жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мекені - жер. Е дыбысы мен әрпі
|
ТАҚЫРЫБЫ: Мекені – жер. Е дыбысы мен əрпі |
Мектеп/МҰ: |
|||
|
Саны: 30 |
Педагогтің аты-жөні: Жүнісова Г.Д |
|||
|
СЫНЫП-ТОП: МАД «А» |
Қатысқандар саны: 30 |
Қатыспағандар саны: 0 |
||
|
ҰОҚ-ның оқытылу мақсаттары |
0.2.1.1. Сөз/сөйлем сызбасын оқу. 0.2.1.2. Суретті кітаптардан ақпаратты табу (сурет арқылы) 0.3.1.1. Сөз, сөйлем сызбасын құру. 0.3.2.1. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қою: нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі. 0.3.3.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы жəне төменгі сызығын сақтап, əріп элементтерін жазу. |
|||
|
Күтілетін нəтиже |
Барлық тəрбиеленушілер: Тыңдалған материал негізінде қарапайым сұрақтарға жауап қайтарады. Сөздегі дауысты, дауыссыз, дыбыстарды ажыратады. Е дыбысы – дауысты дыбыс. Е дыбысының айтылуын дұрыс дыбыстайды. Суреттегі заттардың аттарын атай алады, сөздегі е дыбысының орнын ажыратады. Ұйқас сөздерді табады. |
|||
|
Көпшілік тəрбиеленушілер: Сұраққа жауап бере отырып, суретті мазмұндайды. Берілген суретке қарап, сөздегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады. Сөздегі дыбыс санын, ондағы е дыбысының орнын ажыратады. Е дыбысына сөз ойлайды. Е дыбысына (дауысты) сөз құрайды. Дауысты дыбыстардың санын анықтайды. Жазу жолына е əрпінің элементтерін жазады. |
||||
|
Кейбір тəрбиеленушілер: |
||||
|
|
Сюжетті суреттен таныс ақпаратты табады. Тақырып аясында диалогке қатысады. Сөз/сөйлем сызбасын оқиды. Е дыбысын қатыстырып, сөз, сөйлем құрастырады. Сөйлем сызбасының соңына тиісті тыныс белгілерін қояды: (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі). |
|
Тілдік мақсат |
Тəрбиеленушілер: Сұрақтарға толық жауап береді. Суреттер бойынша сөйлем құрастырады. Е əрпін жазып, қолдарын жаттықтырады.
|
|
Өткен ҰОҚ алған білім |
Пікір алмасу сұрақтары: Сөздер неге бөлінеді? Сөздерді буынға бөл. Сөздер қай дыбыстан басталып тұр? Дыбыстар қандай түстермен белгіленеді? Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? |
|
Жоспар |
||
|
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған жұмыс түрлері |
Ресурстар |
|
І. Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату. 0–2мин. II. Өмірлік тəжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин. |
Оқу қызметіне балалардың назарын тарту үшін педагог жағымды атмосфера құрады. Балалар бір-бірлеріне жылы сөздер айтады. Қайырлы күн ұстазым, Қайырлы күн достарым. Шеңберге тұрайық, Жылулық сыйлайық. Балаларға əртүрлі дыбыстар тыңдап, ненің дыбысына ұқсайтынын табады. Дыбыстарды балалар ым-иширамен қайталайды. |
Үнтаспа. |
|
ҰОҚ-ның ортасы III. Тақырып бойынша жұмыс 6 – 27мин. |
(Ұ,Ө) Əліппе-дəптермен жұмыс. 1-тапсырма. Сурет желісімен педагог балаларға сұрақ қояды. Сұраққа жауап беріп, əңгімелейді. Е əрпі кездесетін жануарларды атайды. Осылардың ішіндегі өз өлкесінде тіршілік ететін жануарларды табу. 2-тапсырма. Суда тіршілік ететін жануарларды сурет бойынша ажыратады. Е дыбысы кездесетін жануардың атын қайталап, сөздерді буынға бөледі. Е – дауысты дыбыс. Е дыбысын айтқанда дауысымыз жіңішкеріп естіледі, дыбыс ерін арқылы айтылады. (Ұ) Сергіту сəті. Балаларды орындарынан тұрғызып, көңілді әуенмен билетіп сергітіп алады. 3-тапсырма Педагог өлең жолдарын оқиды. Өлеңде айтылған жануардың атын қайталайды, сол сөзге дыбыстық талдау жасайды. Е əрпінің бейнесін түсті қағаздармен құрастырады. 4-тапсырма. Сурет бойынша жұмыс жүргізіледі. Е əрпі туралы өлеңді тыңдайды. Е əрпінің қандай затқа ұқсайтынын айтады. 5-тапсырма. Е əрпін түрлі заттардан құрастырып жасайды. 6-тапсырма. Мектеп жобасының сызбасын бастырып сызады. Оның қай əріпке ұқсайтынын айтады. Е əрпінің баспа түрін жазады. |
Əліппе-дəптер.
Үнтаспа.
Қызыл, көк дөңгелектер.
Е əрпі жазылған плакат.
Моншақ т.б.
Əліппе-дəптер. |
|
IV. ҰОҚ қорытындысы. Рефлексия. 28-30 мин. |
Педагог қорытынды жасайды. Балалардың оқу қызметіне белсенділіктері мен қатынасуын талқылайды. (Ұ,Ө)Рефлексивтік бағалау. Балалардың жұмыстарын смайликтер арқылы бағалайды. |
Əліппе-дəптер |

шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген