірер методологиялықмәні бар танымын, өзі сүйенген ой қорытындылрының басты негіздерін: «Абай өмірбаяны биографизмнің тар шеңберінен шығарылуы керек. Оның өмірлік, творчестволық жолы реалистік формаға дейінгі әлеуметтік өмірдің нақті жағдайларымен анықталған болатын. Осын жағдай жазушының жаңа типін тудырды», -көрсетеді (ӘӘММ архиві, 255-п., 8-6.).
Абай шығармаларының түпнұсқасы ретінде 1896 жылдан бастап көшіріліп, қолжазба ретінде тараған Мүрсейіт дәптерлерін Әуезов: «Абайдың басылып жүрген таңдамалы өлеңдер жинағы немесе толық жинақтары болса, сол Мүрсейіттің көшірмелері» екенін айта отырып, оның бірқатар кемшіліктерін де атап көрсетті. Олар, кейбір өлеңдері орынсыз біріктіріліп, кейбіреулері ретсіз бөлек өлең ретінде берілген; Абай қаламынан тумаған беймәлім өлеңдер де орын алған; ақын шығармаларының жазылу мерзімі, жылдары көрсетілмеген. Әуезов ақын өлеңдерін жатқа білетін кісілерден 45 өлеңді (1086 жол) хатқа түсіріп, қайта тірілтті. Ол Абай шығармаларының 1917 жылғы төңкеріске дейінгі таралу жолдарын да анықтады. Ол жол үшеу: а) баспасөз арқылы; ә) қолжазба - көшірме күйінде; 6) ел арасына жатқа тараған.
Әуезовтың Абай шығармаларын бастапқы ақын қаламынан туған қалпына келтіру жолында атқарған жұмыстары мен текстологиялық ізденістері өмірінің соңғы жылдарына дейін ұласқаны анық. Жазушы: «Абай өлеңдерін биограф ретінде зерттеп жүр едім. Көп адамнын аузынан Абай өлеңдерін жазып алып, бұрын баспа бетін көрмеген шығармаларын қырық проценттейін қалпына келтірдім», - дейді. Зерттеуші әуелі 1909 ж. Петербургте басылған тұңғыш Абай жинағына енбей қалған Мүрсейіт қолжазбаларындағы ақын шығармаларына назар аударды. Мүрсейіт қолжазбасында бар шығармалард жинаққа енбеген 17 өлең (626 жол), бір аударма дастан («Вадим»), 45 қарасез, 1 тарихи шығарма бар екенін анықтайды. Ол бұлармен қатар ешқашан хатқа түспей, мүлде өшуге айналған өлеңдері мен ірі дастандары барын да ескертеді. Ақынның мұндайбелгісіз өлеңдерін қалпына келтіруде Көкбай атқарған қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ аса зор тарихи қызметін ерекше бағалады.
1909 жылғы жинаққа небәрі 5399 өлең жолдары енгізілсе, Әуезов оны, біріншіден, Мүрсейіт қолжазбасында бар 17 өлең (626), 45 қарасөз, 1 тарихи мақаламен толықтырды.
Екіншіден, Абай шәкірттерінің, Көкбай сияқты ізбасарларының көмегімен тыңнан 1086 өлең жолын қосты. Сөйтіп, тұңғыш құрастырылған толық жинаққа 62 дербес өлең немесе1712 өлең жолы жаңадан енгізілді.
1909 жылғы кітапта және 1916 жылғы Самат жинағында ақынның «Ата-анаға көз қуаныш...» деген өлеңі «Тайға міндік...» деп басталатын өлеңімен қосылып, бір өлең ретінде беріліп келді. Өлең шумақтары адасып жүрді. Әуезов 1933 жылғы толық жинақта оларды бастапқы түріне келтіріп, екі өлеңді де табиғи өз қалпына түсірді.
Абай шығармаларының баспасөзде жарияланбаса да сол ортада, соңыра бүкіл қазақ даласына әр түрлі жолдармен таралып, танылуына ақын маңындағы өнерлі топтың, яғниақын, әнші, домбырашы, ертекші немесе оның жырларын көшіріп, жатқа таратушылар айтарлықтай еңбек еткені белгілі. Осы енерлі жастардың бір тобы Абай бастап, негізін қалаған әдебиет пен қоғамдық ойдағы жаңа бағыттағы ақындық дәстүрді жалғастыра дамытып, оны өз шығармалары арқылы толықтыра түсті.
Бұл топтағы ақын-жазушылар Абай бойлай енген батыс, орыс мәдениетіне қарай ойысты. Олардың шығармалары дәстүрлі көшпенді дәуір әдебиетімен кетпей, шын мәніндегі кәсіпқой жазба әдебиет үлгісінде жазылуы тікелей Абай мектебінің тәрбиелік әсеріне байланысты еді. Ғалым Абайдың «әдебиет мектебінен» өткен ақындар қатарында алдымен Көкбайды, өз балалары Ақылбай мен Мағауияны, Әріп, Бейсембай мен Әубәкірді атап, олардың өз беттерімен және Абай ұсынысымен жазған Ал Ақын өмір сүргендәуірдің рухани тынысын танытатын өнер адамдарымен тікелей байланысын, шығармалыққарым-қатынасын білдіретін Абайдың ақындық ортасын анықтаған тұста Дулат, Байкөкше, Шөже, Қуандық, Жанақ, Сабырбай, Түбек, Біржан, Марабай сияқты ақын, жырау,
күйші саңлақтарды атайды, бұлардың әрқайсының Абайдың ақындық жолындағы орны мен рөлін ашып керсетеді.
Академик-жазушы Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымында Абай мұрасын зерттеуді алғаш қолға алып, оның абайтану деген үлкен саласының негізін қалады. Ғалым ақын шығармаларын ұзақ жылдар бойы тынымсыз зерттеу барысында ақынның ғылыми өмірбаянын жазып, Абай өлеңдерінің дерек көздерін анықтап, көптеген текстологиялық нақты түзетулер енгізді, шығармаларының реалистік шеберлігін талдап, оның шығыс, батыс және орыс әбиетімен байланысын ашып берді. Абайдың әдеби ортасы мен ақындық мектебі туралы, қазақ әдебиетіндегі Абай дәстүрі хақында тұжырымды пікірлер айтты. Атақты «Абай жолы» эпопеясы арқылы Абайдың дара тұлғасын көркем әдебиетте әлемге танытқанМұхтар Әуезовтың абайтану ғылымының негізін қалап қалыптастыру, ақын мұрасын ғылыми тұрғыдан зерттеу ісіндегі қызметі де аса зор.
III. Ойтолғаныс сатысы
-
Ақын өмірі мен шығармашылығын талдау.
-
Өмірінен түсінгендерін «Соңғы сөзді мен айтайын» кестесіне толтыру.
|
Үзінді |
Беті |
Пікір |
|
|
|
|
Сабақты қорыту.
Үйге тапсырма: М.Әуезовтің зерттеу еңбегіне сараптама жасау.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген