М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романының тақырыбы мен идеясы

Тақырып бойынша 20 материал табылды

М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романының тақырыбы мен идеясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар шығарманың композициясын бөлшектен тұтасқа талдайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы, Талдықорған қаласы «№27 орта мектеп-гимназия» КММ

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романының тақырыбы мен идеясы

Пәні:

қазақ әдебиеті

Тоқсан:

ІІІ

Бөлім:

Махаббат пен абырой

Педагогтің аты-жөні:

Джадирова Жанар Джамбуловна

Күні:

12.01.2024

Сынып: 7

Қатысушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

М.Дулатұлының «Бақытсыз Жамал» романының тақырыбы мен идеясы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.1.1 композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау

Сабақтың мақсаты:

Оқушылар шығарманың композициясын бөлшектен тұтасқа талдайды.

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин



Қызығушылықты ояту.

5 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасамын, түгендеймін.

Сәлеметсіңдер ме, балалар?! Бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйіміз қандай? Сыныпта бүгін кім жоқ?

Өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында

«Жаңбырлы сұрақ» әдісі арқылы орындалады.

1. Жамалдың өліміне кім кінәлі?
2. Жамал неліктен әділетсіз қоғамның құрбаны болды?
3. Сәрсенбай мен Байжанның іс - әрекетіне қандай баға берер едіңдер?
4. Романдағы салт - дәстүрге (қалың мал) көзқарасыңыз...
5. Ақылына көркі сай сұлу Жамал неге бақытсыз болды?
6. Жазушы неге оны бақытсыз етіп суреттеді деп одйлайсыңдар?
7. Сәрсенбайдың екінші рет әйел алу себебі не?
8. Ғали өз бақыты үшін қаншалықты күресе алды?
9. Қазақ және әлем әдебиетінде осы тектес қандай шығармаларды білесің?
10. Махаббат жолындағы күресті әлеуметтік теңсіздік үшін күрес қарастыруға бола ма?

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбымен, мақсатын таныстырамын.

Оқушылар сәлемдеседі.


Оқушылар мәтін бойынша сұрақтарға нақты жауап береді.


Оқушылар сабақтың тақырыбын дәптерлеріне жазады және сабақ мақсатымен танысады.

Дескриптор:

- сұрақтарға нақты жауап берген оқушыға 1 ұпай беріледі.

А.Ақтанова, А.Қ.Жүндібаева, Л.К.Жұмекенова – Алматы: Атамұра, 2018

жұмыс дәптерлері.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

30 мин.

1- тапсырма

1.Автор осы үзіндіде қандай қасиетке ерекше мән береді?

Повестің өн бойынан аңғарылатын автор позициясына талдау жасаңыз.

2.Автор повестің өн бойынан көрініс тапқан кейіпкердің іс-әрекетін, мінезін , қасиетін қалай көрсете білген?

3.Кейіпкерге қандай баға беріп талдар едіңіз.

4.Өн бойынан көрініс тапқан кейіпкердің қасиеті, іс-әрекеті ,мінезі арқылы оқырман қауымға нені айтқысы келеді,қандай ой салғысы келді?

І топ:

-Сәрсенбай-

Бір күні бие ағытар уақытта, ауылдың сыртындағы бір тѳбешікте құпия сѳйлесіп үш кісі отыр еді. Оның бірі мағлұм Сәрсенбай, екеуі – сол елдегі атқа мініп жүрген, ел ара сытыныш болғаннан даулы, сѳзді болғанын артық кѳретін пысықшалау адамдар еді. Әлгі екеуі Сәрсенбайға қарап: «Сәрсеке, бұл заманның ѳзі қорыққанды сыйлайтұғын заман болды, азырақ дәреже біткен кісі - бай қара кісіні кісілікке алудан кетіп барады. Сол себепті біздің сізге айтқалы келген сѳзіміз - алла тағала сізге біреуден артық, біреуден кем дәулет беріп, екінші мынау бір жаман немеңіз бар. Бұл жаман екі айналып келмес, бір күндерде малың шағын болып, басқа да зар болдыңыз, «қубас» деген сѳзді естіген күніңіз болды. Енді тәуекел деп, атыңызды бір шығарып қалсаңыз қайтер екен? Міне, сайлауға да үш ай қалды. Кѳп болса, үш жүзтеңге шығар. Сіз мақұл кѳрсеңіз, біз ѳзімізге қараған Құрман болып билікке сайлағымыз келеді, халық сѳзді бір сапарға қалай тастап кете қояр екен деп ойла ймын. Ѳзіміздің Нүрпейіс би ризалығымен берсе, жолын алар, болмаса тәуекел деп тapғa түсерміз,- деп, неше түрлі тәтті сѳздермен 14 құбылтып, Сәрсенбайды азғыра бастады. Сәрсенбай қанша момын адам болса да сѳзге бұрылмайтын пенде бола ма, дәулетке қызығып, біраздансоң: «Ѳздерің біліңдер», - деп жауап қайтарды.

Сәрсенбай бұрын Жамалды жақсы кѳріп, ѳзінің теңіне беремін деп жүруінде еш шүбә жоқ еді. Бұл сапарда сайлаудағы шыққан шығын, кеткен намыс әм ілгерідегі үміт әммасы қосылып, оның үстіне кѳлденең кісілердің сѳзі де қамшы болып, «не қылса да Байжанмен құда боламын», - деп жауап қайтарды. Бір айдан соң батасы қырық жетінің малы, екі жүз теңге ақшаға келісіп, Байжан келіп құда түсті. Сүйіп болған құдасын Сәрсенбай китке разы қылып қайтарды.

ІІ топ:

-Жамал мен Ғали-

Бұл күні Ғалимен Жамал әбден сѳйлесіп, әрқайсысы хал-ахуалын біліскен еді. Іштерінен бір-біріне ұнағандығы білініп, «бір кѳрген біліс, екі кѳрген таныс» мұнан былайда кез келіп жүрерміз деп, бұл сапарда айрылысқан еді. Ғали әлі қалың бермеген бір талапты жігіт болғанға, Жамалдың күйеуіне наразылығына қарай екі тараптанда бір-біріне махаббат байланды деуге лайық болды. He үшін десеңіз, екеуінің де сол ойын болған түндегі сѳздері кѳңілдерінен кетпей һәмән бірін-бірі ойлайтын болды. Мұнан кейін Ғали Сәрсенбайдың үйіне бір-екі мәрте келіп кеткен уақытта, Ғали мен Жамалдың бір-біріне кѳз қарауларын байқап тұрған кісі болса, екеуініңде кѳздерінде: «Мен сені жаным-тәніммен сүйемін», - деген жазуды оқығандай болар еді.

ІІІ топ:

-Шолпан-

Кѳп ұзамай Байжан Сәрсенбайға «құдай қосса, құда болайық» деп бір кісі жіберді. Бұл хабарды есіткеннен сон, Сәрсенбай үй ішіне ақылдасып кѳріп еді, үлкен қатыны ұнатып, Жамалдың анасы Шолпан ұнатпады.

Жалғыз-ақ Шолпан неше күндей кѳнбей:

- Жамалды ѳзінің теңіне береміз. Байжанның баласы жаман дейді, атасының байлығы не керек, -деседе, Сәрсенбайдың құлағына кірмеген соң: - Екі дүниеде Жамалдың обалы саған болсын, би болмақ тұрсын, патша болатын болсаң да Жамалды неғып сондай жаманға қиып бермекші боласың? - деп кѳзінен жас тѳгіп, үйден шығып кетті. «Ұрғашының шашы ұзын, ақылы қысқа» деген осы деп, Сәрсенбай басқа сѳз айтпай, ішінен мыңқылдап отырып қалды


Оқушылар повестің өн бойынан аңғарылатын автор позициясына талдау жасаңыз.


Дескриптор

- өз көзқарасын білдіреді;

- көзқарасын дәлелдеуде үзінділерді орынды қолданады.




2- тапсырма.

  1. Оқиғаның басталуы:

  2. Оқиғаның байланысы:

  3. Оқиғаның дамуы

  4. Оқиғаның щиеленісуі

  5. Оқиғаның шарықтау шегі

  6. Оқиғаның шешімі

Керекті сөйлемдер

  • Жамалдың Жұманның қорлығына шыдамай, қалаға қашпақ болып, боранды түнде үсіп өлуі;

  • Ғалидың кенеттен ауырып, қайтыс болуы. Жамалдың еріксіз Жұманға тиюі, бақытсыз өмірі;

  • Жамалдың Байжанның баласы Жұманды ұнатпауы, қайғыруы Жамал мен Ғалидың бірін-бірі сүюі, көңіл қосуы. Ғалидың Жамалды алып қашуы;

  • Сәрсенбайдың елдің сөзіне еріп, билікке таласқа түсуі.Билік үшін Байжанмен құдаласуы;

  • Сәрсенбайдың бір перзентке зар болып, Жарасбай молданың қызы Шолпанды айттыруы.Жамалдың дүниеге келуі, ерке өсуі, оқуы;

  • Көктал қыстаған Құрман атаның ауылы жайлауға қонып, көптен көріспеген ел мәре-сәре болып жатқанда ауылға екі адам келіп түсуі. Ертесіне ауылға крестьянский начальниктің келуі.


Оқушылар шығарманың композициялық құрылысын анықтап, шығарманы композициялық құрылысына талдайды


Дескриптор: 2 балл

-шығарманың композициялық құрылысын анықтайды;

-шығарманы композициялық құрылысына талдайды;



Оқулық, жұмыс дәптерлері.


«ПОПС» формуласы

арқылы шығарма композициясы турасында ой түйіндейді.

Бірінші сөйлем «Менің ойымша,... »

Екінші сөйлем «Себебі, мен оны былай түсіндіремін … »

Үшінші сөйлем «Оны мен мына факт, мысалдармен дәлелдей аламын … »

Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім .... ».

Бұл әдіс арқылы оқушылар өткен тақырып туралы өз пікірлерін білдіреді.



Дескриптор: 4 балл

  1. Пікір- Кейіпкер бейнесін бір сөйлеммен жеткізеді;

  2. Дәлел-мәтіннен өз пікіріңді дәлелдейді;

  3. Мысал-өмірмен байланыстыра отырып мысал келтіреді;

  4. Қорытынды-тақырып бойынша қорытынды шығарып, идеясын табады.



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Рефлексия. «Жетістік баспалдағы» әдісі оқушылардың қандай білім баспалдағында тұрғандарын және өткен материалды меңгеруге қай баспалдақта тұрғандығын анықтау үшін қолданамын.

Үйге тапсырма: Жамалдың өліміне кім кінәлі? Қоғам ба, адам ба? Пікірсайыс


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2025
613
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі