Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мазмұндама жаздыру тәжірибемнен

Материал туралы қысқаша түсінік
Біз тәжірибеде сынып оқушыларына мазмұндама жаздырдық. Мен сияқты алғашқы бастауыш мұғалімі ретінде сабақ берген студенттер үшін, пікірлесу және сауаттылыққа тәрбиелеудің бір жолы мазмұндама екені түсінікті. Мақала сол жайында әдісті көрсетеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мазмұндама жаздыру тәжірибемнен

Пәні: Қазақ тілі

Күні: 01.20.2020ж.

Сыныбы: 4 - сынып

Тақырыбы: Мазмұндама «Дүние қалай етсең, табылады»

Мақсаты: Мәтіннің мазмұнын дұрыс жазу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу

Міндеттері:

1.Мәтінді мұқият дұрыс түсініп оқу, жаза білу дағдыларын қалыптастыру;

2.Сауатты жазуға төселдіру;

3.Еңбекқорлыққа, сабырлы болуға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, Мазмұндама жинағы, қиын сөздер тізбегі, кесінді сөздер

Тірек сөздер: француз адамы, тіленші, Антон, Брюссель, кітап сататын үлкен дүкен, жетістік, еңбек, фабрика,қағаз, еңбек,ақша, Версаль; университет, купец, франк, шүберек, машақаттану.

Айтқызу үшін, сұрақ-жауап интерактивтік тақтадан шығарылады:


Сұрақ-жауап:

  1. 1791ж француздың білімді адамы қайда барды?

  2. Антон деген кім?

  3. Антонға кім өзінің ақылын айтты?

  4. Антон қандай жетістікке жетті?

  5. Антон мен ақыл айтқан кісі неше жылдан кейін кездесті?

  6. Бұл әңгімеден не түсіндіңдер?


Оқушыларға, алдымен, мәтінді өзім екі рет оқимын;

Содан кейін сыныптағы ең мазмұндап өз ойын жақсы жеткізетін оқушыға түсінігін айтқызу.


Жоспар:

  1. Француз адамы;

  2. Версаль қаласына жол тарту;

  3. Антон деген тіленшіні көруі

  4. Антонның қайыр сұрауы;

  5. Антонға бір адамның ақыл айтуы;

  6. Антонның ойлануы;

  7. Жұмыс жасап, әрекет етуі

  8. Брюссель қаласы;

  9. Антонның 25 жыл бұрынғы ақыл айтқан адамды көруі;

  10. Антонның үлкен жетістікке жетуі




Дүние қалай етсең, табылады

Француз жұртының бір білімді адамы жазады:


- 1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күні тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған сон, бірге келе жатқанымызда, әдетше манағы Антон алдымыздан шығып қайыр сұрады.

Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:


- Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді, сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзінді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшілік қылғаным жоқ; елден, қала-қаладан қыдырып жүріп, әуелі, боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жиып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым, мұнан соң әуелі аздап, бара-бара әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақты және еріншектікті
білмеген соң, осы күнде екі әйдік тас жұртым бар, фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі: баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың, Антон,- деді де, жөніне жүріп кетті.

Антон бұл сөздерді есіткен соң, терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды.


1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты:


- Айып етпесеңіз, сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдегі үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?


Сонда ойыма түсіп, таң қалып:


- Сен, Антонбысың? - дедім.


- Ра-с,- деді Антон,- мен - сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім, ісіме нық, малыма күтімді болдым; ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, - деді.

Ниязбаева Диана, ЖШС «Каспий өңірі «БОЛАШАҚ» колледжінің студенті




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
609
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12