400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Медиа - жастар санасына әсер етуші күш

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада медианың, әсіресе әлеуметтік желілердің жастардың ойлауына, эмоциялық күйіне және өзін-өзі бағалауына ықпалы талданады. Автор медиа сауаттылықтың маңыздылығын атап өтеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Медиа — жастар санасына әсер етуші күш

Автор: Бекберген Гүлнағира Қайратқызы

Қазіргі таңда медиа — тек ақпарат жеткізуші ғана емес, адамның ой-санасына тікелей әсер ететін қуатты құрал. Әсіресе жастар арасында оның ықпалы күн сайын артып келеді. Әлеуметтік желілер, бейнеролик платформалары, жаңалықтар лентасы — мұның барлығы жасөспірімнің дүниетанымына, өзін-өзі бағалауына, тіпті өмірлік мақсаттарына ықпал етеді.

Интернет пен медиа жастардың өмірінің ажырамас бөлшегіне айналды. Таңертең ұйқыдан оянғаннан бастап, кешке дейін көз алдымызда смартфон, қолымызда TikTok, Instagram, YouTube. Жас буын өз эмоцияларын осы желілер арқылы білдіреді, тіпті кейде шынайы өмірмен емес, виртуалды әлеммен тығыз байланыста болады. Бұл бір жағынан прогресс, екінші жағынан — қауіп.

Медиа тек жаңалық таратумен шектелмейді. Ол — идеологияны насихаттайтын, көзқарас қалыптастыратын, белгілі бір мінез-құлық үлгілерін ұсынатын құрал. Мысалы, TikTok желісіндегі трендтер көп жағдайда жастардың сыртқы келбетіне, сәнге, өмір сүру стиліне қатысты жаңа стандарттар қалыптастырады. Әлеуметтік желідегі мінсіз өмір көріністері кейде шынайы өмірмен сәйкес келмейді. Осыдан барып комплекстер, өзіне сенімсіздік, күйзеліс пайда болады.

Жалған ақпарат пен манипуляция медианың теріс жағы болып отыр. Көптеген жастар көргенін шын деп қабылдайды, ал фейк жаңалық пен шындықты ажырата алмауы — үлкен мәселе. Сондықтан медиа сауаттылығы бүгінгі күні ауадай қажет. Мектеп бағдарламасына арнайы «Медиа сауаттылық» пәнін енгізу керек деп ойлаймын. Жастар ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдап үйренсе, жалғандықтың құрбаны болмайды.

Медиа — үлкен күш. Бұл күшті дұрыс бағытта қолдану — болашақтың кепілі. Өзім де осы салада еңбек етіп, пайдалы контент жасау арқылы қоғамға үлес қосуды армандаймын. Журналист болу — тек жаңалық тарату емес, адамдардың санасына сәуле шашу. Болашақта жастарға әсер ететін мазмұнды контент ұсынып, олардың ой-санасының дамуына үлес қосқым келеді. Себебі бүгінгі медиа — ертеңгі ұрпақтың мінезін қалыптастырады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
8 шілде
144
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі