жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мейірімділік-асыл қасиет
МЕЙІРІМДІЛІК-АСЫЛ ҚАСИЕТ
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Мейірімділік,сүйіспеншілік,сыйластық, қайырымдылық
|
Сабақ мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. Міндеттері:
|
Ресурстар:оқулық,дәптер,маркер,үнтаспа,бейнепроектор,ән мәтіні |
|
Сабақтың барысы: 1.Үйымдастыру кезеңі. 2.Тыныштық сәті Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар,
денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.
Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді
жұмуларыңызды
өтінемін. -Қандай әсер алдыңыздар? |
Сабақ барысын талдау: Оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында |
|
3.Үй тапсырмасын тексеру. М.Төрежановтың «Сары тауық пен балапандары» мәтінін талдау. - Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды? - «Күн ашылып,ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер? - Ал сендер мейірімділікті,қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер? |
|
|
4.Дәйексөз «Мейірімділікті анадан үйрен» Халық даналығы Бейнебаян көрсетіледі: (Оқушылардың жауаптары тыңдалады) |
|
|
5.Әңгімелесу. Ойланайық, пікірлесейік
МӘТІНМЕН ЖҰМЫС Мейірімділік туралы өсиет әңгіме Саудагер айналаны бақылап, терезеге ұзақ қарап тұрды. Осы сәтте дүкенге сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Қаздай тізілген моншақтарды көргенде көздері жайнай түсті. Арада біраз уақыт өткен соң қолын созып, көгілдір інжуден жасалған моншақты нұсқады. Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Оны маған гүл суреті бар қағазға орап бересіз бе? – деп сұрады бүлдіршін. Саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып: - Сенің қанша ақшаң бар? – деп сұрады. Бүлдіршін қалтасынан ақша ораған орамалын алып, үстелдің үстіне бірнеше тиын қойды. - Бұл жете ме? – деп сұрады. Дауысынан үміт оты ұшқындай түсті. Бүлдіршін ұсынған ақша моншақтың қорабына да жетпейтін еді. - Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Әпкем анамыз қайтыс болғалы бізге қарайлап келеді. Ол өзіне мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні. Мына моншақты сыйлағым келеді. Көгілдір түсі көзімен жақсы үйлесетін еді, - деп бүлдіршін мақтана түсті. Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі елжірей түсті. Моншақты қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады. - Ала ғой, құлыным! Жолда абайлап жүр. Жоғалтып алма, - деп моншақты ұсынды. Қуаныштан жүрегі жарылардай болған бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Саудагердің жұмыс күні аяқталуға таяп қалған кезде дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. Бірден саудагердің үстелінің үстіне моншақты, қаптаманы және лентаны бөлек-бөлек қойды. - Бұл моншақ осы жерден сатып алынды ма? Оның бағасы қанша? – деп сұрады бойжеткен. - А! – деді саудагер, - Мен кез келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын. - Менің сіңілімнің бірнеше тиыны ғана бар болатын. Ал мына моншақ таза інжуденжасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз көтермейді, - деп ағынан жарылды бойжеткен. Саудагердің жүзіне күлкі үйіріліп, бойжеткенге моншақты қайта ұсынды. - Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді... Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар: 1. Саудагерден кішкентай қыз інжуді кім үшін, не үшін сатып алғысы келді ? 2.Қыз әпкесін қалай сипаттады? 3.Саудагер қыздың ақшасы жетпеседе неліктен қымбат моншақты әдемілеп орап берді? 4. Әпкесі моншақты неге қайтарғысы келді? 5. Саудагер кішкентай қыздың моншаққа қандай құнын төлегенін айтты? 6.Өсиет әңгіменің мәні неде? 7.Осы әңгімеден қандай қасиеттерді көруге болады екен? |
Тыңдайды Талқылауға қатысады Өз ойларын ортаға салады |
|
6.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс І-топ.Сүйіспеншілік - «Әлемді тербеткен мейірім» тақырыбына шағын эссе. ІІ-топ. Мейірімділік - «Ана» туралы өлең жолдары ІІІ-топ. Ізгілік - Анаға арналған нақыл сөздер,мақал-мәтелдер ІҮ-топ.Жақсылық – «Ана,мейірім» тақырыбына жылы тілек лебіздері |
|
|
7.Үй тапсырмасы «Ана мейірімі» тақырыбына шағын шығарма жазу. |
|
|
8.Топпен ән айту. «Біз бақытты балдырғандар» Сөзін жазған: М.Әлімбаев Әнін жазған: Ө.Байділдаев Асыр салып ойнаймыз да, Ән шырқаймыз,билейміз, Үлкендерді сыйлаймыз да, Тентектерді сүймейміз. Қайырмасы: Біз-бақытты, Біз-бақытты, Біз бақытты балдырған. Тату-тәтті достармыз біз, Ынталы да талапты. Көп білуге құштармыз біз, Жақсы оқимыз сабақты. Қайырмасы: Біз-бақытты, Біз-бақытты, Біз бақытты балдырған.
|
Әнді ерекше көңілмен айтып,сергиді. |
|
9.Сабақ соңындағы тыныштық сәті . Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде өзіміздегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз…,арқамызды тіктейміз…, қолдарыңды тізеге қоюға болады… Д е м а л….. ш ы ғ а р… (жаймен 9-10 рет) немесе 1………………2 |
Оқушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында |
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген