жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мейірімділік бала көзімен
Тақырыбы: «Мейірімділік бала көзімен»
Мақсаты: Білімділік: Оқушылырды «мейірімділік», «қайырымдылық», құндылықтар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Міндеттері: Мейірімділік адам өміріндегі маңыздылығын ашу,ерекше қамқорлық қажет ететін оқушыларға назар аудару,мейірбандыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:Нақыл-сөздер,сызбалар,сұрақжауап,әңгімелесу,түсіндіру,слайд,
Интер -белсенді тақтамен жұмыс.
Кіріспе:Сәлемматсіңдар ма, құрметті қонақтар, оқушылар!
-Сәлем,Күн анамыз!/қолымыз жоғарыда/
Қуантады күн бүгін!/қол ұстасады/
-Қайырлы таң!Қайырлы күн!/қол көкіректе/
-Күліп шықты күн бүгін!/қолымыз жоғарыда/
-Балалар, тағы да бір тамаша күн туды.Күн болмаса жер бетінде тіршілік болмайды.
-Күннің көзі бізге не береді?/жылулық,жарық,жақсылық береді./
Жылылық болса,көңіл -күйіміз шат-көтеріңкі болады.Көңіл күйіміз көтеріңкі болса,әрқашанда жақсылық,мейірімділік жасағымыз келеді.Мейірімді,қайырымды сезімтал жасаған адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады.Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын,жан сұлулығын көрсетеді.
-Балалар, міне бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Мейірімділік бала көзімен»
2. Дәйексөз: «Мейірімділікті анадан үйрен» халықта дана сөз бар.
Ана-халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші-Ана.Біз алғаш мейрімділікті анадан үйренеміз.Себебі балалар алғаш дүниенің жарық есігін ашқаннан,ананың айналайын,сүйіктім,сүйкімдім,күнім,жаным-деген сөздерін естіп өсеміз.Адамның да ананың да барлық мейірімділігін сақтап қалу мына өзіміздің қолымызда екен.
3.Балалар кім айтады,мейірім дегенімізді қалай түсінесіңдер?
Мейірімді адам қандай адам?
4. «Болады-болмайды» тренингі.Қазір балалар бәріміз шеңбер жасап тұрайық!Болады-деген нәрсені айтқанда қолымызды үш рет шапалақтаймыз,болмайтын нәрсені айтқанда аяғымызды жерге бір рет қағамыз.
-Мейірімді болуға ... /болады/
-Кешірімді болуға.../болады/
-Қатыгез болуға.../болмайды/
-Әдепті болуға.../болады/
-Ұрысқа болуға..../болмайды/
-Сыпайы болуға.../болады/
-Тәртіпті болуға.../болады/
-Жаман болуға.../болмайды/
-Дұрыс балалар мейірімді болуды ажырата біледі екенбіз.
4. «Бес саусақ» стратегиясы.
-Балалар алдарыңда жатқан қағазға саусағымыздың ізін салып бойымыздағы бес асыл қасиетімізді жазып тақтаға ілейік.
4. Сергіту сәті:
Күнге қарап қолымды
Бір,екі,үш деп соғу /қолды соғу/
Қарап тұрған көршіме
Мен қолымды бұлғайын /1-1-не қол бұлғау/
Жылы-жылы жүзбенен
Маңдайынан сипайын/сипау/
Жылы-жылы сөзбенен
Жүрегімді сыйлайын/жүректі ұсыну/
Ыстық алақанмен
Қолыңды бер қысайын/қолды қысу/
Амандасып өзіңмен
Құшақтасып алайын/құшақтасу/
5.Жүректен-жүрекке. Балалар айналамыздың мейрімді екендіктерін жылы сөздер арқылы білдіреміз.Кімнің я, болмаса ненің мейірімді екендіктерін жылы сөзбен айтып өтейік.
-Күлімдеген /күн /мейірімді!
-Таза мөлдір/ су/ мейірімді!
-Аяулы /анам /мейірімді!
-Қадірлі /әкем /мейірімді!
-Әлпештеген /әжем/ мейірімді!
-Еркелеткен /атам /мейірімді!
-Жылы жүзді /мұғалімім/мейірімді!
-Тату-тәтті/ достарым/ мейірімді!
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар біз өзіміз жақсы болсақ,бізді қоршаған табиғатта мейірімді,бізге жан ашитын жанашырларымызда мейірімді.
6. «Балапанды құтқару»
Балалар,қараңдаршы,ұядан балапан түсіп қалыпты.Балапанды мейірлене алақанымызға салайықшы,ол тоңып қалыпты,дір-дір етеді, ыстық лебімізбен балапанды үрлеп жылытайық,алақанымызда тербетейік,өзіміздің жүрегіміздің соғуымен балапанның жүрегін оятамыз,алақанымыз жүрек тұсына жақындатамыз,күнге көтеріп жылытамыз,құлағымызға жақындатып жүрегінін соғысын тыңдайық.
-Балалар,жүрегінің лүпілін естіп тұрсыңдар ма?
-Балапанның жүрегі қалай соғады?Тук-тук,тук-тук.
-Балалар,балапан сендерге рахмет айтып жатыр.Балалар,балапандарымызды ұшырып жіберейік...
-Биікке ұшырайық!
-Қанатың талмасын!
-Табиғаттың сәні бол,адамзаттың әні бол!
-Балалар сендердің кішкентай жүректерің,ұядан түсіп қалған балапанға өмір сыйладыңдар.
7. «Мейірімділік туралы өлең» видео көрсету.
-Енді балалар сендер не көрдіңдер?
-Адамға мейірімді болу керек пе?
-Сендер не істер едіңдер?
Ал қазір,бүгінгі тәрбие сағатымыздың қонақтары аналарымыз келіп отыр.
Мен қазір сіздерге заманауи аңызды айтып берейін,сіздер мүқият тыңдаңыздар!
-Бірде анасы қызына пиязды аршуды тапсырған екен.Пиязды аршып отырып қыз көзінен жас шығып жылап отырады. Анасы кіріп келіп неге жылап отырсың?
-Мына пияз ащы екен,кезінде суды аз құйған сияқты.
-Сонда анасы дәнді жерге салып,өсіп келе жатқан пиязға суды көп құйып,күтіп өсірген дұрыс.
- Сөз кезегін ата-аналарға беремін.
-Ата-ана: Дұрыс айтасыз.Қазір мына балалар жаңа ғана мектеп қабырғасын аттап отыр.Күнделікті мейірімін төгіп, сүйіспеншілікпен тәрбие берсе,әр күн сайын мейірленіп сөйлесе ата-аналары балалар да тәртіпті,жанашыр,мейірімді бала болып өсерлері анық.Жанағы пияз сияқты ащы болмай,тәтті болар еді.
Тақтаға,пияздың қабықшасына балаларыңызға мейірленген сөздеріңізді жазыңыздар!Осындай жақсы сөздермен пияздың бейнесін келтірейік.
Тәрбиеші: Сіздердің ойларыңыз?
-Ал егерде өскіншіге жапсырылған сөздерді алып тастасақ жуаның өзі ғана жуаның қалар еді?Адам өмірге келгенде әке мен ана деген қасиетті сөзді бойына сіңіріп өседі.Сол сияқты құрғақшылық ,қолайсыздық жағдайларда өсімдікті суарып үлгермейміз.Өсіріп отырған балапандарымызды мейіріммен, сезімталдықпен,кішіпейілдікпен өсірейік.
Қорытынды:Сонымен балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді.Мейірімділікті адамның көзінен көруге,іс-қимылынан табуға болады.Мейірімді адамды бәрі жақсы көреді.Қазір бүгінгі тәрбие сағатымыздың қорытындысы ретінде тақтадағы өзіміздің бағымызда өсетін алма ағашына алмаларыңды іліңдер. Ілмес бұрын алмаға өз отбастарыңа,аналарыңа,әкелеріңе мейірімді сөз жазайық,жарайма.
Өлең оқу: «Ата-ана мейірімі» Айназ
«Баланың тілі» Кәусар
Рефлексия:Енді бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерлеріңді бір-бір ауыз сөзбен айтып өтейік.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген