Еліміздің болашағы- жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік білім беру мекемесі.
Бұл салада 27 жыл қызмет жасап келемін. Тәрбиеші болу жай ғана мамандық емес.Ол-адам бағдарын жасаушы,келешек ұрпақтың сәулетшісі.Балалармен жұмыс жасау – үлкен бақыт.Тәрбиешінің жұмысы күрделі де қызықты,біз балаларымыздың болашағына,тәрбиесіне жауапты жандармыз.
Бала-көз қуанышың. Бала-ел байлығы, қоғам бақыты.
Алдымыздағы әрбір бала қайталанбас бір ғажайып әлем десек, зерттелмеген таза құпияға терең үңіліп, баланың басқаға ұқсамайтын ерекше қасиеттерін тану, оның жүрегіне, жан дүниесіне жол таба білу – тәрбиеші педагогтардың бұлжытпас борышы деп танимын. Бала тәрбиесі, оның ішінде балабақшадағы сәбилерді тәрбиелеу үлкен мәртебе.
Тәрбиеші – жүрегі жақсылық пен жаңалыққа толы ұлы тұлға. Сол бойындағы барлық білім мен білікті, тәрбиені баланың жүрегіне жеткізу үлкен қасиет. Тәрбиеші тәрбиесін шын қабылдаған бала болашақта сөзсіз ұлы тұлғаға айналады. Өйткені бала – кіршіксіз пәк, тап-таза мөлдір бұлақтың бастауын, көзін ашып тұнығуына қону үшін қаншама қиын да, қызықты еңбек пен тер төгу керек. Балаларды ана тілінде әдемі сөйлету олардың ой – сезімдерін оның еркін көркем жеткізе алуға баулу, таңымдық қабілеттерін дамыту – тәрбиешінің мақсаттарының бірі.
Бұл жолда үлкен ізденіс, парасат қажет. Ендеше, тәрбиешінің әр күні ізденіспен, ертеңгі азаматты қалыптастыру жауапкершілігімен ұштасып жатады. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Осы міндетті орындау үшін әрбір тәрбиеші жанын салады. Ендеше, олардың әрқайсысының еңбегі қашанда құрметке лайық деп білемін.
Баланың ой өрісін дамытуға, олардың қиялына
қанат бітіріп, тіл байлығының молаюына біздің тәрбиешілердің
сіңірер еңбегі орасан.
Көптеген отбасында балаларға мейірімділік жетпей жатады,ол балаларды құшағыма алып,жылы сөзімді айтып,баурап алуға тырысамын. Тәрбиенің тал бесігі балабақшадағы тәрбиеленушімен өткізген әрбір сәтің қызықты. Бала-көз қуанышың. Бала-ел байлығы, қоғам бақыты. Баланың балабақшадан жақсы тәлім-тәрбие алғанын қалаймын, аянбай сол үшін де еңбек келемін. Еркіндікке жол беремін. Баланың еркін сезінуі оның бәрін білуге деген талпынысы мен құлшынысын қолдаймын.Балаға таңдау жасау,бала үнін ескеру,олардың жаңалыққа толы білім еліне жетелеп келеміз.
Балаларды адалдыққа баулып, өмірлік азық боларлық пайдалы біліммен ізгіліктің нәрімен сусындап, жақсы мен жаманды ажырата білуге үйрету, адамгершілік қасиетті сіңіру,баланын ең жақын әрі жанашыр ақылшысы болуға тырысамын.
Бақшадағы тәрбиеленушілердің заман талабына сай білімдерін жетілдіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту жолында аянбай етіп келемін.Балалардың әр жетістіктеріне,табыстарына қоса қуанамын.
Баламен ойнасаң дүние сырының кілті іздемей-ақ табылады, бала жүрегінен орын аласың,баланың сенімі артады. Бала тәрбиесінде заманауи технологияларды қолдануда белсенділік пен шығармашылық ізденіс дамиды.
Тәрбиеші болу үшін сол қасиеттерді бере
алатын қабілетің, мүмкіндігің , білімің мен тәрбиең болуы керек.
Жан жүрегіңмен балаларды жақсы көруің
керек.

біз жас ұрпаққа қазыналы да бай ана тілі – қазақ тілін сіңірудеміз. Тіл арқылы бала бойына ұлттық құндылықтарды, дәстүр мен салтты, ұлтымызға тән ізгіліктерді, жалпы адамзатқа ортақ өркениеттік ұстанымдарды жұғысты етудеміз.
Педагог,тәрбиеші мамандығы бала жанын тереңнен сезінетін, өз ісін жан-жақты білетін, бүлдіршіндерді жан-тәнәмен сүйе алатын, оларды бағалай білетін нағыз маманның қолынан ғана келетін жұмыс.
Болашақта өз тәрбиеленушілерімді биік белестерден көрсем, мен өзімді бақытты ана, тәрбиеші-ұстаз, бақытты жан деп білемін.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мейірімді тәрбиеші

шағым қалдыра аласыз