Мектеп бітірушіден тілек

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп бітірушіден тілек

Материал туралы қысқаша түсінік
Түлектен тілек Міне, 11 жыл бойы білім алған алтын ұя – Мектебімізбен де қоштасар сәт келіп жетті.Өміріміздің 11 жылын, балғын балалық шағымыз бен бозбала-бойжеткен кезімізді өткерген киелі қарашаңырағымызбен қош айтысар кезде бойымызды қимастық сезімі билеп тұрғанын қалайша жасырайық!
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түлектен тілек


Міне, 11 жыл бойы білім алған алтын ұя – Мектебімізбен де қоштасар сәт келіп жетті.Өміріміздің 11 жылын, балғын балалық шағымыз бен бозбала-бойжеткен кезімізді өткерген киелі қарашаңырағымызбен қош айтысар кезде бойымызды қимастық сезімі билеп тұрғанын қалайша жасырайық!

Бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттап, қолымызға қалам ұстағаннан бері азамат болып қалыптасқанға дейін еркелігімізді көтеріп, өмірдегі өз орнымызды табуға деген ынтамызды ұштап, жігерімізді жаныған Ұстаздарымызды да қимаймыз.

Біз бүгін мектебімізбен, ұстаздарымызбен қош айтысып, үлкен өмірге қадам басқалы тұрмыз.Алдағы өмірімізде қай қияда жүрсек те, қандай биіктерге жетсек те тек алтын ұя – мектебіміз бен ұстаздарымызға мәңгілік қарыздармыз.Біз үшін атқарған еңбектеріңіз ұшан-теңіз.Сол үшін де біз сіздерге борыштармыз.Сіздердің алдарыңыздағы шәкірттік парызымызды адал ақтайтынымызға сендіргіміз келеді.


Ұшқалы тұрса ұядан,

Мектепті шәкірт қия ма?!

Мектебім, саған мың тағзым,

Барамыз ұшып қияға!


Талаптың туын ұштадың,

Жинадық бойға күш қалың.

Көре бер жылдан-жылға сен,

Түлектің түлеп ұшқанын,

Мың алғыс саған, Ұстазым!


Қош, аяулы мектебім! Қош, ардақты Ұстаздарым! Біз сіздерді мәңгілік ұмытпаймыз! Біз сіздердің алтын аттарыңызды мәңгілік ұлықтаймыз!






Үлкен ізетпен – Алмалы ЖОББ мектебінің 2021 жылғы мектеп түлектері.

25 мамыр, 2021 жыл.








АЛМАЛЫ

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.04.2024
286
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі