Материалдар / Мектеп-интернат балаларын әлеуметтендіру моделі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп-интернат балаларын әлеуметтендіру моделі

Материал туралы қысқаша түсінік
Түзете-дамыту бөлігі – оқушылардың көру қабілеттерін түзету және дамыту, тіл дамуының кемшіліктерін түзету, танымдық іс-әрекеттерін, сезімдік-жігер, тұлға қасиеттерін дамыту;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Мамыр 2021
646
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп-интернат балаларын әлеуметтендіру моделі


Түзете-дамыту бөлігі – оқушылардың көру қабілеттерін түзету және дамыту, тіл дамуының кемшіліктерін түзету, танымдық іс-әрекеттерін, сезімдік-жігер, тұлға қасиеттерін дамыту;

•        Оқу-тәрбиелік бөлігі – оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жалпы білім беру пәндерінің мақсат-міндеттерін іске асыру;

•        Дене шынықтыру-сауықтыру бөлігі – дене шынықтыру, арнайы медициналық топ сабағы, сыныптан тыс уақыттардағы үстел теннисі, жеңіл атлетикамен, т.б. жаттығулармен айналысқан кездерде оқушылардың қозғалыс, дыбыс қабылдау дағдыларын дамыту;

•       Еңбекке дайындау және кәсіптік бағдар беру бөлігі.

Бірінші бөліктің мәселесі мектептің оқу жоспарына түзете-дамыту сабақтарын енгізу арқылы шешіледі: әлеуметтік-тұрмыстық бағдар, міндетті жекелік және топтық түзету сабақтары, тіл дамуы кемшіліктерін түзеу, түзеу ырғағы, танымдық әрекетін түзеу, емдік дене шынықтыру, айналадағы әлеммен танысу және тіл дамыту.

Түзете-дамыту бөлігінің құрамы:  педагог-дефектологтар, педагог-психолог, мұғалім-логопед, бейімделген дене шынықтыру және емдік дене шынықтыру мұғалімі. Жоғары психикалық функцияларды дамыту және түзету оқушылардың оқу материалдарын игеруін, әлеументтенуін жетілдіретін іс-әрекет. Мектепте оқушыларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдау ұйымдастырылған. Ол қолдау оқушылардың даму жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын көруге мүмкіндік береді. Осы нәтижелердің негізінде мұғалім-дефектологтар оқушымен жеке сараландық түзете-дамыту жұмысын жоспарлап жүргізіп отырады. Әріп танып, жаза алмай келген бала мектептен бастапқы кәсіптік дағдымен шығады.

Оқу-тәрбие жұмыстарының нәтижелі ұйымдастырылуы үшін мектепте барлық бастауыш сынып, қазақ тілі, орыс тілі, география, физика кабинеттері, спорт және музыкалық залдар жабдықталып, жұмыс жасайды. Түзету және жеке-топтық түзету сабақтары үшін – логопед, психолог, емдік дене шынықтыру, әлеуметтік-тұрмыстық бағдар кабинеттері мен сенсорлық бөлме жұмыс істейді. Оқушылардың еңбек және кәсіби дайындығын іске асыру үшін ағаш ісі, тігін ісі, сылау-сырлау шеберханалары жұмыс істейді. Мектеп педагогтары арнайы түзету мектептерінің талаптары мен пән бағдарламаларының талаптарына сай пәндер бойынша дидактикалық материалдарды мақсатпен таңдайды. Жұмыс тәжірибесі көптеген оқушыларымыздың белгілі бір деңгейде тұрмысқа бағдарланып, адамдар арасындағы қоғамдық нормалар мен тәртіптерді игергендерін көрсетеді. Психикалық дамуы тежелген балалар мектепте жұмыс істеп жатқан кешендік психологтық-педагогикалық жүйенің арқасында жұмыста жоғары нәтижеге жетіп, 100 %-дық үлгеріммен оңтайлы білім сапасын көрсетті. ПДТ 22 оқушы дамуындағы кемшіліктерін түзеп, психологтық-дәрігерлік-педагогикалық комиссия шешімі бойынша қала және облыс жалпы білім беру мектептеріне ауыстырылды. Мектептің оқу-тәрбие үрдісінің мақсаты білім ғана бермей оқушылардың әлеуметтік бейімделуіне және психологиялық ерекшеліктерін дамытуға жағдай жасау. Ал, педагогикалық үрдістің мақсаты – адамгершілігі бар, өзіндік іс-әрекетпен айналыса алатын, шығармашылық тұлға қалыптастыру. Осы жоғарыдағы мақсаттарға жету үшін педагогтар деңгейлік оқыту, модульдік, ойын, ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың, Монтессори, жоба әдістемелерінің, халық педагогикасының элементтерін қолдану арқылы оқушыларды оқу-тәрбиелік үрдістің белсенді, шығармашыл, дамитын тұлғасына айналдырды.

Педагогтарға ең маңыздысы оқу-тәрбие үрдісінің оңтайлы психологтық-педагогикалық жағдайы. Сабақтар барысында мәселелік жағдайлар, ізденіс-зерттеулік әдістер, ойын іс-әрекеттері қолданыла отырылып, әдістемелік жағынан сауатты және кәсіби тұрғыда жүргізіледі. Оқушылар ақжарқын, көңілді бейнелерімен, көздеріндегі жанған жанарларымен, жүректеріндегі сүйіспеншілігімен сабаққа келіп, кетіп отырса әр сабақ әр оқушыға қуаныштың кіші аралындай болады деп педагогтар бар күштерін салуда. Ең негізгісі олардың жан дүниесінде не болып жатқанын түсініп, әлемге олардың көдерімен қарап, әр сәттерін сүйіспеншілік пен жақсылыққа толтыру.Оқушылардың игерген білімдерін өз беттерімен әр түрлі жағдай барысында іс-тәжірибеде қолдануын бақылау үшін білім сапасының мониторингі жүргізіліп отырылады. Өз жұмыстарымыздың нәтижесін оқушыларымыздың пәндік олимпиада мен байқауларға қатысып, жүлдегер атануынан көреміз. Тәрбиелеу жүйесінің негізгі бөлігі оқудан тыс уақытты ұйымдастыру жұмыстары. Осындай іс-әрекет тәрбиеленушілерге бос уақыттарын әртүрлі, тиімді етіп өткізіп, мектеп командаларын құру, әртүрлі іс-шараларды дайындау, мектепті безендіру сияқты жұмыстар арқылы біріккен ұжым қалыптастыруға жағдай жасайды. Түзету мектебіндегі әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру жұмыстары барлық жас деңгейінің сабақтан тыс уақыттарында жүргізіледі.

Бастауыш сынып деңгейінде баланың ары қарай өмір сүруіне көмектесетін педагогтар, құрдастарымен қарым-қатынас тәжірибесін игереді. Әртүрлі әлеуметтік рөл кезінде өзін дұрыс ұстай алу дағдыларын қалыптастыруға, әлеуметтік-нормативтік мінез-құлықтарын тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінеді. 1–4 сыныптарда балаларға өзінің әлеуметпен қатынасын көруге, дайындық және тәжірибелік сабақтар арқылы мектепте, отбасында, қоғамдық орындарда мінез-құлық мәдениеті дағдыларын игеруіне ойынтерапиясы көмектеседі. 1 сыныпта бала өзінің оқушы, мектеп, сынып ұжымының мүшесі екенін түсінеді.

Орта буын жеткіншектерімен жұмыс істеудің негізгі мақсаты – балаларды бір-бірімен, жан-жағындағы басқа да адамдармен араласуға, өз ойын айтуға, өз қылығы мен жанындағы адамдардың қылықтарын талдауға үйрету. 5–7 сыныптарда оқушылардың әлеуметтенуіне бағытталған белсенді іс-әрекет түрлерінен тұратын «Мен және біз», «Бәрін білгім келеді», «Сынып жинағындағы біздің жетістіктеріміз», «Тату-тәтті сынып» сияқты сыныптық тәрбиелік бағдарламалар енгізілген. Педагогтар оқушыларының адамгершілік құндылықтарды түсінуі үшін біреудің тұлғасын қастерлей отыра өз абыройы мен қадірін бағалататын педагогикалық жағдайларды қолданады. Топтық іс-әрекет кезінде тәрбиеленушілер адамгершілік қасиеттерін игереді, жанжалды жағдайларды шешуді үйренеді. Бұл сабақтан тыс іс-әрекет «Патриот» бағдарламасымен сай. Онда балалар «Қазақстан азаматы», «азаматтың міндеттері мен талаптары» сияқты ұғымдар қолданылады. Жоғары сынып оқушыларының әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру үшін қоғамда өз құқықтарының әлеуметтік құндылығын түсінуіне «Мен – Қазақстан Республикасының азаматымын», «Маман» атты бағдарламалары көмектеседі. Белсенді және ерекше белсенді тәсілдерді қолданатын бұл бағдарламалар гуманистік этикалық құндылықтарды игеруіне, жалпы адамгершілік қасиеттерге сүйене отырып әртүрлі өмірлік жағдайларда өзін ұстай алу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Жоғары сынып оқушылары мектептің өмірлік іс-әрекеті мәселесін шешу үшін өзін басқару жұмысына белсенді қатынасады. Олардың бойында өз шешімі, мінезіне ғана емес басқа да балалардың (әсіресе, бастауыш сынып оқушылары) қимылы мен мінезіне жауапкершілік қалыптасты.

Мектептің негізгі ұжымдық істері:
-бос уақыттарының іс-шараларын ұйымдастыру;
-пәндік онкүндіктер өткізу;
-қаланың әртүрлі қызмет орындары мен ұжымдарының қызықты қызметкерлерімен кездесу;
-мектеп үйірмелері мен секция жұмыстары;
-қайырымдық акцияларына қатынасу;
-еңбек десанты.

Үйірме жұмысының жүйесі тәрбиелік іс-шаралармен тығыз байланыста. Жұмыс ұжымдық шығармашылық іс-әрекет, оқушылардың мүмкіндіктерін дамыту, дені сау құрбылары арасында өзін көрсетіп, тіл табыса алып, сіңіп кету принциптері бойынша жасалады. Бұл іс-шаралар ұлттық дәстүрге сүйене отырып қосымша білім беру барсында іске асып отырады. Оқушыларымыз әртүрлі байқау, көрме, фестиваль, жарыстарға қатысып қана қоймай жүлделі орын алып жүр. Әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру жұмысына оқушылар дамуының әлеуметтік, қарым-қатынас, тұлғалық қалыптасу ортасын ұйымдастыруға арналған іс-шаралар. Егер интернат ішіндегі өмірді «кіші әлеумет» десек, сырттағы өмір «үлкен әлеуметтік» деп қарастыруға болады. «Кіші әлеумет» ішінде ең ашық, есте қалатын істер-ұжымдық шығармашылық шаралар. Ең сүйікті мереклер - «Білім күні», «Мұғалімдер мерекесі», «Күз мерекесі», «Наурыз мейрамы» және т.б. «Салауатты өмір салты үшін», «Бала құқығы», «Абайла, балалар», «Жағымсыз қылықтармен күрес» сияқты апталық, онкүндіктер өтіп тұрады.

Біздің тәрбиеленушілер жалпымектепішілік іс-шаралардың белсенді қатысушылары. Жалпымектепішілік іс-шаралар оқушыларды көңілдендіретін, сезімдерге орайтын оқиғаларға толы мерекелер. Олар мерекелерді күтіп, бар ынталарымен дайындалады. Өлең жаттап, ән, би үйреніп, бөлмелерді безендіреді. Осы іс-шаралар жоғары әдістемелік деңгейде, жақсы көңіл-күймен өткізіледі. Жалпымектепішілік іс-шаралар кезінде әлеуметтік білім, білік, дағдылар қалыптасты. Дәстүр бойынша мектепте оқушыларды әлеуметтендіруге көмектесетін пәндік онкүндіктер өтеді: мемлекеттік тіл, еңбекке оқыту, бастауыш сынып, орыс тілі мен оқу, математика мен информатика, тәрбиешілер, т.б. Біздің тәрбиеленушілеріміздің «үлкен әлеуметтікке» шығу үшін саяхаттар көмектеседі: облыстық өлкетану мұражайына, кітапханаға, поштаға, дәріханаға, автобекетке т.б. Олар осы іс-шараларда барынша ашылып, ақжарқындық танытып, өзара көмек көрсетіп, балалар мен үлкендер арасында қарым-қатынас қалыптасады. Әлеуметтік-бейімделген тұлға дамытып, тәрбиелеу жабық ортада өтпейді. Әлеуметтік байланыс жүйесі біздің мектеп-интернатта балалар тағдырына бейтарап қарамайтын мекемелермен байланыста өтеді.

Біз бірыңғай білім беру аумағында жұмыс істеп жатырмыз. Өткізіліп жатқан кешендік жұмыстардың нәтижесі – өздерімен тетелес қалыпты дамып жатқан балалармен қарым-қатынас жасай алу, үлкен кісілермен бірге іс-әрекет жасай білу. Сол себептен олармен бірге кіші футболдан, үстел теннисінен спорттық турнирлер өткіземіз. Әрине, даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар нәтижелі әлеуметтенуі мүмкін. Сондықтан да біз үшін ең негізгі мақсат – алға қойған бағытта жұмысты жалғастыру: қоғамдық ұйымдармен бірігіп жұмыс жасау, қызықты адамдармен кездесулер ұйымдастыру, саяхаттар өткізу. Тәрбиеленушілеріміз «үлкен әлеуметтікке» жататын әртүрлі ұйымдар мен бірлестіктер мүшелерімен қатынас жасай алады..

Сабақтан тыс іс-әрекеттің келесі бағыты - спорттық-сауықтыру жұмысы. Бұл бағытта денсаулық және спорт апталықтары, салауатты өмір салтын насихаттайтын көңілді мәре, ойындар енгізілген күнделікті спорт сағаттары. Әлеуметтік оңалтудың физикалық бағыты оқушылардың физикалық жаттыққандығын, белсенділігін арттырды. Бұл дағдылар мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтенуіне зор маңызын тигізеді. Себебі олар келешекте көбінесе күш салу еңбегімен айналысады. Білім мен тәрбие беру үрдісіне денсаулық сақтау технологиялары, оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғап, сақтауға бағытталған іс-шаралары енгізілді. Осы мақсаттарға жетудің негізгі жолы – әр оқушынының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін есепке ала отырып әрқайсысын іс-әрекетке араластыру. Тәрбиеленушілер арасында наркотикалық және психотроптық заттар қолданудың алдын алу үшін педагогтар бақылау, әңгімелесу, жеке әңгімелесулер, сауалнамалар өткізіп отырады.

Денсаулық сақтау ортасы жоспарлағанда кезектілікті сақтаймыз: 
- оқушылардың денсаулығын диагностикалау, қоғамға бейімдеп, кіріктіру; 
- бір-бірімен қатынас жасай алатын, бір жақты ойлай алатын жоспарлаудың негізі болатын топ қалыптастыру; 
- тұлға қалыптастыратын, кешендік оңалту және дамыта түзетуді қамтамасыз ететін мектептің өмірлік іс-әрекет моделін әзірлеу, яғни түзете білім беру мекемесінің денсаулық сақтау ортасы болу.

Ол үшін мектеп-интернатта жыл сайын Денсаулық күндері, спорттық-жалпылама іс-шаралар, тақырыптық әңгімелер т.б.өткізіліп отырылады. Оқушыларымыз спорттық жарыстарда да көптеген жетістіктерге жетіп отырады.

 Бейімделудің негізгі бағытының бірі – еңбек. Ол әртүрлі іс-шаралар арқылы іске асады. Оқушыларды еңбекке оқытудың мақсаттары: еңбек етуге деген қызығушылыққа тәрбиелеу, тұлғаға қажетті қасиеттерді қалыптастыру (ұжым ішінде жұмыс істей білу, өз бетімен іс-әрекет жасай білу, жауапкершілік), еңбекке оқыту құралдары арқылы физикалық және ақыл-ой кемшіліктерін түзету. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып, тәрбиелеуде бұзылыстарын нәтижелі түзетіп, психологтық-педагогикалық оңалтуға оңтайлы жағдай жасау арқылы оларды әлеуметтік-еңбекке бейімдеу және қоғам ішінде өмір сүруге араластыру біздің мектептің ең негізгі мақсаты екенін естен шығармаймыз. Ол үшін оқушыларға дұрыс кәсіптік бағдар беруден бастаймыз. Педагогтарымыз еңбекке оқыту пәнінің мамандықтары бойынша авторлық бағдарламалар жасайды. Кәсіптік бағдар беру, еңбек дағдыларын қалыптастыру, кәсіптік оқыту еңбекке оқыту сабақтарында іске асады. Сондықтан да ол сабақтардың ұйымдастырылып, өткізілуіне зор көңіл бөлінеді.

Қоғамның сұранысы және мектептің материалдық-техникалық базасына байланысты кәсіптік еңбекке оқыту мына бағыттар бойынша жүргізіледі: ағаш шебері ісі, тігін ісі, сылау-сырлау ісі.  Ағаш шебері ісі сабақтарында оқушылар ағаш шеберінің құралдарымен жұмыс істеуді, олардың қолдануын, ағашты өңдеудің қарапайым жұмыс түрлерін игерсе, тігін ісі сабақтарында өздеріне, мектепке қажетті қарапайым заттарды тігіп үйренеді. Мектепте негізі орын алатын тағы да сылау-сырлау сабақтары. Ол сабақтарда оқушылар мамандық бойынша тек теориялық білім ғана алмай, бөлмелердің кіші гірім жөндеу жұмыстарына көмектеседі. Еңбекке оқыту сабақтарында алған білім мен дағдыларын әртүрлі республикалық, облыстық балалар шығармашылық көрмелері мен облыстық кәсіби шеберлер байқауында көрсетіп отырады.

Соңғы уақытта мектепте орташа, ауыр интеллектуалдық бұзылыстары бар оқушылар саны көбеюде. Бұл балалар кәсіп алды дайындық бағдарламаларын игере алмайды. Сондықтан мектебімізде әдеттегі «ағаш шебері ісі», «тігін ісі», «сылау-сырлау ісі» мамандықтарынан басқа «кіші қызмет көрсету қызметшісін дайындау» мамандығы бойынша бағыт ұйымдастырылды. Мектеп педагогтары тәрбиеленушілердің қызығушылықтарын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін зерттей отыра олардың өзіне деген сенімділік пен қоршаған ортасындағы адамдардың құрметіне ие болатындай істерге араластырады. Ол үшін мектепте тәрбиеленушілердің өз қабілеттерін ашатын, өздерін көрсете алатын еңбек бағытындағы әр түрлі үйірмелер жұмыс істейді. Интеллектуалдық бұзылыстары орташа балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында және де жаңа экономикалық жағдайда ол түлектерді әрі қарай қорғау үшін педагогикалық ұжым «Көкөніс өсіруші», «Бақша жұмысшысы» және де сол сияқты жаңа мамандық түрлерін енгізбекші. Ол да педагогтар тарапынан жаңа көзқарас, жаңа ізденісті талап ететіні сөзсіз. Мектеп алдында тұрған оқушыларды әлеуметтендірудің тағы да бір мақсаты – кәсіптік бағдар жұмысы және түлектерді жұмысқа орналастыру. Қазіргі уақытта қаланың мына оқу орындарымен қатынас жолға қойылған:

Даму мүмкіндігі шектеулі оқушыларымыздың кәсіптік дайындығы мен оларды еңбекке араластыру мәселелері үнемі педагогикалық ұжымның алдында тұрады. Себебі ол мәселелердің шешілуінен осы түлектеріміздің алдағы өмірі анықталады. Жоғарыда атап кеткендей олардың денсаулық жағынан кемшіліктері болса, екінші жағынан отбасыларының әлеуметтік деңгейі төмен. Егерде де, арнайы мектеп-интернат түлектері жұмысшы мамандықтары бойынша диплом алса, мейлінше әлеуметтік-еңбек бейімділігінен өтер еді. Ол үшін барлық қажетті жағдайлар жасау қажет емес пе. Олар: қосымша кәсіптік орын, заманауи құрылғы-материалдар. Мектептің келешегінде басқа да шеберханалар ашу, толықтыру жұмыстары тұр. Осы мәселелерді шешу мына жоспарларды іске асыруға көмектеседі:

Педагогтарымыз осы даму мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызды өздерінің қолы жетімді іс-әрекетіне баулу, қоғамның тең құқықты тұлғасы ету, өзінің қоғамға, үйіне жеке құндылығын түсіндіру арқылы көмектесуге үнемі дайын. Осының барлығы балалардың қарым-қатынастық дағдысын дамытуға, жан-жақтылығы мен қатынас жасау аумағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Түлектеріміздің «үлкен өмір жолына» бейімделу мен араласып кету ерекшеліктерін зерделеу оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнын жоспарлауға мүмкіндік береді. Оған қоса біздің тәрбиеленушілеріміз интернатта өмірде өз орнын табатын толыққанды өмір сүру тәжірибесін алсын деп оқу-тәрбие үрдісін оңтайлы ұйымдастыруға тырысамыз. Педагогикалық ұжым – бір жақты ойлайтын, шығармашылық тұлғалар біріккен, өз ісін білетін мамандар тобы. Біз тәрбиеленушілеріміздің даму кемшіліктерін кешенді түзетуге, олардың компенсаторлық даму механизмдерін қалыптастыруға, біздің педагогтар тарапынан білікті көмек алуға жағдай жасаймыз. Біз әр оқушымыздың жетістігіне қуанамыз! Нақтылы өмірлік жоспары бар, өз бос уақытын ұйымдасқан түрде өткізетін, оқуды жалғастырған, соңғы уақыттарда нақты жалақылары бар түлектеріміздің саны артуда. Ұстанған бағыттарымыздың дұрыстығын түлектеріміздің әлеуметтену үрдісінің жағымды динамикасынан көреміз.

«Даму мүмкіндігі шектеулі адамдар басқа адамдарды мейірімділік пен жанашарлыққа үйрету үшін өмірге келді, яғни басқа адамдарға өздерін қорғау жолын ашуға көмектесу үшін» («Люди с нарушениями пришли в наш мир, чтобы научить других доброте и милосердию, то есть, чтобы помочь остальным людям открыть для себя путь к спасению») Жан Ванье.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!