2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Мектеп жасына дейінгі балалардың жарты жылдық есебі

Мектеп жасына дейінгі балалардың жарты жылдық есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектеп жасына дейінгі балаларды ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеу
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы білім

басқармасы Катонқарағай ауданы

бойынша білім бөлімінің

«Әбдікерім атындағы Шыңғыстай

орта мектебі» мектеп жанындағы шағын

орталықтың 2022-2023 оқу жылына

қорытынды есебі

2022-2023 оқу жылында мектеп жанындағы «Балдырған» шағын орталығы «Үлгілік» бағдарламасын басшылыққа ала отырып жұмыс жасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы балалардың физикалық белсенділігіне уақыт бөлінді. Мемлекеттік тілді меңгерту мақсатында күні бойы режимдік сәттерде «Үлгілік» оқу бағдарламасында айқындалған сөздік минимумды үйрету, түрлі балалар әрекетінде тәрбиеленушілердің ауызекі байланыстырып сөйлеуін дамыту, сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті, салттары мен дәстүрлерін таныстыру, белсенді сөздікті байыту, сөздік нормаларды, мәдениетті қарым-қатынасты игерту ұсынылды. Балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, күні бойы музыканы тыңдау, ән айту, әндерді жаттату, импровизация, ырғақты-музыкалық қимылдар, шулы балалар аспаптарында ойнау және басқа да музыкалық әрекеттерге уақыт бөлінді.

Мектеп жанындағы шағын орталықтың жұмыс оқу жоспары 2022 жылдың 31 тамызында өткен №1 педагогикалық кеңестің шешімімен бекітілді.

Шағын орталықтың өзекті тақырыбы «Ойын элементтері арқылы баланың ой-өрісін дамыту». Ұйымдастырылған іс-әрекеттері кіріктіру арқылы жүзеге асырылды.

Аталған оқу жылында шағын орталыққа 25 бала қамтылып отыр. Оның 14-і қыз, 11-ы ұл, бала. Балалардың іс-қағаздары уақытымен реттеліп, ата-аналармен түсінік жұмыстары өткізіліп, қауіпсіздік ережелерімен таныстырылды, шағын орталыққа уақытымен әкеліп-әкету ұйымдастыру шаралары қарастырылды. Әрбір кабинет талапқа сай жабдықталған.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне балалар өте белсенділікпен қатысты.

Жыл көлемінде 2 тәрбиеші 1 ашық сабақтан өткізді. «Пішіндер және олардың негізгі түрлері» және «Күзгі баққа саяхат» атты ашық сабақтары балаларға көрнекіліктер арқылы түсінікті етіп, өз деңгейінде өтті. Мақсаты: Геометриалық пішіндерді танып, ажырата алуға үйрету. Балалардың тіл байлығын, сөзді байланыстырып сөйлеу қабілеттерін және ой өрістерін дамытуға, ұқыптылыққа, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Оқу іс –әрекеті кезінде балалар бір-бірімен татулықты, сыйластықты, жауапкершілікті, топтасып жұмыс істеуді үйренді.

Шағын орталықтың тәрбие жұмысына келер болсақ қазан айында ұстаздар күніне орай «Ұстаз- ұлы тұлға» және қарттар күніне «Қарттарым асыл қазынам» құттықтау ұйымдастырылды. Үлкенге құрмет, кішіге ізет ету мақсатында ұйымдастырылған құттықтауда балалар өздерінің ұстаздарына, ата-әжелеріне арнап өлеңдерін оқып, тақпақтарын айтты.

«Алтын күз» атты ертеңгілік өткізіліп, онда балаларға күз мезгіліне байланысты, табиғаттағы өзгерістер туралы және табиғаттың адамға берер сыйы туралы түсініктер берілді. Балалардың ой-өрістерін дамыта отырып, есте сақтау мен тілдерін дамыту мақсатында «Шалқам» ертегісінен көрініс көрсетілді, оған балалар қызыға қатысты.


Желтоқсан айында балаларды Отанды сүюуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақстаныда «Менің отаным Қазақстан» атты ертеңгілік өтті. Желтоқсан айының аяғында « Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты ойын-сауығы өткізілді. Барлық ертеңгіліктерде балалар Асылым, Қызғалдақ, Жантөре, Жантас, Сезім, Көзайым билерін билеп; Айару, Асылым, Ахмет, Қызғалдақ, Сезім, Көзайым, Жантөре әсем әндерін айтты. «Үйшік» ертегісінен көрініске де балалар қызыға қатысты. Ақпан айында салауатты өмір сүруді денсаулыққа зиянды жат қылықтардан аулақ болуды ұғындыру мақсатында «Әкем, анам және мен!» атты спорттық сайыс, көктемгі аналар мерекесіне орай «Айналайын ана, мерекеңізбен!», наурыз мерекесіне орай «Армысың, әз -Наурыз», бірлік күніне орай «Ағайынбыз бәріміз», жеңіс күніне және отан қорғаушылар күніне орай «Ұлы жеңіс -жасасын», «Қош бол балабақшам!» атты ертеңгіліктері өткізілді. Барлық ертеңгіліктерге балалар белсене қатысты. Айару, Райхан, Жантөре, Асылым, Ахмет билерін билеп; Айару, Сезім, Асылым, Райхан, Раяна, Әділ, Тәуекел,Көзайым,Қызғалдақ Жантөре әсем әндерін айтты. «Үйшік» ертегісінен көрініске де балаларқызығақатысты.






Шағын орталыққа тәрбиеленушілерді қабылдағаннан бастап, қайтуға дейінгі уақыт аралықта ұйымдастырылған іс -әрекеттер кезінде «Бала үнін» ескере отырып, мақсат міндеттерге ойын түрінде, бес сала бойынша жұмыс жасалды. 2022- 2023 оқу жылының мамыр айында балалардың біліктері мен даму деңгейлерін бақылау бойынша қорытынды мониторинг жүргізілді.

Мониторинг нәтижелері баланың «Физикалық дамытуы», «Коммуникативтік дағдыларды дамытуы», «Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамытуы», «Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытуы»,« Әлеуметтік - эмоционалды дағдыларды дамыту»дағдыларды игеруін және дамытудың жаңа міндеттерін ескеріп, алдағы педагогикалық процестің болашағын анықтады. Мониторинг бойынша бағдарламаны игерудегі көрсеткіштері өте жақсы, жақсы, орташа, төменгі деңгейде. Физикалық қасиеттері Балалар ересектермен бірге жаттығуларды орындай алады. Спортық жаттығуларды орындаудың алғашқы техникасы туралы түсініктерін және жеке бас гигиенасының бастапқы дағдыларын меңгерген Балалардың барлығы спорттық жаттығуларды орындай алады. Балалардың қимылы дамыған Асылым, Әділ, Жантөре, Қызғалдақ, Тәуекел ойындарды, тапсырмаларды белсене орындай алады. Арасында Жантөре Е, ЖантасЖ, Айтөре Д, Зарқұмарова М негізгі қимыл түрлерін жайлап орындайды. Қаныбеков А, Қаблығазы.А, Жарасқызы А, Батырқызы Е бұрынғыдан жақсы жасап, кейде тәрбиешінің көмегімен жасайды. Физикалық қасиеттері

Кейбір балалардың қыймылдары баяу, тапсырмаларды дұрыс ұқпайды, олармен қосымша жеке жұмыс жүргізілді. Балалар бір-бірінің қолдарынан ұстап жүруді үйренді. Ары қарай балаларды үйретіп, жұмыс жасадық.

«Коммуникативтік дағдыларды дамытуы» білім саласы бойынша топта Асылым, Жантөре, Айару, Қызғалдақ, Райхан, Ахмет,Тәуекел, Әділ анық сөйлей алады, тілдері жақсы дамыған, белсенді сөздікте барлық сөз таптарын қолданады, сұрақтарға толық жауап бере алады. Кейбір балалардың Жантас, Жантөре, Айтөре сөйлеу мәнерлері, сөздік қоры орташа, сұрақтарға толық жауап бермейді. Сонымен қатар әлі тілдері шықпаған балалар да бар Ерсұлтан, Үміт, Айшуақ, Айбар, т.б.балалар Айтөре, Ерке, Еркеназ 3-5 сөзден тұратын сөйлемдерді айтады, ақпараттар мен бөліседі. Кейбір балалардың тілдері жақсарып келсе де,бұл балалармен жеке жұмыс жасадық. Мысалы: «тісті тазалау», «тәтті тосап», «кесе» сияқты жаттығулар жүргізіледі. 2- бала дыбыстар мен создерді дұрыс айта алмайды және де дыбыстардың орнын ауыстырады.Барлық балалар құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынасқа түсе алады, олардың өтініштерін орындайды.Тілде сөйлемдердің әртүрлі түрлерін, қосымшаларды қолданады. Жеке суреттің мазмұны бойынша шағын әңгімелер құрастыруда балалардың ойлау қабілеттері әлсіз. Балалар таныс бірнеше шығармаларды атайды, ұлдар мен қыздардың мінез-құлық ерекшелігін ажырата алады.

Коммуникативтік дағдыларды дамыту



Осы сала бойынша балалармен шағын әңгімелер құру бойынша және суреттеу жұмыстарын жүргізу жұмыстарын жасау. Дүние танымдықтарын кеңейту.

«Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамытуы»үлгілік бағдарламалардың мазмұнын меңгеруде Заттың сапасына және оған өзінің қатысына сипаттама беруге үйрету. Эксперимент жасау алдында өз бетінше болжам жасай білу және оны соңғы нәтижемен салыстыра алуды дамыту.Балалардың көбі 5 ке дейін анық санау біледі, бірақ кері санауды тәрбиешінің көмегімен санап үйренді. Топтағы балалардың көбісі (қызыл,жасыл,сары,көк,қара) түстерін ажырата алады. Түстерді ойын арқылы ажыратып үйренді. Арасында Айару, Айтөре, Жантөре Е шатасып қалады. бұл балалармен геометриялық пішіндерді ойын арқылы «бірдей пішіндерді ата?», «қай фигураға ұқсайды» т.б.... осындай жұмыстар жасадық. Геометриялық (төрт бұрыш,үш бұрыш,дөңгелек) пішіндерін ажырата алады.

Заттарды санмен сәйкестендіру,1-5 ке дейін тура,кері санау,кеңістікті және уақытты бағдарлай алуға және табиғаттағы маусымдық өзгерістері мен белгілерін ажырата алуға тірі және өлі табиғат обьектілері, табиғаттағы өзара байланыс жөнінде түсініктерін қалыптастыруды үйрету керектігі ескерілді.

«Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамытуы» бойынша балалар сурет салу техникасын орташа игерген. Мүсіндеуде кескішті қолдана біледі, жануарлардың мүсінін жасаудың әртүрлі тәсілдерін пайдалана алады. Топтағы балалардың кейбіреуі шығармашылыққа жақын. Әсіресе Көзайым, Қызғалдақ, Райхан, Айару, Ахмет, Жантөре. Бетті бояуды(раскраска) меңгеру үстінде. Кейбірі бояуды шетке шығармай бояуды білсе, кейбірі қарындашты дұрыс қолдана алмайды. Әр қайсысымен жеке жұмыс жасаймыз. Ермексаздың қасиетін бала біледі. Арасында Айтөре, Алижан әліде түсіндіру керек. Ермексаздан дөңгелек пішінін жасай алады, ал қалған пішіндерді жасауды үйрену үстінде. Музыка және әннің басталу сәтінен аяқталғанға дейін мұқият тыңдайды, би қыймылдарын топ тәрбиешісіне қарап орындай алады. Жапсыру кезінде балалардың көбі тәрбиешінің көмегімен қыйындыларды жапсыра алады. Ұжымдық жұмысқа қатысады, тұрмыстық заттарды бейнелеуге қызығушылық танытады; халықтық бұйымдардың желісі бойынша ыдыстарды мүсіндеу дағдыларын толық игермеген. Кейбір балалар қайшыны дұрыс ұстайды және оны пайдалана алады, қайшымен жұмыс жасауға дағдылану керек.

«Әлеуметтік - эмоционалды дағдыларды дамыту»бойынша балалар отбасының ересек мүшелерінің еңбегі туралы біледі,отбасында ересектер мен өзінен кішілерге сыйластық және қамқорлық қарым-қатынас танытады, ойыншықтарға, кітаптарға, ыдыстарға ұқыпты қарайды,қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды орнатады.

Өсімдіктер мен жануарлардың өсіп-өнуіне қажетті кейбір жағдайларды біледі, 4-5 үй және жабайы жануарларды, қыстап қалатын және жыл құстарын, жәндіктерді, өсімдіктерді, бұталарды, ағаштарды атайды. Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге күтім жасаудың қарапайым дағдыларын меңгерген, тіршілік иелеріне аяушылық, жанашырлық танытады.



Бұдан басқа балалармен таза ауада серуендеу, таңертеңгі жаттығу жұмыстары, мейірбикемен жұмыстар жоспар бойынша жүргізілді. Ата-аналармен тығыз қарым –қатынаста болдық. Балаларды шағын орталықтан себепсіз қалдырмау, балалардың жеке бас гигиенасы туралы мәселелер ескерілді. Мерекелік іс-шараларға ата-аналар көмек көрсетіп,өз демеушіліктерін жасады.

Ата-аналармен тығыз қарым –қатынаста болдық. Балаларды шағын орталықтан себепсіз қалдырмау,балалардың жеке бас гигиенасы туралы мәселелер ескерілді. Мерекелік іс-шараларға ата-аналар көмек көрсетіп,өз демеушіліктерін жасады

Қорыта келе, мен өзімнің ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттерімде: оқытуды ұйымдастыру формаларын: жеке, топтық формаларын пайдаланамын.

Алдағы жылға қойған мақсатым:

  • балалардың логикалық ойлаларын арттыру жолдарын іздестіру

  • қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу

  • балалардың білім, білік, дағдыларын арттыру.


Ұсыныс: Өз білімімді одан әрі дамытып, жетілдіру, өзекті тақырып бойынша баспасөз беттерімен жұмыс жасау.

















30 Наурыз 2025
123
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі