«Мектебі жақсы елдің – ертеңі жақсы»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Мектебі жақсы елдің – ертеңі жақсы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Мектебі жақсы елдің – ертеңі жақсы» мақала
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мектебі жақсы елдің – ертеңі жақсы»



«Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі»

Мағжан Жұмабаев

Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп-білім айдынындағы үлкен кеме. Осы кемеде он бір жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып шығамыз. Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі өзгерді. Жазуды да, оқуды білмейтін кішкентай балалар бүгін міне, мектеп бітіру туралы атестатты қолдарына ұстап, үлкен өмірге жолдама алды. Осы өмір тарихы әрбір жанның өмірінде қайталанары һақ. Мектептің көркеюі , әлемнің көркеюі деп ауыл мектептерінің әлеуетін дамыту бойынша пилоттық жоба да осы орайда басталып отыр. Бұл жобаның тұсаукесері Ақтөбе қаласында өтті. Жиынға Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тағжанов Қазақстан Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов, «Қазақстан халқына» қорының жетекшісі Болат Жәмішов , Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы , қоғам қайраткері Күләш Шәмшидинова , «Aitas Foundation» корпоративтік қорының жетекшісі Ксения Верба , облыстағы білім басқармаларының өкілдері , ШЖМ директорлары , сонымен қатар жоба серіктестері қатысты.

Жобаның мақсаты – шағын жинақты мектептерде цифрлық шешімдерді енгізу , материалдық – техникалық базаны нығайту, мұғалімдердің біліктілігін арттыру арқылы білім сапасы мен оқытудың тиімділігін арттыру.

Пилоттық жоба Ақтөбе облысындағы 134 шағын жинақты мектептерде жүзеге асырылды және біздің мектепті де айналып өтпеді. Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көктау ауылы Тарихы мол, іргелі білім шаңырағы болып саналатын мектептің бірі Көктау орта мектебі үшін бұл жоба заманға сай кабинет пен құрал жабдық және ең бастысы сапалы білім беруге үлкен құлшыныс бергенін жасырмаймыз. Мектеп тарихына үңілсек, өз бастауын 1972 жылдан бастаған. Жобалық қуаты 200 орын. Қазіргі таңда 192 оқушы білім алуда. Ғылымның қыр-сырын меңгеріп, бойындағы бар білімін оқушыларына сіңіріп отырған ұстаздар саны 35. Көктау орта мектебі білім беретін оқушылардың сапалы білім алып, ел іргесін көтерер саналы ұрпақ тәрбиелеуге жағдай жасайды.  Көктау орта мектебінің ұжымы жаңа заман талабына сай, ақыл –парасаты мол, өскелең ұрпақты тәрбиелеуде қажырлы еңбек етуде.

Осы орайда пилоттық жобаның ұйымдастыруымен біздің білім ордамызға физика кабинетіне – 11 525 972 , информатика кабинетіне 7 765 880 қаржы бөлініп , кабинеттеріміз керекті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілді. Кабинеттеріміз осы құрал –жабдықтар арқылы саналы ұрпаққа сапалы білім беретініне , жаңа цифрлық технологиялар арқылы оқушыны жаңашылдыққа бағыттайтынына сеніміміз мол.

Осы жоба арқылы жақсы мүмкіндіктер беріп , білім алушының алар тағылымының сапалы болуына үлес қосып , ұстаз үшін сабақ беруге өте жақсы мүмкіндік сыйлаған пилоттық жоба ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз! Болашаққа құрар арман мақсатымыз бен жасап шығарар жобаларымыз көп болғай!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.04.2024
278
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі