БЕКІТЕМІН: МЫРЗАГУЛОВА
А.С.
I ЖАРТЫЖЫЛДЫҚ
ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША
АТА-АНАЛАР
ЖИНАЛЫСЫ
.«МЕКТЕП, АТА-АНА,
БАЛА АРАСЫНДАҒЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС» БАЯНДАМА
КЛАСС ЖЕТЕКШІ: ЖАЛГАСБАЕВА
Л.Д.
Балаларды
саналы, сергек етіп тәрбиелеу – отбасы мен қоғамдық тәрбие
орындарының бірден-бір парызы, асыл мұраты.
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, сол отбасындағы
баланың бас ұстазы - ата-ана.
«Балапан ұяда нені
көрсе , ұшқанда соны іледі» - демекші, бала әкеден ақыл, анадан
мейірім алады. Береке-бірлігі мол үлгілі отбасында тәрбиеленген
баланың таным жүйесі мейлінше ауқымды , болашақ өркениетке қосар
үлесі бар. Тәрбиенің бастауы болған отбасы мүшелері тәрбие мен оқу
жоспарын іске асыруда мектептің ең басты одақтасы бола алады.
Мектеп пен отбасы мүшелері өзара бірлесіп жұмыс істегенде ғана
ынтымақтастықпен қарым-қатынас болып, арада түсіністік пен
үйлесімділік орнамақ. Себебі, баланың өмір сүруге құштарлығының
оянуы тәлім-тәрбиедегі бір жүйелілікпен, өзін қоршаған ортамен,
бірге оқыған құрбы-достарымен, олардың күнделікті іс-әрекетімен,
сөйлеген сөзі, жүріп-тұруы тағы басқа қасиеттерімен тығыз
байланысты. Орынды тәрбие арқылы адам баласының тағдыры шешіледі,
оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі
болатынын көрсетеді. Ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде, қай елде
болмасын үлкен мән берілген. Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «Тек
ата-аналармен бірге жалпы күш-жігерді біріктіру арқылы ғана
мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін» деген ұтымды
ой айтқан. Ұлтымыздың ұлағатты дәстүрлерін кеңінен пайдаланып,
тәрбие ісіне арқау ету де өз пайдасын тигізеді. Адамның
адамшылдығы жақсы ата-ана мен білікті тәрбиешіден. Тәрбиенің таразы
секілді екенін ескерсек, екі басының тең түсуіне көп көңіл бөлген
абзал. Тәрбие ісіндегі ең басты жауапкершілік өздерінде екендігін
ұмытып, баласының мінез-құлқы үшін қоғамға кінә артатын
ата-аналардың кездесіп жататыны өкінішті-ақ.
Бүгінгі кейбір жастарымыздың бойындағы келеңсіз қасиеттер мен
жағымсыз мінез-құлықтардың қалыптасуына осындай жауапсыз
ата-аналардың кемшілігі де өз әсерін тигізбей қоймайды дер едім.
Жас ұрпақты тәрбиелеу жүйесі жаңа заман талабына сай қоғамдық
өмірде болып жатқан ұлы өзгерістерге байланысты. Оған қойылар талап
жан-жақты жетілген адамды тәрбиелеу.
Ата-ананың бүкіл үміті - баласы болса, сол баланың әрбір
қуанышты сәті - ата- ана қуанышы. Қазіргі кезде, күн сайын
өзгеріске толы мына өмірде балаға дұрыс тәрбие беруде бірлік
болмаса, бала сәл нәрсеге еліктеп, ілесіп кетуі мүмкін. Әсіресе
бала түрлі жат-әдет, діни ағымдарға ілесіп кетпеуі үшін де тәрбиені
босаңсытуға болмайды..
Мектебімізде ата-ана, оқушы-мұғалім
арасындағы байланысты нығайту жекетұлғаны
қалыптастыру және сапалы оқыту мен саналы тәрбие беру мәселесі
алдыңғы орында. Мектеп – отбасы – қоғам арасындағы ынтымақтастықты
нығайту, серіктестікті қалыптастыру, қауымдағы ата-аналармен
бірлескен жұмысты көрсету мақсатында мектебімізде жүйелі де,
маңызды жұмыстар атқарылуда. Соның бірі - «Бала тәрбиесіндегі
жазалау мен мадақтау», «Мен және менің отбасым», «Ұрпақ тәрбиесі
баршаға ортақ» тақырыптарында тренинг сабақтар мен семинарлар,
түрлі тәрбиелік іс-шаралар атап айтар болсақ әжелер арасында «Ал,
кәнеки әжелер», аналар мен қыздар арасында «Шешеге қарап, қыз
өсер», әкелер мен ұлдар арасында «Әкеге қарап ұл өсер»
тақырыптарында сайыстар ұйымдастырылып отырады. Ата-аналар
жиналыстарында «Бала тәрбиесі», «Ата-ананың бала тәрбиесіндегі
рөлі», «Отбасындағы ұл мен қыздың қарым-қатынасы», «Бала тәрбиесі-
баршаға ортақ» атты баяндамалар және «Біз қандай ата-анамыз?»,
«Балаңыздың 1-сыныпқа дайындығы қалай?», «Сіздің өміріңізде бала
қандай орынға ие», «Сіз балыңызды білесіз бе?», «Сіз және сіздің
балаларыңыз» атты тест, сауалнамалар жүргізіліп отырады. «Әжелер
алқасы» мен «Әкелер алқасының» құрамы құрылып, жұмыс жүргізуде.
Егерде мектебімізде қандайда бір ата-аналар арасында
түсініспеушіліктер туындап жатса біздер ең алдымен осы әжелер мен
әкелер құрамының мүшелері көмекке келеді.
В.А.Сухомлинский өзінің «Ата-ана
педагогикасы» деген еңбегінде былай дейді: «Қоғамдық тәрбие
отбасынан басталады». Әсерлеп айтқанда, әуелі отбасында тамыры
бітеді де, бұталары да, гүлдері де, жемісі де содан шығады. Ендеше:
“Тәрбиенің негізгі тірегі - ата-ана мен ұстазы екенің ескере
отырып, осы бағытта бірігіп жұмыстанайық, ағайын!” дегім
келеді.