Менің мектебім- менің мақтанышым
Ардақты, аяулы мектебім,
Өзіңе алғысым көп менің.
Ең алғаш әріпті жаттатқан
Ұстазым тер бізге төккенің.
Біздерміз ұланы ұлы елдің,
Біздерміз жыр- әні ұлы елдің.
Ақыл менен білімді үйрететін
Ұстаздар мектептің жүрегі.
Боламыз ақылды, білімді,
Ұстаздар біздерге шын үлгі.
Айтатын шексіз бар алғысым
Жанұямдай көремін сіздерді.
Білімге құштар біз ұланбыз,
Ұстаздың дегенін ұғармыз.
Кітаппен дос болып саналы
Білімнің шыңына шығармыз.
Мектебім атыңды ән қылып,
Мақтаныш етемін мәңгілік.
Аяулы ұстаздың еңбегі
Есімде тұрады жаңғырып.
Мектебім мақтан етер алтын ұям,
Санама сіңіріп көп ақыл құйған.
Бағбаны бола білген бала жанның
Ұмытпас ұстаздарын әрбір ұлан.
Алғашқы қадамым аттаған,
Алғашқы тақпағым жаттаған.
Ұмытпай келемін әлі де,
Санамда мәңгіге сақталған.
Қызылқайың мектебі мақтанышым,
Шырағын білімнің жаққаны үшін.
Отбасыммен көремін қатар сені
Үмітіңді ұл- қызың ақтайды шын.
4- сынып оқушысы
Тынысбек Інжу Алмасқызы
«Қызылқайың орта мектебі мектеп жасына дейінгі
шағын орталығы бар» КММ
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мектебім өлеңі
Мектебім өлеңі
Менің мектебім- менің мақтанышым
Ардақты, аяулы мектебім,
Өзіңе алғысым көп менің.
Ең алғаш әріпті жаттатқан
Ұстазым тер бізге төккенің.
Біздерміз ұланы ұлы елдің,
Біздерміз жыр- әні ұлы елдің.
Ақыл менен білімді үйрететін
Ұстаздар мектептің жүрегі.
Боламыз ақылды, білімді,
Ұстаздар біздерге шын үлгі.
Айтатын шексіз бар алғысым
Жанұямдай көремін сіздерді.
Білімге құштар біз ұланбыз,
Ұстаздың дегенін ұғармыз.
Кітаппен дос болып саналы
Білімнің шыңына шығармыз.
Мектебім атыңды ән қылып,
Мақтаныш етемін мәңгілік.
Аяулы ұстаздың еңбегі
Есімде тұрады жаңғырып.
Мектебім мақтан етер алтын ұям,
Санама сіңіріп көп ақыл құйған.
Бағбаны бола білген бала жанның
Ұмытпас ұстаздарын әрбір ұлан.
Алғашқы қадамым аттаған,
Алғашқы тақпағым жаттаған.
Ұмытпай келемін әлі де,
Санамда мәңгіге сақталған.
Қызылқайың мектебі мақтанышым,
Шырағын білімнің жаққаны үшін.
Отбасыммен көремін қатар сені
Үмітіңді ұл- қызың ақтайды шын.
4- сынып оқушысы
Тынысбек Інжу Алмасқызы
«Қызылқайың орта мектебі мектеп жасына дейінгі
шағын орталығы бар» КММ
шағым қалдыра аласыз













