400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі бала тұлғасының қалыптасуына отбасының ықпалы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақи ұлттық сана қалыптасқан тұлға тәрбиелеуде әр отбасының жауапкершілік жүгінің ауыр екенін айтқым келеді.Соны әр ата-ана түбегейлі түсінсе екен деймін.Бала бар құндылықты,алдымен, отбасынан сіңіретінін ұмытпасақ екен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі бала тұлғасының қалыптасуына отбасының ықпалы


Бұлақ көзін ашудың басы отбасынан басталады. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіруде шағын Отанның орны ерекше дер едім. Дана Абай өрнектеген бала дамуының алғашқы баспалдағындағы балалар, алдымен, ата-ана тәлімін көреді. Баланы жан-жақты дамытуда ата-әженің де еңбегін айтпай кетуге болмас. Неге десеңіз әр баланың ұлтжанды, парасатты ұрпақ болып қалыптасуына үлкендер жағы атсалысады. Күн сайын ата-ананың сөзін тыңдап, әрекетін көрген баланың жаман болуы мүмкін емес деп ойлаймын. Сондықтан жас ұрпақтың саналы, өнегелі, зерделі болуына отбасының ықпалы зор деп айта аламын.

Біріншіден, отбасындағы тиімді коммуникация баланың тұлға болып қалыптасуына әсер етеді. Меніңше, қазақ халқының қонақжайлылығын бала тәрбиесінде керемет етіп қолдануға болады. Себебі қонақққа барамыз, қонақ шақырмай тұра алмаймыз. Солай емес пе? Сол сәттерде құлақ құрышын қандырар әңгімені балаға тыңдатуымыз қажет. Тұшымды әңгіме бала өміріне сөзсіз әсер етеді. Құндылықтарды бойына осылайша дарытады. Шығармаларды оқып отырсақ, ауылға жыршылар, серілер келгенде міндетті түрде балаларды төрге отырғызған. Осы салт қазір де жақсы жағынан орын алуы тиіс деп есептеймін. Бала естігенін тез сіңіреді, неге десеңіз оның әлемі – таза әлем. Демек, бала бойындағы адами қасиетті дамытудың бір факторы – сөйлесу, оларды тыңдау, жадына құндылықты құю.

Екіншіден, баланың ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыруда ұлттық ойынның оң нәтиже беретінін байқап жүрмін. Қазіргі уақытта ұлттық ойындарды отбасында үлкендер мен кішілер боп ойнайтындардың саны артып келеді. Әрине, көңіл қуантады. Мысалы, күнделікті «Соқыртеке», «Ханталапай», «Теңге ілу» сияқты ойындармен баланың шыңдалатынын байқадым. Болашақ тұлғаны қалыптастыру мақсатында әр баланың патриот болып өсуіне мен де өз үлесімді қосып жүрмін. Сондықтан көсегемізді көгертеміз десек, жас буынның бойына құндылықты сіңіре білгеніміз дұрыс.

Үшіншіден, бүгінгі жас ұрпақты дамытуда ата-анамен бірлескен жұмыстың нәтижелі екеніне көз жеткіздім. Мысалы, «Бала естігенін айтады, көргенін істейді» деген халық нақылына сүйенетін болсақ, балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ата-анамен бірлесе жұмыс жасағанды жаным сүйеді. Мақал-мәтел, ертегілер, жұмбақ және айтыс өнері арқылы баланың бойына ұлтжандылық қасиеттерін сіңіруде ата-ананың еңбегі зор деп айта аламын. Демек, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың бала тәрбиесіне оң нәтижесін беретінін айтқым келеді.

Сөзімді қорытындылай келе, ­қазақи ұлттық сана қалыптасқан тұлға тәрбиелеуде әр отбасының жауапкершілік жүгінің ауыр екенін айтқым келеді. Соны әр ата-ана түбегейлі түсінсе екен деймін. Бала бар құндылықты, алдымен, отбасынан сіңіретінін ұмытпасақ екен.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 наурыз
149
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі