Материалдар / Мейірімділік ағашы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мейірімділік ағашы

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру бойынша жаңа жоспар өз ойымды қосып жазған едім
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қаңтар 2019
379
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Коммуникация

Оқу қызметі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Мейірімділік ағашы 
Мақсаты: Балаларға мейірімділік туралы түсінік беру, адамдардың іс-әрекеттерін бағалау, сөздік қорын молайту. Мейірімділік істерді жасауды тәрбиелеу. 
Көрнекі құралдар: Күннің көзі, гүлдер, түрлі-түсті түймелер, ойыншық қоян мен аю, сәбіз, мейірімділік ағашы, жемістер. 
Билингвалдық компонент: мейірімділік-доброта, ағаш-дерево 
Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті 
Ынталандыру-оятушы кезең. 

Тосын сый: Тәрбиеші балаларды қуанаш шеңберіне шақырады. 
Үлкен де Сіз. 
Кішіге де Сіз. 
Бәріне де ізетпен. 
Біздер сәлем береміз. Балалар қайталайды. 

Ұйымдас-тырушы-ізденуші кезең. 
Рефлексивті-түзетуші кезең. 
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде оқу қызметі ерекше болмақ. Бізді ғажайыптар күтіп отыр. Қонаққа ағаш келеді: Мен мейірімділік ағашымын. Жақсы сөздерден гүлдер пайда болады, ал жақсы істер жасасаңдар ғажайып жемістер өседі. 
Маған көмек керек, менің гүлдерім мен ғажайып жемістерімді сиқыршы алдап алып кетті. Егерде оның тапсырмаларын орындасаңдар, менің гүлдерім мен ғажайып жемістерімді қайтарасыңдар. Ағаш жылап кетіп қалады. 
Тәрбиеші: Көмек береміз бе? Ағашты тауып алып, оның гүлдері мен жемістерін қайтарайық. Жолға шығар алдын да мейірімділік ережелерін еске түсірейік: 
Мейірімділік ережелері: 
-Бір-бірлеріңді есімдерінен атаңдар. 
-Мейірімді болыңдар, дос болыңдар. 
-Бір-біріңді мұқият тыңдаңдар, сөздеріңді бөлмеңдер. 
Жолға шығайық. Қараңдар,

1.Біздің күніміз көңілсіз; оның шуақтарында жаман сөздер жазылған. Біз осы сөздерді жақсы сөздермен ауыстырайық. Тәрбиеші оқиды, балалар жақсы сөздер айтады. (10 гүл) 
2.Сәлемдесу көлден өту үшін амандасатын сөздерді есімізге түсірейік: Сәлеметсіз бе, қайырлы таң, күн, кеш, сәлем, привет. (6 гүл) 
Бізге Әдептілік көпірден өту керек. Егерде сұраққа дұрыс жауап берсеңдер, сонда ғана өтуге болады. 
1.Әдепті адамдар кездескенде бір-біріне қандай сөздер айтады?(сәлеметсіз бе) 
2.Ал қоштасқанда не дейді? 
(сау болыңыз) 
3.Егерде, байқаусызда біреуді итеріп қалсаң не деу керек? 
(кешіріңіз) 
4.Өтініш айтқанда не деу керек? 
(мархаббат) 
5.Көмек үшін қалай алғыс айтады? (рахмет) (5 гүл) 
Сәлемдесу көлден өту үшін біз Әдептілік көпірдің тапсырмасын орындадық. 
3.Қараңдар, Көңілді алаңқайындағы гүлдерге не болды? Гүлдер ханзадасы көңілсіз, оның достарының жапырақтары қарайып кетіпті. Ханзада көңілді түстерді жақсы көреді, оған көмекке кемпірқосақ түрлі—түсті шықтар беріп жіберіпті. Біз жапырақтарды шықпен безендірейік. Гүлдер хазандасы күлімдеп, гүл ашылады. (жеміс) Жолымызды жалғастырайық. 4.Қараңдар, Қамқор тоғайы. Тыңдаршы, біреу жылап жатыр. Бұл қоян ғой. Біз оған арнап көңілін көтеру үшін тақпақ оқып берейік. Біздің қоян жаңбырдың астында қалып қойыпты: қане, орамалмен сүртіп, сәбіз берейік ауырып қалмасын.(1 жеміс) Қоян балаларға ойын ұсынады. Жақсы істер айтса: алақай! – деп шапалақтаймыз; жаман істер болса: фу! Деп аяқтарымызбен топылдатамыз. 
-үлкендерге көмек беру; 
-кішкентайларды ренжіту; 
-қыздарды қорғау; 
-ойыншықтарды алып қою; 
- итті тамақтандыру; 
-мысықтың құйрығынан тарту; 
-гүлдерді суару. 
Қоян көңілденді және жылынды. 
Қараңдар, көңілсізденіп аю отыр. Оған да арнап тақтап оқып берейік. Аюдың бізге тапсырмалары бар: қане, үстелге назар аударыңдар. Осы заттармен қандай мейірімді істер жасауға болады? (4 жеміс) 
Қараңдар Мейірімділік ағашы қарсы алып тұр бізді. Қане, біз ағашқа гүлдері мен ғажайып жемістерін жапсырайық. Есімізге түсірейік қандай мейірімді сөздер айттық, жақсы істер жасадық: 
-Күнге мейірімді сөздер айттық. 
-Сәлемдесу көпірмен амандастық. 
- Әдептілік көпірдің тапсырма сын орындадық. 
-Гүлдер ханзадасына көмек бердік (түймелермен гүлдерді безендірді) 
-қоянға көмек бердік 
-аюға тақпақ айтып, тапсырмасын орындадық 
Қараңдаршы, қандай әдемі мейірімді ағаш. Ағаш балаларға ғажайып жемістерін береді. Бұл жемістерді үйдегі жақын адамдармен бірге жеу керек, сонда ғана оның тәттісің сезесіңдер. 
Гүлдерім мен жемістерімді қайтарған үшін рахмет. Енді сендер мынау жолмен барсаңдар бақшаларыңа тез жетесіндер. 
Қорытындылау 
Ағаштың тамырлары – мейірімді ойларың, гүлдері – мейірімді сөздерің, жемістері – мейірімді істерің. Ал, енді біз қысқа жолмен балабақшаға қайтайық. 
«Что такое доброта?» әні орындалады. 



















Білім беру саласы: Коммуникация

Оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Әдептілік әлемі

Мақсаты: Балаларды әдептілік ережелерімен таныстыру. Отбасында, тұрмыс-тіршілікте әділет пен адамдыққа, инабат пен ізгілікке, еңбек пен өнерге, мейірімділік пен қонақжайлылыққа тәрбиелеу. Өмірдің әр түрлі жағдайларында өзін мәдениетті ұстай білуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге баулу. Балалардың айналадағы адамдармен қарым-қатынасын дамыту. Бүлдіршіндерімізді  рухани адамгершілігі мол, әдепті де әдемі тұлға етіп тәрбиелеу.     

Әдіс-тәсілдер: Әңгімелесу, түсіндіру, бейнебаяннан әртүрлі жағдаяттарды қарап талқылау.

Көрнекі құралдар: бейнепроектор, үнтаспа.

Шаттық шеңбері;  

Күннің көзі ашылсын                                                                                                                                          

Жерге шуақ шашылсын.                                                                                                                     

Құтты қонақ келіпті                                                                                                                                     

Төрімізге еніпті                                                                                                                                                 

Амандасу

үлкенге                                                                                                                                       

Тәрбиенің басы ғой                                                                                                                                              

Ал қанекей бәріміз                                                                                                                                          

«Сәлеметсіз бе» -дейміз біз.                                                                                                               

«Хош келдіңіздер!»       

Тәрбиеші:

- Балалар бүгінгі оқу қызметіміз әдептілік жайында болмақ. Әдептілік-адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс тұрысының ережесі.Әрбір адам-өз отбасында, қоғамда, жұмыс орнында, тағы да басқа қай жерде болсын өзін әдепті, тәрбиелі ұстай білуі қажет. Әдептілік алдымен сәлемдесуден басталады. «Сәлем –сөздің атасы» деп біздің қазақ халқы амандасуға үлкен мән береді. Жасы кішілер, үлкен адамға бірінші болып сәлемдесу керек. Сендер үлкен аталарға қалай амандасасыңдар?

(Балалар «ата» мен «немерелер» болып ойнап көрсетеді.Сахналау)

-«Ас-салау-мағалей-кум!»—Сұраймыз,үлкендердің саулығын саламатын.                                     

-«Уағалейкум-әс-сәләм!»-, қарақтарым,                                                                                               

- Сәлем берген қай боталар?                                                                                                       

- Бұл біз ғой,--немерелер                                                                                                           

Үлкенге сәлем берер                                                                                                                     

Деп шулап аталардан                                                                                                                                     

Аламыз баталарын!                 

Алдымыздан кезіккен                                            

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен                                                                                 

Біздер сәлем береміз.                                            

 

Сәлеметсіз бе, ағай деп.       

Сәлеметсіз бе, апай деп.      

Есенсіз бе, әжей деп.

Сәлемет пе, достар деп.                                                                                                                                                                      

Тәрбиеші:

- Сәлемдесу-ағайын мен туыстың, достарды, үлкен мен кішіні жақындату, адамның көңіл күйін білу, оған өз ниетіңді білдіру. Балалар әлемде көптеген елдер, ұлттар бар, ал сол елдер бір-бірімен қалай амандасады екен? Білгілерің келе ме? Мысалы, Жапон елінде бір –біріне еңкейіп қарап амандасады екен. Ал Тибет елінде бір-біріне қарап тілдерін шығарады екен. Үнді елінде қолдарын қусырып, төмен қарап тұрып амандасады екен.Тайландта қолдарын үнді сияқты, тек бас бармақтарын иектің астына, сұқ саусақты маңдайға тигізіп амандасады екен. Жаңа Зеландия елінде бір-бірімен маңдайы мен мұрнын тигізіп амандасады екен. Міне, балалар қандай ел, ұлт болсын барлығы да бір-бірімен амандасып, жақсылық тілеп, көңіл-күй сыйлап жүреді екен.

Тәрбиеші:

- Балалар, әдептілік әлеміне сапарымызды одан әрі жалғастырайық. Орнымыздан тұрамыз, үлкен шеңбер құрамыз.

Көшеде біз қандай әдептілік шараларын сақтауымыз керек , білесіңдерме?                    

-- Көшеде біз арнайы адамдарға арналған жолмен жүруіміз керек.                                   

Жолдың оң жағымен жүреміз,сол жақпен қарсы келе жатқан адамдар жүру                  керек.                                                                                                                                                                  

Жасыл шөпті, гүлдерді таптамау керек.                                                                                                 

Көшеде айқайлап сөйлеуге, қатты күлуге болмайды.                                                         

Жолдан өткенде бағдаршамға қарау керек, үлкендермен бірге жүру керек.

Тәрбиеші:

 -Балалар қандай қоғамдық көліктерді білесіңдер?                             

- Автобус, такси, трамвай, троллейбус, поезд, ұшақ.                                                                           

Неліктен қоғамдық көліктер деп аталады?                                                                                 

- Себебі оларға жұмысқа баратын адамдар, сабаққа баратын балалар, жолаушылыр мінеді.

Біздің Ақтау қаласында осылардың қайсысы жүреді?                        

- Автобус,такси.                                       

Олай болса біз автобуспен қыдырып көрейік. Автобус тоқтап,адамдарды түсіріп, мінгізетін орынды қалай атайды, білесіңдер ме? 

- Аялдама.                                                                                                                                                  

Ендеше аялдама келдік,балалар айналамызға қарайықшы, қандай көрініс көріп тұрмыз?

-- Әдепсіз балалар қағаз, қоқыстарды тастап кетіпті. 

Ендеше біз оларды жинап кетейік. (Балалар қолдарына қолғап киіп, қоқысарды жинайды.)                                                                   

-- Барлық адамдар осылай қоқысты шашпай жинап жүрсе, біздің қаламыз тап-таза болар еді. Автобусқа мінейік, балалар! (Бір бала кимелеп балаларды итеріп, аяқ кимімен орындықты басып алға ұмтылады.)

-- Мен терезе жаққа отырамын, ол менің орным. 

Балалар, жолаушыларымыздың бірінің өзін көпшілік орында қалай ұстағанын көрдіңдер ме? Қоғамдық орында өзіңді қалай ұстауың керек?  - Автобуста итеріп кимелеме,аяқ киіммен орындықты баспа. Қателік жасаған бала өз қатесін түсініп, балалардан кешірім сұрайды. (Көңілді музыка ойналып, автобус жүреді)                                                                                     

- Аялдама. Балалар автобус сыртындағы дыбыстарға құлақ түрелік, ненің  дыбысы екен? (аудиожазба қосылады) балалар дыбысты айырады.

- Мотоцикл, машина, поезд, ұшақ.

Автобусқа үлкен қария мінеді, бір бала ұшып тұрып орын береді.

Тәрбиеші: Дұрыс балалар, үлкен адамға орын беру керек. Көңілді музыка ойнап, автобус әрі қарай жүреді. Тәрбиеші келесі аялдаманы хабарлайды,атай түсуге дайындалады, бір бала сөмкесін ұстап, көмектесіп атаны түсіріп жібереді. Атай балаларға алғыс айтып түсіп кетеді. Автобусқа қолында кішкене сәбиі бар ана мінеді, балалар орын береді.

Тәрбиеші:

- Балалар осылай көңілді қыдырған жақсы, әрине, бірақ саяхатымызды аяқтайтын уақыт та болды.

Балалар автобустан түсіп шеңбер құрып тұрады. 

Тәрбиеші:

- Балалар біз бүгін көшедегі, аялдамадағы, автобустағы әдептілік жайлы бірнеше мағлұмат алдық. Осы өздерің көрген, істеген әдепті істеріңді ұмытпай үнемі осындай әдепті болыңдар. Енді бейне жазбадан тағы да бірнеше жағдаятты қарап талдайық. (Жазбадан бірнеше жағдаяттар көрсетіліп, балалар оны талдайды.) Балалардың ойын барысында таласып қалуы, ойыншықты бөлісе алмауы, құлап қалған балаға көмек беруі.

Міне бұл таблицадағы суреттерді қарап  әр түрлі жағдаяттарда өздерін қалай ұстауды, қайсы жағдайда қандай шешім қабылдауды әңгімелеп, естерінде сақтайды.

Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Балалар жарты шеңбер құрып тұрып, әдептілік жайлы тақпақтар, мақал-мәтелдер айтады.

«Біз әдепті баламыз» әнін хормен орындайды.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!