МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БАСТЫ ІС-ӘРЕКЕТІ – ОЙЫН

Тақырып бойынша 31 материал табылды

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БАСТЫ ІС-ӘРЕКЕТІ – ОЙЫН

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш – жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткерлердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді
Материалдың қысқаша нұсқасы

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БАСТЫ ІС-ӘРЕКЕТІ – ОЙЫН


Оқытушы Зиябек Жібек Бағланқызы


Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл - әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады. Ойынды зерттеу мәселесімен тек психологтар мен педагогтар ғана емес, философтар, тарихшылар, этнографтар және өнер қайраткерлері мен бала тәрбиесін зерттейтін ғалымдар да шұғылданады. Көптеген балалар жазушылары бала ойынының психологиялық мәнін және ойынға тән ерекшеліктерді көркем бейнелер арқылы суреттегені де мәлім.

Адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі – ойынның пайда болуын зерттеушілердің біразы өз еңбектерінде өнер және ойын көркемдік іс - әрекеттің алғашқы қадамы деп түсіндіреді. Ойында шындықтың көрінісі, оның бейнелі сәулесі қылаң береді. Жалпы ойынға тән нәрсе өмірдің әр түрлі құбылыстары мен үлкендердің түрлі іс- әрекеттеріне еліктеу екені белгілі. Ойынның шартты түрдегі мақсаттары бар, ал сол мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттер бала үшін қызықты. Балаларға ақыл-ой, адамгершілік, дене шынықтыру және эстетикалық тәрбие берудің маңызды тетігі ойында жатыр. Ойын барысында балалар өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекет байқатады. Сезіну, қабылдау, ойлау, қиялдау, зейін қою, ерік, арқылы түрлі психикалық түйсік пен сезім әлеміне сүңгиді.Сондықтан да педогогикада бала ойынына ерекше мән беріледі, өйткені ойын үстінде қалыптасатын балалық шақтың түйсігі мен әсері адамның көңіліне өмірбақи өшпестей із қалдырады. Бала ойын арқылы өзін толқытқан қуанышын немесе ренішін, асқақ арманын, мұрат – мүддесін бейнелесе, күні ертең сол арман – қиялын өмірде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сөйтіп бүгінгі ойын, бейнелі әрекет ертеңгі шындық ақиқатқа айналатын кезі аз емес.

Ойын мектеп жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына игі ықпал ететін жетекші, басты құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш – жігерін жаттықтырады, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Былайша айтқанда болашақ қайраткерлердің тәрбие жолы, тәлімдік өнегесі ойыннан бастап өрбиді

Мектепке дейінгі жаста бала көбіне ойыншық заттармен ойнайды. Бұл ойындарда сюжет жоқ, бір іс-әрекет еш байланыссыз ауысып отырады. Ойындар баланың жалпы қозғалу белсенділігін арттырады, әрі әр түрлі заттардың қасиеттерін танып білуге үйретеді. Мектепке дейінгі жаста ойын сюжет пайда болады, ойында сюжетті-рольдік мінез пайда болып бала психикасында сапалы өзгерістер енгізеді. Ол ойын ережелеріне бағынуға эмоциясын ұстамды етуге үйренеді, ерікті қатайтады және болып жатқан нәрсені дұрыс түсінуге баулиды. Бала бір іс-әрекет арқылы басқа іс-әрекетті, бір ат арқылы басқа затты көрсеткісі келген жағдайда ойын іс-әрекеті (символиялық) мінезге ие болады. Бала санасының белгілік функциясының құрылуы осы ойында жақсы көрінеді. Оның ойында көрінуінің өзінің ерекшеліктері бар. Ойында заттарды ауыстырушы заттың сол заттпен ұқсастығы өте аз болуы мүмкін . Зат ауыстырушыны таңдаған кезде бала осы затқа реалды қарым - қатынасынан шешім қабылдайды. Мысалы: ол жарты шырпының талын қанжық, ал бүгін талжықты аю, қорабын төсегі,-дегенге оңай келіседі. Ал аю шырпының қорабы, төсегі талшық дегенге бала еш уақытта келіспейді . Баланың қалыпты реакциясы – «Олай болмайды» Ойын үстінде мектеп жасына дейінгі бала заттарды басқа заттармен ауыстырып қана қоймайды, сонымен қатар өзі бір рольді алып, сол рольге байланысты іс-әрекет жасай бастайды. Бала өзіне атың, қорқынышты жануардың ролін алуы мүмкі. Бірақ көбіне ересек адам ролін (анасын, ұшқышты, жүргізушіні, тәрбиешіні т.б) ойнайды. Ойында балаға алғаш рет адамдар арасындағы қарым – қатынас, құқы мен міндеттері ашылды.

Сюжеттер кіші және үлкен мектеп жасына дейінгі балалар да кездеседі. Ол әртүрлі болады-кішілерде жай, үлкендерде (ортада әлеуметтік қарым-қатынас, мораль және жоғары эмоциональды) болады. Ойынның мазмұны ересектік іс-әрекеттің негізгі кезең етіп ерекшелеуі. Кіші мектепке дейінгі жастағы балалардың ойының негізгі кезең етіп ерекшелеуі. Кіші мектепке дейінгі жастағы балалардың ойынының негізгі мазмұны ересек адамдардың заттармен реальді іс - әрекетінде болады. Тамақтану ойынын ойнаған кезде балалар нанды кеседі, ботқа пісіреді бірақ нанмен тағам жеуге әкелінбейді. Бұл жерде ойынның мазмұны заттармен байланысты іс - әрекетінде көрінеді. Ойынның сюжеті алдын-ала жоспарланбайды, ол қол астына не түссе содан пайда болад. Осыдан бір заттар екінші затқа өтуіне байланысты жиі рольдердің өзгеруі пайда болады. Сонымен қатар ойынның мазмұны адамдар арасындағы қарым – қатынас болу мүмкін (тәрбиеші және бала) .

Іс-әрекеттер қайталанбайды, олар ауыстырылып отырады. Орта мектепке дейінгі жастағы балаларда сюжеттік ойынның негізгі мазмұны адамдар арасындағы қарым қатынас болады. Үлкен мектепке дейінгі жастағы балалар да ролдік ойынның мазмұны ережелерге бағыну болып табылады. Балалар ойынында екі түрлі өз арақатынас болады-ойындық және реальдік. Ойындық-ертек ролі. Реалдық-өмірден алынған, ортақ істі жасаушы, 3-4 жастағы бала құрдастарымен қарым-қатынасқа түседі-ол ұзақ уақытқа созылатын ойындық қатынас іздейді. Ортақ ойын үстінде балалар қарым-қатынас тілін үйренеді, өзі іс-әрекетін басқаның іс-әрекетімен байланыстыруға, өз ара қарым-қатынасқа, түсүнушілікке үйренеді. Егер балалар бір-бірімен келіспей қалса, ойын тоқтап қалады. Ойынға қызығушылық, қатысқысы келіп тұруы балаларды бір-бірін түсүнүге әкеледі.

Ойынның іс-әрекеті психиқалық процесстердің дамуына әсер етеді. Ойын үстүнде бала да зейінімен есі дамиды. Ойын үстінде бала лабораториялық жағдайға қарағанда жақсы қабылдайды. Балаға саналық мақсат ойын үстінде оңай келеді. Егер бала зейінсіз болса, ойын ережелерін есіне сақтайалмаса оның құрдастары ойынға қоспайды. Қарым-қатынас қажеттілігі баланы ойда сақтауға үйретеді. Ойын жағдайы және ойын іс-әрекеті баланың ақыл ойын-ойының дамуына үнемі әсерін тигізіп отырады. Бала ойын үстінде затты ауыстырушымен ойнауға үйретеді-ол сол затқа жаңа ат беріп, сол затқа сәйкес іс-әрекет жасайды. Зат ауыстырушы ойлауға тірек болады. Зат ауыстырушы іс-әрекет үстінде бала нақты сол зат туралы ойы қалыптасады. Біртіндеп затпен ойын іс-әрекет азаяды. Бала ол туралы ойлай алатын және ақылды жоспар мен іс-әрекет жасай алатын болады. Ойын ойнауға көрініс жоспарымен келуге көмегін тигізеді. Рольдік ойын қиялдың дамуына үлкен маңызын тигізеді. Ол бір затты екінші затпен ауыстыруға , өзінде әртүрлі рольдер алып ойнауға үйренеді. Осы қасиет қиялдың дамуының негізін қалайды. Балалар заттар мен іс - әрекеттерді өз қиялында теңестіруге үйренеді. Бұл кезде ойын іштей жоспарда жүруі мүмкін . Ойынның бала дамуына әсері сол, өзіне үлгі болатын ересектердің бір – бірімен қарым – қатынасы мен тәртібін қарап танысады. Осыдан қарым – қатынастың құрдастарымен байланыс жасаудың негізін құрайды. Ойын ережелеріне бағына отырып, олар еріктік тәртіптің регулирациясы мен сезімнің дамуына әсерін тигізеді. Баланың іс-әрекетінің продуктивтік түрлері-сурет салу, құрастыру, ойымен тығыз байланысты. Сурет сала отырып бала сюжетті ашып отырады (үй құрылыс, аңдарша айқасу т.б.). Сурет салуға қызығушылық ойын қызығу сияқты пайда болады-сурет салу процесі-ойыңды ойластыру тәрізді. Тек орта және үлкен мектепке дейінгі жаста бала сурет салады, конструкциялық ойынның әсерінен босатылады. Ойын іс-әрекетінің ішінде кейінен жүргізуші іс-әрекет болатын оқу іс-әрекеті құрала бастайды. Оқуға кіріспені ересек адам жасайды. Сөйлеудің дамуына ойын үлкен адам әсерін тигізеді. Ойын ситуациясы сөйлеудің белгілі бір деңгейінде дамуын талап етеді. Егер бала өзінің ойын дұрыс жеткізе алмаса, құрдастарына ауыр тигізеді. Ойында бала екі түрлі спецификациялық белгілерді игереді: индивидуальдық жағдайда белгілер берілген затқа жақын болады. Өзара байланыс «зат оның белгісі – оның аталуы» белгі ретінде сөздің мағынасын байытады. Баланың затпен бос ойнауына, оны басқаша қолдануына әсерін тигізеді (бет орамал – повязка, таяқ – микрофон, жіп – скакалака, тарақ – щетка т.с.с).

Ойындар баланың жалпы қозғалу белсенділігін арттырады , әрі әр түрлі заттардың қасйеттерін танып білуге үйретеді . Мектепке дейінгі жаста ойын сюжет пайда болады, ойында сюжетті-рольдік мінез пайда болып бала психикасында сапалы өзгерістер енгізеді.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


1 Ж. Б.Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев «Педогогика». Алматы, 2000 176 б

2 Ыскакова М.С., Қойшыбаева Н.И. «Мектепке дейінгі балалардың жеке басын қалыптастырудың психологиялық құралы». Шымкент, 2002

3 А.В.Петровский «Педагогикалық және жас ерекшелік психологиясы». Алматы «Мектеп» 1987

4 Ұ.Қ. «Баланы ойын өсіреді» //Отбасы және балабақша, 2003, №9, Б. 2-3

5 Р.Х.Кошкимбаева «Мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі ойынның маңызы». Бастауыш мектеп

6 Аглакова «Ойын – балаларды тәрбиелеу құралы». Отбасы және балабақша, 2008, №1, Б. 11-13

7 Қоянбекова.С. «Ойын мақсатын талдау және оның мәні». Қазақстан мектебі, 2002, №1-2. Б. 9-10

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
02.06.2025
154
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі