А.Б.Ушурбакиева, Р. Б.Ушурбакиева
Г.А.Джексембиева
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ
БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ
ТӘРБИЕЛЕУ
Әдістемелік құрал
Астана, 2026
ӘӨЖ 373.2
ББК 74.100
У 95
Әдістемелік нұсқаулықты Қазақстан Республикасы Халықаралық
білім беруді дамыту академиясы кеңесімен баспаға ұсынылды.
(Хаттама №1, «22» 01.2026 ж.)
Пікір жазғандар:
А.Бадел
– «Тамыр» Білім беру ұйымы» ЖШС
Бас директоры, педагогика ғылымдарының
кандидаты Астана қ.
Ж.А. Жанаева
– «BABY KZ» б/б директоры Астана қ.
У 95 А.Б.Ушурбакиева, Р. Б.Ушурбакиева, Г.А.Джексембиева
Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық құндылықтар
негізінде тәрбиелеу /әдістемелік құрал/ – Шымкент. «Әлем»
баспаханасы 2026 ж. – 32 бет.
ISBN 978-601-392-016-0
Әдістемелік құралда мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық
құндылықтар негізінде тәрбиелеу бойынша ұсынымда, сондай-ақ
мектеп жасына дейінгі балаларда
адамгершілік қасиеттер мен
адалдықты қалыптастыруға бағытталған дидактикалық материал
қарастырылады.
Аталған әдістемелік құрал мектепке дейінгі ұйымдардың
тәрбиешілеріне, педагогтеріне және жас ата-аналарға көмекші құрал
ретінде қолдануға арналған.
ӘӨЖ 373.2
ББК 74.100
ISBN 978-601-392-016-0
©
А.Б.Ушурбакиева, Р. Б.Ушурбакиева
Г.А.Джексембиева, 2026 ж.
©
«Әлем» баспаханасы, 2026 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ........................................................................................... 4
1
.ЖАЛПЫ АДАМИ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
НЕГІЗІНДЕ ЕҢБЕКҚОР, АДАЛ, САНАЛЫ, ЖАСАМПАЗ
АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУ.............................................................. 9
Қорытынды ...................................................................................... 15
Қосымша 1. Ұжымда достық қарым-қатынастықалыптас-
тыруға бағытталған дидактикалық ойындар................................. 16
Мейірімділікті қалыптастыруға бағытталған дидактикалық
ойындар............................................................................................. 19
Қайырымдылық пен өзара көмекті қалыптастыруға
бағытталған дидактикалық ойындар ............................................. 22
Қосымша 2. Сюжеттік суреттерді қолдана отырып,
педагогикалық жағдаяттарды талдау ............................................. 26
Қосымша 3. Ата-аналарға арналған ұсынымдар.......................... 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................... 31
3
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта білім беру жүйесі Қазақстан патриоттарын,
құқықтық демократиялық және әлеуметтік мемлекет азаматтарын
тәрбиелеуді қамтамасыз етеді. Рухани-адамгершілік тәрбие кез-
келген мемлекет пен халыққа қажет. Алайда, бұл тәрбие әдептілік
пен өнеге көрсету арқылы жүзеге асырылуы және адамгершілікке
баул у ерте жастан басталуы тиіс. Мектепке дейінгі жас
шығармашыл тұлғаны, мінезді қалыптастырудың айрықша кезеңі
болып табылады.
Адамгершілік: сүйіспеншілік, мейірімділік, жанашырлық,
еңбекқорлық, төзімділік сияқты маңызды адами қасиеттерді
қамтиды және ересектер күн сайын осы қасиеттерге балаларды
баулуға міндетті.
Қазіргі кезде әлем баланың агрессивті мінез-құлық көрсетуіне,
ал балалық шақ индустриясы ойыншықтардан бастап жаһандық
коммерциялық, теледидар бағдарламаларына дейін балалардың
психикасына, олардың адамгершілік қасиеттері мен рухани әлеміне
кері әсер етуде. Бірнеше ұрпақ ойнап, көріп өскен мейірімді
ойыншықтар, кітаптар, мультфильмдер көрінбей кетті. Олардың
орнына шетел сериалдарының кейіпкерлері келді: супермендер,
өрмекші – адам, құбыжықтар, Спанч Боб және т.б.
Бала өмірінің алғашқы жылдары оны тәрбиелеудің маңызды
кезеңі болып табылады. Осы кезеңде оны өз халқымен, елімен
байланыстыратын сезімдері мен мінез-құлқы дами бастайды және
олар келешекте баланың өмір жолын айқындауға ықпал етеді.
4
Әрине, мектеп жасына дейінгі балалар құқықтық, саяси немесе
әлеуметтік-экономикалық аспектілерді әлі түсінбейді, бірақ оларда
тәртіптің қарапайым ережелерін сақтау, ғылым мен өнер
саласындағы жетістіктер туралы түсінікті, мемлекеттік рәміздерге
құрмет көрсету, Отанымызды танымал еткен адамдардың есімдерін
білу, елдің тарихын құрметтеу, отандастарын мақтан ету, өзін-өзі
бағалау сияқты қасиеттерін дамытуға негіз болады. Оның негізі –
баланың өз халқының тілін білуі, ана тіліндегі әндерді, музыканы
тыңдауы, ойындар мен ойыншықтардан, туған өлкенің табиғатынан
алған әсерлері, халқының еңбегі, тұрмысы, әдетғұрыптары мен
салт-дәстүрлері туралы түсініктері болып табылады.
Қазақстан Республикасының басым міндеті – ХХІ ғасырдың
талаптарына сай келетін, дәстүрлі адамгершілік құндылықтарды
бөлісетін, Отанды қорғауға дайын, білім мен іскерлікті меңгерген
жаңа ұрпақты қалыптастыру. Бұл міндетті шешудің негізгі құралы –
балаларды тәрбиелеу. Тәрбиенің стратегиялық бағдарлары
«Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық
оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолд ауда тұжырымдалған,
онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Адал әрі табанды
еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы
керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал
табыс» қағидатына толық сай келеді. Біздің қоғамда еңбекқорлық,
кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс. Өз кәсібін
жетік меңгерген мамандар ұлт сапасын арттырады. Сондықтан біз
еңбек адамының мәртебесін көтеріп жатырмыз. Бұл бағыттағы
жұмыс тоқтамайды, жалғаса береді» деп атап өтті.
5
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудің маңызды
міндеттерінің бірі – Қазақстан Республикасының тарихи дәстүрлері
негізінде мәдени және адамгершілік құндылықтарға баулу болып
табылады.
Бұл
бағыт
бойынша
педагогтің
міндеті
–
тәрбиеленушілерді жарқын және қызықты жұмыс түрлері арқылы
халықтың
мәдениетімен,
әдет-ғұрыптарымен
және
салт-
дәстүрлерімен таныстыру.
Тәрбиеші баланың тұлғасын қалыптастыруда этнопедагогика
құралдарын қолдануы керек, өйткені халық педагогикасы болашақ
азаматтың жеке қасиеттерін қалыптастыруда елеулі рөл атқарады
және оның негізгі мазмұны «Сегіз қырлы, бір сырлы» жан – жақты
жетілген азаматты тәрбиелеу болып табылады.
Ұлттық ойындар, билер, халық ауыз әдебиеті әдет – ғұрыптар
мен салтдәстүрлер, ата-баба тәжірибесі мектеп жасына дейінгі
балаларда ұлттық мәдениетті қалыптастыруда негізгі рөл атқарады.
Балалар әрекетінің барлық түрлерінде (ойын, шығармашылық,
дербес, еңбек және т.б.) ұлттық ерекшелікті ескеру өскелең ұрпаққа
халық педагогикасының ықпал ету шегін кеңейтеді.
Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің мектепалды
сыныптарында рухани-адамгершілік тәрбие балалардың түрлі
әрекеттері арқылы баланың жан-жақты дамуының ажырамас бөлігі
болып табылады. Мектепке дейінгі жаста әлеуметтік нормаларды,
моральдық талаптарды және мінез-құлық үлгілерін меңгеру еліктеу
негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан, ең алдымен, отбасында
ата-бабалар құрметтейтін рухани-адамгершілік құндылықтар мен
әдет-ғұрыптар сақталуы және өскелең ұрпаққа берілуі қажет,
6
осылардың негізінде азаматтық пен патриотизм сезімдері
қалыптасады және дамиды.
Әдістемелік ұсынымдар Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы және «Біртұтас тәрбие»бағдарламасы
негізінде әзірленді.
Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты: мектеп жасына дейінгі
балаларды рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

сыныптарында Біртұтас тәрбие бағдарламасы іске асырылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу күні бойы –
режимдік сәттерде, ұйымдастырылған іс-әрекетте және балалар
әрекетінің басқа да түрлерінде жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты талаптарында әр баланың қызығушылықтарын,
ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами
және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту
мен әлеуетін ашу, ұлттық бірегейліктің, азаматтық пен
патриотизмнің негіздерін қалыптастыру міндеті көзделген.
Тәрбиенің мақсаты жалпы адами және ұлттық құндылықтар
негізінде еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Тәрбиенің міндеттері:
-
ата-аналарды,
ересектерді
құрметтеу
дағдыларын
қалыптастыру және тәрбиелеу, олардың тәрбиесін тыңдау;
-
мейірімділік, адалдық, жауапкершілік, қамқорлық пен әділдік
қасиеттеріне баулу;
7
-
еңбекқорлыққа
баул у
және
құқықтық
мәдениетін
қалыптастыру;
-
-
-
ұлттық мұраны қастерлеуге, қазақ тілін құрметтеуге баулу;
патриотизм сезімін қалыптастыру;
денсаулықты қадірлеуге, салауатты өмір салтын ұстануға
үйрету;
-
табиғатқа, ұлттық және табиғи мұраға ұқыптылықпен қарауға,
табиғи ресурстарды үнемді әрі тиімді қолдануға тәрбиелеу.
Мақсат пен міндеттерді тиімді іске асыру үшін:
-
бесік-жырлары, балаларға арналған әндер, тақпақтар,
жұмбақтар және мақал-мәтелдер, балалардың айтуына жеңіл
жаңылтпаштар қолдану;
-
-
күндізгі ұйқы алдында балаларға ертегі оқып беру;
балалармен ертегі сағаттарын, «Әжемнің ертегісі», «Бал бала»
ісшараларын өткізу;
-
ұлттық, спорттық, қимылды ойындарды, мамандықтар
бойынша сюжетті-рөлдік ойындарды, «Отбасы» және басқа
ойындарды өткізу;
-
экскурсиялар ұйымдастыру (мұражайлар, театрлар, өлкетану
экскурсиялары, кәсіпорындарға бару);
-
отбасымен ынтымақтастық – МДҰ әлеуметтік желілерінің
парақшалары (Instagram, Facebook, Telegram) арқылы ақпарат
алушы ретінде ата-аналармен байланыс орнату, балаларды
тәрбиелеуге
қатысты
мәселелер
бойынша
ата-аналарға
педагогикалық қолдау көрсету ұсынылады.
8
ЖАЛПЫ АДАМИ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

АЗАМАТТЫ ТӘРБИЕЛЕУ
Халықтар мәдениетінің негізін қалыптастыру кешенді сипатта
болуы тиіс, ол балалар әрекетінің барлық түрлерін қамтуы, яғни
режимдік
сәттерде,
ұйымдастырылған
іс-әрекетте
және
балабақшада ұйымдастырылатын басқа ісшараларда жүзеге
асырылуы қажет.
Балаларды жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде
тиімді тәрбиелеу үшін белгілі бір жағдайлар жасалуы тиіс.
Баланың тұлғасын дамытудың маңызды шарты – бала
тұлғасының барлық аспектілеріне: эмоцияларына, сезімі мен
ойлауына әсер ететін, баланың даму ортасына айналатын білім беру
ұйымы
жағдайында
заттықкеңістіктік
дамытушы
ортаны
ұйымдастыру.
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру:
-
-
-
-
балалардың дамуы үшін қауіпсіз, жайлы жағдайлар жасау;
баланың рухани-адамгершілік тәжірибесін байыту;
балаға қоршаған ортаға өзінің қатысы бар екенін түсіндіру;
рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтар
негізінде даму мен тәрбиені біртұтас білім беру процесіне кіріктіру.
Білім беру ұйымдарында заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны
ұйымдастыруда:
қауіпсіздік,
мазмұн,
қолжетімділік,
көпфункционалдылық, өзгермелі және вариативтілік қағидалары
сақталуы қажет.
Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны ұйымдастыру және
жабдықтау
тәрбиелеу-білім
беру
процесінің
мазмұнына,
тәрбиеленушілердің жастарына, жеке мүмкіндіктеріне және балалар
әрекетінің түрлерін ұйымдастыруға тікелей байланысты.
Үлгілік оқу бағдарламасының мақсатында айқындалған әр
баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін
9
ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде
оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу үшін мектепке
дейінгі ұйымның топ бөлмелері мен мектептің мектепалды
сыныптарын қызығушылық орталықтарына бөлу ұсынылады.

тәрбиелеудің маңызды шарттарының бірі - білім беру ұйымында
ұлттық құндылықтар кабинетін немесе орталығын ашу болып
табылады және:
-
қазақ халқының тұрмыстық заттарымен, музыкалық
аспаптарымен, әшекей бұйымдарымен, ұлттық киімдерімен және
басқалармен жабдықтау; қазақ халқының ұлттық ойындарын
(«асық», «бес тас», «бестемше» және басқалар) ойнауға орындарды
жабдықтау;
-
кілем тоқитын, құмыра, ыдыс-аяқ жасайтын құралдармен
жабдықтау;
-
-
қыздардың шашын өретін, қамшы өретін бұрыштар жасау;
балаларға арналған түрлі шараларды өткізу үшін құралдармен
жабдықтау.
Режимдік сәттерде балаларды бір-біріне көмек көрсетуге,
қолдауға, жанашырлық танытуға бағыттайтын жағдаяттарды
ұйымдастыруға болады (мысалы: серуенге дайындық кезінде,
серуен және тамақтану кезінде, бақылау, еңбек, шығармашылық
әрекеттерде және т.б.).
Балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу үнемі жүзеге
асырылатынын есте ұстаған жөн. Ол тек балалар әрекетінің бір
түрімен немесе жеке іс-шарамен шектелмеуі қажет. Сондықтан
тәрбиеші әрдайым әр тәрбиеленушінің адамгершілік түсініктері,
сезімдері мен мінез-құлық мәдениетін байыту үшін барлық
мүмкіндіктерді қолдануы тиіс.
Тәрбиеленушілердің мерекелер мен сауық кештерге, сондай-ақ
мерекелердің жекелеген нөмірлеріне костюмдер мен атрибуттар
дайындауға топты/сыныпты, залды безендіруге қатысуы, ата-
10
аналарға (заңды өкілдерге) сыйлықтар әзірлеуі мейірімділік пен
қамқорлық танытуға, саналы мінезқұлық дағдыларын меңгеруге
ықпал етеді.
Мерекелер мен сауық кештер балалардың өмірлік тәжірибесін
байытуы, мейірімділік пен еңбекқорлықтың оң үлгісін көрсетуі,
білім
алуға
қызығушылықты
оятуы,
шығармашылық
мүмкіндіктерін кеңейтуі, қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз,
бейбітшілік пен достықты дәріптеуі қажет.
Білім беру ұйымының дәліздерінде, топтарында/сыныптарында
балаларға арналған кітап бұрышы және мобильді кітапхана бар,
кітапханадан ата-аналар балаларымен бірге өздеріне ұнайтын
кітапты үйде оқуға алуға немесе ертегілер мен әңгімелерді
тыңдауға болады. Педагогтерге күн сайын тәрбиеленушілерге
адамгершілік
қасиеттерді
әртүрлі
нысанда
сипаттайтын
шығармаларды оқып беру ұсынылады. Әңгімелер мен ертегілерде
адамгершілік қасиеттер туралы балаларға неғұрлым түсінікті
беріледі, онда кейіпкерлердің жағымды әрекеттері сипатталады
және әрекет пен кейіпкерге баға беріледі. Осындай шығармалар
арқылы балаларды адамгершілік қасиеттермен таныстыру керек.
Педагог кітап оқығанда, бала белгілі бір суретті, нақты
жағдайларды, бейнелерді көреді (елестетеді), сипатталған
оқиғаларды бастан кешіреді және сезімдерін сөзбен жеткізеді.
Мектеп жасына дейінгі балалар әрекетінің негізгі және тиімді
әдісі ойын болып табылады, балаларды дамытуда әртүрлі
ойындарды қолдану арқылы еңбекқор, адал, саналы, қамқор
азаматты тәрбиелеуге болады. Ойындарды қолдану ұлттық салт-
дәстүрлерге баулуға және балаларды:
-
-
қазақ халқының кәсібімен, тұрмысымен, салт-дәстүрлерімен;
қазақ халқының шығармаларымен (ертегілер, әңгімелер, бесік
жырлары, аңыздар, күйлер, әндер);
11
-
халық мерекелерімен және айтулы күндермен (Қазақстан
халқы тілдері күні, Республика күні, Наурыз, Қазақстан халқының
бірлігі мерекесі, Отан қорғаушы күні) таныстыруға ықпал етеді.
Балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің шарттарының
бірітәрбиеленушілердің
өздерінің
және
құрдастарының
адамгершілік әрекеттерін анықтауға бағытталған міндеттерді іске
асыруы. Мысалы, сюжетті-рөлдік ойында немесе қуыршақтардың
көмегімен балалар рухани-адамгершілік тәрбиені іске асыруды
көрсететін
кез-келген
проблемалық
жағдаятты
шешіп,
ойыншықтарды барлығына жеткізіп таратуы немесе ойында кімнің
басты рөлге ие болатынын таңдауы немесе бір-біріне көмектесуі
керек.
Балалар қуыршақтармен қызығып ойнайды, олармен ойнай
отырып, балалар еңбек етуге үйренеді (тігу, жуу, тамақ пісіру,
қуыршақты киіндіру), мұндай ойындар арқылы табандылық,
ұқыптылық, еңбекқорлық, жақындарын жақсы көру сияқты
қасиеттер қалыптасады.
Адамгершілікке тәрбиелеу бойынша маңызды құралдардың
бірі – дидактикалық ойын болып табылады, ойын арқылы
тәрбиеленушілерде мейірімділік, елгезектік қасиеттер қалыптасады,
сонымен қатар еңбекқорлыққа тәрбиеленеді (1-қосымша).
Педагогтер дидактикалық ойындармен қатар педагогикалық
жағдаяттарды қолдана алады (2-қосымша). Ол үшін педагог нақты
мақсат қояды, қажетті жағдайлар жасайды, материалдарды
дайындайды, белгілі бір әдістемелік тәсілдерді қолданады.
Педагогикалық жағдаяттың негізгі ерекшелігі-бала үшін бұл
жағдаят ерікті қарым-қатынастың немесе әрекеттің шынайы
жағдайы ретінде көрінуі керек.
Тәрбиеші балаларға балалардың өміріндегі көріністерді
бейнелейтін суреттерді ұсына алады: бірлескен ойындар,
ұйымдастырылған іс-әрекетке, мерекелер мен сауық кештерге
дайындық. Әр көріністе суреттегі кейіпкерлерге дұрыс шешім
12
табуға көмектесу үшін талқыланатын конфликтілік (дау, жанжал)
жағдаяттар болуы қажет.
Алдымен балаларға суреттің жалпы мазмұнын түсінуге
мүмкіндік беру керек. Мынадай сұрақтар қоюға болады: «суретші
не туралы айтқысы келді?», «Бұл суретті қалай атар едің?», содан
кейін балалардың назарын басты кейіпкерге аудару: оған не болды?
оның эмоционалдық жағдайы қандай (ренжіп тұр, қорқып немесе
үрейленіп тұр)?, басқа кейіпкерлердің оған деген көзқарасы?, егер
балалар белсенділік танытпаса немесе кейіпкердің эмоционалды
көңіл-күйінің себептерін көре алмаған жағдайда мынадай сұрақтар
қоюға болады: «Мына баланың орнында сен болсаң, өзіңді қалай
сезінер едің?», «Бұл балаларға әрі қарай қалай әрекет етуге
болатыны туралы қандай кеңес берер едің?» немесе: «Егер сен осы
баланың құрдастарының орнында болсаң, қалай әрекет етер едің?».
Жұмыс барысында балаларды бақылай отырып, оларда
адамгершілік қасиеттер туралы түсініктердің қалыптасқанын
көруге сондай-ақ, кейбір жағымсыз көріністерді атап өтуге болады.
Бұл келешекте міндеттер қоюға, ойын барысында (педагогикалық
жағдаяттарды шешу) немқұрайлылық, өзімшілдік, жағымсыз
қарым-қатынас танытқан балаларға ерекше назар аударуға
мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде отбасы маңызды
рөл атқарады.
Тәрбиеленушілердің ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстың
негізгі міндеттері:
-
-
ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;
әр тәрбиеленушінің отбасымен әріптестік қарым-қатынас
орнату;
-
балаларды дамыту мен тәрбиелеу үшін отбасы мен мектепке
дейінгі ұйымның күш-жігерін біріктіру;
-
өзара түсіністік атмосферасын құру, мүдделердің ортақтығын,
мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілері мен педагогтері, ата-
13
аналар арасында қарым-қатынасқа деген оң көзқарас пен
тілектестікті қолдау.
Ата-аналардың педагогикалық құзыреттілік деңгейін артты ру,
МДҰ қызметіне тарту, ата-аналармен жұмыста отбасылық
дәстүрлер тәжірибесін тарату үшін тренингтер, семинарлар, «игі
істер күндері», ата-аналардың қатысуымен педагогикалық кеңес,
ата-аналар
конференциясы,
дәстүрлі
емес
қарым-қатынас
нысандары түрінде өтуге тиіс ата-аналар жиналыстарының жаңа
форматтарын қолдану ұсынылады. Олар ата-аналармен бейресми
байланыс орнатуға, олардың назарын мектепке дейінгі ұйымға
аударуға бағытталған, мұндай жұмыстар барысында ата-аналар өз
баласын жақсы білуге, оны басқа, өзі үшін таныс емес жағынан
көруге, педагогтермен өзара қарым-қатынаста болуға мүмкіндік
беріледі.
Жеке және топтық консультациялар, ата-аналар жиналыстарын,
проблема
бойынша
пікірталастар,
«ауызша
журналдар»,
педагогикалық қонақ бөлмелерін, сұрақ-жауап кештерін, «ток-шоу»
өткізу, сабақтардың бейнежазбаларын және режимдік сәттерді
қарау, содан кейін талқылау және басқалары ұсынылады.
Балаларды ұлттық салт-дәстүрлер мен мәдениетке құрметпен
қарауға тәрбиелеу, сондай-ақ толеранттылықты қалыптастыру және
сыйластық, адалдық, теңдік сияқты жалпы адами құндылықтарды
түсіну маңызды болып табылады.
14
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі мәдени ортада мектеп жасына дейінгі балаларды
этномәдени төзімділікке, мейірімді қарым-қатынасқа, жалпы адами
және ұлттық құндылықтарға баул у ерекше маңызға ие. Еңбекқор,
адал және жасампаз азаматты тәрбиелеу - бұл ата-аналар мен
педагогтердің қатысуы мен назар аударуын талап ететін кешенді
процес. Жеке қасиеттерді бірізді дамыту, бала еліктеу үшін өнегелі
үлгі көрсету және баланы әлеуметтік маңызы бар саналы әрекетке
тарту қажет.
Еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты ұлттық
құндылықтар арқылы толыққанды тәрбиелеу үшін:
-
дәлдікті, ептілікті, дене қалпын дұрыс қалыптастырға ықпал
ететін ұлттық ойындарды ойнату («ақ серек», «асық ойыны», «бес
тас», «ат жарыс», «көкпар» және т. б.);
-
ерте жастан бастап балаларды бесік жырларын, ертегілерді,
аңыздарды, халық әндері мен күйлерін тыңдауға үйрету;
-
қоршаған орта мен қазақ халқының болмысына қатысты «обал
болады», «сауап болады» түсініктерін насихаттау;
-
қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру, ұлттық
құндылықтарды насихаттау;
-
жүнмен, жіппен сурет салуға, ою-өрнектерді мүсіндеуге және
жапсыруға тарту;
-
ел аумағындағы шексіз далаға, жартасты тауларға, көркем
табиғатқа, өзендер мен көлдерге, тарихи сәулет ескерткіштеріне
қызығушылықты арттыру бойынша жұмысқа ерекше назар аудару
қажет.
15
1
-қосымша
Ұжымда достық қарым-қатынасты қалыптастыруға
бағытталған дидактикалық ойындар
«
Достың көмегі»
Ойынның мақсаты: балаларды зейін қоюға, мейірімділікке,
досына көмектесуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші ойынның шартын түсіндіреді.
Балалар шеңберге тұрып, қолдарын артына қояды, тәрбиеші
балалардың бірінің қолына «арман қауырсынын» тигізеді (бұл кез-
келген құстың қауырсыны болуы мүмкін). Қолына қауырсын тиген
бала өзінің арманы туралы айтады. Тәрбиеші қалған
қатысушылардан осы арманды қалай іске асыруға болатынын
ойластыруды және айтып беруді сұрайды.
«
Сиқырлы таяқша»

Балалар шеңберге тұрып, өздеріне көмек қажет болған
жағдайды кезекпен айтып береді, мысалы: тісім ауырды, біреу
ренжітті, көңіл-күйім болмады. Қатысушылар жағдайларын айтып
болғаннан кейін, педагог «сиқырлы таяқшаны» қолына алып, былай
дейді:
«Сиқырлы таяқша, досыңа көмектес!».
Досына қалай көмектесуге болатынын білетін бала қолын
көтереді, ал педагог оған таяқшаны береді. Таяқшаны алған
қатысушы оны екінші қатысушының қолына тигізеді және оған
қалай көмектесуге болатынын айтады.
Қиындық туындаған жағдайда педагог баланың қолына
таяқшаны тигізіп, оған қалай көмектесу керектігін өзі айтады.
16
«
Досыңның жақсы қасиеттерін атап бер»
Ойынның мақсаты: адамның жақсы қасиеттерін көре білуге
тәрбиелеу.
Бір баланы шеңбердің ішіне отырғызады және басқа балалар
өзіне осы баланың қандай қасиеттері ұнайтынын айтады. Педагог
балаларға жауаптарының қайталанбауын ескертеді және өзі үлгі
ретінде осы баланың жағымды қасиеттерінің бірін әңгімелеп
береді. Ойын осылай жалғасады.
«
Досыңды тауып ал»
Ойынның мақсаты: достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу,
зейінді, есте сақтауды дамыту.
Балаларды екі топқа бөледі, бір топтағы балалардың көздерін
орамалмен байлайды да, оларға бөлменің ішінде жүруді ұсынады
және құрдастарын тануы қажет екендігі айтылады. Балалар
досының қолын, шашын, киімін ұстап тануына болады. Балалар
достарын тапқаннан кейін ойыншылар рөлдермен алмасады.
«
Мақтау сөздер айту»
Ойынның мақсаты: достық қарым-қатынасқа, әр адамның
жақсы қасиетін көре білуге тәрбиелеу.
Қатысушылар шеңбер құрып отырады, бір бала шеңбердің
ортасына отырады. Балалар оның мінез-құлқындағы жағымды
қасиеттерін, қабілетін, сыртқы келбетінің тартымдылығын айтып,
мақтайды.
17
«
Паровоз»
Ойынның мақсаты: ұжымда үйлесімділік пен бірлікті
қалыптастыру.
Тәрбиеші балаларға өз тобының балалары тату, мейірімді, адал
болуын тілейтінін айта отырып, паровоз ойынын ойнауды ұсынады,
онда «вагондар» бір-бірін шынтағынан ұстайтынын көрсетеді.
Паровоз әртүрлі қарқынмен, ырғақпен, кедергілер арқылы жүреді.
Балалардың көңілді ән айтуларына болады. Ойынның шарты
қолдарынан жібермей, біртұтас команда ретінде әрекет ету.
18
Мейірімділікті қалыптастыруға бағытталған
дидактикалық ойындар
«
Мейірімділік туралы ойлайық»
Ойынның мақсаты: ұжымда мейірімді қарым-қатынасқа
тәрбиелеу.
Балалар шеңберге тұрады. Жүргізуші («мейірімділік»)
таңдалады. Педагог оған бөлмеден шығып, балалардың кез-
келгеніне қандай қайырымдылық жасай алатындығы туралы
ойлануды ұсынады.
Педагогтің белгісі бойынша балалар «мейірімділікті»
шақырады. Ол бөлмеге кіріп, балалардың біреуінің қолынан ұстап,
оны шеңбердің ортасына апарады да, ол үшін қандай жақсылық
жасай алатынын айтады. Содан кейін жүргізуші ауысады, ойын
осылай жалғасады.
«
Мейірімді адамдар»
Ойынның мақсаты: «мейірімді адамдар» туралы түсінік
қалыптастыру, зейін мен есте сақтауды дамыту, жылдам әрекет
етуге үйрету.
Балалар шеңберге тұрады. Педагог кезекпен әрқайсысына доп
лақтырады. Допты ұстаған бала кез-келген мейірімді адамды
атайды және оның неге мейірімді екенін түсіндіреді (жауаптың
үлгісі: менің әпкем мейірімді, өйткені ол менімен күнде ойнайды,
маған көмектеседі). Барлық балалар айтып болғаннан кейін, педагог
олардың әрқайсысы әңгімелеп берген барлық мейірімді адамдарды
атап беруді сұрайды.
19
«
Мейірімділік ағашы»
Ойынның мақсаты: «игі істер» туралы түсінік қалыптастыру,
зейін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Педагог балалардың назарын ватман парағына салынған
«мейірімділік ағашына» аударады және олардан өздерінің игі істері
туралы айтып беруді сұрайды.
Қатысушылар айтқан сөздеріне қарай ағашқа жемістің суретін
салады. Ойын балалар өздерінің игі істерін айтып болғанға дейін
жалғасады. Ойынның соңында ағаштың суретін қабырғаға іліп
қоюға болады және оған арасында жаңа жемістерді қосуға болады.
«
Құрметтеуді үйренейік»
Ойынның мақсаты: құрдастарына құрметпен қарауға
тәрбиелеу.
Педагог балалардан қандай адамгершілік қасиеттер құрметке
лайық болып көрінетінін ойлануды және айтуды сұрайды. Содан
кейін балалар шеңберге тұрып, бір-біріне допты беріп, допты
берген баланы не үшін құрметтейтінін айтады.
Ойын барлық қатысушылар айтып болғанша жалғасады.
«
Адалдық шеңбері»
Ойынның мақсаты: балаларды адалдыққа тәрбиелеу, зейінді
дамыту, жылдам әрекет етуге тәрбиелеу.
Педагог балаларды екі командаға бөледі.
Бір команданың қатысушылары қолдарынан ұстап, «адалдық
шеңберін» құра отырып, қолдарын жоғары көтереді. Екінші
команданың мүшелері бірінің артынан бірі сапқа тұрып, көңілді
музыкамен «адалдық шеңберінің» ішіне кіріп, шығады.
20
Музыка тоқтағанда «адалдық шеңберін» құрып тұрған балалар
қолдарын төмен түсіреді. Шеңбердің ішінде қалып қойған
қатысушылар өздерінің адал әрекеттері туралы кезекпен айтып
береді. Содан кейін командалар орындарымен алмасады, ойын
жалғасады.
«
Сыпайы өтініш»
Ойынның мақсаты: балаларды мейірімділікке, зейінділікке
тәрбиелеу.
Балалар шеңберге тұрады. Педагог түрлі бұйрықтар береді,
мысалы, қолды жоғары көтер, қолыңды шапалақта, бірақ
«мархабат» сөзі айтылған өтініштерді ғана орындау керек.
«
Сыпайы кездесу»
Ойынның мақсаты: сыпайы қарым-қатынас жасауға үйрету.
Педагог балаларды жұптарға бөледі. Әр жұп екі бірдей
ойыншық алады (екі доп, екі қуыршақ). Балаларға екі қойылым
ойнау ұсынылады – біріншісі әдепсіз ойыншықтардың, екіншісі
әдепті ойыншықтардың кездесуін бейнелеу. Тапсырманың соңында
әдептіліктің мағынасын талқылайды.
21

Менің көңіл-күйім»
Ойынның мақсаты: мейрімділікке тәрбиелеу, жақын адамның
көңіл-күйін көре білуге үйрету.
Балалар кезекпен бүгінгі көңіл-күйі жылдың қай мезгіліне,
табиғат
құбылысына,
ауа-райына
ұқсас
екенін
айтады.
Салыстыруды тәрбиеші бастауы тиіс: «Менің көңіл-күйім көгілдір
аспандағы ақ бұлттарға ұқсайды, ал сенің көңіл-күйің қандай?» деп,
балаларды ойынға тартады. Ойынның соңында тәрбиеші
қорытындылайды – бүгін топтың көңіл-күйі қандай: көңілсіз,
көңілді, күлкілі, ызалы екенін айтады.
Қолайсыз ауа-райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты
агрессивті элементтер жағымсыз эмоцияларды көрсететінін ескеру
керек.
«
Эмоцияларды жаттықтырамыз»
Ойынның мақсаты: елгезектікке, көңіл-күйді көре білуге,
өзінің эмоцияларын басқаруға тәрбиелеу.
Тәрбиеші балалардан:
-
күзгі бұлт сияқты түнеруді; ашулы адам, зұлым сиқыршы
сияқты қабақты түюді;
-
-
күннің көзі; қу түлкі; қуанышты бала сияқты күлімдеуді;
балмұздағын тартып алған бала; көпірде кездесіп қалған екі
қой; итеріп жіберген адам сияқты ызалануды;
-
орманда адасып кетіп бала; қасқырды көрген қоян сияқты
қорқуды;
-
жұмыстан кейін шаршаған әкесін; ауыр жүк көтерген адамды;
үлкен бұтақты сүйреп бара жатқан құмырсқаны;
-
көп жұмыс істеген, бірақ анасына көмектескен бала сияқты
демалуды;
22
-
ауыр жүк әкелген жылқыны; жұмыстан кейінгі анасының
эмоцияларын көрсетуді сұрайды.
«
Ата-аналарға қамқорлық жасау»
Ойынның мақсаты: балаларды елгезектікке, ата-аналарына
қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Балалар бірнеше қадам қашықтықта педагогке қарама-қарсы
тұрады.
Педагог кезекпен балаларға допты лақтырып, мынадай
жағдайларда қалай қамқорлық жасауға болатынын сұрайды:
-
-
-
-
-
анаң ауырып қалды;
анаң жұмыстан шаршап келді;
анаңның көңіл-күйі жоқ;
анаңның істейтін жұмысы көп;
әкеңнің жұмысында қолайсыздықтар болды.
Ата-аналарға қалай көмектесуге болатынын ойлап тапқан бала
алға бір қадам жасайды, бірінші болып тәрбиешіге жеткен бала
жеңімпаз болады.
Ойын соңында педагог балалардан өмірде өздері айтқандай
әрекет ету керектігін айтады.
«
Қамқорлық гүлі»
Ойынның мақсаты: мейірімділікке, ата-аналарына қамқорлық
көрсетуге тәрбиелеу.
Тәрбиеші балалардан анасы үшін жасай алатын бес істі ат ауды
сұрайды. Балаларға
анасына арнап бес жапырақшасы бар
«қамқорлық гүлін» салу ұсынылады.
Сурет салып болғаннан кейін тәрбиеші балаларға өздері
ойлаған істерін жасап, анасына «қамқорлық гүлін» сыйлауды
ұсынады.
23
«
Кім жауапкершілік танытты»
Ойынның мақсаты: жауапкершілікке, қайырымдылыққа
тәрбиелеу.
Балалар бірнеше қадам қашықтықта тәрбиешіге қарама-қарсы
тұрады.
Тәрбиеші балаларға кезекпен доп лақтырып, мына жағдайда
адам жауапкершілік танытты ма деп сұрайды:
-
әкесі баласымен бірге циркке баратыны туралы уәдесін
ұмытып, достарымен балық аулауға кетті;
-
анасы шаршағанына қарамастан қызына қуыршақ театрына
ойыншық тігуге көмектесті;
-
-
ағасы серуендеуге кетіп, қарындасын жалғыз қалдырды;
балалар саяжайға кеткенде мысыққа тамақ қалдыруды ұмытып
кетті;
-
күн сайын қыз бала бөлмедегі өсімдіктерді суару үшін ерте
тұрады;
-
теңізге барар алдында әкесі ұлына жүзуді үйретті.
Егер допты ұстап алған ойыншының пікірімен балалардың
көпшілігі келіссе, ол алға бір қадам жасайды. Егер қалған
қатысушылар оның пікірімен келіспесе, ойыншы орнында қалады
және балаларға бұл мәселені талқылау ұсынылады.
24
Еңбекқорлыққа баулу бойынша дидактикалық ойындар
«
Неге (не үшін) осылай әрекет ету керек?»
Ойынның мақсаты: балаларда еңбектің қажеттілігі туралы
түсінік қалыптастыру, еңбек процесі туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиеші балаларға еңбек процесі бейнеленген суреттерді
көрсетеді, сұрақ қояды, балалар жауап береді:
-
-
-
Егістікке не үшін тұқым себеді? (Астық өсіру үшін)
Бақша не үшін қажет? (Көкөністер өсіру үшін)
Неге жеміс ағаштарына су құяды? (Жемістерден жақсы өнім
алу үшін)
-
-
-
-
Нанды не үшін пісіреді? (Адамдарды тамақтандыру үшін)
Пәтерді не үшін тазалайды? (Таза болуы үшін)
Неге ауланы сыпыру керек? (Аула таза және әдемі болу үшін)
Неліктен күзде ағаштардан түскен жапырақтарды жинау
керек? (Өрт болмас үшін және қала көшелері таза болуы үшін) және
т. б.
«
Барлық мамандықтар қажет, барлық мамандықтар
маңызды»
Ойынның мақсаты: балаларда барлық мамандықтардың
маңызды және құрметті екенін туралы түсінік қалыптастыру;
әртүрлі мамандықтағы адамдардың еңбегіне құрметпен қарауға
тәрбиелеу.
Балалар «біз не үшін рахмет айтамыз (мамандық)» деген
сұраққа жауап береді:
-
-
-
Тәрбешіге не үшін рахмет айтамыз?
Дәрігерге не үшін рахмет айтамыз?
Аспазға, аула сыпырушыға, күзетшіге не үшін рахмет
айтамыз?
-
Диқанға, орманшыға, балықшыға не үшін рахмет айтамыз?
25
«
Кім қайда жұмыс істейді?»
Ойынның мақсаты: әртүрлі мамандықтағы адамдар қайда
жұмыс істейтіні, олардың жұмыс орны қалай аталатыны туралы
балалардың түсініктерін нақтылау: тәрбиеші-балабақшада; мұғалім-
мектепте;
-
дәрігер-ауруханада, емханада, балабақшада, мектепте; аспаз-
ас үйде, асханада, мейрамханада; тракторшы-егістікте;
-
наубайханашы-нан зауытында, наубайханада; бағбан-бақшада.
2
-қосымша
Сюжеттік суреттерді қолдана отырып, педагогикалық
жағдаяттарды талдау
Кемемен қыдыруға барамыз»
Мақсаты: балаларды ойындағы рөлдерді бөлісу кезінде
жанжалдаспауға баул у.
Балалар «кеме» құрастырып, қыдыруға дайындалуда. Ең
белсенді бала (көшбасшы) – «капитан», біреуі – «матрос» болып
тағайындалды. «Жолаушылар» кемеге отырып жатыр. Ал, кім
кеменің жүргізушісі болады? Бұл рөлге екі бала таласып, олардың
араларында жанжал туындады. Бұл даулы мәселе қалай шешіледі:
біреуі штурвалды алып қояды немесе жүргізуші болудан бас
тартып, оны досына береді.
Балаларға арналған үлгі сұрақтар:
-
-
-
-
Суреттен не көріп тұрсыңдар?
Балалар кімдерді бейнелеп жатыр?
Балалардың арасында неге жанжал туындады?
Балалар жанжалды тоқтату үшін не істеу керек?
26
«
Жаңа жыл қарсаңында»
Мақсаты: балалардың назарын құрдасының эмоционалды
көңіл-күйіне аудару, құрдасын жұбатуға баул у.
Балабақша жаңа жыл мерекесіне дайындалуда. Балалар
шыршаны безендіріп, оған қолдан жасалған ойыншықтарды іліп
жатыр. Шетте бір бала, оларға мұңайып қарап тұр.
Тәрбиеші мынадай сұрақтар қояды: «Балалар көңілді деп
ойлайсыңдар ма?»; «Неліктен балалар көңілді болып жүр?»;
«
Барлық балалар көңілді ме?»; «Мына бала неге мұңайып тұр?»;
Оған қалай көмектесуге болады?».
«
«
Менде доп жоқ»
Мақсаты: достармен бөлісу керек деген моральдық қағиданың
мағынасын түсіндіру.
Педагог балаларға сұрақ қояды: «Мына бала неге көңілсіз?»
Жауаптарды тыңдау, барлық пікірлерді талқылау, балалардың
назарын
суреттің
мағынасына,
кейіпкердің
эмоционалды
жағдайына аудару. Жалпы қорытынды: «жақсы достар әрқашан
біреудің мұңайғанын байқайды. Неге бұл бала көңілсіз? Оған қалай
көмектесуге болады? Олар әрқашан досымен бөліседі. Басқаны
қуантқанда, өзің де қуанышқа бөленесің!». Балалармен талқылау:
неге достармен бөлісу керек? Бұл сұрақ балаларды жағдаят
шеңберінен шығуға, оларды өздерінің тәжірибелеріне сүйенуге
мәжбүр етеді. Балалардың біреуіне досының қалай көмектескенін
және сол сәтте өзін қалай сезінгенін еске түсіруді ұсынуға болады.
27
Шағын қойылымдарға арналған педагогикалық
жағдаяттар
Мақсаты: сыпайы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру,
айналасындағылармен мейірімді қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу,
қиял мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
Балалар жағдаятты ойнайды. Содан кейін қалғандары олардың
әрекеттерін бағалайды, егер олардың қателіктері болса, оларды
атайды.
Қойылымдарды басқа балалармен 2-3 рет қайталауға болады.
Тапсырмалар:
-
Сурет салу ұйымдастырылған іс-әрекетінде қарындашың
сынып қалды. Сен құрдасыңнан қарындашты қалай сұрайсың?
-
Сендер доп ойнап жатырсыңдар, көңіл-күйлерің көтеріңкі. Ал,
Арман дуалдың жанында жалғыз өзі мұңайып тұр. Сендер не
істейсіңдер, Арманға не айтасыңдар?
-
Көше батпақ, лас. Сержан құлап, үстін былғап алды да,
жылады.
Сендер не істейсіңдер? Оған не айтасыңдар?
-
-
Тамақ үшіп болдың. Не істейсің? Не айтуың керек?
Сенің бантигің шешіліп кетті. Әлия бантигіңді байлап берді.
Сен оған не айтуың керек?
-
Екі бала ойнап отыр. Бірі байқамай досын итеріп жіберді.
Олардың әрекетін айтып беріңдер?
«
Сыпайы сөздер дүкені»
Мақсаты: белгілі бір жағдайда сыпайы сөздерді қолдана білуді
қалыптастыру.
Дүкендегі сөрелерге «сыпайы сөздер» орналастырылған: алғыс
айту (рахмет, алғыс білдіремін), өтініштер (өтінемін, мархабат),
сәлемдесу (сәлеметсіз бе, қайырлы күн, қайырлы таң), кешірім
сұрау (кешіріңіз, өкінішті), жылы сөздер (құрметті ана, әке,
28
анашым, әжетайым). Педагог жағдаяттарды сипаттайды, ал балалар
сөреге кезек-кезек келіп, сатушыдан өзіне қажетті сөздерді «сатып
алады» және жағдаяттарды талдай отырып, оларды қолданады.
1-жағдаят. Анаң дүкеннен дәмді алма әкелді. Сенің алма жегің
келді, бірақ анаң түскі асқа дейін күтуің керек деді. Сен анаңнан
алманы қалай сұрайсың?
2-жағдаят. Әжең шаршап, демалып жатыр. Сен әжеңнің
қызықты кітапты оқып бергенін қалайсың. Сен қалай әрекет етесің?
Сен әжеңнен кітап оқып беруін қалай сұрайсың?
3
-қосымша
Ата-аналарға арналған ұсынымдар
Отбасылық дәстүрлерді қалыптастыру
Еңбекпен, жауапкершілік және өзара көмекпен байланысты
отбасылық дәстүрлерді қалыптастыру. Мысалы, Наурыз
мерекесіне бірге дайындалу; отбасы мүшелерінің туған күндерін
атап өту, оларға сыйлықтар дайындау; мұражайға, табиғатқа
бірлескен экскурсиялар және т.б. Үлгі көрсету
Ата-аналар еңбекқорлықтың, адалдықтың және азаматтық
жауапкершіліктің үлгісін көрсетуі қажет. Балалар ересектердің
әрекеттерін жиі қайталайды, сондықтан ата-аналардың үлгісі
олар үшін маңызды тәрбиелік құралға айналады.
29
Адамгершілік туралы әңгімелесу
Балалармен адамгершілік, адалдық, патриотизм және
еңбекқорлық туралы үнемі талқылау. Балаларға әртүрлі өмірлік
жағдайларды қалай қабылдайтыны туралы сұрақтар қою және
оларға дұрыс моральдық бағыттарды таңдауға көмектесу.
Шығармашылық белсенділікті қолдау
Шығармашылық әрекет, үй шаруасына көмектесу немесе білім
беру ұйымында өткізілетін іс-шараларға қатысу болсын, баланың
шығармашылық белсенділігінің ынталандыру. Қоршаған әлемді
жақсартуға күш салғаны және ұмтылғаны үшін мақтау.
Кітап және кино арқылы тәрбиелеу
Балаға кітап оқып беру, онымен бірге еңбекқорлық, адалдық
және патриотизм үлгілерін көрсететін мультфильмдерді қарау.
Сюжеттер мен кейіпкерлерді талдау, адамгершілікке баса назар
аудару.
30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1
.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу
бағдарламасы (ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығы)
Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту
туралы ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 маусымдағы
№194 бұйрығы .
2
.Қазақстан
Республикасында
мектепке
дейінгі,
орта,
техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029
жылдарға арналған тұжырымдамасы: Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы №249 қаулысы .
3
.Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделі:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы
№137 қаулысы .
31
А.Б.Ушурбакиева, Р. Б.Ушурбакиева
Г.А.Джексембиева
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ
БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ
ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ
ТӘРБИЕЛЕУ
Әдістемелік құрал
Басуға 28.01.2026 жылы қол қойылды.
Қаріп түрі «Times New Roman»
Көлемі 2 шартты баспа табақ. Таралымы 100 дана.
«Әлем» баспаханасы. Тапсырыс №2801.
Шымкент қаласы, Ғ.Іляев көшесі, 7
+
7 702 331 44 37, +7 776 331 44 37
Email: alembaspasy@mail.ru
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ ТӘРБИЕЛЕУ

шағым қалдыра аласыз