Мектеп жасына дейінгі балалардың бойындағы гипербелсенділік

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойындағы гипербелсенділік

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі балалардың бойындағы гипербелсенділік, оны шешу жолдары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балалардың бойындағы гипербелсенділік


Кобланды Н.


«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» мамандығының 4-курс студенті

Қарағанды қаласы, Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы колледжі,


Ғылыми жетекші: Еркинова Зульфия Амангельдыевна


Қазіргі уақытта қоғамда балалардың көбісі табиғатынан гипербелсенді болып келеді және ол күннен күнге саны өсуде. Бұның себебі әр түрлі. Біреулері гипербелсенділікті туа біткен десе, кейбіреулері жүре пайда болған дейді. Мектепке дейінгі ұйымның әр тобында міндетті түрде бір-екі гипербелсенді балалар болады. Осындай жағдайға мектепке дейінгі ұйым қызметкерлері үйренші болып кеткен. Мұндай жағдай болғанда ауыртпалықтың барлығы тәрбиеші мен тәрбиешінің көмекшісіне түспек.

Гипербелсенді балалармен жұмысты невропотологтарда коррекциялауға өз ұсыныстарын айтып жатады. «Гипербелсенділік синдромы» деген диагнозды невропотолог қояды және кейбір балаларда медициналық карточкаларында ол туралы жазулар да бар. Мұндай жағдайда диагнозына байланысты бірден коррекциялы жұмыстарды бастап кету керек ой қозғайды. Егер диагнозы жоқ болса, ал балада күннен күнге гиперактивтіліктің бөлек белгілері біліне бастаса, онда ересектер (тәрбиеші, психолог, ата-аналар т.б.) қосымша мақсатты бағытта бақылаулар жүргізе бастайды.

Балалардың гипербелсенділігінің көптеген себептері бар. Солардың жиі кездесетін түрлері:

  • генетикалық тұкым қуалаушылық;

  • биологиялық (сәбиді дүниеге әкелген кезде алған жарақаттар);

  • әлеуметтік-психологиялық (ата-анасының ішімдікке салынуы;

  • отбасындағы микроклимат, тұрмыс жағдайы, дұрыс тәрбие бермеудің салдары) болуы мүмкін.

Психологтар гипербелсенді баланы бейімдеуде мінез - құлық қана емес, бұл комплексті бұзылу деп атап көрсетіп отыр. Гипербелсенділіктің белгілері балабақшада айқын көріне бастайды. Себебі сол жақта бала шынайы өмірмен беттеседі. Тәрбиешілер мен мұғалімдер шағымдана бастайды. Бірақ баланың еш жазығы жоқ, себебі ол қанша түсінгісі келсе де түсіне алмайды. Бұл кішкентай бүлдіршін үшін өте қиын кезең. Сол себепті балабақшаларда гипербелсенді баламен психолог жұмыс істейді. Психологтардың ойынша, баладағы артық күш-қуатты, энергияны азайту үшін, әр түрлі үйірмелерге (сурет салу, спорт түрлеріне) берген дұрыс. Гипербелсенді балалардың көбісінің басы жиі ауырады, ұйқы сұрап жүргендей болып жүреді және бұтына сиіп қояды, бұл тек түнде ғана емес, күндіз де болатын жағдай. Ең бастысы, ата-анасының шыдамдылығы. Себебі сіздің балаңызға өте қиын, сізбен салыстырғанда балаңыз әлде қайда қатты қиналады. Гипербелсенді балаға қол көтеріп, таяқтап тәртіпке саламын деушілік бекер нәрсе, ешқандай пайдасы жоқ. Баланың бойын кернеген артық энергия одан сайын тасқындана түспек. Ұрсып, қорқытып тәрбиелеу олардың түсінігіне жат, оған мейлінше мол мейірім мен жылы сөз, түсіністік пен сіздің махаббатыңыз керек. [1]

Гипербелсенді бала – өте көп қимылдайтын, шаршауды білмейтін, айтқанға көп көне бермейтін, басқа балалардан мінез–құлқы мен қимылы ерекше бала. Мұндай балалар балабақшада тәрбиешілерді ғана емес, отбасында ата–аналарын да шаршатары сөзсіз.

Белсенді балалармен жұмыс жасау, дене күшін және жан күшін көп қажет етеді, бірақ қандай жұмыс болмасын баланың белсенділігі болу керек емес, керсінше тәртіп, білім ережелерін меңгеруге көмек көрсету керек. Біз барлық гипербелсенді балалармен жұмыстануда мынадай жағдайларды есте ұстауымыз қажет.

  • біріншіден - олардың «дегенімен» жүруге болмайды, еркін жіберетін болсақ - аласапыранның күшеюіне апарады.

  • екіншіден - баланың қолынан келмейтін күші жетпейтін нәрселерді талап

етуге болмайды, ол қарсылыққа апарады. Ал ең ұнамсыз - ол өз өзіне

жаман тәртіпсіз деген қарым қатынас.

Гипербелсенді балаларға қысқаша сипаттама төменгі №1 кестеде көрсетілген.





Гипербелсенді

балалар

-қимылдарын жоспарлауы мен бағдарлауы бұзылып, ойлау мен қимылдың арасындағы үзілістер түбімен болмайды;

-жалғыз отырған кезде де, аз құрдастарымен болған кезде де өзінің мінез - құлқын алуан түрге құбылтып отырады;

-балаларда сенсорлық тітіркендіргіштікті қабылдау қасиеттілігі тұрақты болғандықтан оны қанағаттандыру өте қиынға соғады;

-қозғалысы бей - берекет және кенеттен езгеріп отырады;

-энергиясы шамадан тыс көп болгандықтан күштің қоры қарқынды шығындалады.

-көбіне-көп үздік бала, IQ деңгейі де жоғары болып келеді


Гипербелсенді баланы тәрбиелеу оңай емес. Р. Кэмпбелл айтуы бойынша ата-аналар төмендегі 3 қателікке жол береді:

  • олар ақыл айтып, бақылап жүріп, онымен әңгімелесуді ұмытып кетеді,

  • бала тәрбиесінде қатаңдық таңытпай, оның тәрбиесін үнемі қадағалап отырмайды,

  • ашуын бақылауда ұстаудың дағдыларын үйретпейді. [2]

Балалардың аса белсенді болу құбылысына психолог және психотерапевт мамандар «Зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы» (Синдром дефицита внимания и гиперактивности, «СДВГ») деген атау қойды. Оның пайда болуы үш шартпен анықталады. Бұлар: алаңғасарлық, аса белсенділік және импульсивтілік. Осы үш ұғымға төмендегі №2 кестеде сипаттама көрсетілген.

«Алаңғасарлық» сөзінің түсініктемесі мен белгілері


-Әдетте бала заттарға мән бермейді, ойын жинақтай алмайды, сол себепті, кез-келген тапсырманы орындауда бала бақшада көптеген қателіктер, жаңылысулар жасайды. Балаға қарап сөйлегенде, бала тыңдамайды, ол бұны әдейі істемесе де, айналасындағы адамдар айтқан сөздер мен ескертулерді аяққа басып, елемегендей көрініп тұрады. Бастаған жұмысын бала соңына дейін аяқтай алмайды. Көбінде бала бұл қылығымен істегісі келмеген жұмысқа қарсылығы мен наразылығын білдіріп тұрғандай көрінеді. Алайда бала берілген жұмыстың мән жайы мен тәртібін түсінгісі келсе де түсіне алмайды. Бала ой өрістетіп, ойландыратын тапсырмалардан қашқақтай бастайды. Бала бөтен қызықтырушы заттарға тез көңілін айдарады. Бала үнемі барлығын ұмытып жүреді.

«Гипербелсенділік» сөзіне түсініктеме


Бала үнемі әбігерге салынып, еш тыныш отырмайды. Баланың көбінде себепсіз қолдарын, аяғын қимылдатып, үстелде отырғанда қисаңдап, жан-жағына қарап отырғанын байқауға болады. Бала бір орында ұзақ отыра алмайды, рұқсатсыз тұрып кетіп ары бері жүреді. Баланың қозғалыс белсенділігінің көзделген бағыты жоқ. Ол бекерден бекер жүгіріп, айналып, өрмелеп, р жерге бір шығып жүреді, көбінде бұл қылықтары қауіпсіз бола бермейді. Бала тыныш ойындар ойнай алмайды, демалу, бір орында тыныш отыру, белгілі бір жұмыспен айналысу дгенді білмейді де олай істемейді. Бала үнемі қозғалыста болады. Көп сөйлейді.

«Импульсивті» сөзінің түсінігі

Бала өз кезегін күте алмайды, ол жағдайды түсінбейді. -Бала айналасындағылардың әңгімесіне, ойынына араласып, басқаларға кедергі жасайды.


Сонымен жоғарыдағы айтылғандарды ескере отырып біз гипербелсенді балаға қалай көмектесуге болады деген сұраққа №3 кестедегі ұсыныстарды айтып өтуге болады.










Гипербелсенді балалармен жұмыс

-жекеленген ерекшелігін еске ала отырып, олармен кешкілік емес, күннің бірінші жартысында жұмыс жасау керек, жұмыс жүктемесін азайтып, арасында үзіліс жасап отырған жөн.

-тапсырманы жақсы орындағаны үшін мадақтау (материалды болуы міндетті емес) алатындығы жөнінде және т.б. ережелерді айтып, олармен алдынала жекеленген әңгімеде келісіп алған жөн

-әрбір 15-20 минут сайын мадақтап суретшелер беруіңізге болады, ал ол оларды күні бойында марапатталуға ауыстыруына болады

-бимен, ән шырқаумен, жүзумен т.б үйірмелерге қатысқан жөн

-дизритммен қиналады, оларда тәулік биоритм әрең деген де анықталады. Олар нашар ұйықтап әрең оянады, оларды жанында отырып қолдарын ұстап иығынан сипап ұйықтату тиімді.

-балаға тынышталуға мүмкіндік беру;

-өзінің сезімдерін анық және дұрыс жеткізу;

-баланың дәлелдерін зейінмен тыңдау;

-қалыптасқан жағдайдан шығудын дұрыс жолдарын көрсету;

-баланы жазғыруға болмайды және оны мұқатып, келтірген дәлелдерін күлкіге айналдыруға болмайды

-қозғалысты қажет ететін ойындар мен жаттығуларды таңдамас бұрын ұстаздар гипербелсенді балалардың төмендегі ерекшеліктерін ескерген жөн: зейін жетіспеушілігі, аланғасарлық, аса белсенділік.

-отбасындағы ата-анасы мен өзге де туыстарымен қарым - қатынасын жақсарту;

-тыңдай білу қабілетін дамыту, ұқыптылық пен әр ісіне жауапкершілікпен қарауды үйрету;

йналасындағы адамдарды құрметтеуді, дұрыс сөйлесе алуды және өзінің іс - әрекетін қадағалауды үйрету;

-гиперактивті балаға нұсқау берерде ересектердің есінде болатын нәрсе оларға берілетін нұсқау қысқа да нұсқа (10 сөзден аспауы) болуы керек

аңа дағдыларды үйрену мен оқудағы жетістіктері арқылы өзін - өзі бағалауды

-психомоторлық функцияларды жаттықтыру, эмоцианалдық күшті азайту, рөльдік - ойындар арқылы мінез - құлықты түзету


Ата-аналармен психотерапиялық жұмыс жүргізу барысында баланың іс-әрекетін «бұзықтық» деп қабылдамай, оған түсіністікпен және сабырлы көзқараспен қарау керектігі айтылған жөн. Сондай-ақ ата-аналар гипербелсенді баланың күн тәртібінің сақталуын, яғни ұйқыға, демалуға жеткілікті уақыт бөлінуін қадағалау керек. Осы орайда гипербелсенді балалардың ашушаң, қозғыш екенін естен шығармай, адамдар көп жиналатын іс-шаралардан алыс ұстағаны дұрыс. Мұндай балаларда зейін шоғырлануында қиындықтары бар болғандықтан белгілі уақыт аралығына бір тапсырма беру керек. Ойын кезінде баланың достарының салмақты болуы шарт. Зейін бұзылуы мен гипербелсенділік белгілері бар балаларға сурет салу өнері мен мүсін жасату, спорттық жаттығуларға ден салу олардың бойындағы орасан зор күш-қуатты шығарып тұруға көмектеседі. [3]

Гиперактивті баланың ата-аналарына қандай кеңестер беруге болады және сол арқылы оларды тәрбиелеу процесінде көмектеседі? Олар:

  • Баланың мінез-құлқынан туындаған зорлық-зомбылықты болдырмау

үшін мүмкіндігінше тырысу керек. Қанша маңызды болмасын, конструктивті, жағымды мінез-құлықтағы барлық әрекеттерде балаларды эмоционалды қолдау.

  • Баланы тереңірек білуге ​​және түсінуге қызығушылықты дамыту. Қатаң

атмосфера тудыратын және отбасында жанжал тудыратын категориялық сөздер мен сөз тіркестерінен, дөрекі бағалаулардан, қорлаулардан, қауіптен аулақ болыңыз. «Жоқ», «жоқ», «тоқта» дегенді жиі айтуға тырысу - баланың назарын аударуға тырысқан жөн.

  • Сөйлеуді бақылаңыз, тыныш дауыспен сөйлеуге тырысыңыз. Ашулану,

ашулану нашар басқарылады. Өзіңіздің наразылығыңызды білдіріп, баланың сезімдерін басқармаңыз және оны қорламаңыз.

Гиперактивтілік белгілері балада ерте балалық шақта пайда болады. Болашақта оның эмоционалды тұрақсыздығы мен агрессивтілігі көбінесе отбасы мен мектептегі жанжалдарға әкеледі. Ең бастысы, балаға ата-ана тарапынан көмектесуге деген шын ықылас. Үйдегі атмосфераны тыныштықта ұстауға тырысуымыз керек. Күнделікті режимді ұйымдастыру өте маңызды. Баланың гиперактивтілігі үшін басқаларға қауіпсіз шығу керек. Агрессивтілікті тудыратын күресті қоспағанда, жақсы спорт - бұл гиперактивті балалар үшін жеткілікті. Қорытындылай келгенде, гипербелсенді баланың қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету үшін жанұяның және мектепке дейінгі мекеменің, қоғамның ынтымақтастығы қажет.


Әдебиеттер тізімі:

1. Ханафия Мадина. Шағын-дәріс "Гиперактивті деген не? http://goo.kz/loader/load/13740.

2. Заводенко Н.Н «Гиперактивность и дифицит внимания в детском возрасте».- М.Академия, 2005-256б.

3. Жарова Н.О «Мектепке дейінгі жастағы балаларда гиперактивті назар жетіспеушілік синдромының негізгі көріністері» - Қарағанды.Заманауи білім 5-шығарылым. 2013-51б.



























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.03.2025
166
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі