Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларды психологиялық тұрғыда мектепке дайындау
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау


Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке психологиялық жағынан дайындау, бұл қазіргі таңда психология - педагогика ғылымдарындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

А. В. Запорожец, мектепке баланың дайындығын былай сипаттаған «баланың жеке ерекшеліктерінің бір тұтас жүйе ретінде қалыптасуын көздеген. Оның мотивациялық ерекшеліктері, таным қабілеттерінің даму деңгейі, ерік - жігер механизмінің қалыптасу деңгейінің өзара байланысы». Яғни, баланы жан - жақты психологиялық тұрғыдан дайындау болып табылады. Баланы балабақшада ғана дайындап қоймай, ата - аналарында кіріктірген жөн. Мектеп жасына дейінгі балаларды мектепке дайындау ауқымды мәселе. Көптеген жұмысты талап етеді. Балабақшамен мектеп арасында өзара байланысты орнату. Көптеген ата - аналар баланың мектепке бару үшін тек әріптерді танып, санай алса болғаны деп тұжырымдайды. Әрине бұлда маңызды фактор. Баланың мектепке психологиялық жағынан дайындығына назар аудармайды. Бұл кезең балалар үшін өте ауыр. Яғни балабақшадан мектепке бару. Әрине, балабақшада да өзіндік әдіс – тәсілдерін қолданады, сабақтар өтіліп, психолог - педагогта балалармен жұмыс жүргізіп мектепке дайындайды. Алайда баланың жан - жақты дамуына мектепке бейімделуіне ата - аналар көп әсер етеді.

Соның негізінде ата - аналарға балаларының мектепке психологиялық жағынан дайындығын мөлшерлеуіне өзіндік диагностикалау тесті беріліп отыр.

Американдық психолог Джеральдин Чейпидің ұсынған тестін қолдана отырып, ата - аналар балаларын бақылай отырып, қарапайым сұрақтардың жауабын қорытындылай келе психологиялық даму деңгейін шамамен болжай алады.


Таным қабілетінің даму деңгейін бағалау

1. Бала негізгі ұғымды меңгерген бе, мысалы: оң жақ, сол жақ, үлкен, кіші

2. Аяқталмаған оқиғаның соңын болжай алады ма?

3. Үш нұсқауды есіңе сақтап, орындай алады ма, мысалы: қуыршақты алып кел

4. Әріптерді танып, атай алады ма?


Базалық тәжірибесін анықтау

1. Балаңыз кітапханада болды ма?

2. Хайуанаттар бағына, музейге т. с. с барған ба?

3. Сіз балаңызға үнемі ертегі немесе қызықты оқиғалар оқып бересіз бе?


Сөйлеу тілінің даму деңгейін бағалау

1.Өзін қоршаған ортадағы негізгі заттарды атай алады ма?

2. Үлкендердің сұрағына оңай жауап бере алады ма?

3. Заттардың не үшін керек екендігін айта алады ма?

4. Заттардың қайда тұрғанын айта ма?

5. Оқиғаларды немесе ертегі - әңгімелерді әңгімелеп айтады ма?

6. Сөздерді анық, дұрыс айтады ма?

7. Грамматикалық жағынан сөздерді дұрыс айтады ма?

8. Басқа балалармен қарым - қатынасқа оңай түсе алады ма?



 Эмоционалды даму деңгейін бағалау

1. Көңіл - күйі қандай болып жүреді?

2. Өзін жеке тұлға ретінде сезінеді ме?

3. Күн тәртібі өзгерген жағдайда тез бейімделеді ме?

4. Өз еркімен жұмыс жасайды ма, достарымен жарысқанды ұнатады ма?


 Қарым - қатынасқа түсу қабілетін бағалау

1. Басқа балалармен ойнайды ма, ойыншықтарымен бөліседі ме?

2. Кей жағдайларға байланысты кезек сақтайды ма?

3. Басқалардың сөзін бөлмей тыңдай алады ма?


 Физикалық даму деңгейін бағалау

1. Есту қабілеті жақсы ма?

2. Көру қабілеті жақсы ма?

3. Бірнеше уақытқа дейін тыныш отыра алады ма?

4.Жалпы қимыл – қозғалысы жақсы дамыған ба, мысалы: доп еркін ойнау, баспалдақпен жүру т.с.с


Белсенді, шымыр, шапшаң көрінеді ме?


Мектепке алғаш бару бала өміріне үлкен жаңалық, өзгеріс енгізеді, қоғамдағы жаңа орынға бейімделуі мен өсіп-жетілуінің бір бастамасы болады. Демек, «Баланы мектепке даярлау қалай болуы керек?» деген сұрақтың ата-ана үшін маңыз артып, тиісті жауап іздейді. Бұл сұраққа көптеген ата-аналарда екі пікір қалыптасқан: бір ата-аналар алғаш мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап данышпан етуді мақсат тұтса, кейбіреулері, керісінше, бала білмей барса, барлығын мектепте үйренуі тиіс деген пікірде. Осы пікірлердің алтын ортасын қалай таңдаймыз? Баланы мектепке физикалық жағынан да, психологиялық жағынан да қалай дайындаймыз?

Бірінші сыныпқа баратын бала жазу-сызуды біліп баруы міндетті емес, оған барлығын мектепте үйретуге міндетті. Алайда, қазіргі заман оқу бағдаралмасының тапсырмаларын ауыртпалықсыз орындау үшін, іс-жүзінде мектеп табалдырығын аттамас бұрын жазу мен оқуды біліп барғаны дұрыс. Балаңыз мектепке бармас бұрын оқу-жазуды білсе — жақсы! Балаға жазу-сызу барысында қарындашты немесе қаламсапты дұрыс ұстап үйретуді ұмытпаңыз. Баланың сөйлеу тілінде кемістіктің болмауы шарт, сөйлеген сөзінің мағынасы өзіне түсінікті болу керек, өзінің ойын жеткізе алуы қажет. Жазып санауымен ғана шектеліп қана қоймай, салыстыра білуді және талдауды, ойлай білуді меңгере алу тиіс. Сонымен қатар, өздігінен қорытынды жасай білсе, көп нәрсені жақсы түсінеді.

Көрнекі әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары бала көрнекі үлгімен жұмыс істегенде, заттардың кейпімен мөлшерін ұйқастырғанда қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін ұйымдастырып шығарады.

Кез-келген ата-ана баланың өсіп жетілуіне, рухани күшті етіп тәрбиелеу жолында алуан түрлі қуаныш пен қиыншылықтарды бастарынан өткізе отырып, оның рухани және ақыл ойы мен дене құрылысы жағынан жан-жақты дамуына баулуы керек.


Баланың мектепке дайын болу жағдайы бірнеше түрге бөлінеді:

1. Дене бітімінің дайындығы — баланың салмағы мен бойының өз жасына сай болуымен қатар он екі мүшесі сау болуы керек;

2. Зиятының дайындығы — баланың ой-өрісінің, есте сақтау қабілетінің, тілінің, зейінінің, өз еркімен тапсырма орындай алуының, мақсат қоя білуінің, қателігін түсіне білу қабілеттілігінің өз жасына сай болуы;

3. Әлеуметтік-психологиялық дайындық — баланың жаңа ортаға деген көз-қарасының, оқушы жауапкершілігінің, өзін-өзі ұстай білуінің, үлкен кіші адамдармен қарым-қатынасының өз жасына, мектептердің талабына сай болуы;

4. Ерік аясының дайындығы — баланың өз іс-әрекетін мақсатты түрде қалыптастырып, өз кемшіліктері мен жетістіктерін дұрыс қабылдап, әрекет ете білуі;


Әлеуметтік-психологиялық дайындық

Баланы мектепке дайындау дегенде көптеген ата-аналар әріптерді танумен, сандарды санаумен ғана шектеліп жатады. Одан басқа, баланыңмектепке қажетті құрал-саймандары мен киім-кешектеріне баса назар аударады. Әрине, бұл дайындықтарсыз баланың мектепке дайын болуы екіталай. Бірақ баланың оқуға дайындығын ақыл-ойының даярлығымен, материалдық дайындығымен шектеліп қоймай, оны оқуға психологиялық жағынан даярлауды қарастыру қажет. Баланың психикалық үрдістерінің дамуы оқуда және басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуда қиындыққа кезікпеуіне мүмкіндік береді.

Мектепке келген бала «оқимын» деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ, кейде бала оқуға барғысы келмейді, дегенмен оның себебі әр түрлі болады: бір балалар мектепте көп бала бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен баруы мүмкін. Алайда, мұндай ықыласпен келген балалар біраз уақыттан кейін мектептің олар үшін қатал тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісіне қызығуы қажет. Сонда ғана баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім алуына мүмкіндік туады. Сонымен бірге баланың мұғалімдермен, балалармен қарым-қатынас жасауы аса маңызды. Яғни, оқу әрекеті ұжымдық сипат болғандықтан, әрбір бала құрдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, бірге жұмыс істеуге дағдылануы керек.

Баланың шешім қабылдай алып, мақсат қоя білуі ерік-жігерінің даярлығы болып саналады. Баланың әркеттерді жоспарлап, олардың орындалуын жүзеге асыруда күш пен бойындағы қабілеттерін жұмсай білуі, қиындықтарды жеңе білуі балалардың психикалық үрдістерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Егер балалардың оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, бала оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады.

Мектепке дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болғандықтан, оларға бірден оқу әрекетіне ауысу біршама қиындықтар туғызады. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала педагогтармен және балалармен кезіккенде мазаланады, оқу үрдісінен өзінде жағымсыз эмоциялық сезіну пайда болып, қорқыныш пайда болады. Сондықтан балалардың көңіл күйі болмай, себепсізден жиі ауыруы «мектеп неврозы» сипатында көрінеді. Яғни мектепті еске алса болғаны, жылап, уайымдайды. Сөйтіп, мектеп бала үшін стресс тудыратын факторға (стрессогендік фактор) айналып, денсаулығының нашарлануына әкеп соғады. Осы кезде әрбір ата-ана өзінің баласына мектеп туралы қажетті мағлұматтар айтып, баланың мектепке деген жағымды қатынас және сенімділік сезімін қалыптастыра отырып тәрбиелеу керек. Ең бастысы — баланы жолдастарымен қарым-қатынас жасай алуға, басқа балалардың ойымен санасуға үйрету.

Балаларды мектепке психикалық даярлау бағыттарын тәжірибеде жүзеген асыратындар — ата-аналар, мұғалімдер, бала-бақша психологтары. Психологтың міндеті: психодиагностиканың әдістемелерін қолдану арқылы және зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, алты жастағы баланың оқуға дайындығын анықтау.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!