Материалдар / М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романындағы маңызды эпизод
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романындағы маңызды эпизод

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ 8г сыныбында өтті. М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романындағы маңызды эпизодтарды талдау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қараша 2021
1047
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Қашықтықтан сабақ


Бөлім: Махаббат және абырой

Күні:20.01.2021ж


Мұғалімнің аты-жөні: Ақжанова Роза Шондыбайқызы

Сынып: 8 «Г»


Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романындағы маңызды эпизод

Оқу мақсаты

8.1.4.1 көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Көркем шығармалардан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.

Бағалау критерийі

Шығарманың тақырыбы мен идеясын осы тектес басқа шығармалармен салыстырып, романындағы маңызды эпизодтарды талдайды.

Тілдік мақсаттар


Оқушылар қолдана алады:

Романның композициялық құрылымын түсінеді;

Романның композициялық құрылымына сай талдау жасайды;

Жазылым жұмысында композициялық құрылымға сай өз көзқарастарын нақты жеткізеді.

Пәндік лексика мен терминология: композиция, сюжет, композициялық тұтастық,жастардың сезімі, тоқал, тағдырлас, өмір құбылыстары

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығарма жайында былай ойлаймын...

Ойымды қорыта келе:

Құндылықтарды дарыту

Адамдар арасындағы қарым-қатынас

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

7 минут

1.Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылармен сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгелдеу

б)Назарларын сабаққа аудару

2.Ынтымақтастық ахуал орнату

а) «Қашықтықтан тілектер» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілектер айтып,жағымды атмосфера орнату.

3.Алдыңғы білімді пысықтау

«Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі арқылы алдыңғы білімді пысықтап аламыз.

1.Міржақып Дулатовтың қандай қырларымен таныстық?

2.Ел аузында жүрген ақын, сөзге шешен Жамал, ақылына көркі сай сұлу Жамал неге бақытсыз болды?

3.Ғали өз бақыты үшін қаншалықты күресе алды?

4. Қазақ халқы қыз бала мен ұл баланы бірдей көрген бе?


Сабақтың ортасы

28 минут

Жаңа сабақ

М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романындағы маңызды эпизод

Тыңдалым.Оқушылар «Бақытсыз Жамалдың» аудио нұсқасын тыңдаймыз.

Жазылым.Дәптермен жұмыс

1-тапсырма. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі

Оқушылар «Аяқталмаған сөйлем» әдісі арқылы шығарманың композициялық ретін сақтай отырып, сөйлемдерді жалғастырып, тұжырымды ойларын жазады.

  • Оқиғаның басталуы ...

  • Оқиғаның байланысы...

  • Оқиғаның дамуы...

  • Оқиғаның шиеленісуі...

  • Оқиғаның шарықтау шегі...

  • Оқиғаның шешімі...

Оқушылардың жауабымен салыстыру.

  • Оқиғаның басталуы:Жамалдың дүниеге келуі

  • Оқиғаның байланысы: Жамалдың бойжетуі,зерек қыз болып өсуі.

  • Оқиғаның дамуы: Жамал мен Ғалидің танысуы.

  • Оқиғаның шиеленісуі:Жамал мен Ғалидің қашуы.

  • Оқиғаның шарықтау шегі: Ғали қайтыс болып,Жамал айттырылып қойған сүймеген адамына баруы.

  • Оқиғаның шешімі:Бақытсыз Жамалдың боранда қаза табуы.

Дескриптор

  1. Сұрақтарға нақты жауап береді.

  2. Ойын анық әрі нақты жеткізеді.

  3. Тұжырымды ойларын жазады.

ҚБ. «Смайликтер»

Сергіту сәті: «Поэзиялық минут»

2- тапсырма

Оқылым мен айтылым.

«Тақырыптық түйінді сөздер» әдісі арқылы шығарманың маңызды эпизодтарын ауызша баяндаймыз.

Әрқайсысымыз шығарманың бір эпизодын таңдап алып оны ары қарай жалғастырады.Шығарма үзіндісін дәлелді қолданып, өз көзқарастарын сенімді жеткізіп айтады.

1.Жамал – сағынып көрген баланың алды болған соң,ата-анасы қолдан келгенше әлпештеп өсіріп, жасы тоғызға жетті....

2.Сәрсенбай салы суға кеткен кісідей болып үйіне қайтты.Қасындағы әуелгі тыныш жатқан Сәрсенбайды билікке таласуға қыздырған достары:

-Қап, бәлем, келер сайлау болсын!деп қайрат берген болды.

3.Байжанның он жеті жастарға келген Жұман дейтін таз Һәм ақылсыз баласы бар еді.Сол елде екі-үш Жұман есімді жігіттер болғанға,бірін- «сары Жұман»,бірін – «тапал Жұман», Байжанның баласын – «таз Жұман» деуші еді.

4.Фатихолла бай арба- сайман һәм елу теңге ақша беріп,қаладан шығарып салып, «қайырлы сапар» деп дұғада болып қалды.

5. Ғали:

-Жылама, Алла сақтар,жазылармын, қазынасы кең бір сағатын жіберер,-деп өзін,өзінен де Жамалдың көңілін жұбатушы еді.

6.-Ғали,Ғали, қиналды жаным, қайдасың?-деп, ақырғы тіршілігінің минуты осы болып, бір ояздай елге әңгіме болған сұлу Жамал мақсатына жете алмай,жапан далада,декабрьдің рақымсыз боранды түнінде жантәсілім қылды.

Дескриптор

  1. Ең маңызды эпизодты баяндайды.

  2. Жеткілікті маңызды эпизодты табады.

  3. Онша маңызды емес эпизодты табады.

  4. Ең бір маңызы аз эпизодты табады.

ҚБ жазбаша (жарайсың, өте жақсы, керемет).


Қорытындылау:

Оқушылар шығармадан өздеріне айрықша әсер еткен тұстары бойынша шығармаға баға беріп, кестені толтырады.

Маған қатты әсер етті

себебі ..............................................................................................................................................

Мені таңғалдырды

себебі ..............................................................................................................................................


Үйге тапсырма:«Жaмaл мeн Ғaли әділeтсіз қoғaмның құрбaндapы» тақырыбына эссе жазыңыз.


М.Дулатов «Бақытыз Жамал» https://kitap.kz/audiobooks/baqytsyz_zhamal


Сабақтың соңы

5минут

Кері байланыс: «Бес саусақ» әдісі


Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау


Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы«Композиция-Атау- Көзқарас»

, «Аяқталмаған сөйлем»,«Теннистік сұрақ» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Теннистік сұрақ» әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Мұғалім үстелдердің топтық, жұптық жұмыс кезінде оқушылардың еркін қозғалып, бірінің жұмысын екіншісі анық көретіндей етіп қойылуын қадағалауы керек.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!