400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДАҒЫ ЖАЛПЫ ТІЛ КЕМІСТІГІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНДА ЕРТЕГІНІ ҚОЛДАНУ.

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Шабденова Эльмира

«Алтын бесік» жекеменшік бөбекжай балабақшасының логапеті

Сарқан ауданы, Қойлық ауылы


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДАҒЫ ЖАЛПЫ ТІЛ КЕМІСТІГІН ТҮЗЕТУ ЖҰМЫСЫНДА ЕРТЕГІНІ ҚОЛДАНУ.


Қазіргі кезде түрлі дәрежедегі тіл кемістіктерінің көбеюі – шешімі табылмай келе жатқан өзекті мәселеге айналып отыр. Тіл – қарым-қатынас құралы болғандықтан, бұл жағдайда тіл кемістіктері бар балаларда көптеген қиындықтар туындайды. Әр жастағы балаларда сөйлеу тілінің әр түрлі бұзылыстары кездеседі. Олардың ішінде ең көп таралған түрі – дыбыс айту кемшіліктері. Мұндай кемшіліктер өз бетінше кемістік ретінде де, сөйлеу тілінің басқа, күрделі бұзылыстарының құрамында болуы да мүмкін. Бірақ дыбыс айту кемшілігінің ең қарапайым түрін де «кемістік емес, кейін түзеліп кетеді» – деп жайбарақаттықпен қарауға болмайды. Олар балалардың өсуіне кері әсерін тигізіп, өз тілін меңгерудегі қиындықтарға әкелуі мүмкін.

Адам дамуының маңызды бөлігінің бірі – тілдің қалыптасуы. Баланың тілінің дамуына алғашқы күннен бастап көңіл бөлу қажет. Бірақ баланың сөйлеу тілінің дұрыс қалыптасуын дұрыс тәрбиелеу үшін оның даму барысындағы физиологиялық, морфологиялық өзгерістерді түсіне білу міндет. Бұл баланың сөйлеу тіліндегі ерте кемістіктерді анықтауға береді, және түзету жұмыстарын ерте бастан қалыптастыруға болады. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, ол – ойлау қабілетін дамытатын, білім алуға, дағдыларды арттыруға мүмкіншілік беретін құрал. Бала тілінің дамуы оның қоғамда тәрбиеленуі арқылы қалыптасады.

Жалпы тіл кемістігі бар балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері Қ.Қ. Өмірбекова, Қ. Серкебаев, Р.Е. Левина, Н.А. Никашина, Н.А. Чевелева т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты талдау негізінде, дыбыстарды бұзып айту, фонетикалық есту қабілетінің дамымауы, сөздік қоры мен сөйлем құрау, сөзжасамының дамыған жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалардың барлығына тән кемшілік.

Қазіргі уақытта жалпы тіл кемістігі бар қазақ балаларының сөйлеу тілі бойынша зерттеулер жоқтығын, ғылыми зерттеулер нәтижесінде негізделіп, тәжірибе жүзінде сынақтан өткен, аталған балалардың тіл кемістіктерін түзету әдістемесінің жоқтығын ескерсек, жалпы тіл кемістігі бар қазақ балаларының сөйлеу тілін зерттеу өзекті маңызды мәселе екені анық.

Ұлы педагог Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз ойсыз толық мәнінде ақыл-ой тәрбиесі болмайды» деп санайды.
Демек мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға, білімге деген ынтасын мүмкіндіктерін толық пайдаланып, оларды оқу үрдесінде үздіксіз дамыту сабақта алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ертегіні қолданудың орны ерекше

Сөйлеу тілін тексермес бұрын ата-аналармен әңгіме өткізілу қажет. Әңгімелесудің барысында баланың қандай аурумен ауырғаны, жарақаттанғандығы және сөйлеу тілінің дұрыс қалыптаспауына зиянын тигізетін тәрбие жағдайы анықталады (намнез жинақтау).

Ата-аналарының береген мәлімдемелері баланың сөйлеу тілі бұзылуының көрінісін түсінуге жәрдемін тигізеді.

Сөйлеу тілі ақаулықтарының шығу себептерін дұрыс анықтау үшін, логопед баланың сөйлеу тілінің қалай дамығандығын көз алдына келтіру керек. Сондықтан баланың тілі қай жасынан бастап шыққаны, бірінші сөзді қашан айтқаны және сөздің басын құрап сөйлеуді қашан бастағаны, одан әрі қарай сөйлеу тілінің қалай дамығандығы, мектепке барардың алдында оның сөздік қорының және грамматикалық құрылысының шамасы қалай қалыптасқандығы туралы мәліметтерді ата-аналардан сұрай отырып жинау қажет. Ата-аналармен әңгімелесу кезінде баламен күнделікті қатысып, араласып жүрген адамдардың тілдерінің дамуындағы деңгей шамалары туралы, олардың арасында сақаулары және бірнеше ұлттың тілдерін араластырып сөйлейтіндерінің бар-жоқтығын, сонымен бірге, баланың сөйлеу тілінің дұрыс дамып қалыптаспауына ортаның қандай ықпал тигізетіндігін анықтайды. Ең маңыздысы, бала өзінің сөйлеу тілінің ақаулығын түсіне ме және оған баланың көзқарасы қандай, яғни уайымдамайма соны білу керек. Сонымен бірге ата-ананың логопедпен бұрын дәріс алғанын және қандай нәтиже бергенін анықтау керек.

Сөзді, әуенді және қимылды біріктіру нәтижесінде балалар оқу қызметінде өздерін еркін ұстай білуге, үйренеді. Олардың ритмикалық қабілеттері жақсарады. Балалар өз қимылын басқара білуге үйреніп, жинақты және мұқият бола түседі. Логоритмикалық жаттығуларды жасату арқылы бала дауысын, тыныс алуын, еске сақтау, байқау қабілеттерін жақсартуға болады.

Мен логопедиялық сабақта осы тәсілді қолдану барысында балалардың түрлі тіл кемшіліктерін түзетуде тигізетін оң әсерін жиі байқаймын. Бірақ логопедтің барлығы музыкалық аспапты меңгеретін музыкант болуы шарт емес, ол үшін ұжымдағы музыка жетекшісі көмекке келеді. Сондықтан, логоритмиканы пайдалану – жалпы түрлі тіл кемістіктері бар балалармен жұмыс жасауда әрбір логопед маманның тәжірибелік топтамасында маңызды орын алары сөзсіз деп ойлаймын. Баланың келешегі біздің қолымызда. Ертең ол қандай азамат болып өсетінін бізге байланысты, сондықтан қолымыздан келетін көмегімізді берейік.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 ақпан
525
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі