Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балалардың ӨТШТ әдіс-тәсілдері арқылы сөйлеуді дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға білім беру барысында жаңа технологиялар мен әдіс- тәсілдерді жүйелі қолдану арқылы білімге деген құндылықтарын арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп жасына дейінгі балалардың ӨТШТ әдіс-тәсілдері арқылы сөйлеуді дамыту.

Балаларға білім беру барысында жаңа технологиялар мен әдіс- тәсілдерді жүйелі қолдану арқылы білімге деген құндылықтарын арттыру.

Тәрбиешінің негізгі міндеттерінің бірі - баланы ойын арқылы дамыту, дамыту ойындарды кең пайдалану және оған басшылық жасау, тәрбиелік мәні бар ойындар ұйымдастыру.Сонымен бірге әр баланың шығармашлықы бастамасын , көңілдегі ойды өздігінен жүзеге асыра білуін, ойынның мазмұны мен шартына сәйкес өзін - өзі ұстай білу қабілеін, жолдастарына сыпайы, достқ ықыласпен қарау сезімін дамыту болып табылады.

ӨТШТ - өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы.Оның негізіг қалаған - Генрих Саулович Альтшуллер.Оның технологиясының басты идеясы - техникалық жүйелер "қалай болса солай емес", нақты заңдылықтар бойынша пайда болады және дамиды: бұл заңдылықтарды тану және пайдалану өнертабыстық мәселелерді шешу ӨТШТ жаңа технологиялық идеяларды өндіруді нақты ғылымға айналдырады.Өйткені өнертапқыштық мәселелерді шешу қисынды операциялар жүйесінде құрылады.

Қазіргі таңда технологиялық ӨТШТ амалдары мен әдістері мектепке дейінші жастағы балалардың өнертапқыштық түсінігін, шығармашылық қиялын диалектикалық ойлауын дамыту үшін балабақшаларда қолданылады.

Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ӨТШТ технологиясы - тәрбиешілерге арналған жан - жақты әдістемелік ұсынымдары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар технологиясы.Барлық сабақтар мен ойындар баланың тақырыпты , материал мен қызмет түрін өзі таңдауын болжайды. Олар заттардың құбылыстардың қарама - қарсы қасиеттерін анықтауға , осы қарама - қайшылықтарды шешуге мүмкіндік береді.

ӨТШТ сабақтарында балалармен жұмыс жасаудың негізгі құралы педагогикалық ізденіс болып табылады. Педагог балаларға дайын білім беру қажет емес, баланы білімді іздеуге , үйретуге қажет.

ӨТШТ бағдарламасы бойынша келесі жұмыс кезеңі - ертегі тапсырмаларын шешу және арнайы әдістер арқылы жаңа тапсырмаларды ойлап табу.Барлық жұмысқа балалар қызметінің алуан түрі енеді - ойын қызметі, сөйлеу, бейнелеу, аппликация, құрылымдау т.б.

ӨТШТ технологиясы тәрбиешілер мен балаларға шығармашылық әдістері мен құралдарын береді.Ересектер мен балалар бір құралды меңгере отырып, ортақ тілді тез табады, бірін - бірі тез - тез түсінеді.

балабақша жағдайында балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуы түрлі бағыттағы қызметті болжайды. Бұл жұмыс бала мен педагогтың бірлескен шығармашылық саласын және құрдастарымен араласуда қамтамасыз етеді.Сонымен қатар, ӨТШТ - ақылдылардың , құрастырушылардың , ізденушілердің символы, яғни балалардың қаншалықты абстрактілі ойлауын, қиялдауы мен бақылағыштығын, зейіндерін ертерек дамытудың жолы.



Мектепке дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытуда, ӨТШТ технологиясын жолдарын еңгізу -балалардың шығармашылық түсінігін кеңейту, сөздік қорын молайтып, ойлау белсенділігін арттыру мақсатында беріледі.

Өзектілігі: ӨТШТ технологиясы баланың ойлау қабілетіне, талапты ойлауға жүйелі әсер етеді. ӨТШТ және оның принциптері тек техникалық қана емес, сонымен қатар басқа да шығармашылық тапсырмаларды шешуге қолайлы.

ӨТШТ ойлаудың жалпы теориясына жетудің жолындағы бір кезең. Терең талантты ойлау – бұл ең алдымен жүйелі ойлау болып табылады.

Педагогикалық идея: Балаларға білім беру барысында жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдану арқылы білімге деген құндылықтарын арттыру

ӨТШТ технологиясының мақсаты:

  1. Балаларды қазақ тілінде еркін сөйлеу

  2. Ізденіс белсенділігі, жаңалыққа талпыну, сөйлеу мен шығармашылық түсінігін кенейту.

  3. Әнгіме құрауды қалыптастыру

Педагогтың негізгі міндеттерінің бірі – баланы ойын арқылы дамыту, дамыту ойындарды кең пайдалану және оған басшылық жасау, тәрбиелік мәні бар ойындар ұйымдастыру. Сонымен бірге әр баланың шығармашылық бастамасын, көңілдегі ойды өздігінен жүзеге асыра білуін, ойынның мазмұны мен шартына сәйкес өзін-өзі ұстай білу қабілетін, жолдастарына сыпайы, достық ықыласпен қарау сезімін дамыту болып табылады. ӨТШТ – ақылдылардың, құрастырушылардың, ізденушілердің символы, яғни балалардың қаншалықты ана тілінде сөйлеу, қиялдауымен бақылағыштығын, зейіндерін ертерек дамытудың жолы. Тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясы арқылы мектепке дейінгі балалардың тілдік құзіреттіліктерін дамыту арттыру жолын қарастыруды жөн көріп отырмын. Бұл теорияның тілдік қабілеттілерді дамытудағы өте бір маңызды орынды алатыны айқынды.

«ӨТШТ» технологиясы баланы ғана емес, тәрбиешіні де шығармашылық педагогикаға оқытады. ӨТШТ қолдаушылары алдында тұрған басты мәселе – балалардың сөздік қорын молайту, сабақ өткізуде схемалық түрде қолдану ниетінен сақтандыру. Балалар өсе келе зат атауларын меңгерген соң,онымен әрекет жасаудың сөздерін меңгереді ,ол жай сөйлем құрып сөйлеуден соң ,сөйлемдердің хабарлы,сұраулы,және лепті сөйлемдерді ұғынуына талпынады. Осы шақтағы баламен анағұрлым жан-жақты дамутышылық әрекеттер жүйелі жүргізілсе , соншалықты нәтижелі болады.Міне осыған сәйкес жеке тұлғаны дамытуда ӨТШТ технологиясын қолданудың маңыздылығы зор. Бұл ойын,тапсырмалар,жаттығулар балалардың тілдік құзыреттіліктерін жетілдіруге ,балалармен жұмыс барысында практикаға еңгізу. 2 кіші топтарында «Эмпатия» әдісін қолдану,түрлі нысандар пайдаланып,суретке сүйеніп,балалардың сөздік қорын кенейтеміз .

Ортанғы топтарында: «Қиял Биномы»тәсілі арқылы сөздерді ойлап табу,тірек сызбалар ,үлгі-кесте қолдануға болады. «Қиял Биномы» құралатын материалдарды іріктеу мүмкіндігіне балалардың назары аударылуы. Екі сөздің орнына екі айқын суретті, екі фото суретті, екі әуенді қолдануға болады. Мұнда ең маңыздысы бір біріне ұқсамайтын екі түрлі заттың болуы. Сонда олардың бір мәтінде кездесуі

және бірігуі мәтін авторына қызықты, тартымды міндет болмақ. Бұл тәсіл

қиялды дамытудың ең қарапайым да, тиімді тәсілі болып табылады.

Тірек сызбаларды сабақтың кез келген бөлімінде қолдана беруге болады . Тірек сызбалары бойынша үлестірме жасағанда мына ережелерді назарға ұстаған тиімді:

  1. Тірек сызбалар өтілетін материалдардың негізгі ұғымы беруі керек .

  2. Тірек белгілері есте сақталатындай және оңай еске түсетіндей қарапайым болуы керек.

Ересек тобында қарама-қайшылық әдісі, салыстыру, миға шабу әдісі,жүйелік жақындау әдісі,ойын «қосу алу»,каталог әдісі,осы әдістер негізі-біріктіріп жаңа сөздер тудыру біліктерін жаңа алынған қасиетерін бекітеді ,дыбыстық талдау терендетеді.

Дайындық тобы (морфологиялық жәшік,) «кольцо Луллия» тәсілге сүйене отырып сөздер ,сөйлем құрастыру жолдары бекітіледі балалардың ой қабілетін дамытады. Шеңбердегі суреттер арқылы сөз тіркестерін, сөйлемдер құрап үйрену.
Шарты: Берілген суреттер бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, суреттерді қосу.

«ӨТШТ» технологиясы балалармен лексикалық тақырыпта әңгімелесуді анализ ұсынады: карта проппа,тірек сызбалар Объектіні даму тұрғысынан қарау үнемі жетілдірудің, ойлап табудың себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Балалар ойлап табу – бұл қайшылықтарды шешу дегенді түсіне бастайды. Мектеп жасына дейінгі балалармен серуендеуде балалардың ой-өрісін белсендендіретін әртүрлі тәсілдерді қолдануға кеңес беріледі: табиғат заңдарының өзгеруі, табиғаттың оянуы, түрленуі, объектінің әсер ету деңгейінің артуы, төмендеуі және т.б. Мәселен, тәрбиеші балаларға: «Ал, балалар, желді тұрғызайық: оның анасы кім? Оның достары кім? Не үшін жел күнмен дауласады?». Эмпатия тәсілін де қолдануға болады. Балалар өздерін бақылаушы орнына қояды: «Егер сен бұтаға айналсаң, не істер едің? Нені армандайсың? Кімнен қорқасың? Кіммен достасар едің? Сенің жапырақтарың не туралы сыбырлайды?» немесе «Өзіңді қызыл қоңыздың орнына қойып көр. Не үшін сен өмір сүресің? Сенің достарың кім? Нені жегенді жақсы көресің?». «ӨТШТ» бағдарламасы тәрбиешілер мен балаларға адам өзінің жасына тәуелсіз меңгеретін шығармашылықтың әдістері мен құралдарын береді. Осы бірыңғай құралды қолдана отырып, балалар мен ересектер бір-бірімен тіл табысуы, түсінісуі жеңіл болады. ӨТШТ – бір рет құрылып, өзгермейтін шығармашылық педагогикалық жұмыстар жүйесі емес, бұл үнемі дамитын технология. ӨТШТ қолдаушылары әрдайым ізденісте болады, балалар мен тәрбиешілердің шығармашылық ойлауын белсендірудің жаңа әдістерін ойлап табады, дайындайды.

Балабақшада жоғарыда көрсеткен міндеттер мен әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдану барысында жететін жетістіктер. Бала сөздерде жақсы меңгереді, әңгімелер, ертегілер, өз еркімен құрастырады, тілге деген қызығушылығы молаяды, өз жолдастарының арасында сұрақ қойып әңгімеге тарта біледі. Сөздік қоры бай, таза сөйлей білетін граматикалық құрлымды дұрыс анықтай алатын тұға тәрбиеленіп шығады.

Баланы дамыту жолы — балабақшадан басталады. Адамға не қажет екенін осы кезеңде түсінеді. Ол қарауға, тыңдауға, қуанумен уайымдауға, тілек тілеп және оны орындауға, жүріп және жүгіріп, сөйлеп; осы қысқа уақытта қоршаған ортамен танысады. Баланың дұрыс сөйлеп, ойын еркін жеткізуге үйрететін негізгі бағыт тіл дамыту болып табылады. Сондықтан жүйелі түрде тілін дұрыс қалыптастыру үшін жоғарыда қойылған талаптарды жүйелі орындап нәтижеге жету.

  • Баланың бойындағы қызығушылығын ескере отырып, шығармашылығын дамыту;

  • Білімді өз бетінше іздену арқылы оны игеруге қолайлы жағдай жасау;

  • Өзін-өзі дамытатын тұлға қалыптастыру ;






Алматы облысы Көксу ауданы Балпық ауылы

«Қуаныш» бөбек жай балабақшасы

Байғалиева Зауре Бисекеқызы тәрбиеші




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
10.06.2021
579
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12