Дүйсенова Ақкенже
Қызылорда Мектеп дамуының
стратегиялық жоспары
«Қазақтың тағдыры,келешекте ел
болуы да мектебінің
қандай негізде құрылуына барып
тіреледі.Мектебімізді таза,
берік һәм өз жанымызға
үйлесетін етіп құра білсек,
келешегіміз үшін тайынбай-ақ
серттесуге болады».
М.Жұмабаев
Халықаралық деңгейде білім
шыңына шыға алатындай тұлғаны қалыптастыруда алдыңғы қатарлы
мемлекеттердің білім жүйесінде болып жатқан өзгерістерден хабардар
болып отыру қазіргі заманның талабы. Қазақстан мемлекетінің
дамуының стратегиялық жоспарының бір бағыты осыған негізделген.
Білім саласына қойылатын талаптар да күн санап күшейіп келеді. Ал
ендеше мектеп жұмысын жақсарту үшін не істеу керек?Әрине,жоспарлы
түрде жұмыс ағымын күшейту керек деп
ойлаймын.
Назарбаев университетінң
оқытушысы Мир Афзал Тажик атап өткендей, стратегиялық жоспарлау
стратегиялық ойлаудан басталады. Жұмыс жоспары нәтижелі,жан-жақты
қамтылған болуы үшін тек қана басшы,оқу ісінің меңгерушісі ғана
емес,әрбір мұғалім ат салысуға міндетті.Осы ретте мынадай
дәйексөзді айта кетсем деймін: «Нағыз саяхат жаңа жерлерді іздеуде
емес,оны жаңа көзқараспен көре білуде» және «Алыстағы затты
қасындағы секілді көру және жақындағыға алыстан қарау». Міне,осы
сөздер арқылы стратегиялық жоспардың маңыздылығы қаншалықты екенін
байқауымызға болады.Біз бүгінгі күнмен өмір сүреміз,айналамыздағы
заттарды көреміз,бірақ болашақты көру үшін айналамызға жаңа
көзқараспен қарауымыз керек.Демек, көпшілікті өз мектебіміздің
басымдықтары туралы хабардар етіп,барлығын түсіндіру
қажет.Мұғалім,оқушы, әкімшілік,ата-ана арасында тығыз байланыс
орнауы тиіс. Стратегиялық жоспар құруда мектепке әсер ететін
негізгі факторларға ерекше мән беріледі.Мысалы, саяси жағдай.
Қaзақстанның саяси бағыттағы
жаңалықтарының білім беру саласына әсері қандай? Үштілділік немесе
латын қарпіне көшудің маңыздылығы неде? .Бұл мәселе мектепті дамыта
ма,әлде тежей ме? Мектептің мықты жақтары мен осал тұстарын да
ескере кету керек.Стратегиялық жоспар жасауда базаның қызметі де
өте зор. Бұл жоспар құрудың кіріспесі іспетті.Сыртқы және ішкі
ортаның байланыс құралы.Мектептен тыс болып жатқан әрекеттердің
мектеп өміріне енуі.Сондай-ақ,экономикалық фактордың да әсері
зор.Экономикалық фактор әсіресе,мектеп жағдайына әсер етеді.
Бюджеттің қысқаруы мектептің де мүмкіндіктерін
шектейді.
Ойымызды түйіндей келе,мектеп
дамуының жүйелі қарқынды жүзеге асуы стратегиялық даму жоспарының
дұрыс құрылуына байланысты. Жасалған жоспар іске асуға тиіс.Осы
орайда өзім жұмыс жасайтын мектепте жасалған даму жоспарында
мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамытуға,мұғалім жұмысымен кері
байланыс жасауға,олардың еңбектерінің қоғам алдында еленуіне
қатысты шараларға басымдық берілді. Алдыңғы қатарлы мектеп болу
үшін мұғалім,оқушы арасында ынтамақтастық орта және мектеп
мәдениетін қалыптастыру мәселелері басты назарда болды,әрбір
сыныпта әрбір оқушыны зерттеу жұмыстарын жүргізу
жоспарланды.Ата-аналардың белсенділігін арттырып,ынтымақтастық
қарым-қатынас қалыптастыруға арналған іс шаралар
жоспарланды.