400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ АҚЫЛ-ОЙЫН ДАМЫТУ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі білім беру- бұл үш пен жеті жас аралығындағы баланы оқыту, дамыту, тәрбиелеу,қарау және күту. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасу үшін қажетті алғашқы білім,білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Жеті жасқа дейінгі балалар бірдеңені шындап уйрену үшін тым кішкентай болып көрінеді, алайда жете дайындалуынсыз балаға кейіннен мектепке оқу қиын болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ АҚЫЛ-ОЙЫН ДАМЫТУ
Тәрбиеші
Мектепке дейінгі білім беру- бұл үш пен жеті жас аралығындағы баланы оқыту, дамыту, тәрбиелеу,қарау және күту. Мектепке дейінгі оқыту мен
тәрбиелеу мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасу үшін қажетті алғашқы білім,білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Жеті жасқа дейінгі балалар бірдеңені шындап уйрену үшін тым кішкентай болып көрінеді, алайда жете дайындалуынсыз балаға кейіннен
мектепке оқу қиын болады. 713 Мектепке дейінгі мекемелердегі сабақтардың мектептегі сабақтардан айырмашылығы айтарлықтай. Кішкентай
балалар бір орында қырық-қырық бес минут отыра алмайды.Сондықтан Балабақшаларда және даму орталықтарында сабақтар әдеттегідей
қысқа, олардың ұзақтылығы отыз минуттан аспайды.Білім балаларға ойын түрінде ұсынылады,мектеп жасына дейінгі баланың ойын арқылы
сабаққа көңілін аударуға оңай. Ойын түрінде қажетті дағдылар қалыптап, олар ойын барысында пысықталады. Бұл ретте оқытушылар мектепте
оқығанда керек болатын дағдыларды қалыптастыруға ерекше назар аударады. Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту арқылы бала өзі және өз
мүмкіндіктері туралы бастапқы түсініктерді алады, онда қоршаған ортаның толық бейнесі және оған деген дұрыс көзқарасы қалыптасады.
Мектепке дейінгі жаста баланың зияткерлік, адамгершілік , эстетикалық және дене тұрқы мен жеке басы қасиеттерінің негізі салынады.
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие-адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы.Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді
меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең. Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін
қаланады.Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады. «Бес жасқа дейін жүргізілген барлық-тәрбие ісіңіз-бүкіл
процесінің тоқсан проценті», -деп Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен. Баланың ақыл- ойын жүйелеу,
ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу-бүгінгі күн талабы. Мектеп жасына дейінгі
баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс- әрекеті-ойын. Ойын арқылы бала өзін қошаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық
құбылыстарымен, адамдармен , олардың еңбегімен, қарым-қатынастарымен танысады. Белгілі педагог А.С. Макаренко баланың өміріндегі
ойынның атқаратын қызметі туралы; «Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса,балалар үшін ойынның маңызы сондай
болады» -деген; Біз балалардың ойнай жүріп, анасының, әкесінің барлық мамандық иелерінің қызметтерін атқарып жүретінін байқаймыз.
Мектепке дейінгі кезең біз түсінгендей өмірдің тек алаңсыз кезеңі ғана емес, ересектерге олар тек киімі бүтін,қарны тоқ болса ойнап-күлуді
білетін сияқты көрінеді. Барлап қарасақ балалар өмірінде де ересектер өміріндегідей күрделі, күрмеуі қиын,кейде тіпті шешілмейтін
проблемалар көп және олар балаларды ренжуге, қапалануға мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, қуануға үйретеді.
-Түрлі-түсті текшелерден үйді қалай салу керек?
-Ойыншықтарды өзара қалай бөлісеміз?-деген болмашы сұрақтарды өздері олар ересектер ше талқылап жатады. Сонымен мектепке дейінгі
кезең-баланың жеке тұлға болып өзін-өзі сезінуінің алғашқы сатысы демек адамгершілік ақыл-ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды
кезеңі. Баланың мәдениетті сөйлей білу үшінде, балабақшада, отбасында алған білім тәрбиесіне байланысты. Біздің басты міндетіміз баланы
жан- жақты дамыта отырып тілін дамыту. Сөздік қорларын байытумен қатар есте сақтау қабілеттерін арттыру. Баланың ана тілінде таза еркін
сөйлеуін мектепке дейінгі кезеңде меңгертуге тиіспіз.
Ұлы педагог К.Д. Ушинский “Кімде кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой –өрісін қабілетін дамыту тиіс”-деген.
Әрбір ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттерін өткізуде тәрбиешінің шығармашылығы, әдіс – тәсілдері тиімді пайдалануы, оқу іс – әрекетін
түрлендіріп ұйымдастыруда ойындарды мақал – мәтелдерді, жұмбақтарды қолдануы балалардың қиялын шарықтатады. Білімді меңгерту

үстінде баланың ойлау қабілеті ұштасады. Кішкетай балалар тез еліктегіш жан – жағына алаңдағыш келеді. Сөзді мәнерлеп айтуда болсын,
балалар тәрбиешіге, үлкендерге еліктейді.
Тіл дамыту, Көркем әдебиет оқу іс – әрекеттерін ойын арқылы өткізу адамгершілік міңез – құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Сәлемдесуге
баулу, достыққа ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бейімдейді. Мен өз тәжірибемде балалар тілін дамытуда, ой-өрісін кеңейту мақсатында мына
жобаларды негізге ала отырып жұмыс жасаудамын.
-Тілді дұрыс меңгеру; -Ауыз екі сөйлеу білу; - Көркемсөз үлгілерін үйрету және игерген білімдерін қолдана білу; -Сөздік қорын молайту;
-Дыбыстарды анық айтуды үйрету; Осы жобаларды меңгерген бала мектеп табалдырығын аттауға емін – еркін сөйлей алатын деңгейге жетеді.
Мектеп ж.д. бала көзбен көріп таныған затты дұрыс қабылдап, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды
оқығанда, оларға суреттер көрсетіп,әңгімелесу әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына сай болуын ескерген жөн. Баланың тілін,сана – сезімін
жетілдіру, эстетикалық талғамын байытуда теледидар арқылы берілетін мультипликациялық фильмдерді көрсетіп әңгімелесу, оқылған
шығармаға байланысты диафильмдер, компьютер қолдану пайдалы. Балаға диафильм немесе теледидардан әр түрлі қызықты көрсетілімдерді
көрсету қазіргі заманда өте қажет. Бала теледидар көріп отырғанда жан – жағындағылар дауыстап сөйлеп, әңгімелесу болмауын ескерген жөн.
Көріп не тыңдап отырғанда бала жақсы түсініп, қабылдайтын болуы керек. Сонымен бірге баладан алған әсерін айтып беруге үйретіп отыру
қажет. Қорыта келе, бүгінгі күн талабы – баланың ақыл – ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру,
заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелерінің бірі- білім
сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық ойлауын дамыту болып табылады. Заман талабына сай жас ұрпақ
тәрбиелеуде мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын қызметкерлер, тәрбиешілерге жауапты міндет жүктеледі. Бұл міндетті кең байтақ
республикамыздың барлық мектепке дейінгі мекемелерде қызмет атқаратын мамандар абыроймен атқарып келеді.
Әдебиеттер: 1. Макаренко С.Тәрбие сағаты. – М, 1998.-372 б. 2. Болатов С.М.Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие
тұжырыдамасы. -А, 1995. 487 б.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
451
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі