Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік рухани тәрбиелеудің маңызы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік рухани тәрбиелеудің маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелері жан-жақты жетілген, парасаты мол, мәдени- ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу –біздің де қоғам алдындағы борышымыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«№40 негізгі орта мектебінің» жанындағы

«Балбөбек » шағын орталығының қазақ тілі

мұғалімі Каршалова А.К

Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейхан атындағы аудан.



Адамгершілік кімде болса, соны ер деп есепте.

 Иүгінеки Ахмед



Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілік рухани тәрбиелеудің маңызы


Балабақшадағы оқыту- тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс –әрекет кезіндегі пайдалану.

Қазіргі заманда адамзат алдында тұрған ең басты міндеттердің бірі –салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Бүгінгі ұрпақ – ертеңгі болашағымыз. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу –біздің яғни үлкендердің қоғам алдындағы борышымыз.

Адамгершілік рухани тәрбие –мәңгілік болып қала бермек.Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру –ата-ана мен ұстаздардың басты міндеті. Баланы алдын-ала тәрбиелеудегі басты міндеттерді іске асырушылар –мектепке дейінгі мекемелер мен отбасы. Осы екі арадағы жүргізілетін тәлім –тәрбие сабақтаса,ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болады демекпіз.Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық санасы қалыптасқан, ертеңгі қоғам иегері болатын парасатты азамат тәрбиелепөсірсек ертеңімізге сеніммен қарауға болады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа адамгершілік-рухани тәрбие беру. Адамгершілік құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыруоның туған кезінен басталуы керек. Баланың бойына жастайтын ізгілік, силастық, мейірімділік, қайырылымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы,туғандары мен педагогтар шешуші роль атқарады. Ата-аналардың, педагогтардың балаларға бесенді ықпалын, екінші жағынан –тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді.Педагог алдына қойылған іс-әрекетінде мақсат қоя отырып,адамгершілік ықпалды пайдалана отырып, істелген жұмыстардың нәтижелерінен тәрбиеленушілерінің жетістіктеріне зер салып талдауы қажет.

Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күндеделікті өмірде, балабақшада жұмысты ұйымдастыру процесінде, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде мазмұнды қатынасында,жан-жақты іс-әрекетінде, қоғамдық өмірдің құбылыстары мен танысу кезінде іске асады.

Осы орайда балабақшада балаларды адамгершілік тұрғысында тәрбиелеу жұмыстары тәрбиешінің алға қойған мақсаты: баланың бойына ұлттық сана қалыптасқан, халқының әдет- ғұрпын, салт дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шыныққан шымыр да сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру.Ата-аналарға бала балабақшаға келген күннен бастап, баланың бойындағы жақсы қасиеттерді білу мақсатында психологпен бірге сұрақ-жауап, анкеталар жүргізіліп, ақыл-кеңестер беріле бастайды. Ата-аналардың тәрбиешімен тығыз байланыста болу, силастық адамгершілік қатынастары балалардың бойында ең алғаш ортақ пайдалы жұмысты істеуге тырысу, бірге ойнау, бір нәрсемен шұғылдану, ортақ мақсат қою және оны жүзеге асыру ісіне өздері қатысуға талпыныс пайда болады.

Адамзаттық құндылықтар бала бойына іс-әрекет барысында, әр-түрлі ойындар ертегілер қойылымдар, мақал-мәтелдер,жұмбақ, айтыс, өлеңдер арқылы баланың түйсігіне жететіндей етіп беріледі.Отбасыңда,балабақшада, қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, балалардың өзара ұжымда қарым-қатынасын қалыптастыру, әр-түрлі ұлт өкілдеріне қадір тұту және сыйлау. Осылайша мейірімділіктің негізі қаланады, немқұрайлықтың пайда болуына, құрбыларына, төңіректегі үлкендерге қалай болса солай қарауға мүмкіндігі жасалмайды.

Күнделікті ойын барысында ең алғаш келгеннен бастап баланы силастыққа, достыққа жетелеу үшін: «Мен сен және ол», «Менің достарым», «Ойыншықтар», «Ғажайып қыпшақ» т.б ойындар ұсынылады. Күнделікті оқу іс-әрекеті, серуен, ойын, іс-әреттер кезінде балаға өз еркімен орындай алатын тапсырмаларды бере отырып, еңбек етуге талпыныс үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік қасиеттерін бойына сіңіре бастаймыз.

Алдын-ала жоспарланған ұйымдастырылған оқу қызметі, мерекелік іс-шаралар, түрлі интелектуалдық ойын-жарыстар әр жас ерекшелігіне сай адамгершілік тұрғысынан жоспарланып,жүргізіліп тұрады. Ұлттық құндылықтарды сақтауда салт-дәстүрмен таныстырып, ұлттық ойын ережелерімен ойнатып, тілді құрметтеуге тақпақ, өлеңдер жаттатып, тілдік жаттығулар жүргізіліп, өзінің еліне, тіліне, жеріне деген құрметпен қарауға жетелейміз. Патриоттық рухын жетілдіруде «Мен отанымның қорғанымын» «Тәуелсіз елім-Қазақстан» мерекелік ойын-сауықтар, «Мен және менің отбасым» атты фото көрмелер, дене шынықтыру нұсқаушысымен бірге «Әкем, шешем, және мен» ойын-жарыстарына қатыстырылады. Ата- анамен баланың адамгершілік достық қарым-қатынаста біріккен жұмыс түрлері:конкурстар,сурет көрмелері, қол шеберліктері барысында жақындастық, өзара сезімталдық, қамқорлылық, қайырымдылық адамгершілік қасиеттерін көрсеткендігін байқауға болады. Көп жағдайда баламен тәрбие барысында көп қиындық туғызатын жағдайы төмен немесе жұмысбасты отбасылары, тәрбиеге бір жақты қарайтын отбасыларының балалары, өйткені ата-анасы бар жауапкершілікті тәрбиешіге артып қойып, адамгершілік нормасына атүсті қарайды.Мұндай жағдайда да баланың ата-аналарына күнделікті ақыл-кеңестер, дөңгелек үстел, тренингтер, ата-аналар жиналысында рухани-адамгершілік тұрғысында жұмыстар жүргізіліп тұрады. Осындай жұмыстарды көптеп жүргізген кезде баланың бойынан адамгершілік нормаларын байқаймыз.

Рухани –адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеп, соны мақсат тұтса, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ.

Мұндай мақсатқа бағытталған педагогтық жұмыс еңбексүйгіштікке, ізгілікке, ұжымдық пен патриотизм бастамасына тәрбиелеуге, көп дүниені өз қолымен жасай алуды және жасалған дүниеге қуана білуді дамытуға, үлкендер еңбегінің нәтижесін бағалауға мүмкіндік жасайды. Адамгершілік тәрбиесінің маңызды заңдылығы ұжымда тәрбиелеу. Ұжым –бұл баланың қоғамда жеке тұлға болып қалыптасу мектебі. Мұнда оның қасиеті, қабілеттілігі және адамгершілігі айқын көрінеді. Ұжымда бала өзінің айналадағы іс –әрекетке көзқарасын: көмек көрсетуге, нәтиже шығаруға, достарына қамқорлық жасауға, рахымдылыққа, қарапайымдылыққа еңбек етугеұмтылысын көрсете алады. Ұжымда тәрбиелеу заңдылығы тәрбиешілерді әр баланың мінез құлқына ізгі ықпал жасауы үшін балаларды бірлесіп қызмет жүргізудің алуан түрлеріне біріктіруді міндеттейді.Өз кезегінде тәрбиешіден ұстамдылық, шыдамдылық, орынды қатаңдық, тәрбиеленушілерге құрметпен қарау талап етіледі.Балалар бақшасында және жанұяда балаға қойылатын талаптардың жүйелілігі, бірлігі мінез-құлық дағдыларын бекем меңгеруді, баланың жеке басының адамгершілікқасиеттерінің қалыптасуын қамтатамасыз етеді. Балабақшада балаларды достарының жақсы мінез-құлқының, жүріс-тұрысын, сөйлеген сөзін, істеген ісін үлгі ете отырып ұжымда, ортада тәрбиелеу. Қазақ халқы «ортасы жақсы», «жолдасы жақсы екен» деген сөз тіркестерін жиі қолданып, жақсы пікірді досына қарап айтып жатады.

Көрнекті педагог В.Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», -дейді. Демек, тәрбиеленушіге жан-жақты терең білім беріп, оның жүргеніне адамгершілік асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналысымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптастырып, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат етіп тәрбиелеп өсіру. Адамның адамгершілігі –оның жоғары қасиеті. Оның негізгі белгілерінің бірі –өзі үшін ғана емес, ел, қоғам үшін өмір сүру, адамдық ар-намысты ардақтау, әр уақытта жақсылық жасауға дайын болу. Арлы адам-ардақты адам. Адамгершіліктің асыл қасиеттері: Отан сүйгіштік, мейірімділік, адалдық, еңбекқорлық, ақылдылық, әділдік және парсаттылық.

Ұлы ұстаз Ш. Амонашвили: «Баланы сыртқы әлемнен даритын, рухани бастаулардан туындайтын нәрселерді біз жандандырамыз, асқақтатамыз, кемелдендіреміз. Біз тәрбиеленушілеріміздің рухани әлемін, міне осы бейнелермен сәулелендіруіміз керек», -деп атап көрсеткендей, рухани-адамгершілік білім беруде тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне сай әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана алсақ, келешек ұрпақ тәрбиесінің жемісті болары, руханияттың кәусар бастауынан жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде ізгілікті білім алары сөзсіз. Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Сол келешек қоғам иелері жан-жақты жетілген, парасаты мол, мәдени- ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу –біздің де қоғам алдындағы борышымыз.



Пайдаланған әдебиеттер:

  1. «Заманауи білім берудегі сапалы өзгерістер: оқу үрдісіне жаңа көзқарас» ХІХ аймақтық ғылыми –практикалық конференцияның материалдары (2017ж)

  2. Мектеп жасындағы балаларды адамгершілік қасиетке тәрбиелеу 177б [5]

  3. Мектеп жасындағы балаларды адамгершілік тәрбиелеудің маңызы 57б [1]



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.04.2025
160
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі