400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту».

Материал туралы қысқаша түсінік
Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер балаларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, сондай ақ балаларды икемділікке, баланың еркін тапсырмаларды орындауға және шығармашлыққа дағдыландырады. Бейнелеу өнері кабинеті балалардың шығармашылығына, қиялына еркіндік беруге негізделген бөлме деп білемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Маңғыстау облысының білім басқармасының

Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің

«№33 «Әлия» бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК

Педагог-модератор бейнелеу пәні жетекшісі:

Каракулова Асылкан Саядовна

87759206994

karakulova.asyl94@mail.ru



«Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту».


Бүгінгі таңда ғылым мен техника жылдан жылға кең өріс алып, жедел қарқынмен дамуда. Осы негізде балалардың шығармашылық қабілетін дамытуда, жаңа әдістерді пайдалану қазіргі заман талабы. Балалардың шығармашылық ойлау мен шығармашылық қабілетін дамытуда дәстүрлі әдістерге қарағанда, жаңа дәстүрден тыс әдістерді орындатудың маңызы зор. Дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер балаларды белсенділікке, өз бетінше жұмыс істеуге, сондай ақ балаларды икемділікке, баланың еркін тапсырмаларды орындауға және шығармашлыққа дағдыландырады. Бейнелеу өнері кабинеті балалардың шығармашылығына, қиялына еркіндік беруге негізделген бөлме деп білемін. Кабинет балалардың шығармашылығын дамытуға қажетті дамытушы құралдармен жабдықталған жөн. Олар балаларға кез келген уакытта алып жұмыс жасауға қол жетімді жерде орналасқан және балаларға қауіпсіз болуы тиіс.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану өте маңызды. Мұнда кейбір тиімді әдістер мен тәсілдер ұсынамын:

Көркем шығармашылық жұмыстар. Сурет салу, мүсіндеу, қолөнермен айналысу, құрастыру сияқты әрекеттер арқылы балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытады.

Балабақшада бейнелеу іс-әрекеті кезінде осы көрсетілген әдістерді пайдалана отырып, балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға және сурет салуға деген қызығушылықтарын ашуға болады. Бұл әдістерді мен күнделікті балалармен жұмыс жасау барысында жиі қолданамын. Олар:


«Ғажайып сурет»

Мақсаты: Балалалрдың әдемілікті көріп, эмоциясын көрсете білу дағдыларын жетілдіру. Балаларды ұқыптылыққа, тазалыққа, ептілікке баулу.

Шарты: Алдын ала ақ бетке көрінбейтін суреттер салып дайын тұрады. Балалар куркума ертінідісімен түгел қағаз бетін бояған кезде, қағаз бетіне суреттер шығады.

a46f88d0-8af3-4879-b4da-af7fb7154730.jfif c3b6530d-b119-4f01-9f67-ee66426c8401.jfif

«Жарықпен сурет салу».

Мақсаты: Жарық түсіргіш қаламмен сурет салу дағдыларын қалыптастырады. Балалардың қиялын дамытады.

Шарты: арнайы жарықпен сурет салу жиынтығы беріледі. Балалар қаранғыда арнайы қағаз бетіне жарық түсіргіш қаламмен сурет салады. Тапсырма нәтижесі балаларға ерекше көңіл күй сыйлайды.

1417c185-b250-4468-bc0f-6f34f8216dfe.jfif ff28250f-fb31-49db-adeb-0062da19a4c9.jfif

«Мені қайталап сал»

Мақсаты: Қайталап салу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың қиялын, есте сақтау қабілетін дамытады.

Шарты: Бір бала пластиктен жасалған рамканы бетіне жақын арақашықтықтықта ұстап тұрады, екінші бала бет пішінін ұқсастырып, қайталап салуы қажет.

1f6c2869-d221-4b52-9319-c91b6df6b829.jfif 28f73fcb-5a73-4833-9e6a-d69387d13718.jfif

«Суретті көшірме әйнек арқылы қайталап сал»

Мақсаты: Балалардың сурет салу дағдыларын жетілдіру. Сурет салуға деген қызығушылығын арттыру. Түпнұсқа суреттің көшірмесін қайталап салу арқылы баланың қиялын дамыту. Әсемдікке, әдемілікке тәрбиелеу.

Шарты: Балалардың алдына суретті көшіруге арналған арнайы экран беріледі. Экранның сол жағына суретті орналастырамыз. Әйнектен сурет анық көрініп тұрады, ал оң жағына сол сурет толықтай қағаз бетіне түсіп тұрады. Балалар әйнектің сол жақ бөлігі арқылы суретті қарай отырып, суретті қайталап қарындашпен салады.

photo_5265078616235043106_y.jpg photo_5265078616235043109_y.jpg photo_5265078616235043108_y.jpg

«Түтікше тәріздес құрастырғышпен үй құрастырайық»

Мақсаты: Құрастырғыш түтікшелерді пайдалану арқылы үйді жасауды үйрету. Балаларға қою, біріктіру, тіреу тәсілдерін пайдалана білу дағдыларын жетілдіру. Балалардың қиялын ұштап, олардың конструкциялық қабілетін, логикалық ойлауын, зеректілікті,шыдамдылықты, ұсақ маторикасын дамыту.

Шарты: Балалар берілген түрлі түсті, әртүрлі ұзындықтағы түтікшелер арқылы үй құрастырады.

Рисунок 6 Рисунок 6



«Мұрынмен сурет салу»

Мақсаты: Балаларға эмоциялық көңіл күй сыйлау. Сурет салға деген қызығышылықтарын арттыру. Ойлау қабілетін дамыту.

Шарты: Балаларға арнайы қарындаш бекітуге болатын көзілдірік киеді және сурет көрсетілген картошкалар беріледі. Сурет салуға арналған тақтайшаға көзілдірікке бекітілген қарындашпен картошкадағы көрсетілген суретті мұрынның деңгейінде тұрған қарындашпен салады. Балаларға ерекше көңіл күй сыйлайды.

photo_5262524772846267611_y.jpg 7761.jpg photo_5262524772846267612_y.jpg

Бұл көрсетілген бірнеше әдістер балалардың қызығушылықтарын арттырып, қиялын дамытады. Балалардың шығармашылық деңгейін дамытуда педагогтің рөлі де өте маңызды. Әр баланың шығармашылық деңгейі әртүрлі. Сондықтан әр баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, тапсырмалар мен ойындарды ұсыну өте маңызды. Бұл олардың өздерін еркін сезініп, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік береуі қажет. Педагог шығармашылық қабілеттерді дамытатын әртүрлі жаңа әдістер мен жобаларды енгізу арқылы балаларды жаңа идеяларды дамытуға ынталандырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығын шыңдау – баланың ішкі әлеуетін ашу үшін маңызды кезең. Бұл әдіс-тәсілдер балаларға шығармашылық процестердің түрлі жолдарын көрсетіп, олардың қиялы мен ойлау қабілетін дамытады. Әрбір бала өзіне тән жолмен дамиды, сондықтан әртүрлі әдістерді қолдана отырып, олардың шығармашылығын шыңдауға көмектесу қажет.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
31 наурыз
141
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі