Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МАМАНДЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ ЖЕТЕКШІ РӨЛІ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ МАМАНДЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ОЙЫННЫҢ ЖЕТЕКШІ РӨЛІ
Халдар Мөлдір Сержанқызы
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу білім беру бағдарламасының студенті, email: moldirkhaldar0303@mail.ru
Ғылыми жетекші – Метербаева Кулбаршын Метербаевна
Алматы, Қазақстан
Аннотация: Бұл ғылыми мақалада мектеп жасына дейінгі балаларда мамандық туралы түсінік қалыптастырудағы ойынның маңызы қарастырылады. Авторлар мектеп жасына дейінгі балаларда жауапкершілік, тәртіп, белсенділік, басқалардың жұмысына құрмет, мамандық адамдарына сезімтал қарым-қатынас сияқты қасиеттерді қалыптастыруға болатын ойындардың мүмкіндіктерін көрсетеді. Ойын компоненттері мен оның құрылымын анықтай отырып, ойынның мамандық туралы балада түсінік қалыптастырудағы жетекші рөлін саралайды.
Түйін сөздер: мектеп жасына дейінгі балалар, мамандық, ойын, жетекші рөл
Қазақстан Республикасында «Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасында «Балаларды сапалы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту міндетінде балаларды әртүрлі еңбек іс-әрекетімен таныстыра отырып, білім, білік, дағдыларын қалыптастыру көзделеді [1]. Соған орай балаларға әртүрлі мамандық туралы түсініктерін қалыптастыру мектепке дейінгі ұйымнан бастау алатыны белгілі.
Мамандық – (лат. «пайда алушы» - өз ісім туралы жариялаймын) еңбек түрі арнайы дайындықты қажет ететін және әдетте болатын әрекеттердің тіршілік көзі [2]. Мамандықтар -бұл үлкендердің әртүрлі еңбектерінен тұратын кең спектр. Әртүрлі мамандықтардың тізімі ғана емес, сонымен қатар олардың әрқайсысының сапалық сипаттамасы мен таңдалған мамандыққа байланысты үлкендер еңбегінің ерекшеліктері түсіндіріледі. Сондықтан, балаларда үлкендер әлемі туралы идеяларды қалыптастыруға бағытталған жұмыс жан-жақты болуы керек, мамандықтың әртүрлілігімен танысуды да, балаларды үлкендер еңбегінің ерекшеліктерімен таныстыруды да қамтуы керек.
Мектеп жасына дейінгі балаларды мамандықтармен таныстыру жүйесі мамандыққа ұмтылуды қалыптастыру үшін ерте жағдай жасауды, үлкендердің кәсіби қызметі туралы идеяларды қалыптастыру кезеңдерін бөліп көрсетуді, осылайша оның алдағы өмір жолын еркін таңдауды қамтиды.
Ойын білім беру мен тәрбиелеуде педагогикалық құралдарының бірі ретінде қазіргі уақытта ерекше өркендеу кезеңін бастан кешіруде. Қазіргі уақытта ойынға деген қызығушылықтың артуына не себеп болды? Ол бір жағынан педагогикалық теория мен практиканың дамуымен, проблемалық оқытудың таралуынан туындаса, екінші жағынан жан-жақты белсенді тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерге байланысты.
Педагогика ғылымында балаларды жан-жақты тәрбиелеудің ең маңызды құралы ретінде ойын теориясының негізін Е.А. Аркин, Е.А. Флерина, Е.И. Тихеева; кейінірек Д.В. Менджерицкой жұмысы ойынға арналды. А.П. Усова, С.О., Новоселова, А.И.Сорокина, З.М.Богуславская, Турскельдина М.Т., Иманбеков Т., Баримбеков Н.Ж., Касымова Г.М., Төленова Ұ.Т. [3] және т.б.
Шетелдік және отандық жетекші педагогтар мен психологтар ойынды балалар өмірін ұйымдастырудың, тәрбиелеу мен оқытудың ең тиімді құралдарының бірі деп санайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың математика, сөйлеу тілін дамыту саласында ойындарды (ойын технологияларын) дамытуды ғалымдар мен практиктер Е.И.Тихеева, А.А.Смоленцева және т.б. зерделеген.
Ойын анықтамасы бойынша - бұл мінез-құлықты өзін-өзі басқару қалыптасып, жетілдірілетін әлеуметтік тәжірибені қайта құруға және игеруге бағытталған жағдаяттардағы қызмет түрі.
Атақты психолог Л.И. Бозович адам тәжірибесінде ойын әрекеті келесі функцияларды орындайды деп есептейді:
- ойын-сауық (бұл ойынның негізгі қызметі - көңіл көтеру, қанағаттануды жеткізу, шабыттандыру, қызығушылықты ояту);
- коммуникативті: қарым-қатынас диалектикасын меңгеру;
- адам тәжірибесінің сынақ алаңы ретінде ойында өзін-өзі жүзеге асыру;
ойын терапиясы: өмірдің басқа түрлерінде туындайтын әртүрлі қиындықтарды жеңу;
- диагностикалық: ойын барысында нормалық мінез-құлықтан, өзін-өзі танудан ауытқуды анықтау;
- түзету функциясы: жеке көрсеткіштер құрылымына оң өзгерістер енгізу;
- ұлтаралық қатынас: барлық адамдарға ортақ әлеуметтік және мәдени құндылықтарды сіңіру;
- әлеуметтену: қоғамдық қатынастар жүйесіне ену, адам қоғамының нормаларын сіңіру [4].
Ойынның мәні 1-кестеде көрсетілген.
Кесте – 1- Ойынның мәні
Ойын компоненттері |
Ойын элементтерінің құрылымы |
Мотивациялық |
Алдын-ала ойын жағдайы |
Бағдар-мақсат |
Ойынның міндеттері |
Операциялық мазмұн |
Ойын ережесі, ойын әрекеті |
Құндылық-еріктік |
Ойын жағдайы |
Бағалау |
Ойын нәтижесі |
Балаларда мамандық туралы түсініктерін әртүрлі тәсілдермен қалыптастыруға болады, олардың бірі ойын. «Ойын мектеп жасына дейінгі баланың қоғамдық өмірінің ерекше формасы болып табылады, онда ол өз қалауымен құрдастарымен бірігіп, өз бетінше әрекет ете алады, мәселені өздігінен шешудің әртүрлі тәсілдерін игереді, өз жоспарларын жүзеге асырады және өзіндік сара жолы болады».
Ойын-бұл балалардың алғаш рет бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың тәуелсіз әрекеті. Оларды бір мақсатқа жету үшін бірлескен күш, ортақ мүдделер мен тәжірибелер біріктіреді. Балалар ойынды өздері таңдайды, оны өздері ұйымдастырады. Сонымен бірге, мінез-құлықтың шарттылығы сияқты басқа ешқандай іс-әрекетте мұндай қатаң ережелер жоқ. Сондықтан ойын балаларды өз іс-әрекеттері мен ойларын белгілі бір мақсатқа бағындыруға үйретеді, белсенділік және қайрат-жігерінің дамытуға көмектеседі. Ойын барысында бала өзін бір мамандық иесі ретінде сезіне бастайды, жолдастарының іс-әрекеттері мен өзінің іс-әрекеттерін салыстырып өзінің артықшылығын да байқай бастайды. Тәрбиешінің міндеті-ойыншылардың назарын ортақ сезімдер мен іс-әрекеттерді тудыратын мақсаттарға аудару, балалар арасында достық, әділеттілік, өзара жауапкершілік негізінде қарым-қатынас орнатуға ықпал ету. Балаларда орнаған қарым-қатынас пен жауапкершілік олардың мамандық туралы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Балада мамандық туралы түсінік қалыптастыру үшін алдымен баланың осы шарттарға сәйкес келу үшін бастан кешіретін жағдайды жасап, содан кейін бұл жағдайды түзетіп, баланың мамандыққа қызығушылығын арттыру керек.
Ең дұрысы, мамандық таңдауда әртүрлі сценарийлерді қолдануға мүмкіндік беруі керек. Осылайша, олар жеке перспективалардан топтардың қажеттіліктерін түсінуді үйренеді. Бұл түсінік оларға мамандық туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік беретін қабілеттерге ие болуға көмектеседі. Рөлдік ойынның бұл әрекетінде бір адам басты рөлін тағайындайды, ал оның ізбасарлары мақсатқа жету үшін оның басшылығымен бірге жұмыс істейді. Осыдан кейін, топты бас қаруға мүмкіндік басқа балаға беріледі, ал ол шағын топқа қосылады. Ойынға қатысушы екі рөлді де қабылдай алуы керек. Мамандық туралы түсінік қалыптастырудағы бастапқы кезең баладан ептілік, қозғалыс жылдамдығы немесе ақпаратты есте сақтау және көбейту дәлдігі мен жылдамдығын талап ететін спорттық немесе интеллектуалдық (командалық немесе жеке) ойындары болуы мүмкін. Ережесі мең шарттары қарапайым ойындардан бастаған жөн.
Рөлдік ойын-бұл мектеп жасына дейінгі баланың негізгі ойынның бір түрі. Қайнар көзі-оның айналасындағы әлем, ересектер мен құрдастардың өмірі мен қызметі. Рөлдік ойынның басты ерекшелігі-сюжет пен рөлдерден тұратын қиялдағы жағдайдың болуы. Ойынның сюжеті-өмірлік негізделген байланыстармен біріктірілген бірқатар оқиғалар. Онда ойынның мазмұны– оқиғаларға қатысушылармен байланысты әрекеттер мен қатынастардың сипаты ашылады.
Рөлдік ойындардың міндеті-балаға әртүрлі адамдармен қарым-қатынас жасау қажеттілігі мен олардың еңбегінің ерекшелігін түсінуге көмектесу. Мектепке дейінгі жаста мұны бәрін бірдей біле бермейді .
Мектеп жасына дейінгі балалардың мамандық туралы түсініктерін қалыптастыруда рөлдік ойын арқылы үлкендердің еңбек іс-әрекетін бйнелеп кәсіби түрде ойнауға бағытталған бағыт.
Ойынға қосыла отырып, балалар өз еріктерімен мамандық иелерін таңдайды да ойын ережелерін өздері құрайды, олардың орындалуын қадағалайды және қарым-қатынасты реттейді. Балалар әлеуметтік қатынастарды игере бастайды және ересектердің әртүрлі іс-әрекеттеріндегі ұстанымдардың бағыныштылығын түсінеді, кейбір рөлдер басқаларға қарағанда олар үшін тартымды болады.
Рөлдік ойын, мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің ажырамас түрі ретінде мамандық туралы түсінік қалыптастыруда үлкен рөл атқарады.
Балада мамандық туралы түсінігін қалыптастырудағы ойынның жетекші рөлі, біздің ойымызша, былай деп бағаланады:
- ойын арқылы бала ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынасты үйрене отырып, үлкендер еңбегіне қызығушылығы артады;
- өзінің қалауынша белгілі бір мамандықты бейнелеуде ойынның белгілі бір ережелеріне бағындыруды үйренеді;
- «Істегім келеді», «болмайды» және «қажет» мотивтерге бағынуда өзін көрсете бастайды;
- ойындағы өзгерістер психикалық процестермен бірге моральдық жағынан да дамиды («жақсы» және «жаман» түсініктері);
- қажеттіліктің жаңа мотивтері қалыптасады; мамандыққа байланысты іс- әрекеттерде өнімнің жаңа түрлері пайда болады (жапсыру, сурет салу, мүсіндеу).
Осылайша, қызықты рөлдік ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларда жауапкершілік, тәртіп, белсенділік, басқалардың еңбегін құрметтеу, мамандық иелеріне сезіммен қарау сияқты қасиеттерді қалыптастыруға болады деп тұжырымдаймыз.
Балаларда мамандық туралы түсінік қалыптастыруда квест ойындарының маңызы зор. Бұл ойында балалар ұжымда бір-бірлерімен өзара әрекеттесуді, берілген тапсырманы орындауда рөл таңдауды үйренеді. Ойын ережелерін сақтай отырып, балалар өзін-өзі бақылауды, шыдамдылықты, басқаларды өзінің әрекетімен салыстырып жалпылау қабілеттігі қалыптасады. Бұл ережелер ұжымда тәртіпті сақтауға көмектеседі. Квест ойындар баланың мамандық туралы түсінік қалыптастыра отырып, олардың мамандық иегері болып ойнау құралы болып табылады.
Ойын іс-әрекетіндегі қызықты тапсырмалар балаларды мамандық иегерінің ерекшеліктері мен дене қабілеттерді көрсету үшін қажетті әртүрлі дағдыларды қолдануға итермелейді. Сонымен қатар, жасөспірімдердің мамандық туралы мәлімет алуына жағдай жасау, квест ойынында бала практикалық тапсырмалар арқылы мамандық туралы іс - тәжірибе жинақтау.
Сюжетті-рөлдік және квест ойындарын қолдана отырып, біз мектеп жасына дейінгі балаларда үлкендердің әртүрлі еңбектерін бағалауға, әр еңбекке жауапкершілікпен қарауға ынталандыру, тапсырма орындауда батылдық таныту, кәсіби мамандыққа қызығушылықтарының саласын анықтауға көмектесу, олардың бойындағы қабілеттерін көріп, қолдап мамандық туралы түсініктерін қалыптастыра аламыз.
Ойындарды пайдалана отырып, баланың мамандық әлеміне эмоционалдық қатынасын қалыптастырудағы жетекші рөлді төмендегідей көрсетеміз: балаларда ойынның жаңа сюжетін құра отырып, әртүрлі оқиғаларды шығармашылықпен үйлестіру қабілетін қалыптастыру, мұны серіктеспен бірлесіп орындау, шынайы өмірден алған әсерлерін де (аурухана, мектеп, дүкен, почта, шаштараз) және ертегілерден шабыттана отырып, балаларды жергілікті жағдайларды ескере отырып, өнеркәсіп пен көліктегі кейбір еңбек түрлерімен қиялмен таныстыру, түсініктерімізді кеңейту; әртүрлі мамандық иелерінің жұмысы (құтқарушы, театр режиссері, дирижер, мұғалім, кітапханашы және т.б.); өндірістік еңбек түрлері (тігін, тамақ өндірісі, құрылыс) және қызмет көрсету еңбегі (медицина, сауда, білім беру, т.б.), әр түрлі мамандық иелерінің (инженерлер мен фермерлер, фермерлер мен тамақ өнеркәсібі қызметкерлері) еңбектері туралы түсінік беру және т.б.); балаларда еңбек процесінің құрылымы, қазіргі техниканың адам еңбек әрекетіндегі рөлі, еңбек әрекетінің құрамдас бөліктері арасындағы байланысты түсіну туралы жалпылама түсініктерді қалыптастыру; балалар ойынының мазмұнын байытуды жалғастыру, ойынның тақырыбын өз бетінше таңдау қабілетін дамыту, айналадағы дүниені қабылдаудан алған білімдері негізінде сюжетті дамыту; ойынның әр алуан жаңа сюжеттерін құрастыру, жеке шығармашылық идеяларды әріптестермен үйлестіру қабілетін қалыптастыру. Балалардың ойын және өнімді іс-әрекетте өз әсерлерін білдіру қабілетін бекіту; ата-ананың, жақын туыстарының еңбегінің құндылығы туралы түсінік қалыптастыру. Үлкендердің еңбегіне, оның нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу; балаларға әр мамандықтың маңыздылығын, қажеттілігін және қажет еместігін түсінуге көмектесу.
Қорыта айтқанда, балалардың бойында мамандықтың не екендігі туралы түсінік қалыптастыруда, оларға деген қызығушылықты сақтай отырып, ойлау дербестігін дамытуда, әдіс-тәсілдерді әдістемелік сауатты қолдануда тәрбиешіге үлкен жауапкершілік жүктеледі.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1 Қазақстан Республикасында «Білімді ұлт» сапалы білім беру (2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы)
2 Қоянбаев Р., Ыбыраимжанов Қ. Педагогикалық сөздік.- Түркістан, 2006
3 Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы /Құраст.: С.Қалиев, К.Аюбай Қазақстанның Ресейге бағыну кезіндегі тәлімдік ойлар және оқу-ағарту ісінің жайы. –Алматы, 2008. Т.5– 448б.
4 Психология. 7-том. Адамзат ақыл-ойының қазынасы. Алматы: Таймас, 2006. Б. 80-84