Мектебім-мейірім мекені Қауіпсіздік 10 мин

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектебім-мейірім мекені Қауіпсіздік 10 мин

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектебім-мейірім мекені Қауіпсіздік 10 мин
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп:


Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Күні:

2 қыркүйек 2024 жыл

Сынып:

Қатысушылар

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

Мектебім-мейірім мекені

Сабақтың мақсаты:

Мектептің білім ордасы ретіндегі маңызын түсіндіру;

Мейірімділік, оқу-білім туралы өз ойларын ортаға салғыза отырып, білімқұмарлыққа шақыру.

Қауіпсіздік мақсаты

оқушыларға төтенше жағдайлар қызметі не үшін арналғанын және олардыңжұмыс істеу тәртібімен таныстыру.

Қауіпсіздік міндеті

1) Оқушыларды жедел қызмет түрлерімен таныстыру, балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін, жол жүру ережелерін сақтаудың маңыздылығын және өз денсаулығын сақтау жайлы түсіндіру.

2) Зейінін, есте сақтауын, ойлауын дамытуға ықпал ету.

3) Оқушыларды өмірлік қиын жағдайда үлкендермен қарым-қатынас жасау қажеттілігіне тәрбиелеу; төтенше жағдайларда баланың мінез-құлқының қауіпсіз үлгісін қалыптастыру.

Құндылықты дамыту

Ұлттық мүдде, патриотизм, ынтымақтастық.

Апта дәйек сөзі

Білім – қымбат қазына, қанағат тұтпа азына (Мұзафар Әлімбаев)



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы

5 минут



Психологиялық ахуал туғызу

Сәлемдесу. Гимн орындалады .



Мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беріп, диалогқа қатысады. Сыныпта жағымды ахуал қалыптасады.



доп

Сабақтың ортасы

20 минут

Тақырыпқа назар аударылады.

«Мектебім-мейірім мекені»

-Осы тақырып туралы не айтуға болады? Қандай сөздер түсінікті? Қай сөздермен жұмыс жасауымыз керек деп ойлайсыңдар?

Ақын-жазушыларымыз оқу-білім туралы не айтқанын есімізге түсірейік.

Тақтадағы көрнекіліктермен жұмыс жасау:

-Мектепте кімдер жұмыс жасайды?

-Оқушылар өздерін қалай ұстау керек?

-Бүгін қандай күн? Несімен ерекше?

-Мектептен не үйреніп жатырсыңдар?

-Білімқұмарлықты қалай түсінесің?

Астарлы әңгіме

Жол бойында аяңдап келе жатқан ақсақалдың алдынан бір топ жігіт шығып, əлгілердің біреуі ғана:
"Ассалаумағалейкүм, ата!" деп амандасқанда, ақсақал:
"Уағалейкүмассалам. Шырағым, неге жалғыз өзің жүрсің?"- деген екен.

-Атай неге қызық сұрақ қойды?

-Жігіттер қандай қателік жасады?

-Қатені қалай түзеуге болатыны туралы ойлан.

-Сен қандай мейірімді сөз қолдандың?

-Тағы қандай мейірімді сөздерді білесің?


Әлемдегі ең тамаша «мамандық»

Бір кісі жұмысқа тұруға келеді. Оған жұмыс беруші адам оның жұмысын түсіндіреді.

-Сіз 365 күн жұмыс жасайсыз. Демалмайсыз. Үш мезгіл тамақ ішуге аз ғана уақытыңыз бар.Адамдар сізге мұңын шағады, ұрсады, көмек сұрайды,сіз бәрін тыңдайсыз, көтересіз. Бұл жұмыс сізге ұнайды.

-Бұл жұмысты жасап жүрген адамдар бар ма?

-Бар. Мұндай адам өте көп. Олар әрі ақша алмайды, тегін жасайды.Олардан тек бір нәрсе ғана талап етіледі. Ол-мейірімділік қана.

-Кешіріңіз, сіз қандай жұмыс туралы айтып тұрсыз?

-Шынында демалыссыз, тегін жасалатын бұл қандай жұмыс?

-Әр адам мейірімділікті ең әуелі қайдан алады?

-Қайда жалғастырады?

«Мейірімділік» сөзіне топтастыру құрастыру


Тақырыпқа назар аударады.Мағынасы бойынша өз ойларын айтады.


Қойылған сұрақтарға жауап берді. Өткен сыныптағы материалдар бойынша білім, оқу, мектеп туралы шығармаларды еске түсіреді.











Мәтінді тыңдайды. Талдайды.Өз ойын қосады.Ақсақалдың сұрағына жауап іздейді.

Мұғалімнің қойған сұрақтарына да жауап іздейді.











Мәтінді тыңдайды, талдауға қатысады. Сұрақтарға бірлесе отырып, бұл мамандықтың иесін анықтайды.

















Сұрақтарға жауап береді.


Топтастыру құрастырады.



Слайд












Суреттер















Мәтін














Мәтін
























Стикер

маркер


Қауіпсіздік

10 мин

Ұғымдарды түсіндіру: Жедел қызметшақырған кезде диспетчерге не айту керек? Мекенжайды, нысанды, жағдайды көрсету, қажет болған жағдайда фамилияңызды және телефон нөміріңізді көрсету қажет. Төтенше жағдайлар қызметінің негізгі түрлерінің иллюстрацияларын көрсетіңіз. Төтенше жағдай туралы хабарлау неліктен маңызды? Оқушыларға жалған қоңырау ойыншық емес екенін, оның салдары өте ауыр болатынын түсіндіру. Сақтық шараларының қарапайым мысалдарын келтіріңіз. Қазақстанда кез келген ұялы байланыс операторының пайдалы жедел қызмет нөмірлері мен қала нөмірлері тегін беріледі:


Өрт күзеті

101

Полиция

102

Төтенше газ қызметі

104,112

Жедел жәрдем

103

Бірыңғай құтқару қызметі

112

«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған. - «111» нөмірі – 24/7 байланыста - «111» нөмірі – құпиялылықты сақтайды 111 - «111» нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел топтарымен байланыста.

111




Сабақтың соңы

5 минут

«Жест» әдісі арқылы кері байланыс алу.

Рефлексия:

«БББ» әдісі

Қорытындылау

Өзара келіскен жест бойынша кері байланыс береді.

Кестені толтырады

Стикерлер қалам

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.02.2025
90
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі