|
Сабақтың
мақсаттары:
|
- Оқушыларға мектептің
тәрбиелік мәнін, білім мен мейірім ордасы екенін
ұғындыру;
- Өз мектебіне деген
сүйіспеншілігін арттыру;
-Құрметтеу, сыйластық, достық,
бірлік сезімдерін дамыту.
-жоғары сынып оқушыларына
қажет болған жағдайда жедел жәрдем нөмірлерін есте сақтауға және
дұрыс пайдалануға үйрету.
|
|
Ұйымдастыру
35
мин
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Кіріспе
әңгіме
-
Мұғалім
сөзі:
«Балалар, мектеп – әрқайсымыздың екінші үйіміз. Мұнда біз білім
аламыз, жақсы-жаман күндерімізді бірге өткіземіз, достар табамыз.
Мектеп – мейірімге, сыйластыққа толы
орта».
3. Негізгі
бөлім
а) «Мектеп туралы
мақал-мәтелдер»
-
Мұғалім: бірнеше мақал айтады, жалғасын
оқушылар табады.
-
Оқушы: мақалдарды жалғастырады,
мағынасын
түсіндіреді.
ә) «Менің мектебім –
мақтанышым»
(бейнеролик)
б) Топтық жұмыс «Мейірім
мекені»
-
Мұғалім: сыныпты 3 топқа бөледі. Әр
топқа тапсырма береді:
1-топ: «Мектеп – білім ордасы» сурет салады;
2-топ: «Мектеп – мейірім мекені» шағын өлең шығарады;
3-топ: «Мектеп – достық ұясы» шағын сахналық көрініс
дайындайды.
-
Оқушы: берілген тапсырманы орындайды,
қорғайды.
в) «Жүрекке жол»
ойыны
-
Мұғалім: жүрек пішініндегі қағаз
таратады.
-
Оқушы: жүрекке өз мектебіне арнаған жылы сөзін немесе
тілегін жазады, тақтадағы үлкен жүрекке
жапсырады.
4. Қорытынды
бөлім
|
Оқушы
әрекеті:
«Шаттық шеңберінде» бір-біріне
жылы сөздер, тілек
айтады.
«Мектеп» сөзіне байланысты
ассоциация құрайды (достар, мұғалім, білім, арман, тәртіп,
т.б.).
Өз ойларын ортаға салады: «Мен
үшін мектеп деген...» деп бастай отырып, бір сөйлеммен
жалғастырады.
: «Мектебім – мейірім мекені»
тақырыбына 1 сөйлеммен түйін
жасайды.
|
|
презентация
|
|
Қауіпсіздік
сабағы
10
мин
Қорытынды:
|
№
1 САБАҚ. «ЖЕДЕЛ
ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ»
Сабақтың
мақсаты: жоғары сынып оқушыларына
қажет болған жағдайда жедел жәрдем нөмірлерін есте сақтауға және
дұрыс пайдалануға
үйрету.
Негізгі
міндеттері:
-
шұғыл жағдайдағы әрекетке
қажетті телефон нөмірлерімен
таныстыру;
-
қандай жағдайларда жедел
жәрдем шақыру керектігін
түсіндіру;
-
балаларды төтенше жағдай
операторына ақпаратты дұрыс және анық жеткізуге
үйрету.
Сабақтың
барысы
-
Кіріспе (2
мин)
Шұғыл жағдайдағы әрекетке
қажетті телефон нөмірлерімен кеңінен
таныстыру.
-Аты-жөніңді, қайдасың, не
болғанын айт.
|
Өрт күзеті
|
101
|
|
Полиция
|
102
|
|
Жедел жәрдем
|
103
|
|
Төтенше газ қызметі
|
104,112
|
|
Бірыңғай құтқару қызметі
|
112
|
|
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен
ересектер өздеріне көмек қажет екендігі
туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының
бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны
туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.
- «111»
нөмірі – тәулік бойы ІІД және өңірлердің жедел
топтарымен
байланыста.
|
111
|
«Есте сақта!»
-
Негізгі
бөлім (6
мин)
Рольдік
ойын:
-
Балаларды жұпқа бөліңіз. Бір
оқушы қоңырау шалушы ролін ойнайды, екіншісі – төтенше жағдай
операторы;
-
Әртүрлі жағдайлары бар (өрт,
адам құлап қалды, көшеде біреу айғайлап жүр және т.б.)
карточкаларды
таратыңыз.
-
Жедел қызмет нөмірлерін
жаттау: бала қалаған нөмірді теріп, операторға ақпарат беруі
керек.
Жедел нөмірлерді
қайталаңыз.
Сандарды есте сақтау үшін
балалар 3-4 оқушыдан бірігіп сценарий құрастырып, орындап
көрсін.
-
Қорытынды (2 мин): қорытындылау,
балаларға жедел телефондар жазылған карталарды немесе стикерлерді
тарату.
Пайдалы
сілтемелер:
https://orken-instituty.kz/kz/telefony-goryachih-linij
https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLL
ocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=7
|
|
|
Пайдалы
сілтемелер:
https://orken-instituty.kz/kz/telefony-goryachih-linij
https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLL
ocS-IEuEG9KjOrJzvPM&index=7
|