Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы.Санақ жүйесі" атты сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
физика пәні мұғалімдеріне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ: №9


Бөлім:

Механикалық қозғалыс


Педагогтің аты-жөні

Сағаділдаева Р.Ж.


Күні:

29.09.2020 ж.


Сынып: 7


Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы.Санақ жүйесі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


7.2.1.1 келесі терминдердің физикалық мағынасын түсіндіру – материялық нүкте, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы, траектория, жол, орын ауыстыру

Сабақтың мақсаты



Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Механикалық қозғалыс және оның сипаттамаларын біледі. Есептер шығарады. Сұраққа жауап береді. Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Өмірмен мысал келтіреді. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

     

Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті


Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут



30 минут







1.Сәлемдесу.

2.Оқушыларды түгелдеу.

3.Сабаққа дайындықтарын тексеру



Видео- сілтеме

https://daryn.online/lesson/2269-mekhanykalyq-qozghalys-dgane-onynh-sypattamasy-sanaq-dguyesi

Біз өміріміздің алғашқы күндерінен бастап-ақ айналамыздағы болып жатқан алуан түрлі өзгерістерге, әсіресе дыбыс, қозғалыс сияқты физикалық құбылыстарға ерекше назар аударамыз.

Бізді қоршаған әлемнен әр түрлі қозғалыстарды жиі бақылауға болады. Мысалы, аспандағы қалықтаған бұлтты, ұшып бара жатқан ұшақты, жүріп келе жатқан машинаны, піскен алманың жерге құлап түскенін, үстел үстімен қозғалаған арбашаны, серіппеде тербеліп тұрған шарды және тағы басқаларды көреміз. Бұл жағдайлардың бәрінде де дене қозғалды дейміз. Зейін қойып қарасақ, осы келтірілген мысалдардың барлығына ортақ құбылыс-дененің басқа денелермен салыстырғанда бастапқы орнының өзгеруі болып табылады.

Бұл мысалдардан мынадай маңызды тұжырым жасауға болады: денелер уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады.

Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бастапқы орнын өзгерте алады. Дене тұтасымен қозғала ма?

Әлде кейде оның бөліктері де қозғала ма екен?

Денелердің бөліктері де уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгерте алады.

Физиканың механика деп аталатын бөлімі денелердің: жүретін, әуеде ұшатын, суда жүзетін көліктердің; зымырандардың, планеталардың, олардың жасанды серіктерінің; аспан денелерінің қозғалысын зерттейді. Бұл денелердің қозғалысын механикалық қозғалыс деп атайды.

Сонымен, дененің уақыт өтуіне қарай басқа денелериен салыстырғандағы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.

Санақ денесі – қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене. Демек кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ.

Қозғалыс-барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.

Санақ жүйесі.Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін білу керек. Ол үшін санақ денесімен байланысқан координата жүйесін сызамыз.

Координата жүйесі суретте көрсетілгендей, өзара тікбұрыш жасап қиылысатын үш түзу сызықтан тұрады. Санақ денесі осы түзулердің қиылысу нүктесінде, яғни О нүктесінде қиылысқан деп есептеледі.

Санақ денесімен байланысқан сызықтар жүйесін координа жүйесі деп, ал сызықтардың қиылысу нүктесін санақ басы немесе координата басы деп атайды.

Сонымен, санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз.


1-Тапсырма

Жол (м)

Уақыт (с)

7км = .......  м

12сағ = .......с

65см = ......м

45мин = ......с

300мм = ....м

0,5сағ= .......с


2-Тапсырма






1.Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамаман 15 км жүгіретіні анықталды. Осы қашықтық орын ауыстыру ма, әлде жол ма ?


2.Таксиге біз не үшін ақша төлейміз? Жүрілген жол үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе?

3.Жүргізуші автомобиль есептеуішінің көрсеткіші 500 км-ге артқанын көрді. Бұл нені білдіреді: автомобильдің жүрген жолы ма, әлде орын ауыстыру ма ?

4.Спортшы 500м қашықтық жүгіріп өтіп мәреге қайтып келді. Спортшының орын ауыстыруы мен жолы неге тең?


Оқу құралдарын түгендеп сабаққа дайындалады




1.слайд шоу

2. 7 сынып кітап






Соңы

5 минут


Рефлексия:

«Сабақ туралы ой»

Не оңай болды? Не қиын болды? Нені үйрендің?








Үйге тапсырма:    

1.§7 оқу



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2020
362
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12