Мектебім мейірім мекенім 4 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектебім мейірім мекенім 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға мейірімділік,адалдық,парасаттылықтың үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы



Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)



Күні: 01.09.2023


Сынып: 4

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ» табысты ұлт»

Құндылық

Ұлттық мүдде

Мақсаттары

Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік бере отырып ақиқат құндылығының мәнін ұғындыру.

адами қарым –қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы, туралы түсіндіру;

оқушылардың адалдық пен әділдікті, кішіпейілділікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету;



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті


Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

«5Т» әдісі бойынша (тәртіп,талап,тазалық,татулық,тыныштық),сәлемдесу,түгелдеу.

Тыныштық сәтi.Сабақты жағымды күйге келтіру. Нұрға бөлену. (Жәй баяу жағымды музыка қою)

Адал бала (корей ертегісін )оқып, мазмұнын айту.Сұрақ беру,жауап алу.

1 . Бала неліктен алтын, күміс балталардан бас тартты?

2 . Оларды бірден алса не болар еді?

3 . Баланың ісін адал деп айтуға бола ма?Неліктен?

4. Ақсақал қабылдаған шешімді қалай қабылдауға болады?

Мәтінді қорытындылау

Адамныңниеті,ойы,іс-әрекетішындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында.Адамның көңілі таза,пейілі кең,адал шыншылболғанда әділдікке қол жеткізеді.

Сабақ барысын талдау:


Әңгiмелеу

Өсиет-әңгіме.Данышпан

  Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

-         Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы,-депті. Қарт жігітке:

-         Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, - депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт:

-         Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.

-         Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой? – депті жігіт. Қарт күліп:

-         «Жігітті жолдасына қарап бағала» дейді халық, - депті.

Мұғалім оқушылардың ол туралы пікірін білу үшін сұрақ қояды.

-         «Жігітті жолдасына қарап бағала» деген денені түсінесіңдер?

Мұғалім балалардың жауаптарын түйендей отырып сабақ тақырыбымен таныстырады:

-         Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдарымен жолдас, ДОС болады. Шын жолдас, адал достар бірінің жақсы қасиеттерін

екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді, олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінетін болып кетеді. Осындай жолдастық, достық қарым-қатынастардың арасындағы ең бағалысының бірі – адалдық. Біз бүгінгі сабақта адалдық пен әділдіктуралы әңгімелесеміз.



Соңғы тыныштық сәтi.

Балалар,бүгінгі сабағымыз аяқталды.

Нұрға бөлену. Бүгінгі сабақтан алған жақсы қасиеттеріңізді жүректеріңізге сақтап алыңыздар.

Сау болыңыздар

Оқушылар бір біріне адалдық пен әділдік туралы түсінік беріп ,және әділ болуға уәде беріп бір біріне тілек айтып тұр.


«Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ»

Ш. Уалиханов










Менің ең жақын досым мектепте бір баламен достасқан, ол күнделікті кешке қарай мені өзімен бірге серуендеп жүруге шақырады. Ол: “Менің анам сенімен бірге жүргенімді білсе қарсы болмайды”, - дейді. Досыма үйінде ата - анасы ұрыспауы үшін мен бірнеше рет телефон арқылы оларға өтірік айттым. Басында мен қиналмастан оларды жасырып жүрдім, ал қазір олар мені пайдаланып жүр, ал мен күнде өтірік айтуды ұнатпайтын болдым. Мен досымнан ажырағым келмейді. Сонда менің не істеуім керек.
Сендер баланың сұрағына қалай жауап берер едіңдер?





Жалпы адалдық  дегенді  қалай  түсінесіңдер?


Адал дос  дегенді  қалай  түсінесіңдер?


Адал болу  кез-келген  адамның  қолынан  келмейді? 
Неліктен?


Ата-анаға, бауырға,  ортаға  жалпы  өмірде  адал  болу  дегенді  қалай түсінесіңдер?


Сен өзіңді  адал  жанмын  деп  айта  аласың  ба?














Плакаттар


презентация





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.08.2023
1683
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі