400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мектеп жанындағы оқу тәжірбие үлескісіндегі бір жылдық гүлді өсімдіктерді өсіру ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда теориялық білімдерін практикада пайдалана білуде мектеп жанындағы оқу-тәрбие үлескісінің маңызы өте зор. Оқу-тәжірибе үлескісінде жұмыс орындау барысында оқушыларды ұйымдастырушылық, ұжымдық дағдылары, еңбек мәдениеті, эстетикалық сезім, өсімдіктерді өсіріп, баптап-күту дағдылары қальштасып тәрбиеленеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕП ЖАНЫНДАҒЫ ОҚУ ТӘЖІРИБЕ ҮЛЕСКІСІНДЕГІ БІР ЖЫЛДЫҚ ГҮЛДІ ӨСІМДІКТЕРДІ ӨСІРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Шарафадинова А.М 4-курс студенті

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Ақтөбе қ.

Е-mail: : sharafadinovaa04@mail.ru


Кілттік сөздер: мектеп үлескісі, агробиологиялық тәрбие, фенологиялық бақылау, танымдық-шығармашылық ізденістері

Ключевые слова: школьный участок, агробиологическое воспитание, фенологический контроль, познавательно-творческие поиски

Keywords: school plot ,agrobiological education, phenological control, cognitive and creative searches





Түйіндеме

Оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда теориялық білімдерін практикада пайдалана білуде мектеп жанындағы оқу-тәрбие үлескісінің маңызы өте зор. Оқу-тәжірибе үлескісінде жұмыс орындау барысында оқушыларды ұйымдастырушылық, ұжымдық дағдылары, еңбек мәдениеті, эстетикалық сезім, өсімдіктерді өсіріп, баптап-күту дағдылары қальштасып тәрбиеленеді.

Аннотация


Большое значение имеет учебно-воспитательный участок при школе для углубления полученных знаний учащихся по биологии, использования теоретических знаний на практике в развитии познавательных интересов и творческих способностей. В процессе выполнения учебно-практической работы учащиеся воспитываются организаторскими, коллективными навыками, культурой труда, эстетическими чувствами, навыками ухода и выращивания растений.

Аnnotation


The educational site at the school is of great importance for deepening the students' knowledge of biology, using theoretical knowledge in practice in the development of cognitive interests and creative abilities. In the process of performing educational and practical work, pupils are brought up with organizational, collective skills, work culture, aesthetic feelings, skills of caring and growing plants.



Биологиядағы мектеп жанындағы үлескіні ұйымдастыру - оқушыларды белсенділікке еңбек пен қоғамдық іс-әрекетке дайындау, еңбекке шығармашылық қатынасын дамыту,өсімдіктердің түрлерін ажыратып, өсіру болып табылады.Оқушылар мектеп үлескісінде өздерінің биологиядан алған теориялық білімдерін тірі өсімдіктермен жұмыс істей отырып тереңдетіп бекітеді. Олар ауыл шаруашылық өсімдіктерін өсіру әдісітерін түсіне отырып, белгілі бір жүйеде жұмыс істеуге дағдыланады. Үлескеде жұмыс істей отырып оқушылар ұйымдастырушылыққа, ұжымда жұмыс істеуге, еңбек мәдениетіне, эстетикалық сезімге, өсімдіктерді көбейту арқылы табиғатты қалпына келтіруге қажетті дағдыларды меңгереді [2].

Мектеп оқу-тәжірибе үлескісінде күзде және көктемде 5-7 сыныптарда практикалық жұмыстар, сабақтан тыс тәжірибелерді қою және фенологиялық бақылаулар жасалады. Таратпа және көрнекілік материалдар дайындауға болады. Оқу-тәжірибе үлескісінде бағдарлама бойынша оқылатын өсімдіктер болуы керек. Олар: егістік, көкөністер, дақылдар, жеміс-жидек, декоративтік және жабайы өсімдіктер [4]. Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың түрлі әдістері бар. Оқушылардың биология сабағына белсендіру алдымен қызықтыру үшін мектеп жанындағы үлескіні ұйымдастыру керек.Оқу-тәрбие жұмысында әр-түрлі оқыту құралдарын пайдалану, олардың дидактикалық мүмкіншіліктерін одан әрі жетілдіру үлкен мәселе.
Мектеп жанындағы үлескінің негізгі міндеттері:

  • Оқушылардың қоғамдық пайдалы өнімді еңбек ету барысында туындайтын күнделікті практикалық мәселерді шешуде ауылшаруашылығы тәжірибелерін пайдалануға саналы түрде ұмтылуын қалыптастыру.


  • Мәдени өсімдіктерді өсіруге оқушылардың қол жетерліктей білігі мен дағдысын қалыптастыру.


  • Қоршаған ортамен қарым-қатынасты үйрету арқылы мектеп оқушыларына берілетін экологиялық тәрбиені іске асыру, ауылшаруашылық жұмыстарын жүргізгендегі табиғатты қорғау шараларымен таныстыру.


  • Мектептің оқу-тәжірибе үлескісінде өсімдіктер өсіру кезінде оқытуды ауылшаруашылығы еңбегімен тығыз да жоспарлы түрде байланыстыруды іске асыру.


  • Өсімдік шаруашылығы негіздерінен алған білімдерін оқушыларды ауылшаруашылығы мамандығына бағдарлау және еңбекке баулу мақсаттарына пайдалану.


Мектеп жанындағы үлескіде мынадай бөлімдер болуы керек:
1. Бастауыш сынып оқушыларымен сабақ өткізілетін бөлім. (өсімдік морфологиясы бойынша дүниетану сабақтары).
2. Көп танапты ауыспалы егістікке егілетін дала дақылдары мен көкөніс дақылдары бөлімі.
3. Оқушылармен жүргізілетін практикалық талаптарға сәйкес жылыжайлар мен көшеттер бөлімі.
Мектептің оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын ұйымдастыруда ең бірінші алаңның топырағына көңіл аударған абзал. Себебі, топырақ құрамы мен құрылымы өсімдіктің өсуі мен гүлдеу мерзіміне, алынатын өнім түсіміне тікелей әсер етеді. Сондықтан оқу-тәжірибе үлескісінің алаңын топырақпен қамтамасыз ету мен оны танаптарға орналастыруға мұқият қарау қажет. Мектеп алаңынан өнімді мол алу үшін ауыспалы егістік технологиясын пайдаланған дұрыс. Көптеген өсімдіктер, мысалы қызанақ, картоп, тамыржемістер (сәбіз, қызылша, шалқан), үрмебұршақ және пияз көң мен қарашірікті, оның үстіне минералды тыңайтқыштарды есептеп шашуды талап етеді
[1].
Әрине, тәжірибе күрделі климат, топырақ және ылғалдың түрлі жерлерінде жасалады. Сондықтан тәжірибе нәтижесі әр түрлі болары сөзсіз. Алайда тәжірибе дәл және анық болуы үшін барлық жүргізілетін есеп болуы абзал. Өйткені барлық мәлімет мынадай құжаттар арқылы жүргізіледі:
1) Күнделік дәптері
2) Тіркеу журналы
Күнделікке оқушылардың күнделікті бақылаған мәліметі жазылады. Онда күнделікті болған өзгерістер (өскіннің өсуі, гүлдеуі т.б.) ауа райында болған құбылыстар (фенологиялық бақылау), жасалған күтім (суару, түптеу, шөптеу, т.б.) жазылады.
Тіркеу журналыңда жер аумағы, өсімдік тарихы, топырақ сипаттамасы тәжірибе алаңының сызбасы, ауданы, тәжірибе жұмысының жоспары, аудан бұрынғы дақыл жөнінде мәліметтер, 1 га шаққанда алынған өнім, есептеу қорытынды жазылады. Оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын дұрыс жоспарлаудың маңызы зор. Әрине, жоспарлау кезінде топырақтың құрамы мен құрылымын, өсімдіктің вегетациялық кезеңін, жергілікті жерде өсіруге ауа райының қолайлығын ескерген жөн. Сондай-ақ, жас кезінде дақылдарды күтіп, баптау үшін оқушылардың жазғы еңбек практикасын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор
[3].
Топ мүшелерінің еңбек практикасын биология пәні мұғалімдері бақылап, ұйымдастырып отырады. Топ мүшелері бірінші күні жұмысын бастарда мектеп үлескісінде жұмыс істеу кезіндегі сақтық ережесімен танысып, журналға қол қояды. Ал бақылаушы, үйретуші мұғалім жұмыс түрлерін белгілеп, оны орындау жолдарын көрсетіп, тәжірибе күнделігін жүргізуді реттеп, оқушылардың келгендері туралы журналға белгілеп отырады. Оқушылардың жазғы еңбек практикасы үлескіде өскен дақылдарды күтіп баптау, өнімін жинау жұмыстарымен бірге пәнге байланысты, оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып, шығармашылыққа тәрбиелейді. Оқу-тәжірибе үлескісінің жұмысын дұрыс жоспарлау барысында мынадай педагогикалық міндеттер жүзеге асады:
1. Оқушылардың танымдық қабілеттері артады.
2. Теориялық білімнің практикамен байланысуы.
3. Оқушыларды еңбеккерлікке, іскерлікке тәрбиелеу.
4. Ізеттілікке тәрбиелеу (кішіге қамқор болу).
5. Агробиологиялық тәрбие беріледі.
6. Экономикалық білім беріледі.
7. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Сондықтан да оқушыларға жан-жақты, саналы білім беруде, оларды өзіндік зерттеушілік еңбекке баулып, еңбек ете жүріп танымдық қабілеттерін дамытуда мектеп жанындағы оқу тәжірибе үлескісінің берері мол. Сабақтан кейін оқушылар өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайлы оқытушыдан көп мағлұмат беруді сұрайды. Оқушылардың қызығушылығын қанағаттандыру үшін, танымдық қабілетін арттыру үшін мұғалім оқушыларды сыныптан және мектептен тыс жұмыстарға тартуы керек.
Оқушыларды логикалық тұрғыда қүрылған, айқын, нақты жоспарлармен жүмыс істеу, икем дағдыларын қалыптастыру қажет. Бұл мәселені іске асыру үшін оқу-тәжірибе үлескісінде көлемді педагогикалық мүмкіншіліктер баршылық. Алғашқы кезекте, оқу -тәжірибе үлескісін, ондағы егістік жөне отырғызу жұмытстарын педагогикалық түрғыдан ойластырылған, ұйымдастыру және жоспарлау жұмыстары тұр. Оқушылар мектеп үлескісінде жұмыс істей отырьш, өздерінің биология пәндерінен алған білімдерін өсімдіктер нәтижесінде кеңейтіп, бекітеді. Оқу-тәжірибе үлескісінде жұмыс орындау барысында оқушыларды ұйымдастырушылық, ұжымдық дағдылары, еңбек мәдениеті, эстетикалық сезім, өсімдіктерді өсіріп, баптап-күту дағдылары қалыптасып тәрбиеленеді.
Қорыта айқанда, орта мектепте биология пәнін оқыту үрдісінде тірі табиғат материалдарын пайдалану арқылы оқыту оқушылардың танымдық-шығармашылық ізденістерін дамытады. Сабақтың өнімділігі артып, оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді.
Оқушылардың биология пәні бойынша алған білімдерін тереңдете отырып, танымдық қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда теориялық білімдерін практикада пайдалана білуде, мектеп жанындағы оқу-тәрбие үлескісі маңызды рөл атқарады.




Пайдаланылған әдебиеттер


1. Учебно-опытная работа на пришкольном участке: Пособие для учителей/ М.А. Папорков, Н.И. Клинковская, Е.С. Милованова. −М.: Просвещение, 1980.− 255 с., ил. (б-ка учителя биологии).

2. Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік журналы, Гүлстан. Алматы 2013, No4,5;

3. Қоршаған әлемді оқыту әдістемесі: оқу-әдістемелік құралы/ Алипбаева Г. А., Нурова А. К. – Қостанай: ҚМПУ баспасы, 2019. – 135 бет.

Алипбаева Г. А., Нурова А. К.

4. Құрманбаев С.К. Мектеп жанындағы учаскелерде көкөніс дақылдарымен тәжірибе жүргізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар. Семей 1995, б 18



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
13 наурыз
982
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі