400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
"Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары

Мектеп жасына дейінгі өнімді шығармашылық қызметін ұйымдастыруда, бейнелеу өнерінің сабақтары барлық жас топтарында өткізіледі. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық оқу іс-әрекетінен тыс та, ойынға бөлінген уақыт мезгілінде шұғылданады. Тәрбиеші бұл ынтаны, алынған бейнелеу дағдыларын қолдануға баланың шығармашылығын қолдап отырады. Іс-әрекетің түрлеріне үңілсек сурет салу, жапсыру, мүсіндеу, құрастыру – балалардың шығармашылық белсендігін көрсету үшін үлкен мүмкіндік беретін сабақтардың бірі. Мектеп жасына дейінгі балалар бейнелеу кезеңінде заттарды салыстыра алмауы мүмкін, дегенмен нәрсеге қарап сурет салуда дәл ұқсастықпен бейнелеуге мүмкіндік бар. Сондықтан бала бақша балаларына бейнелеу өнерінен білім беруде көрнекілік құралдарды жүйелі пайдаланғаны жөн.

Сурет салуда балалардың екі типін кездестіруге болады: байқағыштар және арманшылдар. Байқағыштардың шығармашылығындағы бейнелер мен сюжеттер өмірден алынған болса, ал арманшылдардың суреттерінде қиялдан алынған кейіпкерлер көбірек кездеседі. Біреулер әр түрлі көліктерді, үйлерді, өмірдегі оқиғаларды, енді біреулері тауды, космостық бейнелер, ойдан шығарылған жануарлар бейнелерін салады. Бейнелеу өнерінде баланың шығармашылық қабілеті тек қана тәрбиешінің тікелей басшылығымен дами алады. Баланың жағымды эмоциялық жағдайы бейнелеу өнері оқу іс - әрекетінде міндетті түрде қажет. Баланың шығармашылық белсенділігін арттыруда ата-аналар мен тәрбиешінің қолдау жағдайы дұрыс болуы қажет. Бейнелеген затпен қоршаған ортаға баланың қызығушылығының артуы шығармашылық қабілетін дамуына септігін тигізеді. Бала өз жұмысын айналасындағыларға көрсетуге ұмтылады. Осыны тәрбиеші естен шығармай, дұрыс бағалауы және дұрыс бағыттауы қажет. Баланың байқау қабілеті, шыдамдылығы басым болса, оның жұмысыда соншалықты қызықты болады. Бала сурет сала отырып заттар мен құбылыстарды жай ғана бейнелемейді, суретінде өз сезімдерін білдіреді. Музыкалық сабақтарда балалардың іс-әрекеті оқу және шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағытталған. Олар орындау дағдыларын игере бастайды, ал түрлі билерді орындағанда түрлі би қимылдарын, музыкалық ойын образдарын өздерінше беруге талпынады. Баланың жеке басын жан – жақты дамыту эстетикалық тәрбиенің адамгершілік, ақыл – ой, дене тәрбилерімен өзара тығыз байланысы арқасында қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ баланың шығармашылық қабілетін дамыту оны еңбекке баулу шараларымен де атқарылады. Балалардың қарым - қатынасын, бір - біріне дұрыс ілтипатты сөйлеуді және достық сезімдерін тәрбиелеу мен олардың еңбек жасауымен қатар шығармашылығын дамыту арнайы кәсіби ойындар арқылы ұйымдастырылады. Олар: «Шаштараз», «Құрылысшы», «Дәрігер», «Аспазшы» т.б.

Баланың тілін дамытуда оның шығармашылдығы қалыптасқан белгілі тақырып бойынша әңгіме құрау, сурет бойынша әңгіме құрастыру әдістерімен қатар балалардың қиялы мен арманшылдығын дамытатын «Мен ұшқыш болсам», «Мен президент болсам», «Мен әке болсам» тақырыптарда әңгіме құрастыру тапсырмалары жиі қолданылса бала қоршаған ортада өз орнын таба білуді үйренеді. Баланың сөйлеуде тапқырлығы мен анық мәнерлеп сөйлеу қабілетін жетілдіруде жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мател айтуды басынан бастап аяғына дейін балаларға айтқызу ең кеңінен таралған әдістердің бірі. Балалардың әңгіме құрауда шығармашылдығын дамыту бағытында қуыршақ театры, саусақ және үстел үстіндегі театр құралдарының әсерін ерекше атап өту қажет. Себебі осы аталған театр құралдарымен біз балаларды мінезді, дауыс ырғағы мен сөйлеу мәдениетіне үйретеміз. Балалар ертегіні сахнада қуыршақ түлкі рөліне енгенде түлкі сияқты қутыңдап, айлалы екендігін жеткізуге тырысады, ал аңқау аю немесе ақкөңіл қоян кейпіне енгенде өздерінің қиялында аңқаулық, ақкөңілділік қандай болу екендігін сөздері мен қимыл әрекеттерімен байқатады. Осындай балалардың ішінде сөзге ұста, ойшыл ерекше ақылды өз ойын қайталанбас бір тума түрінде жеткізетін балалар жиі кездеседі. Олармен тәрбиешілер оның дара табиғаты қабілетін дамытуға арналған жұмыстар жасайды. Олармен жалпылау есімдерін, антоним, синонимдерді белсенді қолдануға жағдай жасайтын ойындар ұйымдастырады. «Сипатына қарай тап», «Ертегіні жалғастыр», «Сүйікті кейіпкердің басынан кешкен жаңа оқиғаларын құрастыр». Енді осы шығармашылық тапсырмаларға тоқтала кетейік. Олар образға кіру, талдау және қиялдау, диалог-ертегі, жұмбақ, мақалдар құрастыру.

Бірінші тапсырма: Образға кіру

Жансыз заттардың, өсімдіктердің, жануарлардың орындарында өздері қандай күй кешетіні, қандай қызмет атқаратынын сезіну. Мен гүлмін. (Ағашпын, Доппын, Шыршамын, Машинамын)... деген әр түрлі тақырыптарда әңгіме құрату. Бір баланың әңгімесі : Мен – ағашпын . Мен жерде өсемін. Маған ауа, су, жылу, жарық, қорек қажет. Адамдар менің көлеңкемде тынығады. Мен ешкімге жамандық жасамаймын.

Екінші тапсырма: Талдау-қиялдау.

Мектеп жасына дейінгі балалар ой-санасын, қабілетін, шығармашылығын дамытуда шығарманы, көркем әдебиет үлгілерін, ертегілерді талдаудың әсері мол. Талданбаған шығарма бала жүрегіне жетіп, оны тебірентпейді. Мысалы:

Үшінші тапсырма: Диалог ертегі.

Шарты: тәрбиеші не бала ойдан шығарып, кез келген бір әңгіме - ертегіні бастап кетеді. Ал қалған балалар басталған әңгіме- ертегіні бір-бір сөйлемнен ары қарай жалғастырады. Мысалы, былай бастайды : «Ертеде бір байдың ерке баласы болыпты...» 1-бала: «Сол бала көгалда көбелек қуып жүріп, адасып кетіпті...» десе, 2-бала: « Жылап, қарыны ашып не істерін білмей келе жатса, алдынан қасқыр кезігіпті...» міне осылай ертегі жалғаса береді. Ең соңғы бала ертегіні ұшқыр қиялмен аяқтауы тиіс.

Төртінші тапсырма: Жұмбақтар, мақалдар құрастыру.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамытуда жұмбақтар және мақалдармен жұмысты жаңаша ұйымдастырудың көп көмегі тиеді. Жұмбақтар – көркем минитюра. Оларда салыстыру арқылы пайда болатын образдар беріледі. Сондықтан оларды шешу кезінде баланың логикалық ойы дамиды.

Өзі кішкентай жәндік,

Бірақ мықты, еңбекқор. (құмырсқа).

Аспанда жүреді дөгеленіп,

Нұрын шашады, күлімдеп. (күн).

Мақалдар.

1.Еріншек болсаң, 2.Еңбексіз нан жоқ

Наның жоқ. Нансыз өмір жоқ.

Еңбекқор болсаң,

Қарның тоқ.

Қазіргі замандағы ұстаздар қауымының алдындағы үлкен мақсат: өмірдің барлық саласындағы белсенді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықты шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді. Шығармашыл адамның бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:

1. Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

2. Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу;

3. Ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету;

4. Баланың шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу;

Баланың шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу дегеніміз - баланы ойлай білуге үйрету екені сөзсіз. Мектеп жасына дейінгі баладан шығармашылық қабілетті талап етпестен бұрын, оны соған үйреткен жөн. Баланың зейінін, есін, қиялын, интелектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс - әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады. Баланың математика оқу іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту.

Балалардың зейінін жаттықтыруға, жеке дамытуға байланысты мынадай жаттығулар түрлерін орындатуға болады.

1.Зейін тұрақтылығын дамыту және жаттықтыруға арналған тапсырмалар Шульте кестесінің көмегімен жүргізіледі.

1. Сандарды өсу ретімен тауып, атау.

2. Кему ретін тауып, атау.

3. Кез-келген саннан тура және кері санау.

4. Сандарды кезектесіп санау.1.3.5...(жұптасып ) 2,4,6.

2. Суретте барлығы неше үшбұрыш бар ? Мақсаты. Үшбұрыштарды басқа пішіндерден ажырата білу.

3. Пішіндерден ертегі желісі бойынша құрастыр. Мақсаты пішіндерді ажырата және тани білуге үйрету.

4. Өлең есептер шығару.

Табақта бес алма Барлығы жеті алма

Бір алма апама берем

Қолымда екі алма Екі алма беремін

Қосқанда барлығы Анам мен әкеме

Болады неше алма? (7) Нешеуі қалады қолымда.(4)

Шығармашылықпен жұмыс жасау тәрбиелеу барысында өзін қоршаған ортамен баланыстыра бейнелеуді тапсыру керек. Бала осыны меңгеру арқылы үйренеді, байқайды, қағаз бетіне өз қиялы мен бейнелейді. Шығармашыл тұлға қалыптастыру барысында тәрбиеші оқу іс-әрекетінде тақырыпқа сай сұрақтар қойып баланың ойын білу керек. Мысалы: (сен не салдың?) деп баланы ойға салу керек. Осы іс-әрекет барысында қоршаған айналамен танысуын ұғыну үшін, салынған бейнені бала шығармашыл қиялмен жетілдіре салу барысында қойылған сұрақ алғашында бұл сұраққа, бала үндемей жауап қайтаруы мүмкін .Бұл уақытта асықпаған жөн. Мектеп қабырғасының бастауыш буынына қарағанда балабақша жасындағы балалардың зейіні шашыраңқы тұрақсыз. Осыны ескеріп балаға (бұл қандай үй? Үйге ұқсамайды) деп айтпау керек. Бала тез айнып қалуы мүмкін. Осы тұрғыда жұмысты үзбей шығармашылық жұмыс жасау барысында, бала нені және қалай ұнататынын түсіне бастайды. Балабақшадағы балалар қабілеттері екі түрлі әрекетте дамиды. Біріншіден, кез келген бала оқу әрекетінде адамзат баласының осы кезге дейінгі жинақталған тәжірибесін меңгерсе екіншіден, кез келген бала шығармашылық әрекеттің айырмашылығы – ол баланың өзін-өзі қалыптастыруына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс-тәсілдерді іздейді. Бүгінгі балабақша балалары кез келген шығармашылық тапсырмалар шешуді табыспен меңгере алады.БShape1 аланы мектепке даярлауда, оны жеке тұлға ретінде қалыптастыруда, ойлау қабілеттерін дамытып, қызығушылықтары мен икемділіктерін арттыруда ата-аналар мен балабақшаның бірігіп жұмыс істеу балабақшамыздың негізгі міндеттерінің бірі. Соған сәйкес бала шығармашылығын дамытуда да ата-аналардың атқаратын рөлінің ерекше екендігі мекемедегі әрбір іс-әрекетімізде ескеріліп отырылады.

Қорыта айтқанда, ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері негізіне қабілеттің мұндай дәрежесіне белгілі бір шарттар орындалған жағдайда кез келген баланы шығармашылыққа бейімдеуге болатыны көп айтылуда. Адамның шығармашылыққа ынтасы оның өз даралығын, өз қабілеттерін іске асыруға жол ашады.

Шығармашыл тұлғаның ерекшелігін И.Андреев «белсенді, шығармашыл тұлға өзімен және қоршаған ортамен қайшылыққа келуге қорықпайды, негізгі ерекшелігі–батылдығы, мәселені қоя және аша білетіндігі, мақсатқа жету жолындағы табандылығы, өзіндік пікірі мен жолы, бай қиялы» деп сипаттайды. Шығармашылығы дамыған тұлғаның ерекшелігі – жалпы зерделілігі, өзіндік ой түюі, мақсат қоя білетіндігі. Ал педагогтердің жұмысы қабілетті балаларды танып біліп, демеп отыру.

Бала бейімділігі мен икемділігі сәби күннен қалыптаса бастайды. Оқу және еңбек үстінде ол әрі қарай дамып, нығаяды. Өмірді танып білу, әдетте, оқып - үйренуден бастау алады. Содан соң адам сол білімін шығармашылықпен пайдалануға, қоғамға пайда келтіруге ұмтылады. «Барлық мүмкіндіктер балалардың бойында» деп, Лев Толстой айтқандай, ашылмай бұйығып жатқан мол мүмкіндікті дер кезінде дұрыс жолға бағыттай білу керек.

Әрбір адам бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап бір іс - әрекетке қабілеттілік байқатады. Бұл қабілеттілікті қалыптастырып,жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте – бірте жойыла бастайды., жас жеткінешектің болашақ кәсіби өміріне бағыт – бағдар бере алмайды. Сондықтан ата – аналардың, педагогтың алдында жаңа міндет: балалардың жеке қабілеттілігін, бейімділігін анықтау және дамыту, соның негізінде олардың болашағына бағыт беру тұр.

«Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту» бағытында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде:

  • Ойын - тапсырмаларын орындау барысында балалардың қиялдары дамып, шығармашылық қабілеттері белсенді түрде артады.

  • Шығармашылық тапсырмаларды орындау арқылы баланың өз мүмкіндіктері дамып жетіледі.

  • Оқу әрекетінде бала өзін-өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруына бағытталған жаңа әдіс - тәсілдерді іздеп, проблеманы өзінше, жаңаша шешуге талпыныс жасайды.

  • Тілдік тапсырмаларды орындау барысында сөздерді өзгерте, жаңа сөздер ойлап табуға белсенді тәжірибелер жасайды, сөйлеу іс - әрекетіне шығармашылықпен кіріседі.

  • Бейнелеу іс- әрекетінде зат пен қоршаған ортаға баланың қызығушылығының артуы шығармашылық қиялының дамуына септігін тигізеді.

  • Музыкалық іс - әрекетте баланың жеке басын жан – жақты дамыту эстетикалық тәрбие, дене тәрбиелерімен өзара тығыз байланысы арқасында қамтамасыз етіледі.

  • Баланың бойында батылдық, еркіндік, ұшқырлық, сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой қызметі, қайшылықтарды түсіну, заңдылықтарды анықтау, шығармашылыққа деген құштарлық дамиды.

Балалардың осындай шығармашылығын ұйымдастыра отырып өмір сүруге қабілетті, өзіндік дамуға даяр, өзін таныта алатын және өзі үшін де, қоғам үшін де бар мүмкіндігі пайдаланатын шығармашыл, құзіретті тұлғаны тәрбиелеуге жұмыстанудың маңызы зор болмақ.












Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 ақпан
548
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі