Мектеп және отбасы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп және отбасы

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мектеп және отбасы" атты мақала. Отбасындағы бала тәрбиесінің маңыздылығы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп және отбасы.


Отбасы-бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Ата-ана және отбасы мүшелері бала дүниеге келген күннен бастап, оның тіршілік әрекетін ұйымдастырады, яғни, оның өміріне қамқорлық жасайды, болашағын жоспарлайды, саналы азамат болып өсуі үшін барлық мүмкіндікті жасайды. Әлеуметтік -экономикалық, танымдық-білімдік деңгейлеріне сәйкес балаларына дене, ой еңбегін үйретеді, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға, жақсылықты үйреніп, кішіпейілдікке, жамандықтан жиренуге баулиды,т.с.


Отбасындағы бала тәрбиесінің қандай параметрі басым, қандай деңгейінің төмен екенін мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің оқу-тәрбие саласында жүргізілетін іс-шаралар барысында анғару әбден мүмкін.


Суықбұлақ орта мектебінің 1 сынып оқушыларының бойында бар өнерін алғаш рет көпшілік алдында паш етуіне мүмкіндік ретінде “ Екі жұлдыз” сайысы ұйымдастырылды.Бұл шара отбасы мүшелерінің бала тәрбиесіндегі жауапкершілік деңгейін анықтаудың бірден -бір құралы болды. “Бала адамның бауыр еті”, “Бала өмірдің жалғасы” дегендей, баладан бар жақсылығын кім аясын? Ата -аналардың түгелі дерлік шарқ ұрып, жанұшыра дайындыққа белсене кірісті. Алайда “ Бес саусақ бірдей емес” деген емес пе, бірді-екілі немқұрайды отбасылары да болды. Ата-анасы не келмеді. Мысалы: Раяна қыздың ән айтуға дарыны жеткілікті- ақ екен. Оның осы қасиетін мейірімі мол, қайырымды ана- Шолпан арқасында танылды десек артық айтқан болмас едік. Шолпан оған ән тандап, әуенің тауып, өзінің мұғалімімен дайындық жасатып жүрді. Өзінің дарының, өзге отбасы мүшелерінің көмегінің нәтижесінде Раяна “Жүзден жүйрік” шығып, 1-орынды иеленді. Кейбір ата-аналар кеш те болса келіп, балаларының қуаныштарын да сездірмеді. Бұл отбасындағы рухани-адамгершілік, мәдени-ағартушылық, таным-білімділік деңгейінің төмендігі шығар?..

Кіп -кішкентай, сүйкімді нағыз балапандардың әрқайсысының киім таңдау, әнге әуен жаздыру ерекшеліктері отбасы сапасының әлеуметтік-экономикалық параметірінің деңгейін көрсетсе, олардың сахнада өзін-өзі ұстауы, әнді нақышына келтіре, шебер орындауы отбасында бала қызығушылығың қабілетті бейімдділігі мен шығармашылығын ескерту деңгейінің шамасы көрсетті.

Бәрі әдемі, бәрі жарасымды болды. Балапандардың өнерін тамашалауға естіген, көргенің бәрі ынықты. Сайыстың аты-сайыс. Біреуі жеңіп, бірі жеңілді. Өнерлі озады. Дегенмен, өнерді шын бағалауға өзімшілдіктері дес бермей, баласына берілген бағаға көңілі толмаған ата-аналар да болды.

Мектептің оқу-тірбие ісінің меңгерушісі де әр баланың өнеріне жеке мән бере бақыла отырса керек, құттықтау-қорытынды сөз айта келе, әр баланың қылығына, өнеріне сәйкес орын беріп, балалар мен ата-аналардың көңіл-күйін көтеріп қойды.

Отбасының басты міндеті-бала тәрбиесі. “ Еңбке етсе кімде-кім, алтын жеміс тереді” демекші, еңбегіміздің жемісі көңілдегідей болсын десек, тәрбиені босансытып алмайық.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.02.2025
167
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі