400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту бағыттары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Кез-келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің,мінез-құлқы белгілері көрініс табады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Екіаша ауылы, Жетісу облысы білім басқармасының Сарқан ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Балдәурен» бөбекжай бақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны. Тәрбиеші: ЖИНАКОВА ЛАУРА БАКТЫБАЕВНА





Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту бағыттары.

Кез-келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің,мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Балалардың ақыл – ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы — өзара тілдік қарым – қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып,әрдайым жанында достық қарым – қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс – тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашылады. Адамзаттың алдында тұрған басты міндеттердің бірі — есті, еңбексүйгіш, қайырымды, бала тәрбиелеу. Ол тіл арқылы жүзеге асады. Баланың тілі бай болса, оның ойы да кең болады. Сондықтан оның тілін байытып, ойын кенейте түсу үшін өлең,ертегі, әңгіме, мақал -мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, әдеби шығармалардан үзінділер оқып, таныстырудың маңызы зор.Сол арқылы олардың ойлау қабілеттері артып, көргендерінен ой түйіп, қорытынды жасауға үйренеді. Тәрбиеші — педагог — мектепке дейінгі жастағы балалар- дың сөйлеу тілін дамытуда, оның көзін ашуда басты тұлға. Осындайда сөйлеу тілін дамытуда ойындар колданудың маңызы зор. Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, оқу іс – әрекеттерінде педогог-тәрбиешімен, ересектермен, құрдастарымен қарым-қатынас кезінде танып біледі. Осындай жетістіктерге жету үшін тәрбиеші-педагог алдында тұрған балаға ертеңгі мектеп оқушысы деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау,сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әpi дамытып отыру керек. Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оку-тәрбие процесін жүргізу қажет. Тіл — қоғамдағы адамдардың бір — бірімен пікір алысып, қарым — қатынас жасайтын құралы. Таза мәнерлі тіл – бұл ойлау жемісі. Баланы ана тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойындағы тілдік мәдениетті қалыптастырамыз. Олай болса тіл адам баласы қоғамымен бірге туып, өмір сүріп, ұрпақтан — ұрпаққа мирас болып келе жатқан мұра. Баланы тілдік мәдениетке тәрбиелеуде отбасының, бала — бақшаның қажырлы еңбегі орасан. Бала — бақшада тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының бірі — баланың тілін ұстартып, жақсы сөйлей білуге үйрету.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.03.2025
144
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі