400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдебиет пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 3-бөлім. Махаббат және абырой

Мектебі: № 36 орта мектеп

Күні: 16.01.2019 жыл Мұғалімнің аты-жөні: Сейталиева Гуляим Жаналиевна

Сынып: 8 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.1 – автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

8.3.2.1 – шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Сабақтың мақсаты

  • Кейіпкерлер қарым-қатынасын талдайды, шығармадағы материалдық, рухани құндылықтарды салыстырады.

  • Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды. Шығармадағы материалдық, рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады.

  • Шығармадағы материалдық, рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға береді.

Бағалау критерийі

  • Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды;

  • шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады;

  • жаңашылдығына баға береді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: гротеск, эллипсис, материалдық құндылық, рухани құндылық, азаматтық жауапкершілік, жаңашылдық, автор бейнесі, кейіпкерлер бейнесі, ұстаным.

Диолог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: «Менің ойымша...», «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...», «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...», «Егер де мен ... болсам, ... »

Талқылауға арналған сұрақтар: Жамалдың бақытсыздығына, ажалына кім кінәлі, жағдайды өзгерту мүмкін бе? Сендер қандай шешім ұсынар едіңдер?

Сүйгеніне қосылған жандар бақытты болуы тиіс. Неліктен Жамал мен Ғали бақытты бола алмады? Жамал бейнесі арқылы жазушы қандай мақсат көздеген деп ойлайсыздар?

Не себепті... деп ойлайсыз?

Ишара

Құндылықтарға баулу

Құрмет, ашықтық, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыту.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, 6-сынып, «Арман ПВ» баспасы, 178-бет.

Тақырып бойынша алдыңғы білім

М.Дулатұлының өмірі, шығармашылығы. «Бақытсыз Жамал» романының мазмұны.

Сабақтың барысы

Сакбақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут



4 минут

КҮНДЕЛІКТІ ШАРАЛАР:

Оқушылармен сәлемдесіп, тізім бойынша түгелдеу. Оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын қадағалау.

Сынып журналы

ШИРАТУ ЖАТТЫҒУЫ: «Пликерс» әдісі.

Тапсырма қадамдары:

  1. М.Дулатұлы туралы өткен сабақта алған білімдеріңді және «Бақытсыз жамал» романының мазмұнын еске түсіреді.

  2. Сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтары:

  1. М.Дулатұлы қай жылдары өмір сүрген? Қайда дүниеге келген?

  2. М.Дулатұлының қандай шығармаларын білесің?

  3. «Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе қандай?

  4. «Бақытсыз Жамал» романының кейіпкерлерін ата.

  5. М.Дулатұлы туралы айтылған қай зерттеушілердің пікірін айта аласың?

Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап бере алады.

Қалыптастырушы бағалау (Өзін-өзі бағалау ауызша жүреді):

Дескриптор негізінде өзін-өзі бағалау

Google Chrome мен смартфон, ноутбук

КІРІСПЕ:

Оқу мақсатымен таныстыру:

  • Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдау;

  • Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру.

Бағалау критерийін ұсыну:

  • Автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісін талдайды;

  • Шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстырады;

  • Жаңашылдығына баға береді.











1 минут

Оқушыларды «құрмет», «ашықтық», «ынтымақтастық», «азаматтық жауапкершілік» деген сөздер арқылы топқа бөлу.

Қима қағаздар

Сабақтың ортасы

10 минут

ДАМУ:

«Айналмалы бекеттер» (Топтық жұмыс)

Саралау тәсілі - ДЕРЕККӨЗДЕР

Тапсырма қадамдары:

  1. Қосымша дереккөздерді түсініп оқиды.

  2. Сұрақтарға дәлелдермен жауап береді.

1-бекет мәселесі. Қосымша дерекөздерді пайдалана отырып, М.Дулатұлы – еуропалана бастаған қазақ зиялыларының алғашқы қатарынан көрінген ұлы тұлға екенін дәлелдеңдер;

2-бекет мәселесі. «Бақытсыз Жамал» романын жазудағы автордың ұстанымы қандай?

3-бекет мәселесі. Жамал мен Ғали, Жамал мен Жұман арасындағы қарым-қатынасты талдаңдар;

4-бекет мәселесі. Романдағы көркемдегіш құралдардың қолданысын талдаңдар: психологиялық паралелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис

Дескриптор:

  • ұсынылған дереккөздерді талдайды;

  • сұрақтарға жауап береді;

  • сұрақтар бойынша нақты дәлелдер келтіреді.

Қалыптастырушы бағалау (Өзара бағалау):

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі. Әр топ бір-біріне 2 құнды пікірді, 1 қайта қарастыратын пікірді ұсынады.




Тұжырымдау парағы (Постер)

Әдебиет теориясы. Қосымша мәліметтер үшін сілтеме: https://stud.kz/referat/show/4464 Планшеттер





Стикер парақтары

8 минут

«Сұрақты қағып ал» әдісі. (Топтық жұмыс)

Тапсырма қадамдары:

  1. Материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыдан салыстырады.

  2. Сұрақтарға жауап береді.

  • Жамалдың бақытсыздығына, ажалына кім кінәлі, жағдайды өзгерту мүмкін бе? Сендер қандай шешім ұсынар едіңдер?

  • Сүйгеніне қосылған жандар бақытты болуы тиіс. Неліктен Жамал мен Ғали бақытты бола алмады? Пікірлеріңді білдіріңдер.

  • Романдағы қазақ тұрмысына тән мінез, қылық, әрекеттер мен салт-дәстүрлерге өз көзқарастарыңды білдіріңдер.

  • Жамал бейнесі арқылы жазушы қандай мақсат көздеген деп ойлайсыздар?

Дескриптор:

        • Материалдық және рухани құндылықтарды анықтайды.

        • Құндылықтарды заманауи тұрғыдан салыстырады.

Қалыптастырушы бағалау (өзара бағалау жүреді, мұғалім ауызша кері байланыс жасайды):

«Мұғалімге жедел хат» әдісі

- Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- Маған......қиындық тудырды.

- Мен ... туралы ізденемін.

























Стикерлер


Сабақтың аяғы

6 минут


БҮКІЛ СЫНЫП ОРЫНДАЙТЫН ЖҰМЫС:

«ПОПС» формуласы (Жеке жұмыс).

Тапсырма қадамдары:

  • Сөйлемдерді жалғастырады.

  • Роман кейіпкерлері туралы пікірлерді білдіреді;

  • Пікірдің жаңашылдығын дәлелдейді.

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша...»

Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін...»

Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын...»

Соңғы сөйлем: «Егер де мен ... болсам, ... »

Жалпы сұрақ: «Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған күрделі мәселе қазіргі жастардың адамгершілік қасиетін қаншалықты арттырады?

Дескриптор:

  • Роман кейіпкерлері туралы пікірлерін білдіреді;

  • Пікірдің жаңашылдығын дәлелдейді.

Қалыптастырушы бағалау:

«Рефлексия пирамидасы»


Еске сақтау керек маңызды бір нәрсе


Сіз көбірек білгіңіз келетін екі нәрсе


Сіз бұрыннан білетін үш нәрсе

Сіз үйренген төрт нәрсе




Оқу құралдары, таймер








«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы





Пирамида суреті салынған кері байланыс қағазы




1 минут

КҮНДЕЛІКТІ ШАРАЛАР:

Үйге тапсырма.

  1. «Сол замандағы қазақ тұрмысынан менің түсінгенім», «Маған ұнаған роман кейіпкері», «Жамал мен Ғали – әділетсіз қоғамның құрбандары» тақырыптарының біріне эссе жазыңдар.

  2. Оқулықтың 130-133 беттерін оқу.

Оқулық

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс; денсаулық және қауіпсіздік; АКТ-мен байланыс; құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

«Айналмалы бекеттер» (Топтық жұмыс)

Саралаудың ДЕРЕККӨЗДЕР тәсілі арқылы қолдауды аз қажет ететін оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда күрделі дереккөздерімен жұмыс жасайды. Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға мұғалім дереккөздерінен автордың бейнесін ашатындай мәліметтерді табуда жетелеуші сұрақтар арқылы қолдау көрсетеді. Барынша қолдауды қажет ететін оқушыларға қолдауды қажет етпейтін оқушылар тарапынан қолдау көрсетіледі.

«ПОПС» формуласы (Жеке жұмыс)

Саралаудың ҚАРҚЫН тәсілі жүреді. Қолдауды аз қажет ететін оқушылар тапсырманы басқаларға қарағанда жылдам әрі дұрыс орындайды. Барынша қолдауды қажет ететін оқушыларға мұғалім тарапынан жетелеуші сұрақтар арқылы қолдау көрсету. Орташа қолдауды қажет ететін оқушыларға біршама уақыт беру.


  1. ШИРАТУ ЖАТТЫҒУЫ: «Пликерс» әдісі. Дескриптор негізінде өзін-өзі бағалау.

  2. ДАМУ: «Айналмалы бекеттер» әдісі. «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалау.

  3. «Сұрақты қағып ал» әдісі. «Рефлексия пирамидасы» әдісі

  4. «ПОПС» формуласы кезінде «Мұғалімге жедел хат» әдісі арқылы өзін өзі бағалау.



  • Қазақ тілі пәнімен байланыс. Өз ойларын тұжырымдап айтуда, эссе жазудасөйлем құрылымын сақтап, пунктуациялық сауаттылыққа қазақ тілінен алған білімдерін қолданады.

  • Сабақ барысында өмір қауіпсіздігін сақтау керектігін ескертемін.

  • Ақпараттық комуникациялық ақпаратты ширату жаттығуына «Пликерс» әдісі үшін Google Chrome мен смартфонмен жұмыс, сабақтың кіріспе бөлімінде таныстырылыммен жұмыс, «Айналым бекеттер» топтық жұмысында қосымша мәліметтер іздеу үшін ғаламтор желісіне қосылған планшеттермен жұмыс. https://stud.kz/referat/show/4464

  • Сабақ барысында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 6 құндылығы – тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы: құрмет, ашықтық, ынтымақтастық және азаматтық жауапкершілік құндылықтары

Рефлексия



Сабақ мақсаттары\ оқу мақсаттары қол жетімді ме?

Оқушылар бүгін не үйренді?

Сабақтағы ахуал қандай болды?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақыт есебінен ауытқу болды ма?

Жоспарға қандай өзгеріс енгізілді?

Өткізген сабақ туралы ойлану үшін төмендегі орынды пайдаланыңыз.

Сол жақтағы сіздің сабағыңызға қатысты сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы бағалау


Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

1:




2:




Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың бұдан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді? (оқыту мен оқуға қатысты)


1:




2:




Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
677
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі