жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мейірімділік
Білім беру саласы: Әлеумет
Оқу қызмет: Өзін-өзі тану
Тақырыбы:«Мейірімділік»
Мақсаты: «Мейірімділік» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту.
Өзара сыйластық,достық,сүйіспеншілік туралы түсінік беру.
Өзін және айналасынсүюге,жақсы көруге деген ниеттерін ояту,қоршаған ортаға жақсылық жасай
білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:түрлі –түсті суреттер,үнтаспа.
Сөздік жұмыс:мейірімділік,достық,сыйластық.
Әдіс –тәсілдер: әңгімелесу,түсіндіру,ойын, сұрақ-жауап.
|
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық- қозғаушылық |
Шаттық шеңбері. -Қараңдаршы, сендерді қандай керемет сыйлықтар күтіп тұр. Қобдиша түрлі-түсті жүрекшелерге толы екен.Есімімізде түстерін сақтайық. Олар адамның құнды қасиеттерін білдіреді екен: қызыл-адамгершілік, сары-адалдық,қызғылт-мейірімділік,жасыл-әдептілік, көк-ізгілік,ақ-қайырымдылық. -Балалар, осы жүрекшелерді алып, тақтаға орналастырайық. -Қараңдаршы қандай керемет! Біздің топтың іші осы құнды қасиеттерге толды. -Олай болса бәріміз бірге мейірімділік сыйлайтын күнмен сәлемдесейік. Сәлем,Күн-анамыз! Қуанатын күн бүгін Қайырлы таң ! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! |
Қолын жоғары көтереді. Қол ұстасып тұрады. Қолын кеудесіне қояды. Қолын жоғары көтереді. |
|
Ұйымдастырушылық зізденістік |
Тыныштық сәті.(үнтаспадан баяу әуен естіліп тұрады) Балалар, көзімізді жұмып,біраз демалып,жақсы істерді көз алдымызға елестетейік.Біз қазір керемет,әрі сыйқырлы,мейірімділік пен сүйіспеншілікке,ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Бұл әлемнің ауасы тым таза,жұпар иісті.Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олар ерекше адамдар,олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз.Сүйіспеншілік,мейірімділік,ізгілік нұры бізге қонып, жан –дүниемізді осы жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді! Қайтатын уақыт та келді. Осы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көзімізді аша қояйық. -Балалар бұл сыйқырлы әлемнен қандай нұрды алып келдік? -Мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер? Әңгімелесу: Мейірімді адам бойындағы қасиеттерді атап өтсек: Мейірімді жандардың қатарында ең бірінші кімді қояр едіңдер? Әңгіме: «Мейірімділік деген не?» Сергіту сәті: Атамның алып күрегін, Аула қарын күредім. Әжеме мен құдықтан, Су акеліп беремін. Еденді де жуамын Шаң тозаңды қуамын. Ұжымдық шығармашылық жұмыс: Қағаздан күннің шуақтарын жасау. Суретпен жұмыс: Үстелдің үстінен мейірімді баланың істері бейнеленген суретті таңдап алып, куннің айналасына жапсыру қажет.Таңдауларын түсіндіріп береді. Көрініс: «Мейірімділік». Жағдаяттарды талдау. 1.Самат ертеңгісін топқа келгенде тәрбиешіге,достарына бір сөзді айтуды ұмытып кетіпті.Ол қандай сөз? Сәлеметсізбе? – сөзі Таңертеңгілік топқа келгенде амандасу керек. 2. Топтағы бөлме гүлін суарамыз деп, Айгүл мен Айжан байқаусызда гүлдің бір бұтасын сындырып алды. Ертеңінде оны байқаған апай: «Балаларды мына гүлді кім сындырды?» - деп сұрады... Айгул мен Айжан байқаусызда орнында болсаңдар, сендер осы сұраққа қалай жауап бересіңдер? Гүлді сындырған бала мойындап, апайдан кешірім сұрауы керек. 3. Сәуле ойыншықтарын жинап қойып еді, Аслан оны қайтадан шашып тастады.Сәуле мен Асланды қандай балалар деп айтуға болады? Сәуле ақылды ,тіл алғыш,қайырымды,ұқыпты қыз, ал Аслан тентек, ұқыпсыз, айтқанды тыңдамайтын бала. |
Балалар көздерін жұмып ыңғайланып отырып,өз сезімдерімен бөліседі. Балалар сұрақтарға жауап береді. Күрек ұстаған.... Қарды күреу... Құдықтан су алған.... Шелекті көтеру.... Еденді жуу... Шаң сүрту... Балалардың жауаптары тыңдалады. |
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Қортындылау:Балалар !Сендер бұл сабақта айналадағы достарыңа, табиғатқа мейірімді болуға, жақсылық жасауға үйрендіңдер. Осы сабақтан кейін мен седердің мейірімді, жақсылық жасауға дайын жүретіндеріңе сенемін. Енді балалар, сабақта алған мейірім шоқтарын қонақтармен бөлісейік. Жүректен жүрекке: Әдеп сақтап әмәнда, Әрбір адал адамға. Жасасаң бір жақсылық, Қайтарады сағанда. |
Сұрақтарға жауап берді. |
Күтілетін нәтиже.
Нені білу керек: Жақсы, жаман іс әрекеттерді айыра біледі.Ертегіні сахналауды.
Нені игереді: Қағазға күннің бейнесін жапсыруды.Сурет арқылы әңгімелеуді біледі
Нені білді: Адам бойындағы жақсы қасиеттерді (шыншылдық, қамқорлық, әдептілік... туралы түсінікті меңгерді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген