400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Мейрамыңмен Анашым" кіші топқа арналған ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге және музыка жетекшілерге арналған мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

(Балалар залға бір-бірінің қолдарынан ұстап кіреді,билеп орындарына отырады)

Жүр:(балаларға қызыл түсті 8 санын көрсетеді)

Наурызда бар бір күн,

Екі тоқашқа ұқсаған санымен

Кім біледі, балалар,нені білдіреді бұл сан?

Бізге балалар қазір айтады....

Балалар бірге: Бұл біздің анамыздың мейрамы!

Жүр: Дұрыс балалар, бүгін барлық жер шарындағы аналар мейрамы.

Қымбатты аналар,әжелер!

Көктемнің ең бірінші мейрамы

8наурыз күнімен құттықтаймыз!

(Тырсылдаған дыбыс естіледі)

Жүр: Балалар естіп тұрсыңдарма? Біреу есік қағып тұр!Бізге қонақ келген шығар.(Ширмадан петрушка шығады)

«Петрушка өлеңі ойналады»

Петрушка: Сәлеметсіңдерме балақайлар! Сендер мені таныдыңдарма?Мен көңілді петрушкамын!Әрқашан сылдырмақ менің қасымда! Ой сендер неге бүгін әдемі болып киініп алғансыңдар?Неге көп қонақ келген?

Жүр: Петрушка,бүгін бізде мейрам екенін білмейсіңбе?

Петрушка: Жоқ, білмеймін! Туған күн шығар ия? Алақай!Мен туған күнді жақсы көремін!

Жүр:Жоқ, Петрушка! Бүгін 8 наурыз әйелдер күні!

Пет:Қандай керемет!Біз оны қалай тойлаймыз сонда?
Жүр: Біз би билеп,ән саламыз, тақпақтар айтамыз.Алдымен біз сүйікті аналарымызды құттықтаймыз.Құрметті аналар сіздерге арнаған тақпақтарымызды тыңдаңыздар!

Пет: Тыңдаңыздар аналар, менде тыңдайын.Мына кішкентай балалар қандай тақпақтар жаттап келді екен?

Ана туралы 4 -5 тақпақ.

Пет: Қандай жақсы тақпақтар. Маған қатты ұнады.Ал ана туралы ән білесіндерме?

Жүр: Әрине біледі,біз ана туралы керемет ән жаттадық!

Ән: «Бәрініңде анасы бар»

Пет: Жарайсыңдар балалар!Ал енді би билей аласыңдарма?

Жүр: Әрине, біздің балалар би билегенді жақсы көреді.

Би: «Қуыршақтар»

Пет: Балалардың қандай дос екенін мен енді білдім!Жарайсыңдар! Ал мен сендерге бір ойын алып келдім! Ойнаймызба?

Жүр: Әрине Петрушка ойнаймыз.

Ойын: «Гүл жинау»

Пет: Балалар сендер аналарыңа көмектесесіңдерме?

Жүр: Әрине Петрушка біздің балалар киімдерін жуа алады.Ендеше тамашала!

Би: «Кір жуу»

Пет: Қандай керемеет! Балалар жарайсыңдар! Сендер тіпті киімде жуа алады екенсіңдерғой!

Пет: Ал менің сендерге сыйым бар. Сәуле әжені қарсы алыңдар.(Музыкамен әже кіреді)

Әже: Сәлеметсіңдерме, балақайлар!Сендер сондай әдемісіңдер!

Жүр: Отырыңыз әже, демалыңыз, ал балалар сізе арнаған тақпақтарын айтып берсін.

(Әже туралы тақпақтар)

Жүр: Ал енді біздің жаттаған «Жаңбыр» әнін тыңдаңыздар!

Ән: «Жаңбыр»

Әже: Тамаша балалар,жарайсыңдар!

Пет: Біздің балалар тек көңіл көтеруді ғана емес сонымен қатар көмектесуді де біледі. Келіңдер балалар әжеміздің жіптерін жинауға көмектесейік!

Ойын: «Түстермен жіптерді жина»

Әже:Көп рахмет сендерге балалар! Мен жалғыз өзім жинай алмас едім.Сондықтан мына тәттілерді қабыл алыңыздар!

Жүр: Рахмет әже!

Пет: Қыздар, балалар,Бәріміз аналарға әжелерге рахмет айтайық!

Барлығы бірге: Рахмет!

Жүр: Балалардың сіздерге арнап жасаған сыйлығын қабыл алыңыздар!Осымен біздің бүгінгі мерекеміз аяқталды.Сау болыңыздар!



№33 «Орленок» бөбекжайы МКҚК













Тақырыбы: «Мерекеңмен Анашым»

(«Қарлығаш»Iкіші тобы)











Музыка жетекшісі: Титеева Г.Р.

Тәрбиешілер: Исхарова Ф.Т.

Аяуова К.К.















Орал 2018-2019ж.ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22 сәуір
608
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі