Материалдар / "Мейірімділік - асыл қасиет"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мейірімділік - асыл қасиет"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану пәнінен 2 сынып оқушыларға арналған ашық сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Ақпан 2019
433
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




О.Бөкей атындағы қазақ орта мектебі «КММ»

2018-2019 оқу жылы.





Пәні:Өзін-өзі тану

«Мейірімділік - асыл қасиет»





















Өткізген: Вакасова М.С







2 «В» - сынып






Мақсаты:

білімділік: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

дамытушылық: оқушылардың психологиялық ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін жеткізе білуге үйрету;

тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

-мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

-өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту;

-мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: Түсіндіру, сұрақ –жауап,әңгімелеу.

Көрнекі құралдар: Бейнефильм, слайдтар,оқулық,суреттер.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

-оқушылардың назарын сабаққа аударту;

-психологиялық дайындық;

-шаттық шеңбері,сәлемдесу.

Мұғалім:

-Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар !Бүгінгі біздің өзін-өзі тану пәнінен «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер.Сабағымызды бастау үшін балалар барлығымыз шаттық шеңберіне тұрайық. Енді балалар менің айтқанымды қайталап қимылмен көрсетеміз. (баяу музыка қосылып тұрады)

Мұғалім:Шаттық шеңбері

-Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (көршісін көрсетеді)

Қуанайық достарым, (қолдарынан ұстайды)

Арайлап атқан күнге. (қолдарын көтереді)

Ән: «Күлімде, күн, күлімде»

Мұғалім:

-Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.

Жаңа сабақ:

-Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Мейірімділік-асыл қасиет», Біз бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз. Адамдардың бір-біріне деген мейір шапағаты -әдептілік белгісі , сол туралы білеміз.

-Балалар сендер мейірімділік дегенді қалай түсінесіңдер?

(балалар жауабы)

Мұғалім: Адамдар бір-біріне жылы сезімін білдіріп, тек жақсылық ойлау, игілік жасау арқылы мейірімділік таныта алады.

Интербелсенді тақтаға назар аударамыз...

«Сары тауық пен балапандары» деген әңгімені мына тақта арқылы көреміз, қазір барлығымыз осы тақтаға назар аударайық. (Әңгіме балаларға мультфильм түрінде көрсетіледі)




1-тапсырма. Сұрақтар:топқа тапсырма (Топ ережесі ескеріледі)

1-топқа. Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?

2-топқа Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?

3-топқа «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?

4-топқа. Сендер біреуге мейірімділік танытқан кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

(балалар жауабы) Жауаптары бағаланады

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар.....?

-Иә , балалар, Сабағымыздың тақырыбы:

«Мейірімділік - асыл қасиет» деп аталады..


2-тапсырма

1ші, 2-ші топқа Тапсырма: (интер-белсенді тақтамен жұмыс)

-Сары тауық өзінің бойында бар, қандай жақсы қасиеттерді балапанына үйретті? Сол жақсы қасиеттерді балапанның бойына жабыстырамыз, ал қандай жағымсыз қасиеттер балапанның бойында болмау керек соларды себетке саламыз.

-Мейірімді болуға .... (болады),

Кешірімді болуға .... (болады),

Бауырмал болуға .... (болады),

Ақылды болуға ..... (болады),

Әдепті болуға .... (болады),

Шыншыл болуға .... (болады),

Қайырымды болуға .... (болады

Ұрысқақ болуға.... (болмайды)

Қатыгез болуға .... (болмайды),

Мақтаншақ болуға .... (болмайды

Бұзық болуға .... (болмайды),

Жаман болуға .... (болмайды),

Жаман болуға ....! (болмайды


3-ші, 4-ші топтарға тапсырма. Мұғалім:

-Балалар жаңа өздерің мультфильмде көргендей сары тауық балапандарына бір-біріне адал, қамқор,мейірімді болуды үйретіп жатыр, ал сендерге балалар жақсы болуды, мейірімді болуды кім үйретеді?

(оқушылар жауабы) Жауаптары бағаланады

кішіпейіл мейірімді бауырмал

DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1


DrawObject4 DrawObject5 сыпайы Ана кешірімді

DrawObject6 DrawObject7

DrawObject8

әдепті жақсы жанашыр

- Дұрыс балалар, сендерге мейірімді болуды кім үйретеді.... мектепте ұстаздарың, үйде аналарың үйретеді. Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы ......, ол қандай адам? (баяу музыка ойнап тұрады) А3 қағаздағы АНА сөзінің айналасына , тиесілі сөздерді жазамыз. Ал қандай жағымсыз қасиеттер баланың бойында болмау керек соларды себетке саламыз

Дәйексөз:Мұғалім тақтадағы «Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қояды және оның мәнін түсіндіреді.

Ана - халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші - Ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалуы өз қолында.









3-ші Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады)

1-топ

Күлімдеген .... мейірімді. (күн)

Кіршіксіз ақ .... мейірімді! (қар)

Таза мөлдір.... мейірімді! (су)

2-топ

Бәрімізді көтеріп түрған .... мейірімді! (жер)

Аяулы .... мейірімді! (анам)

3-топ

Қадірлі .... мейірімді! (әкем)

Әлпештеген .... мейірімді! (әжем

4-топ

Еркелеткен .... мейірімді! (атам)

Жылы жүзді .... мейірімді! (ұстазым)

Тату-тәтті .... мейірімді! (достарым)


4- тапсырма. Жағдаяттарды шешу:

1-жағдаят: Сен аулада ролик теуіп жүрдің, ал сенің досыңның ролигі жоқ, сенің әрекетің?

2-жағдаят: Сенің алдыңнан бір құшақ газет-журнал көтерген хат тасушы апай шықты,сен не істер едің

3-жағдаят: Сенің анаң ас дайындап жатыр, ал інің мазасызданып кетті,сенің әрекетің?

4-жағдаят: Сенің алдыңнан ауыр сөмкелерін көтерген әже шықты, сен абайсызда ол әжені қағып кеттің, оның сөмкесіндегі заттары шашылып қалды, сен не істер едің?

Мұғалім:

-Балалар сендер өздеріңді мейірімді баламын деп санайсыңдар ма? Ендеше бәріміз бірге «Мейірімділік ағашын» өсірейік, ол үшін сендер өздеріңді не үшін мейірімді санайтындарыңды айтып, «мейірімділік ағашына» жемістерді ілеміз.

Сабақты бекіту:

-Балалар бүгін сабақта адам бойындағы тағы бір асыл қасиет мейірімділік туралы білдіңдер. Осы сабақта өздеріңе не алдыңдар, үйрендіңдер?

(оқушылар жауабы)

-Дұрыс балалар, адамдар бір-біріне әрқашан қамқоршы, адал, қиын жағдайда қол ұшын беруі керек, әр күнін күлімдеп қарсы алып, өзін қоршаған адамдарға,бауырларына мейірімділік таныта білуі керек.Сабаққа өте белсенді қатыстыңыздар бір-бірімізге қошемет көрсетейік...

Үйге тапсырма:

-«Мейірімділік» кестесін толтырыңдар. Бірінші бағанға-мейірімді істердің,екінші бағанға-мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасаңдар.

Бағалау:

-Балалар сіздер бүгін сабаққа барлығыңыз өте жақсы қатыстыңыздар, сондықтан мен сендерге алғысымды айтып, «мейірімділік гүлін» сыйлағым келіп тұр. (оқушыларға түрлі-түсті қағаздардан қиылған гүлдер беріледі)

«Жүректен-жүрекке» шеңбері

-Балалар барлығымыз шеңберге тұрып бір-бірімізге жүрек жылуын білдірейік. Балалар бір-біріне кезектесіп есімдеріна сай жылы сөздер айтады, мысалы «Саян сен ғажайыпсың, Нұрасал сен ақкөңілсің т.б».

Рахмет осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!