МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР
Абдирахманова З.Б. –
«Болашақ» колледжі
оқытушысы
«Болашақ» колледжі, Шымкент қаласы
Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Осы жағдайларды ескере отырып жас ерекшеліктеріне байланысты балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жұмыстарына тоқталайық. Баланың психикасы ойын арқылы өзгеріп қалыптасады, мектепке дайындалады. Өзі басқалардың қылығына баға беруге үйреніп, өмірді тани бастайды. Баланың ойыны арқылы оның қалай өсіп келе жатқанына баға бере аламыз, қисық жерін түзетуге кірісеміз. Қазақ «Баланы жастан» деп тегін айтпайды. Ойын арқылы бала өзінің қалай өсіп, дамып келе жатқанын білдіреді. Ойын-экспериментті құрал. Ойынның ішінде сюжеттік ойындар бар. Ол өзінше спектакль. Сондықтан біріншіден, ересектер осы бір қолайлы жайтты ұтымды пайдаланғаны жөн. Рөлдік, сюжеттік ойындарда мынаны есте сақтағаны дұрыс:
-біріншіден, жас балалардың ойынына араласпай, мұқият бақылау;
-екіншіден, осы бақылаудан қорытынды шығару;
-үшіншіден, кемшіліктерді түзеуге ойындық әдіс –тәсілдерді қолдану.
Ойын барысына араласу, түзетулер енгізу, ескерту жасау, бақылау, балалардың ойынын бұзады, жалтақ қылады, оның дамуына кесірін тигізеді.
Ересектер рөлдік ойындардың сюжетіне зер салғаны жөн. Себебі осы ойындар балаларды қатыгездік, жүрексіздік, өзімшіл, өркөкірек сияқты мінезді қалыптастырып жүрмесін. Содан баланы сақтау керек. Ойын баланы жалықтырмауы керек. Себебі күндегі бір сарынды ойын өзінің тәрбиелік құндылығын жоғалтады. Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала іс-әрекеттерінің түрлеріне де ауысады. Сондай-ақ мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-әрекеттер үздіксіз күрделілене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай, көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды. Мысалы, мектепке дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме, ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Пайдаланылатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады. Егер 6 жасар бала ойынмен айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Ойын элементтерін енгізуге және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп болып табылады.
Балабақшада жас ерекшелігіне байланысты ойналатын ойындарға тоқтала кетейік:
-
1 жастан бастап 2 жасқа дейінгі ерте жастағы топтарда ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті шағын топпен күннің бірінші және екінші жартысында жүргізіледі. Ерте жастағы балалардың психофизиологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру салаларындағы барлық тақырыптар бір ай ішінде білім, білік, дағдыларды жалпылап, бекіту мақсатында 2-3 рет қайталануы мүмкін. Балалардың дербес іс-әрекеттерін ұйымдастыруда жақсы көңіл күйге жағдай құру ерекше мәнге ие. Балаларға арналған қимылды ойындар (мысалы, айнамен шағылыстырған күн сәулесін, сабын көбіктерін ұстап алу), бұрамалы ойыншықтарды, таныс қуыршақ театрының кейіпкерлерін (доппен ойнайтын, сүт ішетін, киімге тырмысып өрмелейтін мысық) көрсету. Қозғалыс белсенділігін қажет ететін ойыншықтар және жабдықтармен қамтамасыз етіп, олардың орындарын жиі ауыстырып, баланың қолы жететін жерге автодидактикалық, ойын материалдарын орналастырумен, балалардың жеке қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, тәрбиелеу және дамыту міндеттеріне сүйене отырып, дидактикалық және ойын материалдарымен қамтамасыз етілуі қажет.
Екі жастағы балалар заттарды ауыстырып, олармен түрлі қимылдар орындағанды жақсы көреді. Қимылдардың қарапайым түрлерін меңгеруіне байланысты заттар мен олардың қасиеттерін (пішіні, көлемі, түсі, т.б.) қабылдау қабілеттері жетіледі. Бала таныс заттарды, өлшемі, реңкі мен орналасу орнына қарамастан, тани алады. Белгілі түсі, пішіні, өлшемі бойынша заттарды іріктей алу қабілеттері пайда болады. Балалар өздерінің іс-әрекеттерін қабылдайтын заттардың қасиеттеріне, олардың пішініне, өлшеміне, кеңістіктегі орнына бейімдеуге үйренеді. Осы жастағы баланың сенсорлық саласын кеңейту, қабылдауын, назары мен пәндік-манипуляциялық іс-әрекетін дамыту мақсат етіледі.
1 жастан бастап 1 жас 6 айға дейінгі кезеңде көмекші құрал-жабдықтарды қолданып ойналатын «Сақинаға қолынды жеткіз», «Қап, қармағым», «Сыңғырла қоңырау», «Шарға қолыңды жеткіз», «Балғамен шегені соқ», «Қуыршақты қыдырту» ойындарын ойнатуға болады.
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі кезеңде көмекші құрал-жабдықтарды қолданып ойналатын ойындар түріне «Түтікте не жатыр?», «Қуыршақ қонаққа келді», «От шашу», «Үлкен және кіші доптар», «Күшікті машинамен қыдыртамыз», «Ойыншықты бері әкел», «Жол бойымен жүріп өт», «Аяқты жоғары көтер», «Итті қуып жет», «Тез, маған қарай жүгіріңдер», «Допты қуып жет», «Құлап қалмай жет», «Біз көңілдіміз» ойындарын алуға болады.
Ал 2 жастағы балалардың ойын іс-әрекеттеріндегі танымдық және қозғалыс белсенділіктерін дидактикалық, сюжетті, қимылды және құрылыс ойындары арқылы дамыту мақсат етіледі. Ойын барысында салмақты, сергек мінез-құлықтары мен балалардың эмоционалдық жай-күйлерін қамтамасыз ету үшін мына міндеттер қойылады:
1. Балаларды қимылды ойындарға ынталандыру, ойын көмегімен қимылдарды дамыту (жүру, жүгіру, өрмелеу т.б.).
2. Балаларды бір-біріне кедергі жасамай, ойыншықтарды бөлісіп, сюжеттік, дидактикалық ойыншықтармен, құрылыс материалдарымен, сумен, қармен ойнауға үйрету.
3. Сюжеттік (бейнелі) ойыншықтармен іс-әрекеттерді заттармен әрекет жасаудан ажыратуға қол жеткізу.
Төмендегі ойындар ұсынылады: тәрбиешінің өтінішімен ойыншықтарды тауып, көрсету және оларды қолданылуына сәйкес (шыныаяқпен қуыршаққа шәй беру, кереуетіне ұйықтауға жатқызу және т.б.) атауға үйрету.
-
Екі жастан бастап үш жасқа дейінгі сәбилер тобындағы балалар өмірінің үшінші жылында іс-әрекет күрделенеді және, түрленеді. Оның келесі түрлері бар: заттық іс-әрекет (пирамида, мозаика, алмалы-салмалы ойыншықтармен айналысу); сюжеттік ойындар (қуыршақпен ойнау); бақылаулар; суреттер мен кітаптарды қарастыру; еңбек әрекетінің элементтері (дербес тамақтану, киіну, ойыншықтарын жинастыру); құрылыс материалдарымен ойындар; бейнелеу өнерінің бастауы (мүсіндеу мен сурет салу). Іс-әрекет түрлерінің сәбидің ойлау қабілетін дамытуда ерекше маңызы бар. Баланың қалыпты дамуы бұл іс-әрекеттерсіз мүмкін емес.
Балалардың дидактикалық ойыншықтармен ойнауға қызығушылықтарын арттыру, балалардың зейінін, ойлау қабілетін, толық түрде қабылдауын, қиялын, ұсақ қол моторикасын дамытуға мүмкіндік беретін және заттардың түсін, түрін, көлемін бағдарлауын дамытуға арналған ойындар жүргізу қажет. Ситуациялық ойындар: «Жіпке аяқ киім үлгілерін тізу», «Панноға түстерін таңдай отырып гүлдерді ілу», «Үй саламыз», «Саңырауқұлақ терейік», «Әркімге өз үйі», «Қуыршаққа таспа сатып әперейік», «Жасырынған қоянды тап» ойындарын ойнатуға болады.
-
Сюжеттік-рөлдік ойындар - 3-4 жастағы баланың тұлғалық, интеллектуалдық, жалпы психологиялық дамуында ерекше орын алатын жетекші іс-әрекет болып табылады. Бұл кезең баланың тілге, оның дыбысталуы мен мағынасына ерекше қызығушылығымен, сезімталдығымен ерекшеленетіндіктен, баланың тілін дамытуға өте қолайлы. Балалар ересектермен қарым-қатынас жасауға өте ықыласты болады. Әртүрлі сұрақтар қойып, өздері білетін ертегілерді бар ынтасымен айтып береді. Танымдық қызығушылығы белсенді болады. Ересектермен қарым-қатынас жасау қажеттілігі қанағаттанбаған кезде, олардың арасында эмоционалдық жатырқаушылық пайда болады. Төрт жасқа қарай бала құрдасын ортақ іс-әрекетке қатысушы есебінде қабылдайды. 3-4 жасар баланың өзін-өзі бағалауы өте жоғары деңгейде болады. Бұл - біреу оның тұлғалық қасиеттерін дұрыс бағаламаған кездегі өз-өзін қорғаудың «тұлғалық» тетігі болып табылады. 3 жас пен 4 жас аралығында баланың сенсорлық процесінің - сезіну мен қабылдау түрлері қалыптасады. Фонематикалық есту, түсті ажырату, көз қырағылығы, заттардың пішінін ажырату қабілеттері жетіле түседі.
Осы жастағы балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру балалардың алғашқы ойлау операциялары: салыстыру, қорыту, заттар мен түсініктер арасындағы кейбір байланыстарды құру ептіліктерін қалыптастыру мақсаты қойылады. Соған сәйкес балалардың ойын іс-әрекеттерін дамыту үшін мына міндеттер қойылады:
1. Әр түрлі ойындарға қызығушылығын арттыру. Өз қалауы бойынша ойындар құру, таңдау іскерліктерін қалыптастырып, ойын барысындағы сергектігі мен қызығушылығын жетілдіру.
2. Ойындарды жүргізу түрлерін үйрету: ойыншықтармен қысқа сюжеттер құру, ойынға қажет заттарды таңдау, дидактикалық ойындар мен қозғалыс ойындарын ережелерін сақтап ойнау.
3. Ересектердің көмегімен ойыншықтар мен заттарды өз орындарына орналастыру(тїпнўсќаєа сјйкес)ықтарды санына, көлеміне, мөлшеріне қарай ажырату, заттардың аттарын дұрыс атау, топырақпен, сумен, қармен ойнау барысында олардың ерекшеліктері мен қасиеттері туралы білімдерін тиянақтау.
4. Басқа балалармен қатар отырып, бірлесіп ойнату арқылы бір-бірімен жылы қарым-қатынас орнату, бір-біріне кедергі жасамау, таласпай, бір тоқтамға келу, ойыншықпен кезектесіп ойнау сияқты тәртіптерді орындау арқылы үлкенмен де, құрдасымен де жақсы байланыс жасау дағдыларына үйрету
5. Тәрбиеші ұйымдастырған топтық ойындарға қатыстыру.
3) 4-5 жастағы балаларға арналған бағдарламада қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруда математикалық білім мен ұғымдар негізінде балалардың ақыл-ой қабілеттерін қалыптастыру мақсаты қойылады. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін: әртүрлі ойындар ойнауға қызығушылығын арттыру, өз бетінше ойын таңдауға, жалғыз және топтасып ойнауға, ойын бірлестіктерін құруға ынталандыру, ойын әрекетінің тәсілдерін үйрету, ойын біткен соң ойыншықтар мен конструкторларды өз бетінше тиісті орындарына орналастыру дағдыларын меңгертуді жалғастыру, басқа балалармен ойнау барысында бір-бірімен татулықта, бірлікте болуға тәрбиелеу, құрдастарымен, ересектермен жылы қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту жұмыстарын жүргізген жөн.
Дидактикалық ойындар ойнатуға: заттардың қасиеттері туралы түсініктерін жинақтауға бағытталған дидактикалық ойындар ойнауға үйрету, заттарды сыртқы белгілеріне қарай үйрету, заттарды топтастыру іскерліктерін дамыту, бірдей заттар мен әртүрлі заттарды іріктеу, заттарды өсу, кему ретімен орналастыру іскерліктерін дамыту қажет. Ойын барысында танымдық есептерді шешу арқылы зейін қоя білу, есте сақтау, байқағыштық қабілеттерін дамыту мақсаты қойылады.
-
5-6 жаста сюжетті-рөлдік ойындар өзінің кемеліне жетіп, толысады. Балалардың сомдауы арқылы жасалған адамдар арасындағы қарым-қатынас ойынның негізгі мазмұнын құрайды. Балалар 3-4 адамнан құралған тұрақты ойын бірлестігін құрады. Рөлдік ойындарда бала сомдап тұрған кейіпкерінің атынан басқа кейіпкерлермен сөйлеседі. Осылайша баланың мазмұнды сөйлеу тілі қалыптасады, рөлдік қарым-қатынастардың мәні ашылады. Қойылымдағы қимыл-әрекеттер ықшамдалып, баланы жалықтырмайтындай қысқа, рет-ретімен, орынды қойылып, сюжеттің мазмұны ашылатындай болуы керек. Осы жастағы балаларға не жайлы ойнағандықтарын білуге ұмтылу тән. Ойын барысында бала, ересектердің тікелей тапсырмасын орындағаннан гөрі, зейіндерін жылдамырақ шоғырландырады, көбірек есте сақтайды. Балалармен ойнай отырып, олардың талап-тілектерін ескереді, келіспеушіліктерді шешеді, жаңа жоспар құрады және оны іске асырады. Мектепке дейінгі ересек жаста өнімді іс-әрекет нәтижесі дербес мәнге ие болады, сөйтіп ол ойыннан біртіндеп арылады. Балаға қандай ойыншықтар, фломастерлер, қарындаштар тигенін, рөльдер, тапсырмалар, міндеттер қалай бөлінгенін «Сен келісесің бе?», «Саған жете ме?», «Сен ренжімейсің бе?» деген сұрақтардың көмегімен анықтауды ұсыну. Ойын әрекеті үдерістерінде әлеуметтік белсенділігі мен жеке дара баланы қалыптастыру және жетілдіру, балалардың ойын бірлестіктерін нығайту, өз әрекетін серіктесінің іс-әрекетімен үйлестіре білуді дамыту, білімін, іскерліктері мен өз тәжірибелерін ойын әрекетінде қолдану мақсаты жүзеге асырылады.
Әдебиеттер:
-
А.М. Леушина «Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру». Алматы, 1982.
-
Т.В.Тарунтаева «Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру». Алматы, 1997.
-
Ф.Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика». Астана, 2012.
-
« Балабақшада тәрбиелеу және оқыту бағдарламасы». Астана, 2009.
-
К.С.Жұмасова «Психология». Астана, 2006.
-
А.А.Давыдов, Т.В.Драгунова және т.б. «Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы». Алматы, 1987.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз